«Қамыстыбас» демалыс орны

«Қамыстыбас» демалыс аймағын дамыту. «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша қазіргі уақытта жалпы инвестиция көлемі 105 млн.теңге болатын 90-нан астам нысан іске қосылды. Сондай-ақ туристер катерлерді, жел қайықтарын, катамарандарды және гидроциклдерді пайдалана алады. Аталған туристік нысан Байқоңыр қаласының тұрғындары арасында ерекше сұранысқа ие және демалыс турлары аясында дамып келеді. 2018 жылы Қамбаш көліне 89 000-ға жуық адам келді.

Анықтама ретінде: Қызылорда қаласынан Қамбашқа дейінгіқашықтық 430 км құрайды. Бүгінгі күні 37 жалға берілетін үй, және 50-ден астам шағын үй жұмыс істейді, үйді жалдаудың орташа бағасы 5000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін, әрбір үй 5-10 адамға есептелген. Маусым кезеңі: маусым, шілде, тамыз айлары.