«Барсакелмес» табиғи қорығы

 

   Қорық 1929 жылы резерв негізінде құрылған, ал 1939 жылдың 10 желтоқсанында мемлекеттік қорық мәртебесін алды. Қорық  Арал қаласынан 180 км, және автомобиль жолынан 330 км қашықтықта орналасқан. Қорықтың мақтанышы Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енгізілген құлан болып табылады. Барсакелмес қорығында сирек кездесетін флора мен  фаунаның турлері бар. Қорықта сүтқоректілердің 25 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, құстардың 176  түрі және бауырымен жорғалаушылардың  12 түрі мекен етеді. Өсімдік 354 түрі өседі, оның 14 түрі Арал аймағының эндемик өсімдіктері. Оның ішіндегі маңыздысы ақ және қара сексеуіл (ағаш).

 

25.07.2016

Құрылған күні: 27-06-2016 13:13
Жаңартылған күні: 10-01-2018 11:12

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика