Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

 Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылдың 1 наурызына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  50 530 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға артты.

Оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 38 137 бірлікті құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 8%-ға артты.

Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны (2017 жылдың 1 қазаны бойынша) 85 801 адамды құрады (өсім 0,8 пайыз). Бұл облыстағы экономикалық белсенді халықтың (346 450 адам) 24 пайыз.

 

Сараптамалық кеңес

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын заңнамалық құқықтық актілеріне өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытынды беріледі. 2018 жылдың 1 сәуіріне 16 нормативтік-құқықтық актілерге сараптама қорытындылары берілді.

 

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы

2018 жыл өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды.

Сәйкесінше жыл басында «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы» әзірленді.

Жол картасында жалпы бюджеті 32 млрд. 86 млн. теңгені құрайтын барлық негізгі бағдарламалар, оның ішінде өңірлік бағдарламалар қамтылды. Бұл қаражаттың өз кезегінде 3 млрд. теңгеден астам бөлігі «Стартап» жобаларға бағытталатын болады.

Жол картасын іске асыру барысында басты назар кәсіпкерлерді қаржылай қолдауға, оның ішінде ауылдық жерде микронесиелер берудің географиясын кеңейтуге аударылды.

Бұл бағытқа тек биылғы жылы облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаражат бөлініп, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына орналастырылды.

Бүгінгі күннің өзінде Өңірлік инвестициялық орталықпен жалпы құны 500 млн. теңгеге микробизнес субъектілерінің 172 жобасы мақұлданды.

Жалпы бұл мақсатқа әртүрлі қаржы көздерінен қосымша тағы 2 млрд. теңге бағытталатын болады.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында микронесиелер беру үшін 1 млрд. 900 млн. теңге бөлінді.

Оның ішінде ауылдық жерлерге 1 млрд. 810 млн. теңге, ал қалалық жерге 89 млн. 490 мың теңге бағытталды.

Ауылдық жерлерде микронесиелер беру үшін бөлінген қаражаттың бүгінгі күні 1 млрд. теңгесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына», ал 810 млн. 986 мың теңгесі «Аграрлық несие корпорациясына» отырғызылды.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласында микрокредиттер беруге бөлінген қаражат та «Даму» қорына аударылды. Қазіргі таңда «Даму» қоры аударылған қаражатты өңірлік екінші деңгейлі банктерге отырғызу жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан бөлек, микронесиелерді кепілдендіруге және микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға 263,253 млн. теңге бөлінді.

Жалпы Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттар бойынша несиелендіру осы сәуір айынан бастап жүргізілмек. Бұл ретте жыл соңына дейін 500 миркокредит беру жоспарлануда.

Бағдарламаның негізгі қатысушылары ол жұмыссыз және нәтижелі жұмыспен қамтылмаған халық болып табылады.  Олар үшін Бағдарлама шеңберінде сапалы оқытуды ұйымдастыру маңызды.

Биылғы жылы Бағдарлама шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарын жүргізуге облыстың барлық аудандары қамтылған. Аталған жоба бойынша 1600 адамды оқудан өткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, тұрақты бизнестер үшін іске асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде биылғы жылға 1 млрд. 319 млн. теңге бөлінді.

Оның ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға  – 1 млрд. теңге, несиелерді кепілдендіруге – 119 млн. теңге бағытталды.

Жалпы жыл басынан бері Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін жалпы құны 527,7 млн. теңгені құрайтын 13 жоба субсидиялау үшін мақұлданды.

Бұл несие қаражатынан бөлек, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін гранттық қаржыландыруға 200 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат аясында конкурстық іріктеу осы айда өткізілмек.

Жыл соңына дейін Бағдарлама шеңберінде кемінде 100 жобаны субсидиялау, 40 жобаны ішінара кепілдендіру және 70 жобаны грант қаражаттарымен қаржыландырылатын болады.

Жалпы бұған дейін микронесиелер, қайтарымсыз гранттарды алу үшін қадамдық іс-әрекет пен типтік бизнес-жоспарлар әзірленіп, жобаларды сүйемелдеу үшін облыс әкімімен облыстық деңгейдегі лауазымды тұлғалар бекітілді.

Облыс әкімдігінің ахуалдық орталығы арқылы ауыл әкімдерімен және бекітілген лауазымды тұлғалармен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстарына ай сайын мониторинг жүргізілуде.

 

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

2017 жылдан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басты міндеті облыс кәсіпкерлеріне бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсету, оның ішінде кәсіпкерлерге рұқсатнама құжаттарын алып беру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу бойынша кеңес беру болып табылады.

Бұрын кәсіпкерлердің техникалық шарттар алуы ұзақ уақыт алатын. Ал қазір кәсіпкер орталыққа құжаттарын тапсырса, 5 жұмыс күн мерзім ішінде орталық мамандары техникалық шарттар алуға жұмыс жасайды. Бұл кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салмай, әкімшілік кедергілерді болдырмауға септігін тигізіп отыр. Аталған қызмет түрі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өңірімізге Оңтүстік, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының делегаттары арнайы іс-сапарда болды.

Инженерлік  жүйелерге техникалық шарттарды және рұқсат құжаттарын алуды электронды форматқа  көшіру мақсатында облыс әкімдігінің электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімімен бірлесіп Орталықтың «Геоақпараттық жүйесі» әзірленді. Бүгінгі күні техникалық шарттарды алу үшін өтінімдер электронды форматта қабылдануда.

2018 жылдың 1 сәуір жағдайы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 696 қызмет, оның ішінде 285 кеңесшілік қызмет, 411 рұқсатнама құжаттары және техникалық шарттарын алу мен жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қызметтер көрсетілген.

 

Іс-шаралар

Аталған Жол картасымен бірге облысымызда кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылатын іс-шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес биылғы жылы жыл ішінде жалпы 35 іс-шараны өткізу қарастырылған.

Мәселен, конкурстар, көрмелер, сондай-ақ малшылар слеті және балықшылар слеті сияқты салалық қажеттіліктер бойынша жеке шаралар өткізілмек.

Сонымен бірге, әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін «Іскер әйел–кәсіпкерлер форумы», «Жас кәсіпкерлер облыстық форумы», «Облыстың өндіріс орындарында студенттер мен оқушылар үшін танымдық экскурсиялар» өткізу қарастырылған. 

Кәсіпкерлік саласын цифрландыру аясында «OPEN KASIPKER» құрылып, ІІІ Халықаралық интернет форумы өткізілетін болады.

Ал, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер үшін «Өзіңе сене баста!» конкурсы өткізілмек.

Бұдан бөлек, облыс кәсіпкерлері үшін дәстүрге айналған жыл сайынғы іс-шараларда өз жалғасын таппақ. Мәселен, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы, «Сауда үздігі» республикалық конкурсы және т.б.

 

 

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында микронесиелер беруге қатысты

Бағдарлама аясында микрокредиттер беру үшін 2018 жылға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаралды. Оның ішінде ауылдық жерлерге – 1 810,9 млн. теңге, қалаға – 89,49 млн. теңге.

Сондай-ақ, микронесиелерді кепілдендіруге және МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялауға 263,253 млн. теңге қаралды.

Микронесиелендіруге бөлінген қаражаттар ағымдағы жылдың наурыз айында облыстық қаржы институттарына келесі түрде орналастырылды:

  • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ҚФ- 810,986 млн. теңге;
  • «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚФ - 1 млрд. тенге.
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚФ - 89,49 млн. тенге.

Аталған бағдарлама бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыру ағымдағы жылдың сәуір айынан басталмақ.

Бөлінген қаражаттар аясында ағымдағы жылдың соңына дейін кемінде 500 микронесие беру жоспарлануда.

Сонымен бірге, Бағдарлама аясында микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. тенге бөлінді. Бұл қаражаттар «Қызылорда» ӨИО орналастырылды. Бүгінгі күннің өзінде Өңірлік инвестициялық орталықпен жалпы құны 500 млн. теңгені құрайтын микробизнес субъектілерінің 172-ден аса жобасы мақұлданды.

Бұл мақсатқа әртүрлі қаржы көздерінен қосымша 2 млрд. теңге бағытталатын болады.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру жөнінде

2018 жылы «БЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін 1 319,238 млн. теңге бөлінген.

Компоненттер бойынша атап өтетін болсақ:

- субсидиялауға – 1 000,238 млн. теңге, оның ішінде 500,119 млн. теңгесі немесе 50% игерілді;

- кепілдендіруге – 119 млн. теңге, оның ішінде 59,5 млн. теңге немесе 50% игерілді;

- мемлекеттік грантқа – 200 млн. теңге;

2018 жылдың басынан бастап 7 ӨҮК өткізіліп, нәтижесінде несие бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 512,32 млн. теңге болатын 14 жоба мақұлданды.

Мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуді 2018 жылдың сәуір айында өткізу жоспарланған.

Жалпы 2018 жылдың соңына дейін «БЖК-2020» бағдарламасы аясында 100 жобаны субсидиялау, 40 жоба бойынша кепілдік беру және 70 жоба бойынша мемлекеттік гранттар беру.

«Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өту жөнінде:

Жыл соңына дейін «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 1600 адамды оқыту жоспарланған. Биылғы жылы аталған жоба асында оқыту облыстың барлық аудандарында өткізу жоспарланған. Бұл ретте, бірінші топты оқыту 2018 жылдың сәуір айында басталатын болады.

 

«Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасы

2017 жылы «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорымен 700 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бөлінген қаражат 4 екінші деңгейлі банкке арнайы шартпен отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 600 млн. теңге;

- «Фортебанк» АҚ - 500 млн. теңге

- «Казкоммерцбанк» АҚ - 150 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 150 млн. теңге.

Аталған Бағдарлама аясында отырғызылған қаражат кәсіпкерлерге 8,5 пайызбен 180 млн. теңгеге дейін 5 жылға, сондай-ақ 6 айға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен беріледі.

2017 жылдың қорытындысымен «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде 1 178,9 млн. теңгеге 48 жоба мақұлданды.

Қаржыландырылған 48 жоба бойынша 70 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды.

Бұдан бөлек, аталған өңірлік Бағдарламасы аясында 2018 жылдың бірінші тоқсаны қорытындысымен жалпы құны 74,3 млн. теңге болатын 3 жоба қаржыландырылды.


2017 жылдың наурызында барлық іске асырылып жатқан бағдарламаларды өнімсіз жұмыспен қамтылғандар санының ішінен жаңа жұмыс орындарын ашуға және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің санын арттыруға тиімді бағыттау мақсатында Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай жол картасы әзірленді.

Бірыңғай жол картасын іске асыру үшін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен ай сайын тұрақты негізде Қызылорда қаласы мен облыс аудандарының ауылдық округтерінің негізгі көрсеткіштеріне (құрылған ШОК субъектілерінің саны, құрылған ШОК субъектілерінің түрлері, жұмыссыздар саны, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар саны, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар саны және т.б.) мониторинг жүргізілуде.

Жалпы облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 49 868 бірлікті құрап (2017 жылдың 1 желтоқсан жағдайы бойынша). Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 37 700 бірлікті құраса (2017 жылдың 1 желтоқсан бойынша), бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға артық.

2017 жылдың қаңтар-маусым айында шығарылған өнім көлемі 122,9 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға ұлғайған.

Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламасын іске асыруға қатысты.

2017 жылдың наурызында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқуға қатысатын 5 аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған) анықталып, сондай-ақ қатысушылардың саны анықталып, оқу кестесі бекітіліп, тестілеу нәтижесін қарау және жобаларды қорғау жөніндегі комиссия құрылған.

Бүгінгі күні «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыту курстары толығымен аяқталды. Нәтижесінде жылдық жоспар толдығымен орындалып, 937 адам оқытылды. Оның ішінде бизнес-жоспарды 364 адам адам қорғады.

Сонымен бірге, «БЖК-2020» Бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту курстары өткізілуде. Жыл басынан бері «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында барлығы 1477 адам оқудан өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер беруге қатысты.

Қызылорда қаласы мен аудандарда микрокредиттер беру үшін 2017 жылы 2 058,897 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде ауылға - 1765 млн. теңге, қалада – 293,897 млн. теңге.

Сондай-ақ ауылдарда микрокредиттер беру үшін 2017 жылдың қазанында облыстық бюджеттік комиссия шешімімен 320,705 млн. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді.

Қызылорда қаласында микрокредиттер беру бойынша:

2017 жылы Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін нысаналы трансферттермен 83,897 млн. теңге және жалпы сипаттағы трансфертпен 210 млн. теңге бөлініп, 2017жылдың мамыр айында «Даму» КДҚ» АҚ-на отырғызылды.

Бүгінгі күні Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін қаралған 293,8 млн. теңгенің 200 млн. теңгесі келесі ЕДБ-ге отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 100 млн. теңге;

- «Ресей жинақ банкі» АҚ - 50 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 50 млн. теңге.

Отырғызылған қаражаттан бүгінгі күні «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы рлік филиалымен 25 млн. теңгеге 2 жоба қаржыландырылса, «АТФ банк» АҚ-мен 22 млн. теңгеге 2 жоба қаржыландырылды. Сонымен бірге, «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ-мен 18 млн. теңгеге 1 жоба несиелендірілді.

Сонымен қатар, 2017 жылғы желтоқсан айында 93,8 млн. теңге көлеміндегі қаражат «Қызылорда» ӨИО-на орналастырылды.

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айында облысқа келген туристер саны 2391 адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 26%-ға артық (2016 ж. 1898 болған). Ал, ішкі келу туризмі 41 652  адамға артып, 27,1 пайыз өсімді құрады (2016 ж. 32781 болған).

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 91-ге (2016 ж. 85 болған) жетіп, сыйымдылығы 1796 орынға артты (2016 ж. 1718 болған), ондағы бөлмелер саны – 1016-ға көбейді (2016 ж. 966 болған). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қонақ үйлер саны 5,2 пайызға артып, бөлмелер саны 4,5 пайызға көбейгенін көрсетіп отыр.

2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша қонақ үйлер тарапынан 41 652 (2016 ж. 32781 болған) адамға қызмет көрсетіліп, 673,7 мың теңге қаржыны құрады (2016 ж. 549,6 мың теңге болған). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға өскен.

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту

Қазіргі уақытта Қамбаш көлі жағалауында туризмді дамыту мақсатында инвестиция тартылып, 105 млн. қаржыға 90-ға  жуық нысан салынды. Алдағы уақытта кәсіпкерлерге берілген жер телімдеріне қосымша заманауи үлгідегі спорт  алаңдары салынатын болады.

Сондай-ақ, жағалауға жақын салынған «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығы (Пасионат) жазғы маусым айларында салауатты өмір салтын насихаттау және туризм саласын дамыту мақсатында тынығушыларға ақылы түрде қызмет көрсетіп келеді.

Орталықта барлық жағдай жасалған. Жатын бөлмесі, емдеу-профилактикалық корпусы, асханасы және спорт залы бар.

Бүгінгі күні көл жағалауында катерлер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетеді.

Көл жағалауындағы құрылыс жұмыстарына 350-ден астам жергілікті жұмысшылар тартылса, 150-ден астам адам маусымдық жұмыспен қамтылды.

Жалпы жазғы демалыс маусымында демалыс аймағына 2016 жылы 70 мыңнан астам демалушылар келіп тынықты. Ал үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 28,6 пайызға өсіп отыр, яғни 90 000 адамға ұлғайды.

Қызылорда облысында туристік саланы дамыту

Ақмола облысы, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға арналған жоспарына сәйкес, өңірімізде де туризм әлеуетін көтеру мақсатында Тұжырымдама жобасы қаралуда. Оның ішінде 2017-2019 жылдар аралығында «Байқоңыр» ойын-сауық аймағы жобасын нақтылау, «Қамбаш» көлі маңында туризмді дамыту, «Қорқыт Ата» мемориалды кешенін дамыту, турмаршруттар мен соқпақ жолдар әзірлеу, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтерде демалыс аймағын дамыту мәселесі назарға алынатын болады.  


Жалпы облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 49 108 бірлікті құрап (2017 жылдың 1 қыркүйегі жағдайы бойынша), өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өскен. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 36 835 бірлікті құраса (2017 жылдың 1 қыркүйегі бойынша), бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айында шығарылған өнім көлемі 48,8 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 16,4%-ға ұлғайған.

Өткен жылдың сәйкесті кезеңіне жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілері санының өсімі облыстың алты ауданы мен Қызылорда қаласында байқалады: Жаңақорған ауданы 120,8%, Сырдария ауданы 118,8%, Арал ауданы 111,5%, Жалағаш ауданы 108,9%, Шиелі ауданы 108,2%, Қармақшы ауданы 108,0%.

Төмендеу тек Қазалы ауданында байқалады яғни 2,1%.

Тіркелгендердің ішінен жұмыс жасап тұрғандар санының ең жоғарғы пайызы  95,18% Жаңақорған ауданы мен 81,9% Арал ауданында.

Ең төменгі пайыз Жалағаш ауданында, яғни 70,4%.

Сонымен бірге, 2017 жылдың 8 айында (наурыз-тамыз) 3134 ЖК, 115 шаруа қожалықтары және 289 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер беруге қатысты.

Қызылорда қаласы мен аудандарда микрокредиттер беру үшін ағымдағы жылы 2 058,897 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде ауылға - 1765 млн. теңге, қалада – 293,897 млн. теңге.

Қызылорда қаласында микрокредиттер беру бойынша:

2017 жылы Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін нысаналы трансферттермен 83,897 млн. теңге және жалпы сипаттағы трансфертпен 210 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылдың мамыр айында «Даму» КДҚ» АҚ-на отырғызылды.

Бүгінгі күні Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін қаралған 293,8 млн. теңгенің 200 млн. теңгесі келесі ЕДБ-ге отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 100 млн. теңге;

- «Ресей жинақ банкі» АҚ - 50 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 50 млн. теңге.

Қалған 93,8 млн. теңге қаражатты «Даму» қорымен «Қазалорда» ӨИО-на отырғызу мәселесі пысықталуда.

Бұдан бөлек, ішінара кепілдік беру үшін 36 млн. теңге қаражат қаралған болатын.

Атап өту қажет, аталған қаражат шеңберінде «Қазақстан Халық банк» АҚ-мен жыл соңына дейін бар болғаны 30 млн. теңгеге кепілдік беру жоспарлануда. Бұл ретте, Бағдарлама талаптары бойынша 36 млн. теңгенің тек 6 млн. теңгесі немесе босатылған кепілдіктің 20 пайызы ғана игерілетін болады.

Ал қалған банктер, яғни «АТФ банк» және «Ресей жинақ банкі» аталған Бағдарлама аясында кепілдіктер беруден бас тартуда.

Аталған қаражатты игермеу қаупіне байланысты облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыстық бюджеттік комиссия отырысында 30 млн. теңге көлеміндегі қаражатты Бағдарлама аясында микрокредиттер беруге қайта бөлу мәселесі көтерілуде.

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-маусым айында облысқа келген туристер саны 1411  адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 0,2%-ға артық. Ал, ішкі келу туризмі 27 106  адамға артып, 28,5 пайызды құрады

Сыйымдылығы 1771 орын болатын келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 90, ондағы бөлмелер саны – 1006.  Олармен 28 517 адамға қызмет көрсетіліп, 443236,6  қаржыны құрады.

Мейрамханаларды қоспағанда орналастыру бойынша қызмет көрсету бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6 пайызға өскен.

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылындағы «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан 12 тұрғын үй құрылысы бой көтерді.

Жыл басынан қазіргі уақытқа дейін «Қамбаш» демалыс аймағына 90 мың демалушы келді.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

Бүгінгі күні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында жол бойы кешендері құрылысын салу үшін белгілі көлемде 41 жер аумағы бөлінді.

Автодәліздің жалпы ұзындығы – 8845 шақырымды құрайды, оның ішінде облыс аумағынан 812 шақырымы кесіп өтеді.

Бүгінгі таңда жол бойы кешендерінің 16-сы жұмыс жасауда, 546 жұмыс орны ашылды. Кешен санаттарына қарай қонақүй, дәмхана, май құю бекеттері, автожуу т.б. қызмет көрсету сервистерімен қамтылған. Яғни, тек туристер ғана емес, қарапайым  өткен жолаушы да сервистердің қызметін пайдалана алады.

2017-2018 жылдарда қосымша 25 нысан іске қосылады деп жоспарлануда.


Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша үкіметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы жөнінде

 

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 664,619 млн. теңге (қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат ағымдағы жылдың тамыз, қазан және желтоқсан айларына қаралған).

Ағымдағы жылдың басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 21 отырысы өткізіліп, нәтижесінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін жалпы құны 4,83 млрд. теңгеге 66 жоба мақұлданып, оның ішінде 3,88 теңгеге 42 жоба субсидияланды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 105 млн. теңге, оның бүгінгі күні 62 млн. теңгесі игерілді.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың басынан бері кепілдік жалпы құны 314,26 млн. теңгені құрайтын 31 жоба бойынша ұсынылды.

3) гранттық қаржыландыруға – 10 млн. теңге, қаражат 100% игерілді.

Ағымдағы жылы қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды. Қала мен аудандар бөлінісінде жобаларды қаржыландыру келесідей:

- Арал ауданы бойынша жалпы құны 1 550,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қазалы ауданы бойынша 500,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша жалпы құны 1 249,44 мың теңгеге 4 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша жалпы құны 439,343 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 931,217 мың теңгеге 2 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтер бойынша жалпы құны 5 330,0 мың теңгеге 6 жоба.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жыл соңына дейін 1000 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын Қызылорда қаласында іске асыру үшін 2017 жылға 246 млн. теңге қаралды.

Оның ішінде, микрокредит беруге 210 млн. теңге және ішінара кепілдендіруге 36 млн. теңге.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін 2017 жылға ағымдағы трансферттер негізінде республикалық бюджеттен қосымша 83,897 млн. тенге бөлінді.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен ағымдағы жылдың 2 мамырында облыс әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері арасында үшжақты кредиттік шарт жасалынған.

Бұл ретте, бөлінген қаражаттар аясында облыс әкімдігі, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы және «Даму» қоры арасында Қарыз шарты жасалынып, бөлінген қаражаттар «Даму» қорына аударылды.

Қазіргі таңда тиісті қаражаттарды микроқаржы ұйымына отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлінген қаражаттар бұдан әрі жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға микрокредит түрінде 8000 АЕК дейін (18,152 млн. теңгеге дейін) жылдық 6 пайызбен берілетін болады.

Шағын несилер алу үшін жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Бағдарлама шеңберінде «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, өздерінің қаржылық сауаттылығын арттыруға тиіс.

Бұл үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасымен ағымдағы жылдың наурыз айында «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытуға қатысатын 5 аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған) және қатысушылардың саны анықталып, оқу кестесі бекітіліп, тестілеу нәтижесін қарау және жобаларды қорғау жөніндегі комиссия құрылған.

2017 жылдың бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында екі топ құрамынан 371 адам оқытылып, 205 бизнес-жоба қорғалды.

Аталған жоба аясында ағымдағы жылдың 26 маусым күні үшінші топ құрамын анықтау бойынша тест өткізіліп, 30 маусымынан бастап оқыту жүргізілуде.

Жалпы 2017 жылдың басында қала және ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлік субъектілерінің аталған Бағдарламаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, яғни өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Өңірлік бірыңғай жол картасы әзірленді.

Жол картаның басты мақсаты – барлық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оларды тиімді пайдалану болып табылады.

Яғни, Жол картаға сәйкес ауылдық елді-мекендердегі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, оларды тиімді шарттармен қаржыландырып, кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс орындарының санын ұлғайту және әр ауданда жаппай кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық кооперациясын дамыту көзделген.

Сонымен бірге, Жол картасына сәйкес үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қадамдық іс-әрекеті әзірленді.

Қазіргі күні әзірленген қадамдық іс-әрекеттер ауылдық елді-мекендердің халқына түсінікті болуы үшін кітапшалар ретінде дайындалып, облысымыздың барлық ауылдық елді-мекендеріне таратылды және тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, осы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыстың әрбір ауылдық округтеріне бір мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары тағайындалып, тұрақты бақылауға алынды.

Ағымдағы жылы «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорымен 700 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні бөлінген қаражаттардың 1,4 млрд. теңге көлеміндегі сомасы 4 екінші деңгейлі банктерге арнайы шарттармен отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 600 млн. теңге;

- «Фортебанк» АҚ - 500 млн. теңге;

- «Казкоммерцбанк» АҚ - 150 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 150 млн. теңге.

Қазіргі күні аталған банктер Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 555,9 млн. теңге болатын кәсіпкерлік субъектілерінің 15 жобасын қаржыландырса, оның ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жалпы құны 491,1 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған. Бұл ретте, игерілген қаржы көлемі 39,7 пайызды құрады.

Бағдарлама шеңберінде орналастырылған қаражаттар кәсіпкерлерге 180 млн. теңгеге дейін 8,5 пайызбен 5 жылға және 6 айға дейін несиені өтеуде кейінге қалдыру мүмкіндігімен берілетін болады.

Қызылорда облысында туризмнің даму жағдайы туралы 2017 жылдың 6 айына

АНЫҚТАМА

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-маусым айында облысқа келген туристер саны 9981  адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 4,9%-ға артық.

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 89 бірлікті құрайды, оларда 966 бөлме, 1 718 төсек-орны бар. Орналастыру орындарымен 34 679  адамға қызмет көрсетілген, мұның 32 781-і резидент және 1898-і резидент емес тұлғалар.

 

Қазақстандық туристік ассоциациясы

2016 жылы Қазақстан туристік ассоцияциясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыттар бекітілді. Бұл ең алдымен Арал ауданының мүмкіндіктері (Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Арал теңізі, Көкарал су тоспасы), Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруды тамашалау, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи және зиярат ету туризм түрлері.

Қазақстандық туристік операторлар арасында осы бағыттар бойынша толық ақпаратты тарату үшін аталған туристік бағыттар туралы мағлұматтар Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ басқарма сайтынан жаңадан «Туризм» айдары ашылды.

 

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылындағы «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан 12 тұрғын үй құрылысы бой көтерді.

2017 жылы «Қамбаш» демалыс аймағында шамамен 80 мың демалушы келеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасы бойынша жеке кәсіпкер «Исаев» және Байқоңыр қаласы балықшылар клубының бірлесуімен Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы, Жалаңаш көлінде «Қысқы балық аулау» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қызылорда қаласынан, Байқоңыр қаласынан және Арал ауданынан 13 топ қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  ең үздік үштікті иеленгендер мен ең үлкен балық аулағандар сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ белсене қатысқан ең кішкентай балық аулаушыларға да алғыс хаттар берілді.

 

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту

2017 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша жұмысшы топ отырысы өткізілді. Оған түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, туризм саласы бойынша қызмет етуші кәсіпкерлер т.б. қатысты.

Жиын барысында Байқоңыр аумағында туристерге арналған «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын құру тұжырымдамасын әзірлеу мәселесі көтерілді. Жұмысшы топ мүшелерінің көпшілігі Байқоңыр қаласының шекарасынан тыс жерге құру ыңғайлы екендігін білдірді.

Осыған байланысты наурыз айының басында басқармамен Байқоңыр аумағында туристік аймақ құру бойынша туристік индустриялық аймақты дамытудың тұжырымдамасы әзірленіп, жоғарғы органдардың қарауына ұсынылды.

Бұдан бөлек спорт және мәдениет министрлігімен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдама жобасы әзірленді. Оған Қызылорда облысы бойынша Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт-Ата» мемориалдық кешені және Байқоңыр қаласындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы кешені өңіріміздің негізгі туристік бағыттары ретінде ұсынылды.

Сонымен қатар, өңіріміздің туристік объектілерін ұлғайту мақсатында облыстың ескі, тарихи ескерткіштері орналасқан жерлерге (Кердері кесенесіне, Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Сортөбе, Жент қалашықтарына) археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2017 жылға арналған міндеттері:

Туризмді дамыту бойынша алдағы өткізілетін іс-шаралар:

  •  «Астана Демалыс – 2017» көрмесіне қатысу;
  •  «Туризм және саяхат – 2017» көрмесіне қатысу
  • Әлемдік туризм күніне арналған облыстық туристік фестивальді өткізу;
  • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі жолбойы нысандарын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша өткізілген шаралар туралы

Үстіміздегі жылдың 19-21 сәуір аралығында Алматы қаласында «Туризм және саяхат» Халықаралық көрмесі өткізілді. Көрмеге Қазақстаннның барлық өңірлері сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің өкілдері де қатысты.

Қызылорда облысынан барғандар шетел кластерлері орналасқан павильондарда өз бұйымдарын көрсетті.

Көрмеге облыстағы басты туристік нысандар «Қорқыт Ата» мемориалдық және «Байқоңыр» кешендерінің  үлестірмелі материалдары, туристік нысандары бар брошюралар, винилдік баннерлер қойылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 24-25 маусымында «Жастар болашақ энергиясы» ұранымен «Менің Отаным - Қазақстан» жас туристердің облыстық слеті Жаңақорған ауданы, Құттықожа елді-мекенінде орналасқан «Тау Самалы» демалыс орнында өткізілді. Оған 6 адамнан құралған 6 топ қатысып, оның ішінде жеңімпаз атанғандарға жүлделер табысталды.

2017 жылдың басында Қызылорда облысының туристік саласын ілгерілету және алдағы өткізгелі отырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мақсатында басқарма жанынан ресурстық орталық ашылды.

Бүгінгі күні орталық арқылы ішкі саясат басқармасымен және жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп, 30-ға жуық шаралар өткізілді, түрлі тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, орталықтың әлеуметтік желіде арнайы парақшалары ашылып, «ЭКСПО» аясында өткізілген шаралар үнемі жарияланып келеді.

Қызылорда облысының туристік әлеуетін арттыру және «ЭКСПО-2017» Көрмесі өткізілу кезеңіне қарай, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешені жанында Этноауыл жобасы ұйымдастырылды.

Этноауыл ағымдағы жылдың 20 маусымында салтанатты түрде ашылды. Оған 7 киіз үй (алты қанатты 6 үй, 16 қанатты бір Хан үйі) тігілді. Киіз үйлердің іші қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен және бұйымдарымен (көрпешелер, ағаш астаулар, сандықтар, дастархан үстел, кіші ағаш орындықтар,  қазақ батырларының жауынгерлік саймандары т.б.) әсемделген.

Алты қанатты алты кйіз  үйге қолөнер шеберлері мен суретшілер орналасты. Этноауыл аумағында төрт саудагерлік павильон тұрғызылып, оған жергілікті сауда иелері келуші қонақтарға өнімдерін өткізуде.

Этноауыл ішіне «Қыз Жібек» мейрамханасының киіз үйі тігіліп,  қолөнершілерді 3 мезгіл тамақтандырумен қаматамасыз етуде.

Шетелдіктерге этноауыл аймағын таныстыратын 3 тілде сөйлейтін гид-экскурсоводтар жұмыс жасауда. Этноауылға келген қонақтар қазақ халқының ұлттық ойындарымен (теңге ілу, арқан тарту, алтыбақан тебу, қазақ күресі, асық ойнау,) таныса алады.

«Тенгри» борттық журналында өңіріміздің негізгі туристік объектісі «Қорқыт ата» мен «Байқоңыр» кешені насихатталуда.

Өткен жылмен салыстырғанда келушілерді орналастыру орындары 4,1 пайызға артқан. Жуық арада бес жұлдызшалы қонақ  үй ашылуы күтілуде.

 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін  2017 жылдың 1 маусымына  41  нүкте  белгіленген.

         Бүгінгі күнге инвестицияның жалпы сомасы 3 млрд. 411 млн. теңге болатын 16 нысан пайдануға беріліп, 546 тұрақты жұмыс орны  құрылды.

  1. Арал ауданы – 2 нысан («Жандаулетов» ЖК , «В» санаты, жоба құны-250 млн. теңге,  «Ұзақова» ЖК, «С» санаты, жоба құны- 50 млн.теңге);
  2. Қармақшы ауданы – 3 нысан («Дорстрой» ЖШС, «А» санаты, жоба құны-450 млн.теңге, «Бертлеуова» ЖК,»С» санаты, жоба құны-50 млн. теңге,  «Қарбаев» ЖК, «С» санаты, жоба құны-165 млн. теңге);
  3. Сырдария ауданы – 2 нысан ( «Жүнісова» ЖК, «В» санаты, жоба құны 400 млн. теңге,  «Ақжарма-1» ШҚ, «В» санаты, жоба құны-227 млн. теңге);
  4. Қызылорда қаласы – 4 нысан («Гейдарова» ЖК, «С» санаты, жоба құны-300 млн.теңге, «Сейтжаппарова» ЖК, «В» санаты, жоба құны-170 млн. теңге,  «Нұрымбетова» ЖК, «С» санаты, жоба құны-80 млн. теңге,  «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-261 млн.теңге );
  5. Шиелі ауданы – 1 нысан («Сығанақ» ЖШС, «В» санаты, жоба құны-100 млн. теңге);
  6. Жаңақорған ауданы – 4 нысан («Құламетов» ЖК, «В» санаты, жоба құны-62 млн. теңге,  «Бексұлтан» ЖК, «В» санаты, жоба құны-735 млн. теңге, «Басқожаев» ЖК, «С» санаты, жоба құны- 75 млн. теңге, «Аружан К» ЖК, «С» санаты, жоба құны-36 млн. теңге).

         Сонымен қатар, жыл соңына дейін  жалпы құны 5 млрд. 129 млн. теңге  болатын 20 нысан  іске қосылатын болады.

         Оның ішінде:

         Арал ауданы- 4 нысан  («Әбибуллаев» ЖК, «С»-санаты, жоба құны-20 млн. теңге, «Жұмағазиева Г» ЖК, «С» санаты, жоба құны-60 млн. теңге,  «Елешова Г» ЖК, «С» санаты, жоба құны- 47 млн. теңге, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС,«Д» санаты, жоба құны-261 млн.теңге ).

         Қазалы ауданы- 3 нысан («Сыр маржаны» ЖШС, «В» санаты, жоба құны- 498 млн. теңге, «Глобал Алатау Груп» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны- 150 млн. теңге, «Синоойл» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-100 млн. теңге).

         Қармақшы ауданы- 3 нысан («Мұсаев А» ЖК, «В» санаты, жоба құны-274 млн. теңге,  «Рагибова Г» ЖК, «С» санаты, жоба құны- 350 млн. теңге, ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-261 млн. теңге).

         Жалағаш ауданы-1 нысан («Ұзақов Б» ЖК, «С» санаты, жоба құны-250 млн. теңге).

         Шиелі ауданы- 3 нысан («Шакиров Н» ЖК, «В» санаты, жоба құны-200 млн. теңге,  «Шиелі-Сапаржай» ЖШС, «А» санаты, жоба  құны- 400 млн. теңге, ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны- 261 млн. теңге ).

         Жаңақорған ауданы-1 нысан  («ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-261 млн. теңге).

         Қызылорда қаласы-5 нысан («КазЕвраз» ЖШС, «А» санаты, жоба құны- 1 млрд. теңге,  «Жауынбаев» ЖК, «В» санаты, жоба құны- 300 млн. теңге,  «Байменов Б» ЖК, «С» санаты, жоба құны -75 млн. теңге, ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-261 млн. теңге, («Синоойл» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-100 млн. теңге).

         2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы құны 910 млн. теңге болатын тағы  4 нысан  пайдалануға  берілетін болады.

Қазалы ауданы- 2 нысан («Байсуганова А» ЖК, «С» санаты, жоба құны-75 млн. теңге, «ДинГул» ЖШС, «С» санаты, жоба құны -15 млн. теңге);

Жаңақорған ауданы-1 нысан («Казтуризм» ЖШС, «А» санаты, жоба құны- 720 млн. теңге);

Қызылорда қаласы- 1 нысан («Синоойл» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-100 млн. теңге).


Сауда

2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында бөлшек сауда көлемі 56 млрд. теңгені құрады.

Көтерме сауда көлемі 28,9 млрд. теңгені құрады 

Қызылорда облысында 2017 жылдың 1 қаңтарына 7244 сауда орнымен 40 базар тіркелді. Облыста тауарларды өткізуге байланысты 24 әмбебап (базарлардың жалпы көлемінен 60%), 16  мамандандырылған базарлары; мәмілелерді жүзеге асыру тәсілдері бойынша – 38 бөлшек (95%), 2 – көтерме базарлары. Базарлардың жалпы көлемінен – 19 немесе 47,5% жабық базарлар, 4 немесе 10% коммуналдық базарлар.

 

2017 жылдың I тоқсан жағдайы бойынша жанар – жағар май және сұйытылған мұнай газының бағалары

 

2017 жылдың қаңтар–наурыз аралығында ҚР Энергетика министрлігінен облысқа жалпы көлемі 60 830 тонна мұнай өнімдері бөлінді, оның ішінде: АИ-92 маркалы бензині – 23 430 тонна, АИ-80 маркалы бензині – 7 490 тонна, дизель отыны29 910 тонна.

2017 жылдың 31 наурызында жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

  • АИ-80 маркалы жанар-жағар май – 89 теңге;
  • АИ-92 маркалы жанар-жағар май – 141,4 теңге;
  • Дизель отыны – 129,9 теңге;
  • Сұйытылған мұнай газы – 53,3 теңге.

Қызылорда облысында туризмнің даму жағдайы туралы 2017 жылғы I тоқсанға

АНЫҚТАМА

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар айында облысқа келген туристер саны 1072  адамды құрап отыр.

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 85 бірлікті құрайды, оларда 966 бөлме, 1 718 төсек-орны бар. Орналастыру орындарымен 34 679  адамға қызмет көрсетілген, мұның 32 781-і резидент және 1898-і резидент емес тұлғалар.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының бойы мен Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін 37 нүкте анықталды.

         2017 жылдың 1 сәуірі бойынша инвестицияның жалпы сомасы 3 млрд. 411 млн. теңге болатын 16 нысан эксплуатациялауға енгізілді. 169 тұрақты жұмыс орны құрылды:

  1. Арал ауданы – 2 нысан («Жандаулетов» ЖК-В санаты, ЖК «Ұзақов»-С санаты);
  2. Қармақшы ауданы – 3 нысан («Дорстрой» ЖШС- А санаты, ЖК «Бертлеуова- С санаты, ЖК «Қарбаев»- С санаты);
  3. Сырдария ауданы – 2 нысан (ЖК «Жүнісова»- В санаты,  ЖК «Бисенов»- В санаты);
  4. Шиелі ауданы – 1 нысан («Сығанақ» ЖШС-В санаты);
  5. Қызылорда қаласы – 4 нысан (ЖК «Гейдарова»-В санаты, ЖК «Сейтжаппарова»-В санаты, ЖК «Нұрымбетова»- С санаты, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС- D санаты).
  6. Жаңақорған ауданы – 4 нысан (В және С санаттары);

(ЖК «Құламетов» В санаты);

(ЖК «Бексұлтан» В санаты);

(ЖК «Басқожаев» С санаты);

(ЖК «Аружан К» С санаты);

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында  жалпы құны 1 млрд. 283,2 млн. теңге болатын 4 нысан  іске қосылатын болады. Оның ішінде:

1) Арал ауданы – құны 261 млн. теңге болатын 1 жоба «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС- D санаты);

2) Қазалы ауданы - – құны 498 млн. теңге болатын 1 жоба (ЖШС «Сыр-Маржаны» В санаты, құрылысы 70% аяқталды);

3) Қармақшы ауданы – құны 274,2 млн. теңге болатын 1 жоба (ЖК «Мусаев» В санаты, құрылысы 75% аяқталды);

4) Жалағаш ауданында құны 250,0 млн. теңге құрайтын 1 жоба енгізіледі. (ЖК «Ұзақов Б»- С санаты, құрылысы 60% аяқталды);

2017 жылдың екінші жартыжылдығында жалпы құны 3 млрд. 306 млн. теңге болатын 16 нысанның ашылуы жоспарлануда.

1) «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС жалпы құны 1 044 млн.теңге болатын 4 жанар-жағар май құю бекеттерінің (Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі, Қызылорда) құрылысын салу жоспарлауда.

2) «SINOOIL» ЖШС құны 300 млн.теңге болатын 3 жанар май құю бекеттерінің (1 нысан – Қазалы ауданы, 2 нысан – Қызылорда қаласы) құрылысын салу жоспарлауда.

         3)  ЖК «Жұмағазиева Г» – 60 млн. теңге сомасына Қызылорда қаласында жол бойы кешенін салу. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

         4) ЖК «Жауынбаев» – 300 млн. теңге сомасына Қызылорда қаласында жол бойы кешенін салу. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

         5) ЖК «Елешова» – 47 млн. теңге сомасына Арал ауданында  жол бойы кешенін салу. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

         6) «Казевраз» ЖШС – 600 млн. теңге сомасына Қызылорда қаласында жол бойы кешенін салу. Бүгінгі күнге жоба бастмашысы тарапынан нысан құрылысын салу үшін барлық тиісті құжаттар алынып жұмыстар жүргізілуде.

         7) ЖК «Байменов» – 75 млн. теңге сомасына Қызылорда қаласында жол бойы кешенін салу.

         Бүгінгі күні жоба бастамашысымен нысан құрылысына қажетті құжаттар алынды. Екінші деңгейлі банктерден қарыз қаражаты алынған соң, ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында құрылысын бастау жоспарлануда.

         5) ЖК «Нұрымбетов» - 80 млн. теңге сомасына Қызылорда қаласында жол бойы кешенін салу. Жоба бастамашысы сәулет-жобалық құжаттар әзірлеуде.

  1. ЖК «Казтуризм» - 720 млн. теңге сомасына Жаңақорған ауданында жол бойы кешенін салу. Жоба бастамашысы жоба-сметалық құжаттама әзірлеуде.

         Бүгінгі күнге дейін жоба бастамашысы (Қазалы ауданындағы «Тұрангаз» ЖШС,) тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты жер учаскесінің заңды күші жойылып, жер учаскесі аудан әкімдігінің иелігіне берілді.

         Осы ретте, Қазалы ауданының әкімдігі «Тұрангаз» ЖШС-нің жер учаскесінде «Гелиос» ЖШС, «АвтоГазТрейд» ЖШС және «Байсуганова» ЖК-нің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарлауда.

         Сонымен қатар, облыс аумағында жұмыс істеп тұрған барлық жол бойы қызметі нысандарында жол қызметінің міндетті нысандарының (ақпараттық тақта; арнайы тұрақ орындары) болмауына байланысты Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасымен аталған кемшіліктерді жою жөнінде барлық облыстық аудан әкімдіктеріне және жоба бастамашыларына ескертпе-хат жолданды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

2017 жылдың 1 ақпан жағдайы бойынша

 

«БЖК 2020» бағдарламасын іске асыру үшін ағымдағы жылы 779 619 мың теңге бөлінді. Компоненттер бойынша атап айтсақ:

  1. несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 750 619 мың теңге;
  2. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 19 млн. теңге;
  3. гранттық қаржыландыруға - 10 млн. теңге.

Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттермен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 83 897,0 мың теңге қаржы қаралды.

Жалпы жыл басынан бері жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында өңірлік үйлестіру кеңесінің 9 отырысы өткзіліп, нәтижесінде Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба мақұлданды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 9 жобасы бойынша 139,317 млн. теңге көлемінде ішінара кепілдік ұсынылды. Бұдан бөлек, Бағдарлама шеңберінде бөлінген 10 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант қаражаты ауылдық елді-мекендердің 17 микробизнес субъектілерінің жобаларына ұсыну туралы ӨҮК-нің шешім қабылданды.    

Оның ішінде:

  • Арал ауданы бойынша 1 550,0 мың теңгеге 2 жоба;
  • Қазалы ауданы бойынша 500,0 мың теңгеге 1 жоба;
  • Қармақшы ауданы бойынша 1 249,44 мың теңгеге 4 жоба;
  • Сырдария ауданы бойынша 439,343 мың теңгеге 2 жоба;
  • Шиелі ауданы бойынша 931,217 мың теңгеге 2 жоба;
  • Қызылорда қаласының ауылдық елді-мекендері бойынша 5 330,0 мың теңгеге 6 жоба қаржыландырылды.

Бағдарлама шеңберінде грант қаражат ұсынылған жобалар іске асырылған жағдайда 36 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.


Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және туризм саласының дамуы туралы анықтама

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың қорытындысымен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  47 301 бірлікті құрайды, оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 38 145 бірлікті құрайды. Жалпы ШОБ тіркелген субъектілер ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 80,6% құрайды.

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрі

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы үлесі, %

Шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

4 629

12,1

Жеке кәсіпкерлер

30 197

79,2

Шаруа қожалықтары

3 319

8,7

Барлығы

38 145

100%

 

2016 жылдың 1 қазанына ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 81 530 адамды құрады.

ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 158,4 млрд. теңгені құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 13,5%-ды құрады (2014 жылы - 12%).

Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қызылорда облысы әкімінің жанынан құрылған Кәсіпкерлер кеңесі жұмыс жасайды.

Аталған Кеңестің мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлікте кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту және өңірімізде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қолдау көрсету болып табылады.

2016 жылдың басынан бері Кәсіпкерлер кеңесінің 3 отырысы өткізіліп, отырыста 2015 жылы өткен кеңес отырысында облыс әкімінің берген тапсырмаларының орындалуы, бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту мәселері, облыс кәсіпорындарын 100 ұлт чемпиондары қатарына қосу шаралары және облыста инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, ауылдық жерлерде микробизнесті дамыту мәселері қаралды.

Сондай-ақ, 2015 жылдың 28 желтоқсанында Қызылорда облысындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмысшы топ құрылып, жұмысшы топ отырысының жоспар-кестесі бекітілді. Жоспар-кестеге сәйкес 2016 жылы жұмысшы топтың 5 отырысы өткізіліп, отырыста АӨК кәсіпкерлікті дамыту, ШОБ қаржыландыру көлемін ұлғайту, мемлекеттік – жекешелік әріптестікті және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, кәсіпкерлердің жекешелендіруге қатысу мәселелері қаралды.

2016 жылдың 2 ақпан күні облыстық Кәсіпкерлер үйінде «Нұрлы жол – бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер»  тақырыбында өңірлік бизнес – форумы өткізілді. Іс – шараға әртүрлі бизнес–қауымдастық өкілдері қатысты.

Форум барысында агробизнес саласында кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Агротехнология орталығы» жобасының презентациясы өткізілді. Агротехнология орталығының басты міндеті өсімдік шаруашылығы саласында өз ісін жүзеге асыруға шешім қабылдаған кәсіпкерлер жобасын сүйемелдеу болып табылады.

2016 жылдың 10 ақпан күні 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарын талқылау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Ғ. Әміреевтің төрағалығымен Қызылорда қаласының «Бастау» бизнес орталығында бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселесі,  қатысушыларға «Бәсекелестік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін қаржылай көмек, сондай-ақ банкаралық несиелеу, лизингтік келісімді қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиені кепілдендіру, экспорттық сақтандыру, инновацияға арналған гранттар алуға мүмкіндіктері талқыланды.

2016 жылдың 17 мамырында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлының қатысуымен өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізілді. Кеңес отырысында облыстағы кәсіпкерлік саласының дамуы мен олардың проблемаларын шешу бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп атқарылған жұмыстар талқыланып, нәтижесінде 15 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және инвесторларға қызмет көрсету орталығының мүмкіндіктерін біріктіре отырып, «бір терезе» қағидасы бойынша шетелдік инвесторларды тарту, ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдау мақсатында «ҚазАгро» АҚ жаңа несие тармақтарын енгізу, суармалы суды субсидиялау мөлшерін арттыру (тарифтің 50%-нан төмен емес), отандық тауарөндіруішілерге қолдау көрсету мәселелері қаралған.

2016 жылдың 27 мамыр күні VІІ «Байқоңыр Инвест» Инвестициялық Форумы аясында «Қызылорда облысында шағын және орта бизнестің даму перспективалары» тақырыбында секция жұмысы өтті.

Іс-шараға қатысушылар әлемдік кеңістіктегі интеграция үдерісінен туындайтын жаңа мүмкіндіктері қолдана отырып, жаһанданудың теріс әсеріне қарсы тұрудың бірыңғай жоспарлары мен стратегияларын әзірлеу мақсатында шағын және орта бизнесті және микробизнесті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Секция жұмысы барысында 3 меморандумға қол қойылды, бірінші меморандум мас-медиада Қызылорда облысының экономикалық және инвестициялық әлеуетін алға жылжыту үшін ақпараттық – талдамалық платформа аясында «Ranking.kz» ЖШС басқарушы серіктесі Корнет Михаил Александровичпен қойылды, екінші «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Көшенов Мұрат Ұзақбайұлымен Қызылорда облысында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Сонымен бірге, Қызылорда облысы әкімдігі және «ALKYA SOLAR SARL» компаниясының басқарушы директоры Жан Люка Збироу және «KEIS» компаниясының басқарушы директоры Л.Т. Батырқожа «Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы 100 МВт-қа кеңейтілетін 50 МВт-тық күнсәулесі станциясының құрылысы» жобасын іске асыру бағытталған үшжақты меморандумға қол қойылды.

2016 жылдың 22 қыркүйегінде қаржы институттары, агроөнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өңдеу» тақырыбында бизнес форум өтті.

Форум аясында «РитцВан» голландиялық компаниясының өкілдері тиімділігі жоғары дәндермен бақша өнімдерін өсіру бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, шағын бизнес субъектілеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау бойынша семинар өткізді.

2016 жылдың 12 желтоқсанында «2016 жылы Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» облыстық көрме-конкурсы өткізілді. Облыстық көрме-конкурсына 40-тан аса кәсіпорын қатысты. Нәтижесінде 3 номинация бойынша 9 жеңімпаз анықталды.

2016 жылы 20 желтоқсан күні облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың бизнес-қауымдастықпен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты - жыл бойына кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен үздік кәсіпкерлерді марапаттау, олардың қызметтерін халық назарына жеткізу және жас кәсіпкерлерге үлгі көрсету, кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелерін талқылау.

Бизнес - қауымдастық өкілдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамытуда белсенділік танытқаны және кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын заңнамалық құқықтық актілеріне өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытынды беріледі. 2016 жылы 65 жобаға сараптамалық қорытынды берілді.

Оның ішінде 10 жобаға жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын, сонымен бірге, рұқсатнама (тәртіптерінің) құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру мәселелерімен бірге әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша ескертпелер мен ұсыныстар беріліп, осы кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

Сауда

2017 жылдың 1 қаңтарына бөлшек сауда көлемі 217,1 млрд. теңгені құрады.

Көтерме сауда көлемі 141,6 млрд. теңгені құрады 

2015 жылы электронды бөлшек сауда көлемі 7 003 мың теңгені құрады.

2016 жылдың басында облыста 7 648 сауда орны бар 38 базар тіркелген.

Базарлар бөлінісі төмендегіше:

базарлардың түрлері бойынша жабық базарлар – 17 бірлік, шағын базарлар – 3 бірлік, құрамдастырылған базарлар – 18 бірлік;

тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап базарлар – 21 бірлік, мамандандырылған базарлар – 9 бірлік, азық-түлік емес базарлар – 8 бірлік.

 

«Қазақстанда жасалған» акциясын жүргізу барысы

 

2016 жылы «Қазақстанда жасалған» акциясын (бұдан әрі - акция) қолдау және әрі қарай жалғастыру мақсатында сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандарында арнайы отандық өнімдерден жасақталған сауда қатарларын белгілеп, «Қазақстанда жасалған» арнайы логотипін пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде, Арал ауданының 3 сауда үйінде және 1 коммуналдық базарында, Жаңақорған ауданының 5 сауда үйінде, Жалағаш ауданының 10 сауда үйінде, Қазалы ауданының 13 сауда үйінде, Шиелі ауданының 11 сауда үйінде, Сырдария ауданының 13 сауда үйінде Қазақстанда жасалған тауарлары бар секцияларына арнайы логотиптері ілінді.

Сондай-ақ, аудан орталықтарында орналасқан «LED» теледидары арқылы арнайы бейне роликтер көрсетіліп, сауда орындарында тұтынушыларға отандық өнімдерді қолдау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан өзге, 2016 жылдың 3-4 қыркүйегінде Астана қаласындағы Қызылорда облысының күндері іс-шарасы аясында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы және индустриялық – инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылатын Қызылорда облысы өнімдерінің көрмесі өтті.

Көрменің басты мақсаты Сыр елінің тауарөндірушілерінің жетістігін көрсету, іскерлік қарым-қатынасты орнату болып табылады.

Көрмеге «Аралтұз» АҚ-ның тұз өнімдері, «РЗА» АҚ-ның сүт және шұжық өнімдері, «Абзал и К» ТС-нің күріш өнімдері, жеке кәсіпкер «Ермаханов С.» сүт өнімдері, «Сыр маржаны» ЖШС-нің күріш өнімдері, «Браунис Қазақстан» ЖШС-нің кондитерлік өнімдері, жеке кәсіпкер «Қалымбетованың» шұжық өнімдері, жеке кәсіпкер «Dalatex» шығарылатын ер кісілер көйлегі, сондай-ақ, «NP-Consulting» ЖШС-мен шығарылатын каскалар қойылды.

Сондай-ақ, 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы 1,8 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант қаражатын алып, өз кәсібін бастаған «МСК» жеке кәсіпкерімен тігілген аяқ киімдері ұсынылды.

Бұдан өзге, аймақта өндірілетін өнімдерге қолдау көрсету мақсатында «Саулет», «Small» сауда орталықтарының аумағында Арал және Шиелі аудандарының өнімдерін өткізуге арналған дүкендер ашылған.

Жанар – жағар май және сұйытылған мұнай газының бағалары

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» № 236 Бұйрығына сәйкес кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыс аумағында бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Сонымен бірге, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылға облысқа ҚР Энергетика министрлігінен ай сайынғы негізде бөлінетін мұнай өнімдерін тасымалдаушы 9 оператормен Келісім жасалды.

2016 жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында ҚР Энергетика министрлігінен облысқа жалпы көлемі 141 380 тонна мұнай өнімдері бөлінді, оның ішінде: АИ-92 маркалы бензині – 54 200 тонна, АИ-80 маркалы бензині – 28 380 тонна, дизель отыны58 800 тонна.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

2017 жылдың 18 қаңтарында жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

  • АИ-80 маркалы жанар-жағар май – 89 теңге;
  • АИ-92 маркалы жанар-жағар май – 135,3 теңге;
  • дизель отыны – 127,1 теңге;
  • сұйытылған мұнай газы – 54,3 теңге.

Қызылорда облысында туризмнің даму жағдайы туралы

АНЫҚТАМА

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында облысқа келген туристер саны 34 679 адамды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 17,7%-ға артық.

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны

85 бірлікті құрайды, оларда 966 бөлме, 1 718 төсек-орны бар. Орналастыру орындарымен34 679 адамға қызмет көрсетілген, мұның 32781-і резидент және 1898-і резидент емес тұлғалар. Қарастырылған кезеңде орындалған жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемi 549,6 млн. теңгені құрады.

2016 жылы туристік саланың дамуына облыстық бюджеттен 11,723 млн. тенге бөлінді.:

-«Туризм және саяхат 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу 894 944 теңге ( қаражат игерілді);

-«Қызылорда - Байқоңыр – Қызылорда» маршруты ақпараттық турын ұйымдастыру 1 905 500 теңге (қаражат игерілді);

-«Саркылмас саяхат» көрмесіне қатысу – 333 412 теңге;

-«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедияция ұйымдастыру 988 500 теңге(қаражат игерілді);

-«Еріктілерге арналған семинар ұйымдастыру» (ЭКСПО-2017) -

836 200 теңге(қаражат игерілді);

-«Астана демалыс - 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу 956 144 теңге(қаражат игерілді);

-«Байқоңыр Трэвэл» туристік ақпараттық орталығын ұйымдастыру - 5 000 000 теңге.

 

Қазақстандық туристік ассоциациясы

 

Осы жылдың басында Қазақстан туристік ассоцияциясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыттар бекітілді. Бұл ең алдымен Арал ауданының мүмкіндіктері (Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Арал теңізі, Көкарал су тоспасы), Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруды тамашалау, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи және зиярат ету туризм түрлері.

Қазақстандық туристік операторлар арасында осы бағыттар бойынша толық ақпаратты тарату үшін аталған туристік бағыттар туралы мағлұматтар Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ басақарма сайтында жаңадан «Туризм» бөлімі қосылды.

Қызылорда облысына туристік сапармен келуге ниет білдірген азаматтардың теміржол/әуе көлігі және автобустардың жүру кестесін, туристік маршруттар тізімін, сондай-ақ туристік бағыттарға сапар шегуге қолайлы уақыт туралы ақпаратты көруге мүмкіндігі бар.

Ағымдағы жылдың 22-23 маусымында ішкі туризм мен сыртқы  туризмді дамыту аясында «ЖҒИОҚО»-мен бірлесіп, Өзбекстан, Қазақстан мен Ресей туристік компаниялары қатысуымен «Қызылорда - Байқоңыр - Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур өткізілді.

Ақпараттық турға Ресей, Өзбекстанмен Қазақстан Республикасы туризм индустриясының, Қазақстан туристік қауымдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдері қатысты.

 

«Байконур» кешенінде туризмді дамыту

 

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанның туризм тарихында алғаш рет 7 отандықтуроператор «Байқоңыр» кешені бойынша турлар ұйымдастыру және оларды сату құқығына ие болды.

«ЦЭНКИ» іріктеген қазақстандық туроператорлар «Байқоңыр» кешеніне шетелдік және отандық туристер үшін қолайлы тур пакеттерін жобаланған, және ғарыш айлағының объектілері, жүк және ұшқыш басқаратын зымыран ұшу кестесіне дейін өз ресми сайттарында ақпарат жариялаған.

2016 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен «Байқоңыр» кешенінде туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша Бірлескен бағдарлама бекітілді. Бағдарламаны іске асыру мерзімі 2016-2018 жылдарға есептелген.

Бірлескен бағдарлама «Байқоңыр» кешенінде серіктестікті іске қосу мақсатында 2014-2016 жылдар аралығында «Байқоңыр» кешенін бірлесе пайдалану Жол картасына сәйкес  әзірленген.

 

Қорқыт Ата мемориалдық кешені

 

Үстіміздегі жылдың мамырдың айында Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан Этноауыл ұйымдастыру жобасы іске асырылды.

Этноауыл ұйымдастыру жобасы бұл біздің мәдениетімізді таныстыра отырып, туристерге қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін түсінуге көмектеседі, халқымыздың тарихына жақындай түсуге мүмкіндік береді. Этноауыл маусымдық қонақтар мен келушілерге қызмет ететін бірнеше киіз үйден тұрады.

 

Қамыстыбас көлінің жағалауында туризмді дамыту

«Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан 12 тұрғын үй құрылысы аяқталуда

Мәдени экологиялық туризмді қалыптастыру нәтижесінде туристік ағынның көбеюі күтілуде.

2015 жылы Қамбаш демалыс аймағында шамамен

70 мың демалушы демалған.

 

Мемлекеттік қолдау

Туризмді дамыту мақсатында «БЖК 2020» бағдарлама аясында шағын бизнестің 4 субъектісі жалпы соммасы 14 млн. теңгені құрайтын қайтарымсыз гранттар алды.

«БЖК-2020» бағдарламасының несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау компоненті бойынша қонақ үй кешенін ашу үшін

372 млн. теңгені құрайтын 7 жобамемлекеттік қолдау алды (үстіміздегі жылда 87 млн. теңгені құрайтын 1 жоба).

ӨИО (РИЦ) арқылы 2 кәсіпкер 20 млн. теңгеге аудан орталықтарында шағын қонақ үй ашу үшін несие алды (үстіміздегі жылы 10 млн. теңгені құрайтын 1 кәсіпкер).

Жаңақорған ауданында Қызылорда туристік ассоцациясының жол бойы сервисінде сауықтыру қызметтерін көрсететін жоба іске асырылуда (балшықпен емдеу, инемен емдеу, массаж, шөптік «сақ» банясы). Бірліктегі Қаратау маңында экотуризм белсенді түрде дамып жатыр.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойы мен Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін 36 нүкте анықталды.

Бүгінгі күнгі жағдайы бойынша инвестицияның жалпы сомасы

3 млрд. 982 млн. теңгеқұрайтын16 нысан эксплуатациялауға енгізілді.

169 тұрақты жұмыс орны құрылды:

Жол бойындағы сервис обьектілер қызметін реттейтін облыстық жұмыс тобы құрылды.

 

         Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу

 

«Қазақстанның өңірлік дамуы» Еуропалық Одақ бағдарламасы аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Қызылорда облысының аумағында туризм индустриясының әлеуетін дамыту болып табылады.          Еуроодақпен бірлесе отырып, облыста туризмді дамыту бірлескен жоспары әзірленді.

Туристік сала қызметкерлері үшін әдістемелік көмек көрсету жүзеге асырылуда. Еуропалық Одақ сарапшылары тарапынан қызметкерлердің әлеуетін арттыру үшін бірқатар модульдік оқыту жүйесі әзірленді.

Сарапшылардың әдістемелік оқыту жүйесі екі құрылымға бағытталған: Қызылорда облысында туризм саласын дамыту және туризм саласын дамыту үшін стратегиялық жобаларды әзірлеу.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында жоба шеңберінде шетелдік сарапшы Сони Энилова мен Филипп Джонсонның қатысуымен 3 семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтерге туризм индустриясының өкілдері, туризм сарапшылары, туристік агенттіктер мен туризм индустриясының қызығушылық білдіруші  басқа институттардың өкілдер, қалалық және аудандық туризм саласында жұмыс істейтін әкімдіктердің, білім беру мекемелері, оқытушылары мен басқа мекеме қызметкерлері қатысты.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегінде жоба эксперттері Соня Энилова мен Қалдыгүл Қанапина Басқармамен бірлесіп туризмді дамыту стратегиясының мәселелері және Қызылорда облысында фасилитаторларды дайындау бойынша семинар-тренинг өткізді.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Қызылорда облысында туризм саласын дамыту бойынша тұрақты жұмыс тобы құрылып, құрамына мемлекеттік және жеке сектор өкілдері кірді. А.ж.  23 қарашасында жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізіліп, 2017 жылға іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ағымдағы жылдың 29 құркүйегі мен 1 қазаны аралығында Астана қаласында «Astana Leisure-2016» 13-шіХалықаралық туристік көрмесі өткізілді.

Көрмеде облысымыздың туристік мүмкіндіктері көрсетіліп, басқа өңірлермен және еліміздің туроператорларымен іскерлік байланыстар орнатылды.

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік Фестивальөткізілді.

Туристік фестиваль облысымыздың жастары мен жасөсіпірімдері арасында туристік жұмыстарды іске қосу мақсатында өткізіліп, оның ішінде өскелең ұрпаққа патриоттық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын туристік әдістеменің негізінде қалыптастыру, сонымен қатар, облысымыздың мықты топтарын анықтау мен тәжірибе алмасу.

Ағымдағы жылдың қазан айында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік эскпедициясы өткізілді.

Эскпедиция  балалар мен жасөсіпрімдер арасында спорттық туризмді дамыту, патриоттық сезімді тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Қазақстанның барлық туристік саласын таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 14 қазанында Мәскеу қаласында ҚР-сының РФ-сындағы елшілігі және РФ-сының мәдениет Министрлігінің туризм бойынша федералдық агенттігінің (Ростуризм) қолдауымен Қазақстан Республикасының Сауда саласының өкілдері Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті» тақырыбында халықаралық тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конфренцияның жұмысы барысында ресейлік туроператорларға Қызылорда облысының барлық туристік мүмкіндіктері таныстырылды.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2017 жылға арналған міндеттері:

 

Туризмді дамыту бойынша:

  • «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициясын өткізу;
  • «Астана Демалыс – 2017» көрмесіне қатысу;
  •  «Туризм және саяхат – 2017» көрмесіне қатысу
  • Әлемдік туризм күніне арналған облыстық туристік фестивальді өткізу;
  • ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау;
  • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі жолбойы нысандарын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.
  • Өңірімзде туристік саласын дамыту және ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындыж жұмыстарын жүргізу бойынша ресурстық орталық ұйымдастыру;
  • ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу;

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

2017 жылғы 1 қаңтарына

 

2016 жылы жеке кәсіпкерлікті Бірыңғай бағдарлама шеңберінде қодауға жалпы 1 675 668 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 100 % игерілді.

 Компонеттер бойынша атап өтетін болсақ:

  1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 286 668 мың теңге бөлініп, қаражаттар толығымен игерілді.

Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны

5,8 млрд. теңгені құрайтын 82 жоба мақұлданды.

  1. ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 170,0 млн теңге бөлінді

Ағымдағы жылы кепілдік 48 жоба бойынша ұсынылды.

  1. гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, қаражаттар толығымен игерілген.

Жалпы 2016 жылы инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды. Атап айтсақ:

- Арал ауданы бойынша 2 млн. теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша 5,8 млн. теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданы бойынша 2,5 млн. теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша 1,6 млн. теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданы бойынша 3,5 млн. теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтері бойынша 2,9 млн. теңгеге 2 жоба.

Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Аталған  қаражаттар Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға (555,463 млн. теңге) және АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына (1 534,968 млн. теңге) бағытталды.

Барлық жұмыстар аяқталып, екі нысан пайдалануға берілді.

 

20.01.2017 жыл


Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және туризм саласының дамуы туралы анықтама

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 1 қыркүйегіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  47 475 бірлікті құрайды, оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 39 866 бірлікті құрайды. Жалпы ШОБ тіркелген субъектілер ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 84,2% құрайды.

2016 жылдың 1 сәуіріне ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 81 432 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға артып отыр.

Ал ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 38 710 млн. теңгені құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 13,5%-ды құрады (2014 жылы - 12%).

 

Сауда

 

2016 жылдың 1 қыркүйегіне жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі 141,8 млрд. теңгені құрады.

Көтерме сауда көлемі 2016 жылдың 1 қыркүйегіне 86,1 млрд. теңгені құрады.

2015 жылы электронды бөлшек сауда көлемі 7 003 мың теңгені құрады.

2016 жылдың басында облыста 7 648 сауда орны бар 38 базар тіркелген.

Базарлар бөлінісі төмендегіше:

базарлардың түрлері бойынша жабық базарлар – 17 бірлік, шағын базарлар – 3 бірлік, құрамдастырылған базарлар – 18 бірлік;

тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап базарлар – 21 бірлік, мамандандырылған базарлар – 9 бірлік, азық-түлік емес базарлар – 8 бірлік.

 

Жанар – жағар май және сұйытылған мұнай газының бағалары

 

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» № 236 Бұйрығына сәйкес кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыс аумағында бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында

2016 жылға облысқа ҚР Энергетика министрлігінен ай сайын негізде бөлінетін мұнай өнімдерін тасымалдаушы 15 оператормен Келісім жасалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек аралығында ҚР Энергетика министрлігінен облысқа жалпы көлемі 103 115 тонна мұнай өнімдері бөлінді, оның ішінде: АИ-92 маркалы бензині – 46 615 тонна, АИ-80 маркалы бензині – 23 120 тонна, дизель отыны33 380 тонна.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

2016 жылдың 3 қазанына жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

  • АИ-80 маркалы жанар-жағар май – 89 теңге;
  • АИ-92 маркалы жанар-жағар май – 125,7 теңге;
  • дизель отыны – 123 теңге.

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

 

2016 жылы Бірыңғай бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1 675 668,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 96,3 % игерілді.

Оның ішінде компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға

1 286 668,0 мың теңге бөлініп, қаражаттар толығымен игерілді.

Бүгінгі күні өңірлік үйлестіру кеңесімен 2 759,8 млн. теңгеге

45 жоба
мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге

170 млн. теңге бөлініп, оның бүгінгі күні 107,5 млн. теңгесі немесе 63,23% игерілді.

Ағымдағы жылы кепілдік жалпы 19 жоба бойынша ұсынылды.

  1. Гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, қаражат толығымен игерілді. 1Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды.

Атап айтсақ:

-  Арал ауданында 2 000,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданында 5 800,0 мың теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданында 2 595,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданында 1 662,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданында 3 500,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданында 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтерінде 2 900,0 мың теңгеге

2 жоба.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруге 200,0 млн. теңге қаралды. Бөлінген қаражат ағымдағы жылдың ақпан айында республикалық бюджеттің нақтылануы кезінде Қызылорда облысына Оңтүстік Қазақстан облысынан қайта бөлінді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру үшін қаралған қаражат микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның шотына аударылды («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы).

Бүгінгі күні, Бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалымен кәсіпкерлердің өтініштері қаралуда.

Бірыңғай бағарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 1 411,355 млн. теңгесі немесе 67,5%:

1) Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға – 555,463 млн. теңге. Бүгінгі күні, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы мен мердігер арасында қосымша келсім жасалды.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес қазан-желтоқсан айларына қаралған.

2) АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына – 1 534,968 млн. теңге.

Бұл ретте, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен конкурстық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында көзделген рәсімді есепке алғанда оны бекіту ағымдағы жылдың маусым айында күтілуде.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айларына қаралған.

 

Туризм

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында облысқа келген туристер саны 22 495 адамды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 13,9%-ға артық.

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны

82 бірлікті құрайды, оларда 919 бөлме, 1670 төсек-орны бар. Орналастыру орындарымен22 495 адамға қызмет көрсетілген, мұның 21 088 резидент және 1407 резидент емес тұлғалар. Қарастырылған кезеңде орындалған жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемi 347,3 млн. теңге құрады.

2016 жылы туристік саланың дамуына облыстық бюджеттен 11,723 млн. тенге бөлінді:

-«Туризм және саяхат 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу - 894 944 теңге ( қаражат игерілді);

-«Қызылорда – Байқоңыр – Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур ұйымдастыру - 1 905 500 теңге (қаражат игерілді);

-«Саркылмас саяхат» көрмесіне қатысу – 333 412 теңге;

-«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициясын ұйымдастыру -988 500 теңге;

-«Еріктілерге арналған семинар ұйымдастыру» (ЭКСПО-2017) -

836 200 теңге;

-«Астана демалыс - 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу -956 144 теңге;(қаражат игерілді)

-«Байқоңыр Трэвэл» туристік ақпараттық орталығын ұйымдастыру - 5 000 000 теңге.

 

Қазақстандық туристік ассоциациясы

 

Қазақстан туристік ассоцияциясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыт бекітілді. Бұл, ең алдымен, Арал ауданының туристік әлеуеті (Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Арал теңізі, Көкарал су тоспасы), Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруды тамашалау, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи және зиярат ету секілді туризм түрлерін қамтиды.

Қазақстандық туристік операторлар арасында осы бағыттар бойынша толық ақпаратты тарату үшін аталған туристік бағыттар туралы мағлұматтар Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ, басқарманың сайтында жаңадан «Туризм» бөлімі енгізілді.

Қызылорда облысына туристік сапармен келуге ниет білдірген азаматтардың теміржол/әуе көлігі және автобустардың жүру кестесін, туристік бағыттар тізімін, сондай-ақ туристік бағыттарға сапар шегуге қолайлы уақыт туралы ақпаратты көруге мүмкіндігі бар.

Туристік индустрия саласында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал жасау мақсатында Қызылорда қаласында Қызылорда туристік ассоциациясы құрылды. Ассоциация құрамына жергілікті туристік фирмалар кірді.

Ағымдағы жылдың 22-23 маусымында ішкі туризм мен сыртқы  туризмді дамыту аясында ФГУП «ЦЭНКИ»бірлесіп, Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің туристік компанияларының қатысуымен «Қызылорда - Байқоңыр - Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур өткізілді.

Ақпараттық турға Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және Қазақстан Республикасының туроператорлары, ФГУП «ЦЭНКИ» қызметкерлері, Қазақстандық туристік ассоциацияның қызметкерлері, сондай-ақ, туристік индустрияның және бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдері қатысты.

 

«Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту

 

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанның туризм тарихында алғаш рет 7 отандықтуроператор «Байқоңыр» кешені бойынша турлар ұйымдастыру және оларды сату құқығына ие болды.

ФГУП «ЦЭНКИ» іріктеген қазақстандық туроператорлар шетелдік және отандық туристер үшін «Байқоңыр» кешенін қолайлы тарифпен аралауға бағытталған турпакеттер әзірледі және нысандар туралы ақпаратты, сондай-ақ, зымыран ұшу кестесіне дейін өздерінің ресим сайттарына орналастырды.

Турпакет зымыранның ұшу сәтін тамашалаумен бірге, Қорқыт ата мемориалдық кешеніне сапарды да қамтиды.

Байқоңыр кешенініңқонақтары үшінкешенді сервистік қызметті ұйымдастыру мақсатында Төретам кентіндегі Елшібай станциясында (Байқоңырдан 15 км.) 5 га аумақты қамтитын туристік аймақ құру жоспарлануда.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласына келген туристердің жалпы саны 1,5 мың адамды(90% шетел азаматтары)құрады, биыл бұл көрсеткішті екі есеге арттыру жоспарланып отыр.

 

Қорқыт ата мемориалдық кешені

 

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Қорқыт ата мемориалдық кешенінің жанынан Этноауыл ұйымдастыру жобасы іске асырылды.

Этноауыл ұйымдастыру жобасы туристерге біздің мәдениетімізді таныстыра отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін түсінуге көмектеседі, сондай-ақ, халқымыздың тарихына жақындай түсуге мүмкіндік береді. Этноауыл қонақтар мен келушілерге маусымдық қызмет ететін бірнеше киіз үйден тұрады.

 

Қамыстыбас көлінің жағалауында туризмді дамыту

 

«Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан салынатын10 тұрғын үй құрылысы аяқталды.

Мәдени экологиялық туризмді қалыптастыру нәтижесінде туристік ағынның көбеюі күтілуде.

2015 жылы Қамбаш демалыс аймағында шамамен

70 мың демалушы адам келген болса, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 20%-ға артып отыр.

 

Мемлекеттік қолдау

 

Туризмді дамыту мақсатында «БЖК – 2020» бағдарламасы аясында микробизнестің 4 субъектісі жалпы құны14 млн. теңгені құрайтын қайтарымсыз негізде гранттар алды.

«БЖК-2020» бағдарламасының несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау компоненті бойынша қонақ үй кешенін ашу үшін

372 млн. теңгені құрайтын 7 жобамемлекеттік қолдау алды (үстіміздегі жылы 87 млн. теңгені құрайтын 1 жоба).

ӨИО (РИЦ) арқылы аудан орталықтарында шағын қонақ үй ашу үшін

2 кәсіпкер 20 млн. теңгеге несие алды (үстіміздегі жылы 10 млн. теңгені құрайтын 1 кәсіпкер).

Қызылорда туристік ассоцациясыменЖаңақорған ауданының жол бойы сервистік нысандарында сауықтыру қызметтерін көрсету (балшықпен емдеу, инемен емдеу, массаж, шөптік «сақ» банясы)жобасыәзірленуде. Сонымен бірге, Бірліктегі Қаратау маңында экотуризм белсенді түрде дамып жатыр.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай»автокөлік дәлізінің Қызылорда облысы бөлігінде жол бойы сервисінің құрылысы үшін 33 нүкте анықталды.

2016 жылдың 1қыркүйегіндегі жағдай бойынша инвестицияның жалпы сомасы 3 млрд. 607 млн. теңгеқұрайтын13 нысанпайдалануға берілді.

Нәтижесінде 129 тұрақты жұмыс орны құрылды.

1) Арал ауданы – 2нысан;

2) Қармақшы ауданы – 2 нысан;

3) Сырдария ауданы – 2 нысан;

4) Шиелі ауданы – 1нысан;

5) Қызылорда қаласы – 2 нысан;

6) Жаңақорған ауданы – 4 нысан.

2016 жылы жалпы құны 1 млрд. 322 млн. теңгеқұрайтын4 нысаніске қосылатын болады. Оның ішінде:          

1) Қазалы ауданы– құны 498 млн. теңгеқұрайтын1 жоба;

3) Қармақшы ауданы – құны 424 млн. теңгеқұрайтын2 жоба;

4) Шиелі ауданы – құны 400,0 млн. теңге құрайтын 1 жоба.

Жол бойындағы сервистікнысандардың қызметін реттейтін облыстық жұмыс тобы құрылды.

 

ЭКСПО-2017

 

         «ЭКСПО - 2017» көрмесін ілгерілету және насихаттау мақсатында облыстық деңгейде 73 сюжет көрсетіліп, 85 мақала жарық көрді.

         Облыс көлемінде ЭКСПО – 2017 көрмесі бойынша 53 билборд,

4 лайтбокс
орналастырылды.

         Көрменің ресми логотипі Қызылорда қаласындағы 70 қоғамдық көліктергеорналастырылды,  сонымен бірге, а.ж. қыркүйек айына дейін тағы 92 қоғамдық көліктерге орналастырылатын болады. Сондай-ақ,

ЭКСПО – 2017 логотипі «Қайсар» және «Байқоңыр» футбол клубтарының формаларына орналастырылды.

         «ЭКСПО-2017» көрмесі және оның мүмкіндіктері туралы видеороликтер «Казақстан-Қызылорда» жергілікті телеарнасы арқылытұрақты күніне 3-4 рет көрсетілуде.

         Жергілікті радио толқындарында ЭКСПО-2017 Көрмесіне қатысу бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде аудиороликтер жаңғыртылуда.

         А.ж. ақпан айында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан» Ұлттық павильонын толықтыруды қамтамасыз ету бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында «жасыл экономика» бағыты бойынша облысымызға инновациялық жобаларды тартудың маңыздылығын анықтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

         Облыстың инновациялық жобалар тізімі ҚР Энергетика министрлігіне ұсынылды.

         А.ж. мамыр айында облыс әкімдігінің қолдауымен және «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қатысуымен көрменің негізгі мақсаттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ, ЭКСПО – 2017 қатысушылары және ресми қолдаушыларына қойылатын талаптармен таныстыру мақсатында облыс әкімдігі ғимаратында «Роуд-шоу» жиналысы өтті.

         Нәтижесінде, «Астана ЭКСПО– 2017» ұлттық компаниясы» АҚ мен жергілікті туркомпаниялар арасында өңірдің тұрғындары үшін көрме билеттерін сату жөніндегі бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

         Сондай-ақ, жергілікті туркомпаниялар мен қонақ үй бизнесінің басшылары арасында облысқа келген көрме қонақтарына жеңілдіктер ұсыну туралы меморандумға қол қойылды.

          «Байқоңыр Инвест» VII инвестициялық форум аясында қала ішінде көрмені насихаттау және кеңінен таныстыру мақсатында ЭКСПО-2017 логотипі ілінген «Ван Холл» жолаушылар автобусы жүргізілді.

         Сонымен бірге, облыстың ресми сайтында көрме логотипі орналастырылды, және де бұл логотип сол мезетте сайттан Көрме туралы ақпаратты алу сілтемесі болып табылады.

         Сондай-ақ, облыстың веб сайтында Көрменің басталуына кері санақ күні орналастырылды.

         Бүгінгі күні облыстағы орналастыру орындарының сапасын, сондай-ақ,  төсек-орын санын анықтау мақсатында басқармамен мониторинг жүргізілді. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде облыстағы орналастыру орындарының базасы қалыптасып, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсында орналастырылды.

         Сонымен бірге, Көрме қонақтары мен қатысушыларының Қызылорда облысына келуі жөніндегі желілік  кестесі бекітілді.        Желілік  кестеде туристік бағыттар мен логистика түрлерін көрсете отырып, облыстың тартымды туристік нысандары анықталған.

         Ағымдағы жылдың мамыр айында 20 нөмірлі «Рема» қонақ үйініңсалтанатты ашылу рәсімі өтті. Қонақ үйдің 5 нөмірі «VIP» қонақтарға арналған. Аталған қонақ үй «Байқоңыр Инвест»VII Инвестициялық форумының қонақтарын қабылдады.

         Бұдан өзге, ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы 3 қонақ үйдің ашылуы жоспарлануда.

         Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген Қызылорда қаласының жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері арасынан іріктелген

150 еріктілер тізіміқалыптастырылды. Бүгінгі күні Көрме қонақтарын қарсы алу және қызмет көрсету үшінеріктілерді оқыту және қайта даярлаумен айналысатын тренерлерді анықтау мақсатында оқытушылар арасында іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Астана қаласында көрмені өткізу кезенде облыс тұрғындарына баруға арналған квотасы – 75 000 адам. Жоспарға сәйкес 10 маусым - 9 шілде аралығында – 25 000 адам, 10 шілде - 9 тамыз аралығында – 25 000 адам,

10 тамыз - 9 қыркүйек аралығында –25 000 адам жеткізу жоспарланып отыр.

ЭКСПО-2017 көрмесіқонақтары мен қатысушыларының Қызылорда облысына келуі жөніндегі желілік  кестесі әзірленді, желілік кесте 92 күнге бөлінген және келу тәсілдері көрсетілген. 49 500 адамды теміржол көлігімен, 15 000 адамды автобуспен, 500 адамды жеке автокөлікпен, 10 000 адамды әуе көлігімен тасымалдау жоспарлануда.

Көрмеге қатысушылар арасынан сапалы құрамды анықтау мақсатында облыс тұрғындары мақсаттық топтарға бөлінді:

- еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер – 100;

- мүгедектер – 100;

- аз қамтылған – 500;

- мемлекеттік қызметкерлер және мемлекеттік орган қызметкерлері –

2 000;

- мектеп оқушылары және колледж оқушылары – 10 000;

- жергілікті кәсіпкерлер – 20 000  ;

- кәсіподақ арқылы – 500;

- студенттер – 1 000 ;

- әлеуметтік сала қызметкерлері: білім, денсаулық, мәдениет және спорт – 25 000 ;

- Кызылорда облысының тұрғындары – 15 800; 

Қазіргі таңда облыс тұрғындарының (оқушылар, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер және аз қамтылған отбасылар ) Астана қаласындағы Көрмеге қатысуын облыстық бюджет көзінен қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. 

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Астана қаласындағы көрмені тамашалау үшін онлайн билеттер сатылымы басталды. Облыс тұрғындарына онлайн билеттер мен жеңілдіктер жөніндегі барлық қажетті ақпараттар тұрақты негізде «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» облыстық газеттерінде жариялануда.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда қаласының  арнайы орындары мен кассаларынан билеттісатып алуға болады (оффлайн сауда).

Қазіргі таңда, Басқарма Көрме билеттерін сатуды жүзеге асыру үшін халық көп шоғырланатын орындарға (ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері және т.б.) мониторинг жұмыстары жүргізуде.

ЭКСПО-2017 билеттерін сатып алу шарттарын түсіндіру мақсатында облыстық блогерлермен кездесулер өткізілді, сондай-ақ барлық ақпарат «Фейсбук», «Инстаграмм» және «Вконтакте» секілді танымал әлеуметтік желілерде жарияланды.

Жергілікті радио толқындарында «ЭКСПО-2017» Көрмесіне қатысу бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде аудиороликтер жаңғыртылуда.

Қазіргі таңда «Астана ЭКСПО-2017» сайтында Көрме билеттері онлай-режимінде облыс тұрғындарымен сатып алынуда.

 

         Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу

 

Еуропалық Одақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» бағдарламасы аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Қызылорда облысының аумағында туризм индустриясының әлеуетін дамыту болып табылады.          Еуроодақпен бірлесе отырып, облыста туризмді дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді.

Туристік сала қызметкерлері үшін әдістемелік көмек көрсету жүзеге асырылуда. Еуроодақ сарапшыларымен қызметкерлердің әлеуетін арттыруға арналған бірқатар модульдік оқыту жүйесі әзірленді.

Сарапшылардың әдістемелік оқыту жүйесі екі құрылымға бағытталған: Қызылорда облысында туризм саласын дамыту және туризм саласын дамыту үшін стратегия әзірлеу.

Жоба шеңберінде шетелдік сарапшы Сони Энилова мен Филипп Джонсонның қатысуымен 3 семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтерге туризм индустриясының өкілдері, атап айтсақ, қала және аудан әкімдіктерінің туризм саласында жұмыс жасайтын қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, гид – экскурсоводтар, туристік фирмалар мен туристік салаға қызығушылық танытқан өзге де мекемелердің өкілдері қатысты.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегінде жоба сарапшылары Соня Энилова мен Қалдыгүл Қанапина Басқармамен бірлесе отырып, Қызылорда облысында туризмді дамыту стратегиясы және фасилитаторларды дайындау мәселелері бойынша семинар-тренингін өткізді.

Қазіргі таңда аймақта туризмді дамыту стратегиясы бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, жақын арада облыстың туристік саласын дамыту жөнінде тұрақты жұмыс тобы құрылу жоспарланып отыр, оның құрамында мемлекетті және жеке сектор өкілдері болады.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында Астана қаласында «Астана Leisure-2016» 13-і Халықаралық туристік көрмесі өткізілді.

Көрмеде облыстың туристік әлеуеті көрсетіліп, басқа өңірлер және туроператорлармен іскерлік қатынастар орнатылды.

7.10.2016ж.


Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және туризм саласының дамуы туралы анықтама

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 1 маусымына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  47 175 бірлікті құрайды, оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 41 192 бірлікті құрайды. Жалпы ШОБ тіркелген субъектілер ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 87,3% құрайды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға артты.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 86 300 адамды құрады.

Экономикалық белсенді халықтың (325 207 адам) ішінде ШОБ жұмыспен қамтылғандар үлесі 26,5% құрайды.

2016 жылдың 1 қаңтарына ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың талдамалық кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға артты.

2015 жылы ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі

249 млрд. теңгені құрады. Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы санындағы үлесі 11%-ды құрағанымен, олардың өнім өндірісіндегі үлесі 65% астамын құрайды.

Өндірілген өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға артты.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 13,8%-ды құрады (2014 жылы - 12%).

Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қызылорда облысы әкімінің жанынан құрылған Кәсіпкерлер кеңесі жұмыс жасайды.

Аталған Кеңестің мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлікте кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту және өңірімізде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қолдау көрсету болып табылады.

Жыл басынан бері Кәсіпкерлер кеңесінің 2 отырысы өткізіліп, отырыста 2015 жылы өткен кеңес отырысында облыс әкімінің берген тапсырмаларының орындалуы, бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту мәселері,  облыс кәсіпорындарын 100 ұлт чемпиондары қатарына қосу шаралары және облыста инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру мәселері қаралды.

Жалпы 2016 жылы кәсіпкерлер кеңесінің 5 отырысын өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын заңнамалық құқықтық актілеріне өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытынды беріледі. 2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жергілікті атқарушы органдардан түскен 42 жобаға сараптамалық қорытынды берілді.

Оның ішінде 8 жобаға жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын, сонымен қатар, рұқсатнама (тәртіптерінің) құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру мәселелерімен бірге әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша ескертпелер мен ұсыныстар беріліп, осы кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

Сауда

 

2016 жылдың қаңтар-маусымына жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі  102 640,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

кәсіпорындардың саудасы  25 529,4 млн. теңге

жеке  кәсіпкерлер соның ішінде базарлардағы сатушылардың бөлшек  саудасы 77 111,3  млн.теңге

Бөлшек сауда көлемі 2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 4,1%-ға жоғары.

Көтерме сауда көлемі 2016 жылдың қаңтар-маусымына 

59 754,4 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  0,9%-ға артты.

2015 жылы Интернет арқылы бөлшек сауда азық-түлік емес тауарларының саудасына тиесілі және 7 003 мың теңгені құрады.

2016 жылдың басында облыста 7648 сауда орны бар 38 базар тіркелген.

Базарлар бөлінісі төмендегіше:

базарлардың түрлері бойынша жабық базарлар – 17 бірлік, шағын базарлар – 3 бірлік, құрамдастырылған базарлар – 18 бірлік;

тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап базарлар – 21 бірлік, мамандандырылған базарлар – 9, азық-түлік емес базарлар – 8 бірлік.

Ағымдағы жылы «Қазақстанда жасалған» акциясын (бұдан әрі - акция) қолдау және әрі қарай жалғастыру мақсатында сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандарында арнайы отандық өнімдерден жасақталған сауда қатарларын белгілеп, «Қазақстанда жасалған» арнайы логотипін пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде, Арал ауданының 3 сауда үйінде және 1 коммуналдық базарында, Жаңақорған ауданының 5 сауда үйінде, Жалағаш ауданының  10 сауда үйінде, Қазалы ауданының 13 сауда үйінде, Шиелі ауданының  11 сауда үйінде, Сырдарья ауданының 13 сауда үйінде Қазақстанда жасалған тауарлары бар секцияларына арнайы логотиптері ілінді.

Сондай-ақ, аудан орталықтарында орналасқан LED теледидары арқылы арнайы бейне роликтер көрсетіліп, сауда орындарында тұтынушыларға отандық өнімдерді қолдау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» № 236 Бұйрығына сәйкес кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыс аумағында бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында

2016 жылға облысқа ҚР Энергетика министрлігінен ай сайын негізде бөлінетін мұнай өнімдерін тасымалдаушы 14 оператормен Келісім жасалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар мен маусым айларына ҚР Энергетика министрлігінен облысқа жалпы көлемі 83 280 тонна мұнай өнімдері бөлінсе, оның ішінде: АИ-92 маркалы бензині – 32 960 тонна, АИ-80 маркалы бензині – 15 020 тонна және дизель отынынан – 35 300 тонна бөлінген. Осыған орай, бөлінген мұнай өнімдеріне толығымен қамтылып, облыста мұнай өнімдерінің тапшылық жағдайлары орын алған жоқ.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

14 шілдеде жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

АИ-80 маркалы жанар-жағар май – 89 теңге;

АИ-92 маркалы жанар-жағар май – 124 теңге;

АИ-95 маркалы жанар-жағар май – 138 теңге;

АИ-96 маркалы жанар-жағар май – 139 теңге;

Дизель отыны – 98 теңге;

Сұйытылған мұнай газы – 42 теңге.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

2016 жылы Бірыңғай бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1 675 668,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 77,07 % игерілді.

Компоненттер бойынша атап айтсақ:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға

1 286 668,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 1 043 126 мың теңгесі немесе 81,1 % игерілді. Қалған қаражаттар қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айына қаралған.

Бүгінгі күні өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы сомасы 1 921,2 млн. теңге болатын 32 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге170,0 млн теңге бөлініп, оның ішінде 33,5 млн. теңге немесе 19,7 % (жылдық сомадан) игерілді. Қалған қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың шілде және қыркүйек айларында қаралған.

Ағымдағы жылы кепілдік жалпы құны 236,9 млн. теңгеге

16 жоба
бойынша ұсынылды.

  1. Гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, оның ішінде 17,8 млн. теңгесі немесе 93,6 % игерілді.

Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды.

Атап айтсақ:

-  Арал ауданында 2 000,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданында 5 800,0 мың теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданында 2 595,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданында 1 662,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданында 3 500,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданында 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтерінде 2 900,0 мың теңгеге

2 жоба.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруге 200,0 млн. теңге қаралды.

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу бойынша облыс әкімдігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және қаржы министрліктері арасында үш жақты кредит шарты жасалды.

Жасалған кредит шартының негізінде ағымдағы жылдың 29 сәуірінде өңірлік үйлестіру кеңесімен микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым анықталды («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы).

Осыған байланысты, облыстық қаржы, кәсіпкерлік және туризм басқармалары және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Қызылорда филиалы арасында кредит беру туралы үш жақты келісім жасалып, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның шотына аударылды.

Бүгінгі күні Бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттер беру үшін кәсіпкерлердің өтініштері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Қызылорда филиалымен қарастырлуда.

Бірыңғай бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 60 млн. теңгесі немесе 2,8 %:

1) Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға – 555,463 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы мен мердігер арасында қосымша келсім жасалып, индустриялық аймақта құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.

2) АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына – 1 534,968 млн. теңге.

Бұл ретте, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен конкурстық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында көзделген рәсімге сәйкес конкурс ұйымдастырылды. Бүгінгі күні жарияланған конкурс нәтижесі бойынша камералдық бақылау жүргізілуде.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың шілде-желтоқсан айларына қаралған.

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылдың қаңтар-наурыз аралығында облысқа келген туристер саны 9495 адамды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 7,3% -ға артық.

Келушілердің орналастырмен айналысатын нысандарының саны 79 бірлікті құрайды, оларда 895 бөлме, 1594 төсек-орны бар. Олар 9495 адамға қызмет көрсеткен, мұның 8935-і резидент және 560-і резидент емес тұлғалар. Қарастырылған кезеңде орындалған жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемi 141,5 млн. теңгені құрады.

2016 жылы туристік саланың дамуына облыстық бюджеттен 11,723 млн тенге бөлінді:

«Туризм және саяхат 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу 894 944 теңге ( қаражат игерілді);

«Қызылорда - Байқоңыр – Қызылорда» маршруты ақпараттық турын ұйымдастыру 1 905 500 теңге ( қаражат игерілді);

«Сарқылмас саяхат» көрмесіне қатысу – 333 412 теңге;

«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедияция ұйымдастыру 988 500 теңге;

Еріктілерге арналған семинар ұйымдастыру (ЭКСПО-2017) - 836 200 теңге;

«Астана демалыс - 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу 956 144 теңге;

«Байқоңыр Трэвэл» туристік ақпараттық орталығын ортағын ұйымдастыру - 5 000 000 теңге.

 

Қазақстандық туристік ассоциациясы

Осы жылдың басында, Қазақстан туристік ассоцияциясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыттар бекітілді. Бұл ең алдымен Арал ауданының мүмкіндіктері (Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Арал теңізі, Көкарал су тоспасы), Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруды тамашалау, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи және зиярат ету туризм түрлері.

Қазақстандық туристік операторлар арасында осы бағыттар бойынша толық ақпаратты тарату үшін аталған туристік бағыттар туралы мағлұматтар Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ басақарма сайтында жаңадан «Туризм» бөлімі қосылды.

Қызылорда облысына туристік сапармен келуге ниет білдірген азаматтардың теміржол әуе көлігі және автобустардың жүру кестесін, туристік маршруттар тізімін, сондай-ақ туристік бағыттарға сапар шегуге қолайлы уақыт туралы ақпаратты көруге мүмкіндігі бар.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанның туризм тарихында алғаш рет 7 отандық туроператор «Байқоңыр» кешені бойынша турлар ұйымдастыру және оларды сату құқығына ие болды.

«Жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерін қолдану орталығы» («ЖҒИОҚО») іріктеген қазақстандық туроператорлар «Байқоңыр» кешеніне шетелдік және отандық туристер үшін қолайлы тур пакеттерін жобаланған, және ғарыш айлағының объектілері, жүк және ұшқыш басқаратын зымыран ұшу кестесіне дейін өз ресми сайттарында ақпарат жариялаған.

Турпакет зымыран ұшыру сәтін тамашалаумен қоса, Қорқыт ата мемориалдық кешеніне сапарды да қамтиды.

Қазіргі таңда таңдап алынған қазақстандық туроператорлармен тұрақты байланыс орнатып, оның ішінде, жергілікті гидтер мен жолаушы тасымалдау компанияларымен бірлесе жұмыс жасау жөнінде ықпал жасауда.

Ағымдағы жылдың 22-23 маусымында ішкі туризм мен сыртқы  туризмді дамыту аясында «ЖҒИОҚО»-мен бірлесіп, Өзбекстан, Қазақстан мен Ресей туристік компаниялары қатысуымен «Қызылорда - Байқоңыр - Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур өткізілді.

Өткен жылдың қорытындымен Байқоңыр қаласына келген туристтердің жалпы саны 1,5 мың болса, биыл бұл көрсеткішті екі есе арттыру жоспарланып отыр.

 

«Қорқыт Ата» мемориалдық кешені

Үстіміздегі жылдың мамырдың айында Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан («Сырдария» туризм бюросы» ЖШС) жергілікті турагентпен «Этноауыл» ұйымдастыру жобасы іске асырылып, 7-ші Инвестициялық форумы шеңберінде таныстырылымы өткізілді.

«Этноауыл» ұйымдастыру жобасы бұл біздің мәдениетіміздің шыңымен таныстыра отырып, туристерге қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін түсінуге көмектеседі, халқымыздың тарихына жақындай түсуге мүмкіндік береді. Этноауыл маусымдық қонақтар мен келушілерге қызмет ететін бірнеше киіз үйден тұратын болады.

 

Қамыстыбас көлінің жағалауында туризмді дамыту

«Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылыс тез тұғызылатын материалдан тұрғын үй ғимараттарының құрылыстары аяқталуда. Мәдени экологиялық туризмді қалыптастыру нәтижесінде туристік ағынның көбеюі күтілуде. 2015 жылы Қамбаш демалыс аймағын шамамен 70 мың демалушы демалған болса, бұл өсім алдындағы жылмен салыстырғанда 20% -ға артып отыр.

Мемлекеттік қолдау

Туризмді дамыту мақсатында «БЖК 2020» бағдарлама аясында шағын бизнестің 4 субъекті жалпы соммасы 14 млн теңгені құрайтын қайтарымсыз гранттар алды.

«БЖК-2020» бағдарламасы аясында қонақ үй кешенін ашу үшін 372 млн. теңгені құрайтын 7 жоба алды (үстіміздегі жылда 87 млн теңгені құрайтын 1 жоба).

ӨИО (РИЦ) арқылы 2 кәсіпкер 20 млн теңгеге аудан орталықтарында шағын қонақ үй ашу үшін несие алды (1 кәсіпкер үстіміздегі жылы 10 млн теңгеге)

Жаңақорған ауданында Қызылорда туристік ассоцациясының жол бойындағы сервисінде сауықтыру қызметтерін көрсететін жоба  іске асырылуда (балшықпен емдеу, инемен емдеу,  массаж, шөптік «сақ» банясы). Бірліктегі Қаратау маңында экотуризм белсенді түрде дамып жатыр.

Мәдени экологиялық туризм қалыптастыру үшін қолайлы шарттарды жасау арқылы көлге туристерді келуі артады деп күтілуде.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Туризм қауымдастығының, жол маңындағы сервис объектілерінде медициналық қызметтердің жобасын қамтамасыз ету (балшықпен емдеу, акупунктура, массаж, пантымен емдеу, «Сақ» монша). Бірлік Қаратау баурайында экотуризмді дамыту белсенді жүзеге асырылуда.

«БЖК-2020» аясында туризм дамуын қолдау мақсатында микробизнестің 4 субъектілері 14 млн. көлемінде қайтарусыз гранттар алды, 7 жобалардың  бастамашылары қонақ үй кешендері құрылысы үшін гранттар алды. ӨИО желісі бойынша өткен жыл ішінде екі кәсіпкер аудан орталықтарынан шағын қонақ үй ашу мақсатында 20 млн. тенге көлемінде несие алды.

 

ЭКСПО-2017

«ЭКСПО - 2017» көрмесін ілгерілету және насихаттау мақсатында облыстық деңгейде 33 сюжет көрсетіліп, 73 мақала жарық көрді.

Облыс көлемінде ЭКСПО – 2017-нің 30 билборд, 7 лайтбокс орналастырылды.

Көрменің арнайы лготипі Қызылорда қаласындағы 40 қоғамдық көліктерге және де а. ж қыркүйек айына дейін тағы 92 қоғамдық көліктерге орналастырылады, сонымен бірге,         ЭКСПО – 2017 логотипі «Қайсар» және «Байқоңыр» футбол клубтарының формаларына орналастырылады.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР Энергетика Министрінің өкілдерінің қатысуымен ЭКСПО – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Қазақстан» Ұлттық павильонды толықтыру жөніндегі мәжілісі өтті.

«Жасыл экономика» бағыты бойынша облысымызда инновациялық жобалардың маңыздылығын аныктау және тарту мақсатында мәжіліс аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыстық инновациялық проект тізімі ҚР Энергетика министрлігіне ұсынылды.

Көрменің негізгі мақсаттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ, ЭКСПО – 2017 қатысушылары және ресми қолдаушыларына қойылатын талаптарымен таныстыру мақсатында а.ж мамыр айында облыс әкімдігі ғимаратында «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясы облыс әкімдігінің қолдауымен «Роуд шоу» бағытталған көрмесі өтті( презентация ЭКСПО - 2017).

Нәтижесінде, «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясымен, сондай-ақ жергілікті туркомпанияларөңірдің тұрғындары үшін көрме билеттерін іске асыру туралы бірқатар Меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, жергілікті туркомпаниялар мен қонақ үй бизнесінің басшылар арасындағы көрме қонақтарына жеңілдіктер қамтамасыз ету туралы Меморандумға қол қойды.

2015 жылы жергілікті бюджет қаражатынан жарнамалық тарату өнімдерін өндіруге қаражат бөлінді. Жарнамалық өнімдер облыстық және Көрме логотипімен футболка, бейсболка, күнтізбе, қаламсап, блокнот, флеш-карта түрлері бойынша жасалды. Әрбір өнім 500 данадан өндірілген, келесі күні дайын болған өнім халықаралық көрмелер мен әртүрлі жергілікті және аймақаралық іс-шараларда таратылуда.

«Байконур Инвест» VII инвестициялық форум аясында, қала ішінде көрмені насихаттау және кеңінен таныстыру мақсатында ЭКСПО -2017 логотипімен «Ван Холл» жолаушылар автобусы жүрді.

Сонымен бірге, облыстың ресми сайтында көрме логотипі орналастырылды және де бұл Көрме туралы ақпаратты алу сілтемесі болып табылады.

Сондай-ақ облыстың веб сайтында Көрменің басталуына кері санақ күні орналастырылды.

Қазіргі таңда, Қызылорда облысының ресми интернет ресурсына жариялау мақсатында, облыс көлемінде орналастыру орындары мен төсек орын санын зерттеу мақсатында мониторинг жүргізілді.

Сонымен бірге, Қызылорда облысына Көрме келушілері мен қатысушылардың қабылдауға арналған желілік жол картасы бекітілген.

Желілік кестеде облыстың тартымды туристік нысандар мен бағыттар және логистика түрлері анықталған.

Ағымдағы жылдың мамыр айында 20 нөмірлі «Рема» қонақ үйінің ашылуы болды, оның ішінде 5 нөмірі VIP қонақтар үшін арналған. Аталған қонақ үй «Байқоңыр Инвест»VII Инвестициялық форумның қонақтарын қабылдады.

Осыдан өзге ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы 3 қонақ үйдің ашылуы жоспарлануда.

Мүмкіндігі шектеулі қонақтарына облысымыздың туристік обектілерінің қол жетімділігі туралы сұрақтардын шешу үшін облыс бюджетінен қаражат мәселесі қарастырылуда.

Орналасу орындарына мониторинг жүргізу барысында қонақ үй бізнесінің басшылары «Recommended by EXPO» бағдарламасын қосу үшін  қонақ үйлер мен хостелдердің бекітілген  талаптармен танысты.

Сондай-ақ, туристік маршрут дайындау барысында «Астана-Қызылорда-Қоркыт Ата-Байқоңыр-Қызылорда-Астана» бағдарламасы бойынша көрcетiлген маршрут тиісті талаптарына сәйкестігі үйлестірілді.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген Қызылорда қаласының жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері таңдалып, облысымыздан 150 еріктілердің тізімі құрылды.

Бүгінгі күні Көрме қонақтарын қарсы алу үшін, еріктілерді дайындау мақсатында оқытушылар арасында жаттықтырушыларды іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Астана қаласында көрмені өткізу кезеңіне аудан тұрғындары бару квотасы – 75 000 адам. Жоспарға сәйкес 10 маусым 9 шілде 25 000 адам, 10 шілде 9 тамыз 25 000 адам, 10 тамыз 9 қыркүйек 25 000 адам жеткізу жоспарланып отыр. ЭКСПО-2017 көрме қонақтары мен қатысушыларына Қызылорда ауданын көру желілік кестесі әзірленді, 92 күнге бөле отырып, келу тәсілдері көрсетілді. 65 000 адамды теміржол көлігімен, 10 000 адамды әуе көлігімен жеткізу жоспарланып отыр.

Оқушылар мен студенттердің көрмені көруіне қаражат бөлу мәселесі аудандық бюджеттен пысықталу шегінде.

Қазіргі уақытта аудан тұрғындарымен Астана қаласындағы көрмені көру мәселесі ( оқушылар, шектеулі және әлеуметтік жағынан осал тұрғындар, еңбек ардагерлері, пенсионерлер, мүгедектер) аудан бюджетінің қаражат есебінен ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Астана қаласындағы көрмені көру онлайн билеттер сатылымы басталды. Облыс тұрғындарына онлайн билеттері мен жеңілдіктерге қатысты барынша  жетерліктей ақпаратты үнемі «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» облыстық газеттерінде жарияланады.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қызылорда қаласында арнайы кассалардан билетке қол жеткізуге болады.

ЭКСПО-2017 билеттерін сатып алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, облыстық блогерлермен кездесулер өткізілді, сондай-ақ барлық ақпарат ең танымал әлеуметтік желілерде ФЕЙСБУК, ИНСТАГРАММ және В КОНТАКТЕ желілерінде жарияланды.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған видеороликтер «Казақстан-Қызылорда» жергілікті телеарнасында үнемі күніне 3-4 рет көрсетілуде.

 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарын дамыту

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойы мен Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін 33 нүкте белгіленген.

2016 жылдың 1 шілдесі бойынша инвестицияның жалпы сомасы 3 млрд. 307 млн. теңге болатын 12 нысан эксплуатациялауға енгізілді. 105 тұрақты жұмыс орны құрылды:

1)      Арал ауданы – 1 нысан (В санаты);

2)      Қармақшы ауданы – 2 нысан (А және С санаттары);

3)      Сырдария ауданы – 2 нысан (В санаты);

4)      Шиелі ауданы – 1 нысан (В санаты);

5)      Қызылорда қаласы – 2 нысан (В және D санаттары).

6)      Жаңақорған ауданы – 4 нысан (В және С санаттары);

2016 жылы жалпы құны 1 млрд. 372 млн. теңге болатын

5 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:

1) Арал ауданы – құны 50 млн. теңге болатын 1 жоба;

2) Қазалы ауданы - – құны 498 млн. теңге болатын 1 жоба;

3) Қармақшы ауданы – құны 424 млн. теңге болатын 2 жоба;

4) Шиелі ауданында құны 400,0 млн. теңге құрайтын 1 жоба енгізіледі.

Жол бойындағы сервис обьектілер қызметін реттейтін облыстық жұмыс тобы құрылды.

 

Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу

«Қазақстанның өңірлік дамуы» Еуропалық Одақ бағдарламасы аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Қызылорда облысының аумағында туризм индустриясының әлеуетін дамыту болып табылады.

Евроодақпен бірлесе отырып, облыста туризмді дамыту бірлескен жоспары әзірленді.

Туристік сала қызметкерлері үшін әдістемелік көмек көрсету жүзеге асырылуда. Еуропалық Одақ сарапшылары тарапынан қызметкерлердің әлеуетін арттыру үшін бірқатар модульдік оқыту жүйесі әзірленді.

Сарапшылардың әдістемелік оқыту жүйесі екі құрылымға бағытталған: Қызылорда облысында туризм саласын дамыту және туризм саласын дамыту үшін стратегиялық жобаларды әзірлеу.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында жоба шеңберінде шетелдік сарапшы Сони Энилова пен Филипп Джонсонның қатысуымен 3 семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтерге  туризм индустриясының өкілдері, туризм сарапшылары, туристік агенттіктер мен туризм индустриясының қызығушылық білдіруші  басқа институттардың өкілдер, қалалық және аудандық туризм саласында жұмыс істейтін әкімдіктердің, білім беру мекемелері, оқытушылары мен басқа мекеме қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың сәуір айында « Туризм және саяхат -2016 » көрмеге қатысты, қонақтарға біздің облысымыздың туристік мүмкіндігі ұсынылды     (үлестірмелі материалдар, буклеттер және т.б.)

15.07.2016


 

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2016 жылдың 1 тоқсанына аналитикалық ақпараты
 

2016 жылдың 1 сәуіріне 46 661 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде:

  • жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 40 869 бірлікті құрады:
  • шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны 4 650 бірлік
  • Жеке кәсіпкерлер 33 427 бірлік
  • Шаруа қожалықтары 2792 бірлік

2015 жылдың қорытындысы бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 86 300 адамды құрады.

2015 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығында ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 249 млрд.теңгені құрады.

 

Сауда

 

2016 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 47865,9 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,9% құрады.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 41,6% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 58,4%. 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда азық-түлік тауарларды өткізу көлемі 14,2%-ға көбейіп, азық-түлік емес тауарлар – 8,5 %-ға азайды.

Облыстың  көтерме саудасы ағымды жылдың басынан 24689,8 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 95,5 %-ды құрады.

 

Жанар-жағар май өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағалары

 

«Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Энергетика министрінің  2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығына сәйкес күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

Қала және аудан әкімдерінің ұсыныстары негізінде облыста ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағар май бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2016 жылға 12 оператор белгіленіп, ай сайын операторлардың қажеттілігіне байланысты мұнай өнімдері ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген кестеге сәйкес бөлінуде.

Сонымен бірге биылға ҚР Энергетика министрлігінің квотасы бойынша бөлініп отыратын мұнай өнімдерін облысқа жеткізуші

12 операторлармен Келісімдер жасалды.

Ағымдағы жылдың 5 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

  • АИ-92 маркалы бензині – 123 теңге;
  • АИ-80 маркалы бензині – 89 теңге;
  • дизель отыны – 97 теңге, яғни 2014 жылдың 4 мамырында ҚР Табиғи монополияларға реттеу агентігінің № 97-НҚ Бұйрығымен бекітілген шекті бағалардан аспайды. Қазіргі таңға дейін облыста жанар-жағар майдың шекті бағадан өсу фактісі анықталмаған.

Сұйытылған газ бойынша

 

5 сәуірдегі мониторинг қорытындысы бойынша облыста сұйытылған мұнай газының орташа бағасы 41 теңгені (Қызылорда қаласында – 38 теңге) құрап, яғни өткен жылдың 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда Қызылорда қаласы бойынша 10 пайызға көтерілген.

Бүгінгі күні, басқарма тарапынан облысқа сұйытылған мұнай газын тасымалдаушы операторларға және автогаз тарату бекеттері басшыларына бағаны негізсіз көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Лицензиялау бойынша

 

Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 444 «Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» қызметтеріне лицензия берудің уәкілетті органы (лицензиар) болып бекітілді.

2012 жылдың 2 тоқсанынан бастап «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары және қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» тәртібі тек электрондық түрде тапсырылатын болды.

Бүгінгі күнге облыс бойынша 16 лицензия алушы тіркелген.

Ағымдағы жылдың қаңтар – наурыз аралығында түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру қызметіне лицензия берілген жоқ.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2016 жылы республикалық бюджеттен 1 675,7 млн. теңге бөлінді. Компоненттер бойынша атап айтсақ:

  1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 1 286,7 млн. теңге, оның ішінде 487,1 млн. теңгесі немесе 37,8 %-ы игерілді. Қалған қаржы қаржыландыру жоспары бойынша ағымдағы жылдың мамыр және тамыз айларында қаралған.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны 380,5 млн. теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.

  1. Шағын және орта бтзнестің несиелері бойынша ішінара кепілденідіру170 млн. теңге, оның ішінде 22,5 млн. теңге немесе 13,2 % игерілді. Бұл ретте, кепілдік жалпы құны 110,6 млн. теңгені құрайтын 13 жобаға ұсынылды.
  2.  Гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралды: бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспары бойынша грант беру үшін қаражат ағымдағы жылдың сәуір, шілде және қыркүйек айларына қаралған.

Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ағымдағы жылдың 16 наурызында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 33 жобасы қаралып, Өңірлік үйлестіру кеңісінде одан әрі қарау үшін ұсынылды. Нәтижесінде кеңес шешімімен ауылдық жерлерден 7 жоба мақұлданды. Оның ішінде:

  • Арал ауданында 1 млн. теңгеге 1 жоба;
  • Қармақшы ауданында 3,1 млн. теңгеге 4 жоба;
  • Шиелі ауданында 700 мың теңгеге 1 жоба;
  • Жаңақорған ауданында 1,2 млн. теңгеге 1 жоба.

Бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлінді:

  1. Қызылорда қаласында «Өндіріс» индустриялық аймағындағы электр жүйесінің құрылысын аяқтауға 555,463 млн. теңге;
  2. АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына 1 534,968 млн. теңге.

Бұдан басқа, Оңтүстік Қазақстан облысының қаражатынан (555,6 млн. теңге) Қызылорда облысы үшін микрокредит беруге 200 млн. теңге қайта бөлінді. Қазіргі таңда, ҚР Үкіметіне бекіту үшін енгізілген микрокредит берудің қағидасы мен үлгілік несие шарты жасалды.

 

Туризмнің дамуы

 

2015 жылғы қаңтар-қыркүйегіның қорытындысы бойынша келушілердің саны 29 468 адамды құрады.

Келушiлерді орналастырумен шұғылданатын объектілердің саны 73 бірлікті құрады, онда орналастыру орындары 843 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 1493 төсек-орынды құрайды. 538 879 мың.теңгеге қызмет көрсетілді.

Байқоңыр қаласына барған туристердің саны 1500 адамды құраса, орналастыру орындары 8 бірлікті құраған.

2015 жылдың 17 қазанында «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің жұмысшы тобы мен ФГУП «Жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерін эксплуатациялау орталығы» (бұдан әрі – ЦЭНКИ) отырысы болды, нәтижесінде ЦЭНКИ-ден туристік фирмалар мен туристік агенттіктерді тартатын қазақстандық туроператорларды іріктеу жөнінде ұсыныс түсті.

Өткізілген іріктеу нәтижесінде 2016 жылдың 27 қаңтарында ЦЭНКИ-дің ресми сайтында конкурстың қорытындысы мен 7 қазақстандық туроператорлардың тізімі жарияланды.

Қазіргі таңда, жоғарыда аталған туроператорлармен «Байқоңыр» кешеніне шетелдік және қазақстандық туристерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, соның ішінде, космодромға қолжетімді бағаға арнайы турлар әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен туроператорлардың ресми сайттарында жарияланған.

Қызылорда облысына шетелдік инвесторларды тарту мақсатында 2015 жылдың 2 желтоқсанында облыс әкімінің «CaspianServices» (Монако) компаниясының өкілдерімен кездесуі өткізілді.

Кездесу мақсаты Қызылорда облысында және «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту бойынша қызметтес болуды ұйымдастыру.

Соған сәйкес, жоба бастамашысы А. Кашечкин «Baikonurteam» кешенінде туризмді дамыту және әлемдік нарықта «Байқоңыр» брендін ілгерілету бойынша жоба ұсынды.

Аталған жобада «Baikonurteam» велотобының қатысуы, әлемдік нарықта «Байқоңыр» брендін насихаттау жұмыстарын жүргізу бойынша ралли ұйымдастыру жоспарлануда.

Кездесу нәтижесінде Қызылорда облысы әкімі «CaspianServices» компаниясымен Қызылорда облысында және «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту бойынша меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге, облыс әкімі «Жолаушылар компаниясы «Туран Экспресс»» ЖШС-мен туристік поездтың жұмыс жасауын ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойды. Алғашқы пилоттық жоба 2015 жылдың 14-15 желтоқсан аралығында «Байконур-Инвест» VI инвестициялық форумы аясында «Алматы-Тараз-Шымкент-Қызылорда-Байқоңыр» маршруты бойынша жүзеге асырылды. 2016 жылға аталған маршрутты кеңейту бойынша, сонымен бірге, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында туристік пойызды қолдану жұмыстары жоспарлануда.

Бұдан басқа, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында еріктілердің  жүріп-тұруын ұйымдастыру мақсатында 2016 жылдың 6 ақпанында «Байқоңыр» кешеніндегі туризмді дамыту мәселесі бойынша отырыс өткізілді. Аталған отырыста Байқоңыр қаласында еріктілер үшін семинар өткізу ұсынылды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1 т. 13-4) тт. сәйкес туристік маршруттардың мемлекеттік реестрі мен троп бекітілді. Реестр Қызылорда облысы бойынша аумақтың маңызды туристік нысандарымен қосқанда 15 туристік маршруттардан тұрады.


Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2015 жылға  аналитикалық ақпараты
 

2016 жылдың 1 қаңтарына 46 868 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде:

-     жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 41 651 бірлікті құрады:

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрі

2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік

Шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

4 510

Жеке кәсіпкерлер

34 363

Шаруа қожалықтары

2 778

Барлығы

41 651

 

2015 жылдың 1 қазанына ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 86 249 адамды құрады.

2015 жылдың қаңтар – қыркүйек аралығында ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 164,4 млрд.теңгені құрады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 12%-ды құрады.

 

Сауда

 

2015 жылдың 1 желтоқсанына жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі 166 904,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

кәсіпорындардың саудасы  40 053,9 млн. теңге;

базарлар мен жеке кәсіпкерлердің саудасы  126 850,7  млн.теңге.

Бөлшек сауда көлемінің өсуі 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ды құрады. 2015 жылдың қазан айымен салыстырғанда 0,5%-ға төмендеді. Сауда кәсіпорындарының тауар айналымының көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 11,9%-ға кеміді, ал базарлар мен жеке кәсіпкерлердің сату көлемдері 8,0%-ға өсіп, олардың айналым құрылымындағы үлесі 76,%-ды құрады.

2015 жылдың қаңтар – қараша аралығында көтерме сауда көлемі 102 312,3 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға азайды.

Қоғамдық тамақтану орындарымен (мейрамханалар, кафе, кәсіпорындар мен мекемелер жанындағы асханалар және дайын тағам өнімдерін жеткізіп беру) және көлік құралдарын жөндеу орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 11 995,1  млн. теңгені құрады.         

 

Жанар – жағар май және сұйытылған мұнай газының бағалары

 

Қала және аудан әкімдерінің ұсыныстары негізінде облыста 2015 жылға мұнай өнімдерін таратушы 15 оператор белгіленіп, ай сайын операторлардың қажеттілігіне байланысты мұнай өнімдері  ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген кестеге сәйкес бөлінуде.

Сондай – ақ, ағымдағы жылы облыста ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген кестеге сәйкес бөлінген сұйытылған мұнай газын таратушы 4 оператор белгіленді.

Әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

8 қаңтарда жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

АИ-80 маркалы жанар-жағар май – 89 теңге;

АИ-92 маркалы жанар-жағар май – 124 теңге;

АИ-95 маркалы жанар-жағар май – 139 теңге;

АИ-96 маркалы жанар-жағар май – 141 теңге;

Дизель отыны – 96 теңге.

8 қаңтардағы  жүргізілген мониторинг бойынша сұйытылған мұнай газына орташа баға 19 қазандағы бағамен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеп, 39 теңгені құрады.

 

Қала және аудан бөлінісінде жанар – жағар май бекеттері мен сұйытылған газ құю бекеттерінің орналасуы

 

Орналасқан орны

жанар – жағар май бекеттерінің саны

сұйытылған газ құю бекеттерінің саны

Арал ауданы

19

2

Қазалы ауданы

11

4

Қармақшы ауданы

9

4

Жалағаш ауданы

5

1

Сырдария ауданы

6

5

Шиелі ауданы

17

4

Жаңақорған ауданы

11

2

Қызылорда қаласы

52

32

Облыс бойынша

130

54

 

Қала және аудан бөлінісінде мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларына мониторинг

 

08.01.2016 жылғы жағдай бойынша

/теңге/

Орналасқан орны

Мұнай өнімдерінің атауы

АИ-80

АИ-92

АИ-95

АИ-96

маусымдық дизель отыны

Сұйытылған мұнай газы

Арал ауданы

89

124

138

-

97

45

Қазалы ауданы

89

125

138

-

97

45

Қармақшы ауданы

89

125

144

-

97

40

Жалағаш ауданы

89

125

-

-

99

40

Сырдария ауданы

87

120

-

-

89

36

Шиелі ауданы

89

125

138

140

94

37

Жаңақорған ауданы

89

125

138

140

97

38

Қызылорда қаласы

89

124

140

142

96

33

Облыс бойынша

89

124

139

140

96

39

 

Ескерту: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі №556 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 12017 тіркелген) сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеуді алып тастауына орай бағалар өзгерген.

 

Лицензиялау бойынша

 

Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 444 «Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» қызметтеріне лицензия берудің уәкілетті органы (лицензиар) болып бекітілді.

2012 жылдың 2 тоқсанынан бастап «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары және қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» тәртібі тек электрондық түрде тапсырылатын болды.

Бүгінгі күнге облыс бойынша 16 лицензия алушы тіркелген.

Ағымдағы жылдың қаңтар – қараша аралығында түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру қызметіне лицензия берілген жоқ.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының жүзеге асырылуы

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2015 жылға респубилкалық бюджеттен 717,2 млн. теңге бөлінді. 2015 жылдың желтоқсанында республикалық бюджеттен қосымша 150 млн. теңге және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан айналым қаражатын толықтыруға қосымша 118 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бөлінген қаражаттың 826,2 млн. теңгесі кәсіпкерлердің несиесі бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бағытталды. Жыл басынан бері өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны 4,5 млрд. теңгеден жоғары 88 жоба мақұлданып, оның жалпы құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын 73 жоба бойынша ЕДБ, «Даму» қоры және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалды. 

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерліктің несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 146,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Жыл басынан бері кепілдендіру компоненті бойынша жалпы құны 745,5 млн. теңгені құрайтын 49 жоба мақұлданды.

Бағдарлама шеңберінде мақұлданған жобалардың негізгі бөлігінің 72,7% жеке кәсіпкерлік пен шаруа қожалығына тиесілі. Сонымен бірге, аудандардың Бағдарламаға қатысу деңгейі 36,4 % құрады.

 Бұдан басқа, Бағдарлама шеңберінде жобаларды ұйымдастыру мен іске асыру үшін гранттық қаржыландыру компонентіне - 12 млн. теңге қаржы бөлінді. Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 31 жобасы Конкурстық комиссиямен қаралып, Өңірлік үйлестіру Кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде Өңірлік үйлестіру Кеңес шешімімен ауылдық жерлерден 7 жоба мақұлданды. Оның ішінде:

- Шиелі ауданы бойынша 7 млн. теңге 4 жобаға;

- Арал ауданы бойынша 2 млн. теңге 1 жобаға;

- Қазалы ауданы бойынша 2 млн. теңге 1 жобаға;

- Қармақшы ауданы бойынша 1 млн. теңге 1 жобаға ұсынылды.

Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 1 572,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электр жүйесі құрылысына – 1 530,07 млн. теңге бөлініп, нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов елді мекенінде орналасқан «Мағжан и К» ЖШС-нің астық қоймаға дейін автожол құрылысына 42,1 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді. Нысан 2015 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

Бағдарлама шеңберінде бүгінгі күнге дейін 7046 адамның жұмыс орны сақталып, 3619 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.

 

Қызылорда облысында туризм саласының дамуы 

 

Қызылорда облысының әкімдігі 2015 жылғы 27 қарашадағы № 230 қаулысымен Жаңа экономикалық жағдайларда Қызылорда облысының шағын және орта бизнесін түрлендіру және бейімдеу бойынша Жол картасы  бекітілді.

Қазіргі таңда облыста туризм саласының келесі басым бағыттары анықталды:

- «Байконур» кешенінде жер бетіндегі туризмді дамыту;

- «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мен ұйымдастыруда іс-шаралар өткізу;

- «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық авто көлік дәлізі бойында жол бойы қызмет көрсету кешендерін дамыту.

Қазіргі таңда «2016 жылға арналған туризмді дамыту бойынша бірлескен іс-шара жоспары» әзірленіп, бекітілді.

Сонымен қатар, «Байконур трэвел» жобасын Еуроодақтың «Қазақстанның өңірлік даму» жобасы басшылығымен бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру келісілген.

Қазақстандық туристік ассоциациясының директоры Р. Шәйкеновамен  жүргізілген келісөз қорытындысы сәйкес жобаны жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізуге және сүйемелдеуге  ассоциацияның барынша ықпал ету бойынша келісімі алынды.

Ұсынылған «Байконур трэвел» құрылымы жалпы туризмді дамыту жұмыстарын үйлестірумен қатар, оның ішінде «ЭКСПО - 2017» көрмесінің өткізілуіне дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша, туристік аймақтарды құруға және т.б шараларды іске асыруда тиісті жұмыстарды атқаратын болады. Сонымен бірге, «Байконур трэвел» базасында Туристік ақпараттық орталық құру жоспарлануда.

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы Қазақстандық туристік ассоциациясымен бірлесіп атқарылған жұмыстарды ескере отырып, 2016 жылы қаржыландыру мақсатында заңнамаға сәйкес 5 млн. теңге сомасында тиісті бюджеттік өтінімді облыстық экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынды.

«Байконур» кешенінде туризмді дамыту мақсатында өткен жылдың 17 қазанында Қызылорда облысы әкімдігі мен «Жер бетіндегі ғарыштық инфрақұрылым нысандарын пайдалану орталығы» Федералдық мемлекеттік бірегей кәсіпорнының бірлескен (бұдан әрі - Кәсіпорын) жұмыс тобының отырысы өткізілді. Нәтижесінде кәсіпорын тарапынан Байқоңыр қаласына туристерді тарту мақсатында қазақстандық туроператор іріктеу ұсынылды.

Сонымен бірге, 2016 жылы «Байконур» және «Восточный» ғарыш айлағында жер бетіндегі ғарыш туризмін дамыту жобасы аясында Кәсіпорын ағымдағы жылдың 15 қарашасында іріктеу конкурсына қатысуға туроператорлардың өтініштерін қабылдауды аяқтады.

Кәсіпорын ақпаратына сәйкес, іріктеу конкурсына 14 қазақстандық туроператордан өтініш түскен (туроператорлар тізімі қосымша ұсынылды). Келіп түскен өтініштердің басым көпшілігі Алматы қаласынан (10 туроператор), 1 өтініш Қызылорда облысынан, Астана, Қарағанды және Қостанай қалаларынан 1 өтініштен түскен.

Осы орайда, географиялық орналасуын және аймақтық қамтуын ескере отырып, туроператорлардың тиісті біліктілігіне және кәсіптік тәжірибесіне сараптамалық қорытынды алу мақсатында  бүгінгі күні облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасынан Қазақстандық туристік ассоциациясына сұраныс жолданды.

Бұдан өзге, желтоқсанның 14-15 аралығында Кәсіпорын мен Қызылорда облысының әкімдігінің екінші отырысы өткізілді, ағымдағы жылдың қаңтар айының ортасында үшінші отырыс ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмені алға жылжыту мақсатында облыс аумағында 26 билборд ілінген Қызылорда қаласында, әуежайда, жол бойында).

Жыл басынан бері қолөнершілердің кәдесый бұйымдарын жасауы бойынша 3 семинар – тренинг өткізілді. Жыл аяғына дейін БҰҰДБ және Халықаралық Аралды қорғау қорымен бірлесе отырып 2 семинар және қолөнер шеберлерінің қорытынды фестивалін өткізу жоспарлануда. Аталған іс – шаралар қорытындысы бойынша 3 тілде қолөнер шеберлерінің гид-альбомы дайындалады.

«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдатыру барысында еріктілер қызметін ұйымдастыру және реттеу бойынша іс – шараларды жүргізу мақсатында шетел тілдерін «ағылшынша, қытайша, немісше және т.б.) білетін ЖОО-ның, колледждердің ынталы студенттерінің тізімі қалыптасып, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-на жолданды.

«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің қонақтарын күтіп алуды ұйымдастыру үшін «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде жаңғырту жұмыстары аяқталды.

2015 жылдың  «Астана ЭКСПО-2017» АҚ мен «Сырдария бюро  туризмі» турфирмасы арасында меморандумға қол қойылды.

Бұдан өзге, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  транзиттік дәлізінің бойынша жолбойы сервистік қызмет көрсету орталығын тиімді дамыту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына(СТ 2476-2014) сәйкес жұмыс істеп тұрған нысандарға мониторинг жүргізілуде.

Қызылорда облысының аумағында 39 нысан бойын жер телімдері бөлінген, оның ішінде 3 нысан жұмыс істеп тұр, 14 жобаның бастаашылары нысанның құрылыс – монтаж жұмыстарын бастады, ал қалған жобалар жер телімдерін рәсімдеу бойынша рұқсатнама құжаттарын дайындауда.

Бұл нысандардың барлығы халықаралық стандарттың А», «В» и «С» санаттарына сай болады.

Бұдан басқа, «Байконур» спорттық-туристік жобаны аясында өткен жылдың 2 желтоқсанында «Каспиан Сервис» және «Ван Холл» компаниялары мен Қызылорда облысының әкімдігі арасында жасасқан ынтымақтакстық меморандумы негізінде «Байконур» брендін ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілуде.


Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2015 жылғы 3 тоқсанындағы аналитикалық ақпараты

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ

 

2015 жылдың 1 қазанына жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны – 42725 бірлік, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 4 494, орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 73, жеке кәсіпкерлер – 35 406, шаруа қожалығы – 2 752  бірлікті құрады.

2015 жылдың 1 қазанына облысымызда шағын және орта бизнесте 47 591  кәсіпорын тіркелген.

Тіркелгендердің 73,4 пайызы (4549 бірлік) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын болып табылды, яғни экономикалық қызметпен айналысты немесе айналыса алды, 2759 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 60,6 пайызы) белсенді болды.

Аймақтар бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көп саныҚызылорда қаласына (76,5 пайыз), Шиелі (6,9 пайыз), Арал (4 пайыз), Қазалы (3,6 пайыз) аудандарына тиесілі.

2015 жылғы қаңтар-маусымына ШОК субъектілерінің өнім (тауарлар мен қызмет көрсетулер) шығарылымы 97 462 млн. теңгені құрап, ШОК-та жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 2015 жылғы 1 шілдеге 84 431  адамды құрады.

Облыстағы жалпы өңірлік өніміндегі (ВРП) шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2014 жылдың қорытындысымен 11,1 пайыз (%) құрады.

  • Мемлекеттік бағдарлама аясында облыста 2015 жылдың

    1 қазанына 722 кәсіпкер оқытылды:
  •  Кеңестер – 2977;
  • «Бизнес кеңесші – 1» - 698;
  • «Іскер байланыстар» 1 кезең – 17;
  • «Назарбаев мектебінде топ – менеджмент бойынша» - 12;
  • «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 4 бағытының

    2 кезеңі бойынша «Іскер байланыстар» жобасы бойынша Германияда 2  топ – менеджер тәжірибеде болып қайтты.

Жыл басынан басқарма бастамасымен Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша бір қатар іс-шаралар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер Кеңесі өткізілді.

Отырыста Кеңестің 2014 жылы атқарылған қорытынды жұмыстары қаралып, сонымен қатар, кәсіпкерлер Кеңесінің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Бүгінгі күні Кеңестің 4 отырысы өткізілді.

26 ақпан күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп «Бәйтерек» ҰБХ-нің жаңа бағдарламасы жөнінде презентациялық семинар өткізілді.

Семинарда жоба жетекшісі Е. Казым кәсіпкерлерге орта бизнестегі кәсіпорындарды қолдау бағдарламасын таныстырып, экспорттаушы және қаржылық жағдайы тұрақты кәсіпорындардың  бағдарлама бойынша мүмкіндіктері түсіндірілді.

Сонымен қатар, басқаарманың ұйымдастыруымен 29 ақпанда инновация саласында статистика нысандарын дұрыс толтыру бойынша оқыту семинары өткізіліп, семинарға облыс көлеміндегі 50 астам кәсіпорын қатысты.

Ауылдық кәсіпкерлердің мәселерін шешу мақсатында 14 сәуір күні аудан әкімдерінің қатысуымен селекторлық режимде мәжіліс өткізіліп, онда облыс әкімі облыстық басқармалар мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді.

18 мамыр күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада іскер әйелдер ассоцияциясымен бірлесіп әйелдер кәсіпкерлігі дамыту бойынша семинар – тренинг өткізілді.

Аймақтың ауыл шаруашылығы саласын қолдау және ынталандыру мақсатында 2015 жылдың 12-13 қыркүйек күндері аралығында Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге облыстан 385 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтілді.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2015 жылға 2 млрд. 289 млн. 361 мың теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ:

1) Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 595 190 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

Өңірімізде жалпы құны 3 млрд. 789 млн. теңгені құрайтын 56 жоба өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданып, 45 жоба бойынша субсидиялау шарттары жасалды.

2) Несиені ішінара кепілдендіру компонентіне – 110,0 млн.  теңге қаржы бөлініп, 109,2 млн. теңгесі игерілді немесе 99,3%.

Жыл басынан бері 550 млн. теңгені құрайтын 33 жоба мақұлданды, оның ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесімен 29 жоба және «Даму» КДҚ»  АҚ-ы Қызылорда облысы филиалы бойынша 4 жоба мақұлданды.

3) Гранттық қаржыландыру бойынша – 12 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл бағыт бойынша ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер тарапынан 31 жоба конкурстық комиссияның қарауына ұсынылды. Оның ішінде, Өңірлік үйлестіру кеңесімен ісін жаңадан бастаған 7 ауыл кәсіпкерлеріне қайтарымсыз негізде грант қаражаттары табысталды.

4) Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша – 1 572,1 млн. теңге бөлінді.

- Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағына электр жүйесінің құрылысына – 1 530,071 мың теңге. Қазіргі таңда, нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

- Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов елді мекенінде орналасқан «Мағжан и К» ЖШС-нің астық қоймаға дейін автожол құрылысына 42,1 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді. Нысан 2015 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде бүгінгі күнге дейін 7 мың 46 адам жұмысын сақтап, 3 мың 619 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.

Бағдарламаға қатысушы субъектілердің салық төлемдері 7 млрд. теңгені құрады. Мақұлданған жобалардың 38,8 % өндеуші салаға жатса, оның ішінде 18 % тамақ өндіру саласы.

Сауда бойынша

 

2015 жылдың қаңтар-тамызына жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі 117033,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде: кәсіпорындардың саудасы  28289,0 млн. теңге.

базарлармен жеке кәсіпкерлердің саудасы  88744,2  млн.теңге.

Бөлшек сауда көлемінің өсуі 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ды құрады. 2015 жылдың шілде айымен салыстырғанда 3,2%-ға өсті. Сауда кәсіпорындарының тауар айналымының көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 8,3% түсті, ал базарлар мен жеке кәсіпкерлердің сату көлемдері 12,4% пайызға өсіп, олардың айналым құрылымындағы үлесі 75,8%-ды құрады.

Көтерме сауда 2015 жылдың қаңтар-тамызына  68503,5 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,3% түсті.

Мейрамханалар, барлар, асханалар және дайын тағам өнімдерін жеткізіп беру, көлік құралдарын жөндеу қызметтер көлемі 2015 жылдың қаңтар-тамызына  8625,6  млн. теңгені құрады.

 

Жанар-жағар май бағалары

      

2015 жылға ҚР Энергетика министрлігінен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағар май бағаларын тұрақтандыру бойынша бөлінген мұнай өнімдерін облысқа жеткізуші 15 оператор қала және аудан әкімдерінің ұсыныстары негізінде белгіленіп, ай сайын операторлардың мұнай өнімдеріне қажеттілігіне байланысты министрлік бекіткен кестеге сәйкес мұнай өнімдері бөлінуде.

Әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру бойынша күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

Ағымдағы жылдың 6 қазандағы мәліметтер бойынша бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

  • АИ-92 маркалы бензині – 126 теңге;
  • АИ-80 маркалы бензині – 89 теңге;
  • дизель отыны – 94 теңге.

Облыста барлығы 125 жанар-жағар май құю бекеттері жұмыс жасайды, оның ішінде 54 жанар-жағар май құю бекеттері облыс орталығында орналасқан. 120 жанар-жағар май құю бекеттерінде әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері тұтынушыларға қолма-қол түрде шектеусіз босатылуда. 

 

Лицензия қызметі бойынша

 

Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 444 «Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтеріне лицензия берудің уәкілетті органы (лицензиар) болып бекітілді.

2012 жылдың 2 тоқсанынан бастап «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» тәртібі тек электрондық түрде тапсырылатын болды.

2015 жылдың қыркүйегіне дейін«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» қызметіне лицензия берілген жоқ.

 

Туризм саласы бойынша 2015 жылғы атқарылған жұмыстары 

 

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымының қорытындысы бойынша өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда келушілерінің 3,9 % өсуі байқалуда және 19747 адамды құрады.

Келушiлерді орналастырумен шұғылданатын объектілердің саны 73 бірлікті құрады, онда орналастыру орындары 854 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 1488 төсек-орынды құрайды. 354 023,7 мың.теңгеге қызмет көрсетілді.

 Қазіргі таңда облыс көлемінде 14 туристік маршрут әзірленген. Туристер тарапынан 5 туристік маршрут сұранысқа ие.   Бұл ретте, 11 туристік фирма жұмыс жасайды (3 туристік фирма ішкі туризммен айналысады).

«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрме қонақтарын қабылдауды ұйымдастыру үшін «ЭКСПО – 2017» жарнамалық билбордттарын орналастыру мен БАҚ-да жариялау жұмыстары жүргізілуде.

 «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне облыстың қол өнер шеберлерін дайындауға және туризм саласының кәсіби бағыттағы мамандарын дайындау бойынша 3 дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараларға облысымыздың оқу орындары мен мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

2015 жылдың 14-17 наурыз аралығында  Маңғыстау облысының туризм басқармасы, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы туристік өкілдерімен және облыстағы турфирмалармен әріптестік кездесу  ұйымдастырылды.

Кездесу мақсаты: екі өңірдегі туристік әлеуетін дамыту мақсатында ынтымақтастық меморандумы жасалды.

2015 жылғы 17 наурызда «Туризм саласының мамандарының кәсіби біліктілігін қалыптастыру» тақырыбында «Туризм және аударма ісі» тобының студенттерімен тәжірбие алмасу және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Қатысушылар:

 Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.

«IQ» оқу орталығы.

«KZ travel» туристік фирмасы.

2015 жылдың 17-18 сәуірде қонақ үй бизнесін дамыту мақсатында өңіріміздегі қонақ үй қызметкерлеріне арналған 2 күндік семинар-тренинг өткізілді.

Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласында 22-24 сәуір аралығында Қазақстанда және Орталық Азия елдерінің «Туризм және саяхат» атты 15-ші халықаралық Қазақстандық туристік (KITF-2015) көрмесі өтті. Көрме жұмысына облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы өкілдерімен бірге «Саяхат», «Акме-Қызылорда туристік фирмалары қатысып, шет ел және Қазақстандық қонақ үй, емделу-тынығу орындары, балалар тынығу лагерлерімен келісім шартқа отырды. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасына алғыс сертификаты  табысталды.

 Өңірдің туристік мүмкіндіктерін алға  жылжыту мақсатында 28-29 сәуір аралығында V инвестициялық форум, «Қызылорда-Қорқыт Ата –Байқоңыр» туристік маршруты бойынша туристік сала мамандары мен БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық-танымдық тур өткізілді.

2015 жылғы 14-16 мамыр аралығында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасымен Қызылорда  облысы, Жаңақорған ауданы, Дарбаза тау шатқалында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына  арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты облыстық туристік слет өткізілді. Туристік слетке облыс бойынша студенттермен мектеп оқушыларынан жасақталған 10 команда, 80 оқушы қатысты.

21-23 мамыр күні Алматы қаласының «Discover Kazakhstan» және Қызылорда қаласының «Сырдария бюро туризімі» және «KZ туризм» туристік фирмалары өкілдерінің қатысуымен (Гонконг, Лондон, KITF-2015) халықаралық  көрмелер  нәтижесімен сұранысқа ие болып отырған туристік бағыттарды пысықтап, шетелдік туристерге көрсету үшін алдын-ала жұмыстары жүргізілді. 

22 мамыр күні Қазалы ауданы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің туристік маршруты кестесіне сәйкес Жанқожа батыр кесенісімен танысу, республикалық санаттағы архитектуралық ескерткіштер Нұралы (Мүрәлім) және Ноғай мешіттерімен, Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейімен танысу жүргізілді.

Әйтеке би кентінен 40 шақырым жердегі Өркендеу ауылы маңындағы тарихи көне қала – Жанкент шаһарының орынымен және Қамыстыбас аулы арқылы Көк арал бөгетімен таныстырылды.

23  мамыр Арал ауданы Ақеспе ауылдық округіндегі атқылап ағып жатқан артизан ыстық бұлағын және қалған кемелерді көріп «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені, Қазалы ХIX-XX ғ.ғ. қала құрылысы кешені, көне Жанкент қаласы және Арал табанында қалған кемелер» туристік маршрутын жүзеге асыру жоспарлануда.

2015 жылы 19-21 маусым  аралығында Арал қаласында БҰҰ Даму бағдарламасы және Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы бірлесіп «Киізден кәде-сый өнімдерін өндіру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шара мақсаты жергілікті қолөнер шеберлерін үйрету арқылы туристерге сапалы кәде-сый өнімдерін ұсыну. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің бұйымдарын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне алдын-ала  дайындау.

5 қыркүйекте Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы және «Қарлығаш» шеберлер орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының  20 жылдығына арналған «Қолөнер – сырлы өнер» атты қолөнер шеберлерінің облыстық көрме-конкурсы өткізіледі.

Қызылорда қаласындағы қолөнер шеберлерінің көрме-конкурсын  өткізу игі дәстүрге айналды, сонымен қатар өнерді бағалаушылар мен қолөнер бұйымдарының табынушыларының арасында үлкен қызығушылық тудыруда. Бұл жолы 60-қа жуық қолөнер шеберлері қатысады.

Аталған іс-шараның басты мақсаты ұлттық қолөнерді дәріптеу және тарату, келушілерді қолөнерді зерттеуге және жас қолөнершілерді ынталандыру бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Көрме барысында облыстың қала, аудандардан келген шеберлер арасында алдын-ала конкурстық іріктеу өткізіліп, 15 номинация бойынша қолөнер шеберлері марапатталды.

«Кәсіпкерлік және туризм басқармасы» өкілдері «Astana Leisure - 2015» 12 – ші халықаралық туристік көрмеге қатысты. Көрме қыркүйектің 24-нен бастап қыркүйектің 26-сына дейін 3 күн бойы «Көрме» орталығында өткізілді. Шараның мақсаты – Қазақстандағы күзгі және қысқы туризмді дамыту. Көрмеге 22 елден келген 90 өкіл қатысты. Халықаралық шараға 5000 қонақ келіп, Қазақстанда ұсынылған туристік қызметтермен танысты.


Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2015 жылғы 2 тоқсанындағы аналитикалық ақпараты

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
 

2015 жылдың 1 шілдесіне жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны – 40 842 бірлік, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 4389, орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 72, жеке кәсіпкерлер – 33 728, шаруа қожалығы – 2653 бірлікті құрады.

2015 жылдың 1 шілдесіне облысымызда шағын және орта бизнесте 6097 кәсіпорын тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 пайызға өскен.

Тіркелгендердің 73,2 пайызы (4461 бірлік) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын болып табылды, яғни экономикалық қызметпен айналысты немесе айналыса алды, 2684 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 60,2 пайызы) белсенді болды.

Аймақтар бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көп саны Қызылорда қаласына (75,4 пайыз), Шиелі (7,3 пайыз), Арал (3,7 пайыз), Қазалы (3,6 пайыз) аудандарына тиесілі.

2015 жылғы қаңтар-наурызда ШОК субъектілерінің өнім (тауарлар мен қызмет көрсетулер) шығарылымы 45211 млн. теңгені құрап, ШОК-та жұмыспен белсенді қамтылғандар саны 2015 жылғы 1 сәуірге 67880 адамды құрады.

Облыстағы жалпы өңірлік өніміндегі (ВРП) шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 2014 жылдың қорытындысымен 11,1 пайыз (%) құрады.

  • Мемлекеттік бағдарлама аясында облыста 2015 жылдың 1 шілдесіне 722 кәсіпкер оқытылды:
  • Кеңестер – 2977;
  • «Бизнес кеңесші – 1» - 698;
  • «Іскер байланыстар» 1 кезең – 11;
  • «Назарбаев мектебінде топ – менеджмент бойынша» - 11;
  • «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 4 бағытының 2 кезеңі бойынша «Іскер байланыстар» жобасы бойынша Германияда 2  топ – менеджер тәжірибеде болып қайтты.

Жыл басынан басқарма бастамасымен Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша бір қатар іс-шаралар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер Кеңесі өткізілді.

Отырыста Кеңестің 2014 жылы атқарылған қорытынды жұмыстары қаралып, сонымен қатар, кәсіпкерлер Кеңесінің 2015 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Бүгінгі күні Кеңестің 3 отырысы өткізілді.

11 ақпан күні облыс әкімінің орынбасары С. Қожаниязовтың төрағалығымен алқа мәжілісі өткізілді. Мәжілісте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Т. Сүлейменов 2014 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланды.

26 ақпан күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп «Бәйтерек» ҰБХ-нің жаңа бағдарламасы жөнінде презентациялық семинар өткізілді.

Семинарда жоба жетекшісі Е. Казым кәсіпкерлерге орта бизнестегі кәсіпорындарды қолдау бағдарламасын таныстырып, экспорттаушы және қаржылық жағдайы тұрақты кәсіпорындардың  бағдарлама бойынша мүмкіндіктері түсіндірілді.

Сонымен қатар, басқаарманың ұйымдастыруымен 29 ақпанда инновация саласында статистика нысандарын дұрыс толтыру бойынша оқыту семинары өткізіліп, семинарға облыс көлеміндегі 50 астам кәсіпорын қатысты.

Ауылдық кәсіпкерлердің мәселерін шешу мақсатында 14 сәуір күні аудан әкімдерінің қатысуымен селекторлық режимде мәжіліс өткізіліп, онда облыс әкімі облыстық басқармалар мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді.

18 мамыр күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада іскер әйелдер ассоцияциясымен бірлесіп әйелдер кәсіпкерлігі дамыту бойынша семинар – тренинг өткізілді.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2015 жылы республикалық бюджеттен 2 289, 2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

  1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 660,1 млн. теңге бөлініп жыл басынан аймақтық үйлестіру кеңесімен жалпы құны 3,1 млрд.теңгені құрайтын 45 жоба мақұлданды.
  2. Несиені ішінара кепілдендіру бойынша – 45,0 млн. теңге бөлініп жалпы несие көлемі 607,8 млн.теңгені құрайтын 25 жоба ішінара кепілдендірілді.
  3. Гранттық қаржыландыру бойынша – 12,0 млн.теңге бөлінді. Аймақтық үйлестіру кеңесімен ісін жаңадан бастаған 4 кәсіпкерге 8 млн. теңге грант қаражаттары мақұлданды.

Олар:

  1. Дара кәсіпкер «Болат» «Шиелі ауданында цесарка құсын өсіру шаруашылығын ұйымдастыру» жобасы;
  2. Жеке кәсіпкер «Мейірімжан Тарғынұлының» «Сувенир өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру» жобасы;
  3. Дара кәсіпкер «Батыршаевтің» «Шиелі ауданында шеге шығару өндірісін ұйымдастыру» жобасы;
  4.  Жеке кәсіпкер «Р. Шынахметовтың» «Арал ауданында пеноблок өндірісін ұйымдастыру» жобасы.
  1. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша – 1 572,1 млн. теңге бөлінді.
  • Қызылорда қаласындағы (бұрынғы Титов) – «Өндіріс индустриалды аймағының электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысына» – 1530,071 млн. теңге.
  • «Мағжан и К» ЖШС-нің - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н. Іліясов елді мекеніндегі астық қоймасының кірме жолын қайта жаңғыртуға» - 42,1 млн. теңге.
  1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіндегі «Жұмыс істеп тұрған бизнеске сервистік қолдау» компонентінің операторы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы болып саналады.

Аталған бағыт бойынша ақысыз негізде облысымыздың кәсіпкерлерге салалық бизнес-жоспарлар әзерленіп, бухгалтерлік есептемелер, кедендік рәсімдеу, заңгерлік қызмет, мемлекеттік сатып алу кезінде құжаттарды рәсімдеу, сертификациялау стандартын енгізу және IT технологиялар бойынша консультациялық қызметтер көрсетіледі.

 

Сауда бойынша

 

2015 жылдың қаңтар-мамырында бөлшек сауда айналымы 69104,1 млн. теңгені құрады және 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға өсті. Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу 2014 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 8,6% азайды. Базарлар және жеке кәсіпкерлермен өткізілген сауда көлемі есепті кезеңде 11,1%-ға өсті. 2015 жылдың 1 маусымына бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 2001,6 млн. теңгені құрады, саудадағы күндері - 26 күн.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 39,3% құрады, азық-түлік емес тауарлар– 60,7%. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2014 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда – 0,2% төмен, азық-түлік емес тауарлар – 8,8% өсті.

2015 жылдың қаңтар-мамырында көтерме сауда айналымы 39871,2 млн.теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейінен 7,1%-ға түскен. Көтерме сауданың құрылымында азық-түлік емес тауарларжәне өндірістік-техникалық мәндегі өнімдер (шамамен 68,5%) басым.

Облыста жалпы 106 сауда орнына жергілікті өнімді бірыңғай қазақстандық брендпен жайғастыру мақсатында, отандық тауарлардың бөлек сөрелері белгіленіп, арнайы белгіленген «Қазақстанда жасалған»логотиптері ілінді. Сауда орынан отандық тауарөндірушілердің сауда қатарларын орналастыру мақсатында, облыс әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

Жанар-жағар май мәселелері бойынша

 

Облыстағы жанар-жағар май нарығының жағдайына мониторинг және талдау жүргізіліп отырады.

Облыс бойынша ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 15 оператор белгіленіп, олармен ынтымақтастықты нығайту және өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды. Ай сайын операторлардыңсұраныстары қаралып, оларға ҚР Энергетика министрлігі тарапынан облысқа қаралған мұнай өнімдері бөлінеді. Әрі қарай мұнай жеткізуші компаниялармен тиісті жұмыстар жасалады. Облыс операторларының жанар-жағар май бағасы, литріне 1-2 теңге немесе 1,1-1,8% белгіленген бағадан сәйкесінше төмен емес. 

Сонымер қатар, облыс бойынша жанар-жағар май өнімдерінің бағасына талдау және операторлар мен мұнай жеткізуші компания арасында жасалған келісім-шарттың орындалуы бойынша үнемі бақылау жүргізіліп ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай және Газ ақпараттық орталығы» АҚ-на ұсынылады.

 

Лицензия қызметі бойынша

 

Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 444 «Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттікқызметтеріне лицензия берудің уәкілетті органы (лицензиар) болып бекітілді.

2012 жылдың 2 тоқсанынан бастап «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» тәртібі тек электрондық түрде тапсырылатын болды.

2015 жылдың шілдесіне дейін«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» қызметіне лицензия берілген жоқ.

 

Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайдың облыс бойынша сауда және тамақтандыру қызметі бойынша

 

Облыс әкімдігінің ұйымдастыру нұсқаулықтарына сәйкес, 2015 жылдың 2 тоқсанында «Көктем-2015»атты республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулар жоғары деңгейде өткізілді.

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізу мақсатында басқармамен қызметкерлердің күнделікті кезекшілікке тұру кестесі және ұйымдастыратын жұмыс тобының құрамы бекітілді, сонымен қатар Республикалық командалық-штабтық барысында Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайдың облыс бойынша сауда және тамақтандыру қызметі дайындыққа келтіріліп, оқу-жаттығуға қатыстырылды.  

Оқу жаттығу кезінде Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінен түскен дабылдар қабылданып, оларға өз уақытында дер кезінде жеткізілімдер /донесение/ толтырылып жіберілді және атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жолданып отырылды.

 

Туризмнің дамуы

 

2013 жылғы қаңтар-желтоқсанында облысымызда қызмет көрсетiлген келушiлердiң саны 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 21,2% артты және 39 387 адамды құрады. (2014 жылдың статистикалық ақпараты 2015 жылдың жарты жылдығында шығады)

Туристiк салада көрсетілген қызметтердiң жалпы көлемi 917,7 млн теңгені құрады.   Оның ішінде туристік фирмалармен 94,7 млн теңгені, ал  келушiлерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындары бойынша 822,9 млн теңгені құрады. 

 2014 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша келушiлерді орналастырумен шұғылданатын объектілердің саны 70 бірлікті құрады, онда орналастыру орындары 821 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 1 441 төсек-орынды құрайды. Олармен 30427 адамға қызмет ұсынылған және 669 644,3 мың теңгеге қызмет көрсетілген.

Салыстырмалы бағадағы орналастыру орындары қызметтерінің көлемi есептi кезеңде өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,2 % - ға ұлғайды.

«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрме қонақтарын қабылдауды ұйымдастыру үшін «ЭКСПО – 2017» жарнамалық билбордттарын орналастыру мен БАҚ-да жариялау жұмыстары жүргізілуде.

«ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне облыстың қолөнер шеберлерін дайындауға және туризм саласының кәсіби бағыттағы мамандарын дайындау бойынша 2 дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараларға облысымыздың оқу орындары мен мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

2015 жылдың 14-17 наурыз аралығында Маңғыстау облысының туризм басқармасы, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы туристік өкілдерімен және облыстағы турфирмалармен әріптестік кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу мақсаты: екі өңірдегі туристік әлеуетін дамыту мақсатында ынтымақтастық меморандумы жасалды.

2015 жылғы 17 наурызда «Туризм саласының мамандарының кәсіби біліктілігін қалыптастыру» тақырыбында «Туризм және аударма ісі» тобының студенттерімен тәжірбие алмасу және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Қатысушылар:

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.

«IQ» оқу орталығы.

«KZ travel» туристік фирмасы.

2015 жылдың 17-18 сәуірде қонақ үй бизнесін дамыту мақсатында өңіріміздегі қонақ үй қызметкерлеріне арналған 2 күндік семинар-тренинг өткізілді.

Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласында 22-24 сәуір аралығында Қазақстанда және Орталық Азия елдерінің «Туризм және саяхат» атты 15-ші халықаралық Қазақстандық туристік (KITF-2015) көрмесі өтті. Көрме жұмысына облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы өкілдерімен бірге «Саяхат», «Акме-Қызылорда туристік фирмалары қатысып, шет ел және Қазақстандық қонақ үй, емделу-тынығу орындары, балалар тынығу лагерлерімен келісім шартқа отырды. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасына алғыс сертификаты  табысталды.

Өңірдің туристік мүмкіндіктерін алға  жылжыту мақсатында 28-29 сәуір аралығында V инвестициялық форум, «Қызылорда-Қорқыт Ата –Байқоңыр» туристік маршруты бойынша туристік сала мамандары мен БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық-танымдық турөткізілді.

2015 жылғы 14-16 мамыр аралығында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасымен Қызылорда  облысы, Жаңақорған ауданы, Дарбаза тау шатқалында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына  арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты облыстық туристік слет өткізілді. Туристік слетке облыс бойынша студенттермен мектеп оқушыларынан жасақталған 10 команда, 80 оқушы қатысты.

21-23 мамыр күні Алматы қаласының «Discover Kazakhstan» және Қызылорда қаласының «Сырдария бюро туризімі» және «KZ туризм» туристік фирмалары өкілдерінің қатысуымен (Гонконг, Лондон, KITF-2015) халықаралық  көрмелер  нәтижесімен сұранысқа ие болып отырған туристік бағыттарды пысықтап, шетелдік туристерге көрсету үшін алдын-ала жұмыстары жүргізілді. 

2015 жылы 19-21 маусым  аралығында Арал қаласында БҰҰ Даму бағдарламасы және Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы бірлесіп «Киізден кәде-сый өнімдерін өндіру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шара мақсаты жергілікті қолөнер шеберлерін үйрету арқылы туристерге сапалы кәде-сый өнімдерін ұсыну. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің бұйымдарын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне алдын-ала  дайындау.


Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2015 жылғы I тоқсанындағы аналитикалық ақпараты

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

 

2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмыс істеп тұрған субьектілердің саны – 40 031 бірлік, (немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен 103,1%), оның ішінде шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 4052, орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 71, жеке кәсіпкерлер – 33 152, шаруа қожалығы – 2756 бірлікті құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінен бюджетке тускен салық түсімі 6 млрд. теңгені (өткен жылдың сәйкес кезеңі бойынша 15%) құрады.

2015 жылдың 1 наурызындағы жағдайы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы белсенді субьектілердің саны – 29 036 бірлік, (немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен 105,9%), оның ішінде шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 2330, орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 69, жеке кәсіпкерлер – 25 016, шаруа қожалығы – 1621 бірлікті құрады.

Облыста а. ж 1 наурыздағы жағдай бойынша шағын және орта бизнесте – 5491 кәсіпорын тіркелген, (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ 2,9% - ға өскен).

Қала мен аудандар бөлінісінде ШОК бойынша белсенді кәсіпорындардың  басым бөлігі Қызылорда  қаласына (80,2%) және Шиелі (5,5%), Қазалы  (3,7%)  аудандарына тиесілі.

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінен бюджетке тускен салық түсімі 6 млрд. теңгені (өткен жылдың сәйкес кезеңі бойынша 15%) құрады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында облыста 2015 жылдың 1 қаңтарына 977 кәсіпкер оқытылды:

  • «Бизнес кеңесші – 1» - 862;
  • «Жас кәсіпкер мектебі» - 60;
  • «Іскер байланыстар» 1 кезең – 23;
  • «Назарбаев мектебінде топ – менеджмент бойынша» - 20;
  • «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 4 бағытының 2 кезеңі бойынша «Іскер байланыстар» жобасы бойынша германия және АҚШ – да  12  топ – менеджер тәжірибеде болып қайтты. 

Жыл басынан Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасымен кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша 5 мәжіліс отырысы және 1 семинар – тренинг өткізілді.

Оның ішінде, Қызылорда облысы әкімінің жанындағы кәміпкерлер Кеңесінің 2 отырысы, 1 – алқа мәжілісі отырысы, техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штаб отырысы, 1 – «Бәйтерек» ҰБХ-нің орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Даму» қорымен бірлескен отырысы және облыста әйел кәсіпкерлігін дамыту мәселелері бойынша семинар – тренинг өткізілді.

 

Сауда бойынша

 

2015 жылдың қаңтар-ақпанында бөлшек сауда айналымы 25955,8 млн. теңгені құрады және 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,4%-ға өсті. Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу 2014 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,7% азайды. Базарлар және жеке кәсіпкерлермен өткізілген сауда көлемі есепті кезеңде 8,9%-ға өсті.

2015 жылдың 1 наурызына бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 2523,6 млн. теңгені, саудадағы күндері - 40 күнді құрады.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 38,5%, азық-түлік емес тауарлар – 61,5% құрады. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2014 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда – 2,8% төмендеп, азық-түлік емес тауарлар – 7,1% өсті.

Облыс бойынша 68 сауда үйлері жұмыс жасауда, оның ішінде 30-сауда үйіне «Қазақстанда жасалған» бренд атауымен арнайы сауда қатарлары орналастырылған.

 

Туризмнің дамуы

 

2013 жылғы қаңтар-желтоқсанында облысымызда қызмет көрсетiлген келушiлердiң саны 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 21,2% артты және 39 387 адамды құрады. (2014 жылдың статистикалық ақпараты 2015 жылдың жарты жылдығында шығады)

Туристiк  салада  көрсетілген  қызметтердiң  жалпы  көлемi 917,7 млн  теңгені  құрады. Оның  ішінде  туристік   фирмалармен 94,7 млн теңгені, ал  келушiлерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындары бойынша 822,9 млн теңгені құрады. 

2014 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша келушiлерді орналастырумен шұғылданатын объектілердің саны 70 бірлікті құрады, онда орналастыру орындары 821 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 1 441 төсек-орынды құрайды. Олармен 30427 адамға қызмет ұсынылған және 669 644,3 мың теңгеге қызмет көрсетілген.

Салыстырмалы бағадағы орналастыру орындары қызметтерінің көлемi есептi кезеңде  өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,2 % - ға ұлғайды.

«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрме қонақтарын қабылдауды ұйымдастыру үшін«ЭКСПО – 2017» жарнамалық билбордттарын орналастыру мен БАҚ-да жариялау жұмыстары жүргізілуде.

«ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне облыстың қол өнер шеберлерін дайындауға және туризм саласының кәсіби бағыттағы мамандарын дайындау бойынша 2 дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараларға облысымыздың оқу орындары мен мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

2015 жылдың 14-17 наурыз аралығында Маңғыстау облысының туризм басқармасы, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы туристік өкілдерімен және облыстағы турфирмаларменәріптестік кездесу  ұйымдастырылды.

Кездесу мақсаты: екі өңірдегі туристік әлеуетін дамыту мақсатында ынтымақтастық меморандумы жасалды.

2015 жылғы 17 наурызда «Туризм саласының мамандарының кәсіби біліктілігін қалыптастыру» тақырыбында «Туризм және аударма ісі» тобының студенттерімен тәжірбие алмасу және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында дөгелек үстел өткізілді.

Қатысушылар:

 Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.

«IQ» оқу орталығы.

«KZ travel» туристік фирмасы.

01.07.2015ж

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 06-04-2018 18:19

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика