«Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру.

 

Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмнің дамуы үлгісінде «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру Тұжырымдамасы және  үш тілде таныстыру (анимациялық) бейнеролигі әзірленді.

«Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағының тұжырымдамасына сәйкес төмендегі нысандар қамтылатын болады:

Сауда орталығы,әлемдік стандарттарға сәйкес қонақ үй, мейрамхана, жаңа телекоммуникациялық байланыспен жабдықталған кино және ойын-сауық залдары, боулинг, бильярд, әртүрлі техникалық арнайы эффектілері бар ғарыштық аттракциондар, "hi-tech" технологияларымен, зымырандардың іске қосылуын бақылауға арналған заманауи қондырғылар, бассейн, жаттығу залы, сауна, SPA-процедуралар, аквапарк, ұлттық кәдесый өнімдерінің дүкендері, этноаул, ғарыш мұражайы.

Бүгінгі күнге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойынан Қармақшы ауданындағы 1576 шақырымында жер телімі белгіленді. Қазіргі уақытта «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру үшінжер телімін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.


Байқоңыр кешенінде туризмді дамыту

 

Байқоңыр» ғарыш айлағының туристік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмнің дамуы үлгісінде  «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын ашу Тұжырымдамасы әзірленді. Бүгінгі күні, Қармақшы ауданындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің 1576 шақырымдағы жер телімі белгіленді.

Қазіргі таңда, Қармақшы ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасымен және жер қатынастары басқармасымен «Байқоңыр» ойын – сауық туристік аймағының жер телімін рәсімдеу мәселесі пысықталуда.


Байқоңыр кешенінде туризмді дамыту

 

Қазақстаннның туризм саласында алғаш рет 7 отандық туроператор ағымдағы жылдың басында «Байқоңыр» кешеніне турларды құруға, қалыптастыруға рұқсат алды және оларды сату құқығына ие болды.

Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны «Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы» іріктеген қазақстандық туроператорлар шетелдік және отандық туристер үшін «Байқоңыр» кешенін қолайлы тарифпен аралауға бағытталған турпакеттер әзірледі және нысандар туралы ақпаратты, сондай-ақ, зымыран ұшу кестесіне дейін өздерінің ресми сайттарына орналастырды.

2016 жылдың қарашасында Қазақстан және Ресей мемлекеттік органдары арасында 2016-2018 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша біріккен бағдарламасы бекітілді.

«Байқоңыр» кешенін дамыту мақсатындағы Ресей-Казахстан Үкіметаралық комиссия отырысында 2018-2022 жылдарға Байқоңыр қаласын дамыту Бағдарламасының жобасы қаралды. Жақын арада Бағдарламаны бекіту жоспарлануда.

Бұдан бөлек спорт және мәдениет министрлігімен «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдама» жобасы әзірленіп, ол үстіміздегі жылдың 30 маусымында №406 Үкімет Қаулысымен бекітілді. Тұжырымдамада «Ұлы Жібек жолын жаңғыту» Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін қамтитын туристік кластерді дамыту, яғни Қызылорда қаласы мен Байқоңыр кешені туристік аумағы қаралған.

2017 жылдың 13 маусымында болған «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей 5-ші Үкіметаралық комиссия отырысында бірнеше мәселелер көтеріліп, бүгінгі таңда олар (пайдаланусыз тұрған жер телімдерінің Қазақстан тарапына өтуі, инфрақұрылым жүргізу, медициналық қызмет көрсету, т.б.) шешімін тапты.

Осыған байланысты туристік кластерді қалыптастыру мақсатында Байқоңыр аумағында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік кешенін салу көзделуде. Оған тұғырлы инвесторлар табылғанша, жобаны Мемлекеттік-Жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыру қолға алынбақ.


Байқоңыр кешенінде туризмді дамыту

 

Қазақстаннның туризм саласында алғаш рет 7 отандық туроператор ағымдағы жылдың басында «Байқоңыр» кешеніне турларды құруға, қалыптастыруға рұқсат алды және оларды сату құқығына ие болды.

ФМУК «ЖҒПИО» іріктеген қазақстандық туроператорлар шетелдік және отандық туристер үшін «Байқоңыр» кешенін қолайлы тарифпен аралауға бағытталған турпакеттер әзірледі және нысандар туралы ақпаратты, сондай-ақ, зымыран ұшу кестесіне дейін өздерінің ресми сайттарына орналастырды.

2016 жылдың қарашасында Қазақстан және Ресей мемлекеттік органдары арасында 2016-2018 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша біріккен бағдарламасы бекітілді.

«Байқоңыр» кешенін дамыту мақсатындағы Ресей-Казахстан Үкіметаралық комиссия отырысында  2018-2022 жылдарға Байқоңыр қаласын дамыту Бағдарламасының жобасы қаралды. Жақын арада Бағдарламаны бекіту жоспарлануда.


«Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту.

«Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Мәселен, 2016 жылы Қазақстан туризмі тарихында алғаш рет 7 отандық туроператорларымыз «Байқоңыр» кешенінде тур қалыптастыруға және сатуға қол жеткізді.

Бүгінгі күні «Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы» (бұдан әрі «ЖҒИПО») таңдауымен алынған қазақстандық туроператорлар шетелдік және отандық туристер үшін «Байқоңыр» кешеніне кіруге тиімді турпакеттер жасап шығарды.

2016 жылы маусымында «ЖҒИПО» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны мен Қызылорда облысы әкімдігінің бірігуімен Қазақстандық және Ресейлік туроператорлар үшін «Қызылорда – Байқоңыр - Қызылорда» маршруты бойынша ақпараттық-танымдық тур өткізілді. Турға қатысушылар Қызылорда облысының туристік әлеуетімен танысты.

2016 жылы екі елдің мемлекеттік органдары арасында «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша біріккен бағдарлама бекітілді. Бағдарлама «Байқоңыр» кешенінде туристік  өнімді қалыптастыруға және ілгерілетуге бағытталды.

Бұдан бөлек, Байқоңыр қаласына жақын, Қармақшы ауданы аумағында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жоспарлануда. Онда ғарыштық аттракциондар, сауда орталығы, мұражай, кинотеатр, аквапарк және т.б. болады.

«Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру – Байқоңырдың әлемдік туристік брендте танылуына бағытталады.

Осы ретте, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру барысында Байқоңыр қаласына және ғарыш алаңына кедергісіз кіру мүмкіндігін қарастыру орынды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізіледі. Оған көп көлемде туристер қатысады деп күтілуде. «ЭКСПО-2017» Көрмесінің туристік маршрутына Қызылорда облысының негізгі әлеуеті ретінде «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені енгізілді.

Осы ретте, бүгінгі күні Көрме өткізілу кезеңінде «Астана – Байқоңыр - Астана» және «Алматы – Байқоңыр - Алматы» бағытында жеке рейстер ашу мәселесі қарастырылуда.  

 

 

Құрылған күні: 27-06-2016 11:23
Жаңартылған күні: 05-04-2019 09:39

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика