Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

  • Дата публикации: 24/01/2018 - 18:46
    Мазмұны:

    Бүгін Қызылордада облыс әкімі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі мен Палата жанындағы Өңірлік кеңес мүшелерінің бірлескен отырысы өтті.

    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен шараға арнайы «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев қатысты.

    Отырыс барысында 2018 жылға арналған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасының жобасы талқыланып, аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған шаралар, кәсіпкерлік саласын сандық форматқа ауыстыру бағытындағы шаралар талқыланды.

    Кеңесте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарм төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев өткен жылы «Атамекеннің» пилоттық режимде жүзеге асырған «Бастау Бизнес» жобасының нәтижесі мен биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

    Мәселен, жоба былтыр еліміздің 80 ауданында өтіп, 15 мың азамат кәсіпкерлік негіздеріне қатысты 1 ай біліктілігін жетілдірген. Нәтижесінде 3314 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылған.

    Соның ішінде Қызылорда облысының үлесі де бар. 2017 жылы қызылордалық 937 азамат аталмыш бағдарламаға тартылған. Қызылордада «Бастау Бизнестің» аясында 187 кәсіпкерлік нысанын ашу жоспарланған болса, меже 191 пайызға орындалды. 358 қызылордалық мемлекеттен бөлінген қаржы аясында несие алып, өз кәсібін бастап кеткен.

    Эльдар Жұмағазиев бағдарлама тиімділігін көрсеткеннен кейін, биылғы жылы да жалғастырылатындығын жеткізді. 2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасына республиканың 180 ауданы қатысатын болады. 30 мың жұмыссыз немесе өзін-өзі қамтыған адам оқытылып, 30 мың адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

    2017 жылы бағдарламаға Қызылорданың 5 ауданы кірген болса, биыл Жалағаш пен Сырдария аудандарының тұрғындары да қатыса алатын болды. Жыл соңына дейін 1600 қызылордалық оқытылып, ең азы 320 азаматтың жобасы қаржыландырылады деп күтілуде.

    Отырыста облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастап өңірде саланы дамытуға бағытталған бірлескен шаралар қабылданып жатқандығын айтты.

    Сондай-ақ, аймақ үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту басым бағыттардың бірі болғандықтан Палатаның рөлін күшейтуге қолдау көрсететіндігін жеткізді.

  • Дата публикации: 21/12/2017 - 18:47
    Мазмұны:

    20 желтоқсан күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бизнес-қауымдастықпен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өтті.

    Облыстық мекемелер үйінің мәжіліс залында 100-ге жуық  қатысушылар, оның ішінде, басқарма басшылары, банк, қаржы институттары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

    Іс-шараның басты мақсаты - кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосқан азаматтарды, олардың қызметтерін халық назарына жеткізу және жас кәсіпкерлерге үлгі көрсету, кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелерін талқылау.

    Бизнес - қауымдастық өкілдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамытуда белсенділік танытқаны және кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

    Кездесуді қорытындылай келе, аймақ басшысы барлық бизнес идеяларды қолдайтындығын білдіре отырып, кәсіпкерлерді облыстың кәсіпкерлік секторын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

  • Дата публикации: 13/12/2017 - 10:12
    Мазмұны:

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойының қарсаңында Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет«Байқоңыр Start-Up» бизнес идеялар байқауы өткізілді.

    Байқауды өткізудің негізгі идеясы талантты, әлеуметтік жауапкершіліктері бар, иновациялық қызмет түріне және кәсіпкерлікке ынталы жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ  бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады.

    Байқаудың мақсаты - кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру үшін жаңа бизнес-идеяларды қолдау, іске асыру және инвестициялау арқылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға жағдай жасау.

    Байқауға 18 ден 29 жас аралығындағы облыс жастары қатысты.

    Облыс бойынша байқауға қатысуға 100-ден аса азамат өтінім білдірген. Бірінші кезеңде Байқау комиссиясымен алдын ала іріктеу өткізіліп, екінші кезеңге қатысуға 50 конкурсант жолдама алды.

    Байқау қорытындысының нәтижесінде 6 жеңімпаз анықталды.

    1 орынды «Биологиялық ыдырайтын  нанокомпозиттер» жобасын ұсынған Жақсылықов Еркебұлан Әділбекұлы жеңіп алып, 300 мың теңге ұтысқа ие болды. 2 орынмен Сырдария ауданының тұрғыны Алдаберген Аружан Жұмабайқызы және Қызылорда қаласының тұрғыны  Әбдіраймова Іңкәр Халиқызы марапатталды. Марапат иелері 200 мың теңгеден ұтысқа қол жеткізді.

    3 орынды Қармақшы ауданынан қатысқан Тұрсынбаев Азамат Сейфуллаұлы,  Төребеков Әсет Сәбитұлы және Қызылорда қаласының тұрғыны Аманова Бахыт Мұратқызы өзара бөлісіп, олар 100 мың теңгеден ұтысқа ие болды.

  • Дата публикации: 23/11/2017 - 17:23
    Мазмұны:

    Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Байконур Start-up» бизнес-идеялар байқауына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығы жөнінде хабарлайды.

    Байқауға Қызылорда қаласы және облысының барлық аудандарының жас тұрғындары (18 бен 29 жас аралығы)  қатыса алады. 

    Облыстық «Байконур Start-up» бизнес-идеялар байқауын өткізудің негізгі идеясы, инновациялық қызметпен және кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы, неғұрлым талантты және әлеуметтік жауапты жастарды анықтау және қолдау, олардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу. 

    Байқауға қатысу үшін 2017 жылдың 10 желтоқсанына дейін 401057a@gmail.com электрондық мекен-жайына байқаудың ережесіне сәйкес толтырылған қатысушы өтінімін жолдау қажет. 

    Байқаудың өткізілу уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.

    Қосымша ақпарат келесі телефондар бойынша: 8 (7242) 40-10-57, 8 (708) 244-14-90.

  • Дата публикации: 01/11/2017 - 12:59
    Мазмұны:

    Ағымдағы жылдың 31 қазанында Қызылорда қаласында «KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы, «Даму» Қорының Қызылорда облыстық филиалы, сондай-ақ,  «Mail Boxes Etc.» компаниясы, «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы, «Жас кемеңгер» балалар дамыту орталығы, «Поехали с нами» туристік компаниясы, «Sabayon» кофеханасы, «КРЕНДЕЛЬ» кондитерлік кофеханасы, «PRESSTO» испандық химиялық тазалау компаниясы, «TEZ» жылдам дайындалатын ботқа және өзге  де осы секілді ірі франчайзер компаниялардың қатысуымен «Kyzylorda Franch-2017» франчайзинг бойынша өңірлік форум-көрме өткізілді.

    Форумға облыстыңбарлық аудандары мен Қызылорда қаласының кәсіпкерлері қатысып, қызықтырған тақырыптары бойынша баяндамашыларға өз сұрақтарын қойды.

    Форум барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы арасында «Қызылорда облысында франчайзингті дамыту мақсатындағы өзара ынтымақтастық жөнінде» меморандумға қол қойылды.

    Форумның негізгі бөлігі аяқталғаннан соң франчайзингтік компаниялар өкілдерімен B2B кездесулер өткізіліп, облыс кәсіпкерлеріне франчайзинг бойынша жеке консультациялық қызметтер көрсетілді.

    «KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығының Президенті Б. Қисықов шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, әрі қарай Қызылорда облысында франчайзингті дамыту бойынша жемісті жұмыс жасауға ниетті екендігін білдірді.

  • Дата публикации: 30/10/2017 - 09:40
    Мазмұны:

    Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық туристік жұмыстарды жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру мақсатында  облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы бастамасымен Жалағаш, Қармақшы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылып, тарихи маңызы бар ескерткіштер мен мұражайлар араланды. 

    Экспедиция құрамында 50-ге жуық орта және жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

    Экспедиция барысында студенттер Жалағаш және Қармақшы аудандарының туристік әлеуеті бар мәдени-тарихи нысандары Қалжан-Ахун кесенесі және «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенін тамашалады. Экспедиция нәтижесінде студенттерге қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік берілді.

  • Дата публикации: 24/10/2017 - 18:29
    Мазмұны:

    Құрметті кәсіпкерлер!

     Сіздерді Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасымен және «KAZFRANCH» Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының қатысуымен ұйымдастырылған «KYZYLORDA FRANCH-2017» (франшизалар көрмесі) өңірлік форумына қатысуға шақырамыз.

    Көрме аясында Сіз франчайзинг саласындағы өзекті жаңалықтарды, франчайзинг желілерін және қазіргі заманғы бизнесті құру, бизнес серіктестіктермен, түрлі бизнес салаларда әлеуетті және белсенді клиенттермен қарым-қатынастар және келіссөздерді жүргізу құпияларын, мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша және тағы басқа ақпараттарды білесіз.

    Франшизалар көрмесі бұл – табысты, жарқын және талантты спикерлердің және бизнес-серіктестердің күні.

    Күні:    31.10.2017г

    Уақыты:  9.30

    Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 42, «Бастау» БО, 2 қабат

  • Дата публикации: 12/10/2017 - 18:26
    Мазмұны:

    Елімізде қыркүйек айының соңынан бастап жанар-жағармай бағасының қымбаттауы мен ішінара тапшылық жағдайы орын алуда. Оған Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында жыл сайынғы жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуі және Ресейдегі жанар-жағармай бағасына тәуелділігі әсер етуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Досжанов мәлімдеді.

    Атырау мұнай өңдеу зауытында осы жылдың 29 қыркүйегіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмыстарына тоқтатылды. Сондықтан, зауыт шығаратын жанар май көлемі Ресей мемлекетінен импортталуда.

    «Бүгінде Қызылорда облысында АИ-80 маркалы бензиннің бағасы – 89 теңге, АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы 150,6 теңге, дизель отыны – 147,5 теңгені құрайды. Өзге облыстарға қарағанда біздің аймақ кәсіпкерлері жанар-жағармайдың бағасын төмен ұстап тұр. Дегенмен, АИ-92 бензиннің қоры 12 күнге, дизель отыны 7 күнге жетеді деп болжамдалуда», - деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Досжанов.

    Баспасөз конференциясында «ТС Оңтүстік жанармай» ЖШС-нің коммерциялық директоры Махамбетов Әлімжан: « - Жанармай жетіспеушілігі жоқ, тағы да қосымша жанармай қоры толықтырылатын болады. Соның нәтижесінде бензин бағасы тұрақталады», - деп мәлімдеді.

    Жақында «Олжас» ЖШС Уфа қаласынан 280 тонна дизель отынын, Омбы қаласынан 280 тонна АИ-92 бензин, 300 тонна АИ-80 бензинін сатып алған. Ол жанар-жағармай облысқа 10-15 күнде жеткізілсе аймақтағы баға тұрақты болмақ.

    Сонымен қатар, негізсіз баға өсімінің алдын алу және жасанды тапшылықты болдырмау мақсатында табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментімен бірлесіп, тұрақты түрде облыстағы жанар жағар май құю бекеттеріндегі бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасары Ерсін Орынбаевтың айтуынша, осы жылдың сәуір-мамыр айларында жанармай бағасының өсуі фактісіне орай сараптама жасалған. Нәтижесінде, заң бұзушылықтар анықталған. Орын алып отырған бүгінгі жағдайға байланысты да тексеру жұмыстары жүргізілмек.

  • Дата публикации: 27/09/2017 - 19:42
    Мазмұны:

    Бүгін 27 қыркүйек күні Астана қаласында  «Демалыс»–«AstanaLeisure2017» 14-ші Қазақстандық халықаралық туристік көрмесі ашылды. Осы жылы «Көрме» орталығы әлемнің 22 елінен 1500 келушіні қабылдамақшы. Экспозиция алаңы шамамен 1100 шаршы метрді құрайды.

    Көрмеге әлемнің 11 елінен 100 компания қатысуда. Атап айтсақ, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Египет, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Ресей, Словения, Таиланд және Украинадан келген туристік бизнестің кәсіби мамандары өзекті туристік бағыттар мен 2017 жылдың күзгі-қысқы маусымының жаңалықтарын ұсынды. Сонымен қатар, осы жылғы көрмеге «KazakhTourism» АҚ Ұлттық компаниясы қатысқанын ерекше атап өткен жөн.

    Көрмеге Қызылорда облысының барлық туристік әлеуеті бейнеленген, атап айтқанда «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Қорқыт Ата меморалды кешені, Арал теңізі, Қамыстыбас көлі, Жаңақорған ауданының тау жоталары. Сонымен қатар, басқа да өңірлердің туристік опраторларымен іскерлік қарым қатыстар орнатылды.

  • Дата публикации: 27/09/2017 - 18:22
    Мазмұны:

    Бүгін «Дүниежүзілік туризм күнін» атап өту мақсатында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы бастамасымен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылып, тарихи маңызы бар ескерткіштер мен мұражайлар араланды. 

    Экспедиция құрамында 50 астам орта және жоғарғы оқу орындарының студенттері болып, аудандардың мұражай алаңдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Жаңығырған жастар» ұранымен концерттік іс-шара өткізді.

    Іс-шараға белсене қатысқандарға алғыс хаттар мен сертификаттар беріліп, түрлі сыйлықтар жасалды.

    Экспедиция барысында Арал қаласындағы  Ә.Нұрпейісовтың әдеби, шығармашылық мұражай үйі және Арал қалалық балықшылар мұражайы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «Жанқожа баба» кесенесі, Қазалы қаласындағы «Ғ.Мұратбаевтың» мұражай үйлерінің құнды экспонттары тамашаланды.

    Экспедиция Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт Ата» кешенін және Этноауыл жобасын тамашалаумен аяқталды.

Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика