Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының қаржы

басқармасының 2016 жылғы

«28» желтоқсанындағы

№502 бұйрығымен бекітілген

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

1. «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - коммуналдық мемлекеттік мекеме) облыс аумағында кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасымен қызмет көрсету функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Мемлекеттік мекеме «Коммуналдық мемлекеттік мекеменің кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 655 қаулысына сәйкес қайта аталды.

4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі (бұдан әрі - құрылтайшысы).

5. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты кұқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган) болып табылады.

6. Мемлекеттік мекеменің атауы:

- мемлекеттік тілде: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»;

- орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Центр обслуживания предпринимателей» управления предпринимательства и туризма Кызылординской области».

7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индексі 120014, Қызылорда каласы, Әйтеке би көшесі, № 28 үй.

8. Мемлекеттік мекеме мен жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган, мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы, мемлекеттік мекеме әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындагы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

9. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

10. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

11. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны кұра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

12. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепіліндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшысы субсидиарлық жауапты болады.

13. Мемлекеттік мекеменің азаматтық - құқықтык мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

14. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні облыс аумағында кәсіпкерлерге қызмет көрсету.

15. Мемлекеттік мекеменің қызметінің мақсаты облыс аумағында кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасымен қызмет көрсету болып табылады.

Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қызметінің барлық бағыттары бойынша сапалы қызмет көрсету;

2) рұқсат құжаттарын алу бойынша қызметтер көрсету және кеңес беру;

3) консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік бағдарламалар және қаржы институттарының қаржыландыру шарттары, бухгалтерия бойынша кеңестер беру;

4) бизнес-жоспар, маркетингтік жоспар жасау және жобаларды қаржыландыру бойынша кеңестер беру.

5) кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді жүйесін дамыту;

6) өңірде әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлерді қосымша акпарат құралдарымен қамтамасыз ету;

7) ауыл шаруашылығы ынтымақтығы және микробизнес бойынша кеңес беруге байланысты қызметтер.

17. Мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ак мәмілелер жасауға тыйым салынады.

18. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалган мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай кұжаттарында не басшының (директордың) жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті аткарушы органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

19. Мемлекеттік мекеме басшының (директордың) мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4. Мемлекеттік мекемені басқару

20. Мемлекеттік мекемені жалпы баскаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

21. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органга мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп беру жөнінде ұсыныс береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеме басқару органдарының кұрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

5) мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

6) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

7) мемлекеттік мекеме басшысының (директорының) ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісуге ұсыныс береді;

11) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті аткарушы органға, мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс береді;

12) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның келісімі бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және таратуды жүзеге асырады;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

22. Мемлекеттік мекеме басшысы (директоры) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды коспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

23. Мемлекеттік мекеме басшысы (директоры) мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады, (Қазакстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына және мекеменің мүлкінің сақталуына жеке жауапты болады.

24. Мемлекеттік мекеменің басшысы (директоры) дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында айкындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

25. Мемлекеттік мекеме қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұскаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастырады және аталған жұмысқа дербес жауапкершілікте болады;

12) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органымен жүктелген баска да функцияларды жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

26. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеме мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

27. Мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті бюджеттен қаржыландырылады.

28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

29. Мемлекеттік мекеме қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

31. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

32. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

33. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

34. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Құрылған күні: 30-05-2017 10:06
Жаңартылған күні: 16-08-2017 09:08

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика