Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 57 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 68 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

             Қазақстан Туристік Ассоциациясы

        

Қазақстан Туристік Ассоциациясы (ҚТА) 1999 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президентінің қолдауымен ашылған болатын. ҚТА коммерциялық емес, үкіметтік емес, республикалық салалық ассоциация болып табылады.

ҚТА - ның құрамына Қазақстан Қонақ үй және Мейрамханалар Ассоциациясының (ҚҚҮжМА), «Amadeus» компаниясының өкілеттіліктері, туристік, сақтандыру және авиакомпаниялар, жоғарғы оқу орындары және БАҚ кіреді.

 

Қазақстан Туристік Ассоциациясының мүшелері

        

         Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы (ҚКФ)

         Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігінің туризм жөніндегі кеңесі

         Ресей Туриндустриясының Одағы (РДО)

         ОЮЛ «Атамекен»

 

Қазақстан Туристік Ассоциациясының негізгі мақсаттары

  • Туристік және қонақ үй сферасында қызмет жасайтын ұйымдар мен кәсіпорындарды ерікті түрде біріктіру; олардың профессионалдық қызметтерін дамыту;
  • Ассоциация мүшелерінің қызметін бақылау;
  • Ассоциация мүшелерінің қызметін және қызығушылықтарын қорғау;
  • Ассоциация мүшелерінің қызығушылықтарын үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпорындарда қорғау;
  • Дүниежүзілік нарықта туристік өнімді жылжыту;
  • Қазақстанның негізгі турөнімі ретінде экотуризмді жылжыту;
  • Қазақстан Республикасының және оның бөлек облыстарының ұтымды имиджін қалыптастыру; туризмнің жағдайлары туралы аналитикалық, ақпараттық, зерттеу материалдарын дайындау;
  • Туристерге тематикалық кештер мен сан қилы бонустары бар клубтарды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Туристік Ассоциациясының ақпараттық орталығы арқылы туристерге ұсынылатын ақпараттық қызметтерді кеңейту және жаңарту;
  • Халықаралық туристік көрмелерге қатысуды ұйымдастыру; сонымен қатар сол жерде көрсетілетін ақпараттық стендтерді жасау; оны жасауға жергілікті ұйымдар мен үкіметті қатыстыру;
  • Кадрлардың білімін қайта ұйымдастыру мен дамыту жолында жаңа жүйені құрастыру; Қазақстан Туристік Ассоциациясының Оқу орталығының қызметтерін дамыту;
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы туристік және қонақүйлік инфрақұрылымның эффективті жұмыс істеуіне жағдай жасау;
  • Кіші бизнес пен туризмнің даму бағдарламаларын ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысу.

Қазақстан Туристік Ассоциациясының негізгі функциялары

  • Ассоциация үкімет органдарымен үнемі байланыста және олардың тілектерін барлық деңгейлерде көрсетеді;
  • Ассоциация өз мүшелерінің ықыластарын конгресстерде, симпозиумдарда, семинарлар мен конференцияларды, сан - қилы кездесулерде көрсетеді, яғни олар туристік және қонақ үйлік бизнестің дамуы жайлы мәселелерді қарастырады;
  • Ассоциацияның қызметі жайлы қоғамды ақпараттандырады, Ассоциацияның жайлы имиджі туралы БАҚ-ты пайдалана отырып, ақпарат таратады;
  • Ассоциация мүшелерінің оқуын қамтамасыз етеді: менеджмент, маркетинг және қонақ үйлік технологиялар жайлы практикалық семинарларға қатыстырады;
  • Ассоциация жүзеге асыратын қызметтерді презентациялайды;
  • Туристік агенттіктер мен туроператорлармен, қонақ үй қызметін жүзеге асыратын орындармен үнемі байланыста болады.

Қазақстан Туристік Ассоциациясының қызметі

  • Ассоциация мүшелерінің қызметіне қолдау көрсету;
  • Туризмнің заңдық базасын құру қызметіне көмектесу. Заңдық жобаларға зерттеу жүргізу;
  • Қазақстан Республикасын туризмді дамытуға ыңғайлы ел деген көріністі қалыптастыру;
  • Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туристік құжаттамаларды толтыру жұмыстарын оңайлату сияқты қызметтерге қатысу;
  • Периодтық жариялану қызметі;
  • Нарықты маркетингтік зерттеу;
  • Халық пен туристік индустрия субъектілерінің арасындағы дау-дамайларды шешуге көмектесу.

Қазақстан Туристік Ассоциациясы және Қызылорда облысының әкімдігі туристік саланы даму мақсатында тығыз қарым-қатынас орнатты.

Мысалы, Қазақстан Туристік Ассоцияциясы келісімімен Қызылорда облысы бойынша 15 бағыттан тұратын  туристік маршруттар бекітілді. Бұл, ең алдымен Арал ауданының туристік әлеуеті (Барсакелмес аралы, кемелер зираты, Арал теңізі, Көкарал бөгеті) , демалыс аймағы Қамыстыбас көлі жағалауы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, «Байқоңыр» ғарыш кешені, Жаңақорған ауданының таулы шатқалы және басқада мәдени-танымдық, тарихи, қажылық туризм түрі.

 

Құрылған күні: 27-06-2016 12:28
Жаңартылған күні: 10-01-2018 11:06

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 57 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 68 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика