«Даму-Өндіріс» бағдарламасы

 

Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қолдау бағдарламасы

(ҚР Ұлттық Қорының 1 траншы)

  Кәсіпкерлерді қолдаудың қаржылық бағдарламаларына қатыспайтын («Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы, «Даму Өңдіріс» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің сауықтыру бағдарламалары, және «КазАгро» ҰБХ» АҚ), қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру;

Негізгі құралды құруға, жаңалауға және жаңасын сатып алуға, сонымен бірге «Экономикалық қызмет түрлері номинклатурасы (5-таңбалы ЭҚЖЖ)» 10 бөлімнің (азық-түлік өндірісі) 11.06 сыныбы және 11 бөлімнің (сусындар өндірісі) 11.07 сыныбының С секциясына (өңдеу өнеркәсібі) сәйкес экономика салаларында іске асырылатын Соңғы қарыз алушының жобаларын қаржыландыруға басымдық беру үшін несиелендіру;

Бағдарлама бойынша келесі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға рұқсат етілмейді

·  Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін, іске асырушы жобалар;

·  құрылтайшылары - ұлттық басқарушы холдингтері (ҰБХ), холдингтер (ҰХ), компаниялар (ҰК) болатын;

·  құрылтайшылары - ұйымдар болатын, елу және одан көбірек пайыз акциясы (жарғылық капиталға қатысу үлесі) тікелей немесе жанама мемлекетке, ҰБХ, ҰХ, ҰК тиесілі

·  құрылтайшылары - меншік нысаны жеке мекеме ретінде рәсімделген заңды тұлғалар болатын.

 

Өңдеу өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге жататын қызмет саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (жобаларын) қолдау бағдарламасы

(Ұлттық Қордың II траншы)

 

негізгі құралды құруға, жаңалауға және жаңасын сатып алу (өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет саласындағы);

айналым қаражатын толықтыру (тамақ және өңдеуші өнеркәсіпте) үшін несиелендіру;

Бағдарлама бойынша келесі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға рұқсат етілмейді

  • заңды тұлғалардың жарғы капиталына қатысу мақсатына;
  • бұрынғы шығынды қайтаруға;
  • үлестес/байланыстағының активтерін, негізгі қорын сатып алуға;
  • акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар.
  • құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) - ұлттық басқарушы холдингтері (ҰБХ), холдингтер (ҰХ), компаниялар (ҰК) болатын;
  • құрылтайшылары - ұйымдар болатын, елу және одан көбірек пайыз акциясы (жарғылық капиталға қатысу үлесі) тікелей немесе жанама мемлекетке, ҰБХ, ҰХ, ҰК тиесілі;
  • коммерциялық емес ұйымдар.

 

Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қолдау бағдарламасы (Ұлттық Қордың III траншы)

 

негізгі қордың жаңасын алуға, құруға және жаңалауға; бұрынырақ берілген қарызды қайта қаржыландыруға; айналым қаражатын толықтыруға.

 

Бағдарлама бойынша келесі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға рұқсат етілмейді

  • заңды тұлғалардың жарғы капиталына қатысу мақсатына;
  • бұрынғы шығынды қайтаруға;
  • үлестес/байланыстағы компаниялардың активтерін, негізгі қорын сатып алуға;
  • акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар.
  • құрылтайшылары (соның ішінде қатысушылары, акционерлері) - ұлттық басқарушы холдингтері (ҰБХ), холдингтер (ҰХ), компаниялар (ҰК) болатын;
  • құрылтайшылары - ұйымдар болатын, елу және одан көбірек пайыз акциясы (жарғылық капиталға қатысу үлесі) тікелей немесе жанама мемлекетке, ҰБХ, ҰХ, ҰК тиесілі;
  • коммерциялық емес ұйымдар.
Құрылған күні: 29-07-2016 11:46
Жаңартылған күні: 10-01-2018 11:36

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика