Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

2017 жылға «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының орындалуы

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға539,619 млн. теңге.

Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 40 отырысы өткізіліп, нәтижесінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайтын 174 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 130 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

2017 жылдың басынан бері мемлекеттік ішінара кепілдендіру бойынша 650 млн. теңге кепілдік сомасына 64 жоба қолдау тапқан.

Атап өту қажет, ШОБ несиесі бойынша кепілдіктерді босату үшін қаражаттың тапшылығына байланысты 25 млн. теңге көлеміндегі қаражат субсидиялау компонетінен кепілдендіру құралына қайта бөлінді (105 млн. теңге + 25 млн. теңге).

3) гранттық қаржыландыруға – 110 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Анықтама ретінде:

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды.

Ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлерін қайтарымсыз гранттармен қаржыландыру үшін 2017 жылдың 14 шілдесінде облыстық бюджеттік комиссия отырысымен 100 млн. теңге субсидиялау компонентінен гранттық қаржыландыру компонентіне қайта бөлінген болатын.

Бөлінген қосымша қаражат аясында Өңірлік үйлестіру кеңесімен 100 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 97 жобасы қаржыландырылды.

 

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

- Арал ауданы бойынша

14

13,551

- Қазалы ауданы бойынша

5

6,2

- Қармақшы ауданы бойынша

16

10,824

- Жалағаш ауданы бойынша

10

6,14

- Сырдария ауданы бойынша

19

13,959

- Шиелі ауданы бойынша

15

8,965

- Жаңақорған ауданы бойынша

6

7,05

- Қызылорда қаласы бойынша

29

43,31

 

2017 жылға «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасының орындалуы

 

2017 жылы «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорымен 700 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күн бөлінген қаражат 4 екінші деңгейлі банкке арнайы шартпен отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 600 млн. теңге;

- «Фортебанк» АҚ - 500 млн. теңге

- «Казкоммерцбанк» АҚ - 150 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 150 млн. теңге.

Аталған Бағдарлама аясында отырғызылған қаражат кәсіпкерлерге 8,5 пайызбен 180 млн.теңгеге дейін 5 жылға, сондай-ақ 6 айға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен беріледі.

Бүгінігі күні «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде 1178,9 млн. теңгеге 48 жоба мақұлданды. Жалпы Бағдарлама аясындағы қаражаттың игерілуі 84,2% құрайды.

Атап өткен жөн, қаржыландырылған 48 жоба бойынша 70 астам жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде міндеттемелер алынды.


Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша

АНЫҚТАМА

 

2017 жылдың наурызында барлық іске асырылып жатқан бағдарламаларды өнімсіз жұмыспен қамтылғандар санының ішінен жаңа жұмыс орындарын ашуға және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің санын арттыруға тиімді бағыттау мақсатында Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай жол картасы әзірленді.

Бірыңғай жол картасын іске асыру үшін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен ай сайын тұрақты негізде Қызылорда қаласы мен облыс аудандарының ауылдық округтерінің негізгі көрсеткіштеріне (құрылған ШОК субъектілерінің саны, құрылған ШОК субъектілерінің түрлері, жұмыссыздар саны, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар саны, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар саны және т.б.) мониторинг жүргізілуде.

Жалпы облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 49 108 бірлікті құрап (2017 жылдың 1 қыркүйегі жағдайы бойынша), өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өскен. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 36 835 бірлікті құраса (2017 жылдың 1 қыркүйегі бойынша), бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айында шығарылған өнім көлемі 48,8 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 16,4%-ға ұлғайған.

Қызылорда қаласы мен аудандар бөлінісіндегі тіркелген және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша ақпарат келесідей:

 

 

Тіркелген кәсіпкерлік  субъектілерінің саны*

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны*

2016 жылмен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субьектілері-нің үлесі, %

Қызылорда облысы бойынша

49 108

36 835

105,7

- Арал ауданы бойынша

3 974

3 255

111,5

- Қазалы ауданы бойынша

4 095

2 975

97,9

- Қармақшы ауданы бойынша

3 236

2 323

108,0

- Жалағаш ауданы бойынша

2 254

1 588

108,9

- Сырдария ауданы бойынша

2 085

1 480

118,8

- Шиелі ауданы бойынша

4 256

3 152

108,2

- Жаңақорған ауданы бойынша

3 240

3 084

120,8

- Қызылорда қаласы бойынша

25 503

18 668

102,1

*2017 жылдың 8 айындағы ресми статистикалық мәліметтер

 

Өткен жылдың сәйкесті кезеңіне жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілері санының өсімі облыстың алты ауданы мен Қызылорда қаласында байқалады: Жаңақорған ауданы 120,8%, Сырдария ауданы 118,8%, Арал ауданы 111,5%, Жалағаш ауданы 108,9%, Шиелі ауданы 108,2%, Қармақшы ауданы 108,0%.

Төмендеу тек Қазалы ауданында байқалады яғни 2,1%.

Тіркелгендердің ішінен жұмыс жасап тұрғандар санының ең жоғарғы пайызы  95,18% Жаңақорған ауданы мен 81,9% Арал ауданында.

Ең төменгі пайыз Жалағаш ауданында, яғни 70,4%.

Сонымен бірге, 2017 жылдың 8 айында (наурыз-тамыз) 3134 ЖК, 115 шаруа қожалықтары және 289 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның ішінде аудандар бойынша:

 

ЖК

ШҚ

ЖШС

- Арал ауданы бойынша

263

8

-

- Қазалы ауданы бойынша

288

7

-

- Қармақшы ауданы бойынша

286

3

-

- Жалағаш ауданы бойынша

153

7

7

- Сырдария ауданы бойынша

165

47

1

- Шиелі ауданы бойынша

306

22

39

- Жаңақорған ауданы бойынша

349

12

-

- Қызылорда қаласы бойынша

1324

9

242

 

8 ай ішінде құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша ең төменгі көрсеткіштер Жалағаш және Сырдария аудандарында, яғни 167 және 213.

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламасын іске асыруға қатысты.

Ағымдағы жылдың наурызында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқуға қатысатын 5 аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған) анықталып, сондай-ақ қатысушылардың саны анықталып, оқу кестесі бекітіліп, тестілеу нәтижесін қарау және жобаларды қорғау жөніндегі комиссия құрылған. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жылдық жоспар 937 қатысушы, оның ішінде:

- Арал ауданы бойынша

211

- Қазалы ауданы бойынша

222

- Қармақшы ауданы бойынша

107

- Шиелі ауданы бойынша

202

- Жаңақорған ауданы бойынша

195

Бүгінгі күні «Бастау-Бизнес» жобасының төрт тобының қатысушылары оқуды аяқтап, облыстық комиссия алдында бизнес-жобаларын қорғады.

Төрт топтан барлығы 647 адам оқудан өтіп, оның ішінде 394 адам өз жобаларын қорғады.

Анықтама ретінде:

- 5 топ 21 қыркүйектен бастап 11 қазанға дейін оқудан өтуде;

- 6 топ 23 қазанда тестілеуден, 26 қазаннан бастап 22 қарашаға дейін оқудан өтеді.

Сонымен бірге, «БЖК-2020» Бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту курстары өткізілуде. Жыл басынан бері «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында барлығы 1449 адам оқудан өтті:

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер беруге қатысты.

Қызылорда қаласы мен аудандарда микрокредиттер беру үшін ағымдағы жылы 2 058,897 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде ауылға - 1765 млн. теңге, қалада – 293,897 млн. теңге.

 

Ауылда қаражатты игеру келесідей:

 

АНК

АШҚҚҚ

 

 

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

Қызылорда облысы бойынша

127

725,3

303

1039,6

- Арал ауданы бойынша

17

91,9

18

58,1

- Қазалы ауданы бойынша

12

87,9

39

169,9

- Қармақшы ауданы бойынша

5

28,0

28

76,2

- Жалағаш ауданы бойынша

12

90,9

56

149,87

- Сырдария ауданы бойынша

11

107,5

52

213,0

- Шиелі ауданы бойынша

18

105,0

43

147,3

- Жаңақорған ауданы бойынша

45

188,1

33

94,6

- Қызылорда қаласы бойынша

7

26,0

34

130,7

 

Қызылорда қаласында микрокредиттер беру бойынша:

2017 жылы Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін нысаналы трансферттермен 83,897 млн. теңге және жалпы сипаттағы трансфертпен 210 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылдың мамыр айында «Даму» КДҚ» АҚ-на отырғызылды.

Бүгінгі күні Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін қаралған 293,8 млн. теңгенің 200 млн. теңгесі келесі ЕДБ-ге отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 100 млн. теңге;

- «Ресей жинақ банкі» АҚ - 50 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 50 млн. теңге.

Қалған 93,8 млн. теңге қаражатты «Даму» қорымен «Қазалорда» ӨИО-на отырғызу мәселесі пысықталуда.

Бұдан бөлек, ішінара кепілдік беру үшін 36 млн. теңге қаражат қаралған болатын.

Атап өту қажет, аталған қаражат шеңберінде «Қазақстан Халық банк» АҚ-мен жыл соңына дейін бар болғаны 30 млн. теңгеге кепілдік беру жоспарлануда. Бұл ретте, Бағдарлама талаптары бойынша 36 млн. теңгенің тек 6 млн. теңгесі немесе босатылған кепілдіктің 20 пайызы ғана игерілетін болады.

Ал қалған банктер, яғни «АТФ банк» және «Ресей жинақ банкі» аталған Бағдарлама аясында кепілдіктер беруден бас тартуда.

Аталған қаражатты игермеу қаупіне байланысты облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыстық бюджеттік комиссия отырысында 30 млн. теңге көлеміндегі қаражатты Бағдарлама аясында микрокредиттер беруге қайта бөлу мәселесі көтерілуде.

 

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға564,619 млн. теңге.

Анықтама ретінде:

Қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларына қаралған.

Бүгінгі күні мақұлданған жобалар бойынша субсидияны төлеу 2016 жылғы 37,9 млн. теңге көлеміндегі қалған қаражат есебінен іске асырылуда.

Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 29 отырысы өткізіліп, нәтижесінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 5,79 млрд. теңгені құрайтын 107 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 105 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Анықтама ретінде:

Ағымдағы жылдың басынан бері ішінара кепілдендіру бойынша жалпы құны 525,0 млн. теңгені құрайтын 47 жоба мақұлданды.

Атап өту қажет, ШОБ несиесі бойынша кепілдіктерді босату үшін қаражаттың тапшылығына байланысты облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен алдағы облыстық бюджеттік комиссия отырысында 25 млн. теңге көлеміндегі қаражатты субсидиялау компонетінен кепілдендіру құралына қайта бөлу туралы мәселесі көтерілді.

Жалпы, жыл басынан бері «БЖК 2020» бағдарламасының іске асырылуына қатысуда Шиелі (13 жоба), Қармақшы (11 жоба) Қазалы (10 жоба), аудандары мен Қызылорда қаласының (47 жоба) кәсіпкерлері белсенділік танытты. Қалған аудандардың қатысуы келесідей:

Анықтама ретінде:

- Жалағаш ауданы 11 жоба;

- Арал ауданы 8 жоба;

- Жаңақорған ауданы 4 жоба;

- Сырдария ауданы 3 жоба.

Сонымен бірге, бүгінгі күні 9 ЕДБ филиалдарынан 6 банк және 1 лизингтік компания қатысты.

- Қазақстан Халық банкі (жалпы құны 3,889 млрд. теңгеге 55 жоба);

- Банк Центр Кредит (жалпы құны 702,08 млн. теңгеге 29 жоба);

- Fortebank (жалпы құны 251,2 млн. теңгеге 7 жоба);

- Цеснабанк (жалпы құны 209,5 млн. теңгеге 6 жоба);

- Ресей жинақ банкі (жалпы құны 590 млн. теңгеге 4 жоба);

- ТехноЛизинг (жалпы құны 114,017 млн. теңгеге 4 жоба);

- ВТБ банк (18 млн. теңгеге 1 жоба);

- АТФ банк (жалпы құны 21 млн. теңгеге 1 жоба).

Аталған Бағдарламаға Еуразиялық банк және Казкоммерцбанк ӨҮК-не бірде-бір жоба ұсынбаған.

3) гранттық қаржыландыруға – 110 млн. теңге, оның ішінде 10 млн. теңгесі игерілді.

Анықтама ретінде:

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды.

Ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлерін қайтарымсыз гранттармен қаржыландыру үшін ағымдағы жылдың 14 шілдесінде облыстық бюджеттік комиссия отырысымен 100 млн. теңге субсидиялау компонентінен гранттық қаржыландыру компонентіне қайта бөлінген болатын.

Бөлінген қосымша қаражат аясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге құжаттар қабылданды. Кәсіпкерлермен ұсынылған 263 өтінім өз кезегінде конкурстық комиссиямен қаралды.

Бүгінгі күні, мақұлданған жобалар бойынша «Даму» КДҚ» АҚ-мен тиісті келісім шарт әзірленуде. Қаражат а.ж. қазан айында игерілмек.

Бүгінгі күні Бағдарлама аясында 2017 жылы бөлінген қаражаттар негізінде 3080 жұмыс орны сақталып, сондай-ақ 530 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды.

Жалпы Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жыл соңына дейін 1000 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 

«Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасы

Ағымдағы жылы «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорымен 700 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні 1,4 млрд. теңге көлемінде бөлінген қаражат 4 екінші деңгейлі банкке арнайы шартпен отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 600 млн. теңге (40,5% игерілді);

- «Фортебанк» АҚ - 500 млн. теңге (69,1% игерілді);

- «Казкоммерцбанк» АҚ - 150 млн. теңге (74,2% игерілді);

- «АТФ банк» АҚ - 150 млн. теңге (84,5% игерілді).

Аталған Бағдарлама аясында отырғызылған қаражат кәсіпкерлерге 8,5 пайызбен 180 млн. теңгеге дейін 5 жылға, сондай-ақ 6 айға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен беріледі.

Бүгінігі күні «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде 826,8 млн. теңгеге 27 жоба мақұлданды. Жалпы Бағдарлама аясындағы қаражаттың игерілуі 59,05% құрайды.

 

ЕДБ бөлінісінде қаражаттардың игерілуі:

ЕДБ атауы

Мақұлданған жобалар саны

Мақұлданған жобалардың жалпы құны,

млн. теңге

Игерілуі, %

1

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

11

243,282

40,54

2

«Фортебанк» АҚ

9

345,5

69,1

3

«Казкоммерцбанк» АҚ

2

111,3

74,2

4

«АТФ банк» АҚ

5

126,8

84,5

 

Барлығы:

27

826,882

59,05

 

Қала/аудандар бөлінісіндегі ШОБ субъектілерінің қатысуы:

 

Қала/аудан атауы

Мақұлданған жобалар саны

Мақұлданған жобалардың жалпы құны,

млн. теңге

1

Арал ауданы

1

8,5

2

Қазалы ауданы

3

120,0

3

Қармақшы ауданы

-

-

4

Жалағаш ауданы

-

-

5

Сырдария ауданы

-

-

6

Шиелі ауданы

2

38,5

7

Жаңақорған ауданы

-

-

8

Қызылорда қаласы

21

659,882

 

Барлығы:

27

826,882

 

Атап өткен жөн, қаржыландырылған 27 жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды.

Жалпы 2017 жылы Бағдарлама шеңберінде ШОБ субъектілерінің 50 жобасын қаржыландыру және кем дегенде 150 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.


Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 664,619 млн. теңге (қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат ағымдағы жылдың тамыз, қазан және желтоқсан айларына қаралған).

Ағымдағы жылдың басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 21 отырысы өткізіліп, нәтижесінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін жалпы құны 4,83 млрд. теңгеге 66 жоба мақұлданып, оның ішінде 3,88 теңгеге 42 жоба субсидияланды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 105 млн. теңге, оның бүгінгі күні 62 млн. теңгесі игерілді.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың басынан бері кепілдік жалпы құны 314,26 млн. теңгені құрайтын 31 жоба бойынша ұсынылды.

3) гранттық қаржыландыруға – 10 млн. теңге, қаражат 100% игерілді.

Ағымдағы жылы қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды. Қала мен аудандар бөлінісінде жобаларды қаржыландыру келесідей:

- Арал ауданы бойынша жалпы құны 1 550,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қазалы ауданы бойынша 500,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша жалпы құны 1 249,44 мың теңгеге 4 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша жалпы құны 439,343 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 931,217 мың теңгеге 2 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтер бойынша жалпы құны 5 330,0 мың теңгеге 6 жоба.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жыл соңына дейін 1000 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын Қызылорда қаласында іске асыру үшін 2017 жылға 246 млн. теңге қаралды.

Оның ішінде, микрокредит беруге 210 млн. теңге және ішінара кепілдендіруге 36 млн. теңге.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін 2017 жылға ағымдағы трансферттер негізінде республикалық бюджеттен қосымша 83,897 млн. тенге бөлінді.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен ағымдағы жылдың 2 мамырында облыс әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері арасында үшжақты кредиттік шарт жасалынған.

Бұл ретте, бөлінген қаражаттар аясында облыс әкімдігі, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы және «Даму» қоры арасында Қарыз шарты жасалынып, бөлінген қаражаттар «Даму» қорына аударылды.

Қазіргі таңда тиісті қаражаттарды микроқаржы ұйымына отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлінген қаражаттар бұдан әрі жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға микрокредит түрінде 8000 АЕК дейін (18,152 млн. теңгеге дейін) жылдық 6 пайызбен берілетін болады.

Шағын несилер алу үшін жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Бағдарлама шеңберінде «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, өздерінің қаржылық сауаттылығын арттыруға тиіс.

Бұл үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасымен ағымдағы жылдың наурыз айында «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытуға қатысатын 5 аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған) және қатысушылардың саны анықталып, оқу кестесі бекітіліп, тестілеу нәтижесін қарау және жобаларды қорғау жөніндегі комиссия құрылған.

2017 жылдың бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында екі топ құрамынан 371 адам оқытылып, 205 бизнес-жоба қорғалды.

Аталған жоба аясында ағымдағы жылдың 26 маусым күні үшінші топ құрамын анықтау бойынша тест өткізіліп, 30 маусымынан бастап оқыту жүргізілуде.

Жалпы 2017 жылдың басында қала және ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлік субъектілерінің аталған Бағдарламаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, яғни өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Өңірлік бірыңғай жол картасы әзірленді.

Жол картаның басты мақсаты – барлық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оларды тиімді пайдалану болып табылады.

Яғни, Жол картаға сәйкес ауылдық елді-мекендердегі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, оларды тиімді шарттармен қаржыландырып, кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс орындарының санын ұлғайту және әр ауданда жаппай кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық кооперациясын дамыту көзделген.

Сонымен бірге, Жол картасына сәйкес үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қадамдық іс-әрекеті әзірленді.

Қазіргі күні әзірленген қадамдық іс-әрекеттер ауылдық елді-мекендердің халқына түсінікті болуы үшін кітапшалар ретінде дайындалып, облысымыздың барлық ауылдық елді-мекендеріне таратылды және тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, осы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыстың әрбір ауылдық округтеріне бір мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары тағайындалып, тұрақты бақылауға алынды.

Ағымдағы жылы «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорымен 700 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні бөлінген қаражаттардың 1,4 млрд. теңге көлеміндегі сомасы 4 екінші деңгейлі банктерге арнайы шарттармен отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 600 млн. теңге;

- «Фортебанк» АҚ - 500 млн. теңге;

- «Казкоммерцбанк» АҚ - 150 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 150 млн. теңге.

Қазіргі күні аталған банктер Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 555,9 млн. теңге болатын кәсіпкерлік субъектілерінің 15 жобасын қаржыландырса, оның ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жалпы құны 491,1 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған. Бұл ретте, игерілген қаржы көлемі 39,7 пайызды құрады.

Бағдарлама шеңберінде орналастырылған қаражаттар кәсіпкерлерге 180 млн. теңгеге дейін 8,5 пайызбен 5 жылға және 6 айға дейін несиені өтеуде кейінге қалдыру мүмкіндігімен берілетін болады.


Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы 2017 жыл 1 сәуір жағдайы бойынша

 

«БЖК 2020» бағдарламасын іске асыру үшін ағымдағы жылы 779 619 мың теңге бөлінді. Компоненттер бойынша атап айтсақ:

  1. несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 750 619 мың теңге;
  2. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 19 млн. теңге;
  3. гранттық қаржыландыруға - 10 млн. теңге.

Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттермен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 83 897,0 мың теңге қаржы қаралды.

Жалпы жыл басынан бері жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында өңірлік үйлестіру кеңесінің 9 отырысы өткзіліп, нәтижесінде Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба мақұлданды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 9 жобасы бойынша 139,317 млн. теңге көлемінде ішінара кепілдік ұсынылды.

Бұдан бөлек, Бағдарлама шеңберінде бөлінген 10 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант қаражаты ауылдық елді-мекендердің 17 микробизнес субъектілерінің жобаларына ұсыну туралы ӨҮК-нің шешім қабылданды.    

Оның ішінде:

  • Арал ауданы бойынша 1 550,0 мың теңгеге 2 жоба;
  • Қазалы ауданы бойынша 500,0 мың теңгеге 1 жоба;
  • Қармақшы ауданы бойынша 1 249,44 мың теңгеге 4 жоба;
  • Сырдария ауданы бойынша 439,343 мың теңгеге 2 жоба;
  • Шиелі ауданы бойынша 931,217 мың теңгеге 2 жоба;
  • Қызылорда қаласының ауылдық елді-мекендері бойынша

    5 330,0 мың теңгеге 6 жоба қаржыландырылды.

Бағдарлама шеңберінде грант қаражат ұсынылған жобалар іске асырылған жағдайда 36 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.


2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасымен 6 Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы өткізілді. Онда «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 609,9 млн. теңге болатын 13 жоба мақұлданды..

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

2017 жылғы 1 қаңтарына

 

2016 жылы жеке кәсіпкерлікті Бірыңғай бағдарлама шеңберінде қодауға жалпы 1 675 668 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 100 % игерілді.

 Компонеттер бойынша атап өтетін болсақ:

  1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 286 668 мың теңге бөлініп, қаражаттар толығымен игерілді.

Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны



5,8 млрд. теңгені құрайтын 82 жоба мақұлданды.

  1. ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 170,0 млн теңге бөлінді

Ағымдағы жылы кепілдік 48 жоба бойынша ұсынылды.

  1. гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, қаражаттар толығымен игерілген.

Жалпы 2016 жылы инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды. Атап айтсақ:

- Арал ауданы бойынша 2 млн. теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша 5,8 млн. теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданы бойынша 2,5 млн. теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша 1,6 млн. теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданы бойынша 3,5 млн. теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтері бойынша 2,9 млн. теңгеге 2 жоба.

Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Аталған  қаражаттар Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға (555,463 млн. теңге) және АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына (1 534,968 млн. теңге) бағытталды.

Барлық жұмыстар аяқталып, екі нысан пайдалануға берілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін

өңірлік қаржыландыру бағдарламасының орындалуы

 

2016 жылы бағдарламаны іске асыру үшін 1,5 млрд. теңге бөлінді (облыстық бюджетте 500 млн. теңге, 1 млрд. теңге «Даму» КДҚ» АҚ). Бөлінген қаражаттар екінші деңгейлі банктерде орналастырылып, жыл қорытындысы бойынша қаражаттар толығымен игерілді.

1)   «Казкоммерцбанк» АҚ ҚФ - 620 млн. теңге;

2)   «Қазақстан Халық банкі» АҚ ҚФ – 600 млн. теңге;

3)   «Банк Центр Кредит» АҚ ҚФ – 280 млн. теңге.

Бағдарламаны іске асыру барысында 2016 жылы өңіріміздің 48 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары қаржыландырылып, 142 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2017 жылы Бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиені ұсынуды одан әрі жалғасытыру мақсатында 2 млрд. теңге несие қаражаттар қаралды (1 млрд. теңге облыстық бюджетте, 1 млрд. теңге «Даму» КДҚ» АҚ).

2017 жыл барысында 50 кем емес жобаны қаржыландырылып, 150 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.


«Микробизнес-Қызылорда» жобасының

2016 жылға орындалуы

 

«Микробизнес-Қызылорда» жобасын іске асыру үшін

2016 жылы 660 млн. теңге (облыстық бюджеттен 360 млн. теңге, «Алмэкс» Холдингтік компаниясынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қаражатынан 300 млн. теңге бөлінді)  қаралған болатын.

Жалпы құны 656,7 млн. теңге болатын 110 жоба қаржыландырылып, бөлінген қаражаттардың игерілуі 99,5 пайызды құрады.

Сонымен бірге, 2015 жылы берілген несие бойынша қайтарылған 114,383 млн. теңге қаражаты 14 жобаны қайта несиелендіруге бағытталды.

Жыл қорытындысы бойынша «Микробизнес-Қызылорда» жобасы шеңберінде жалпы құны 771,083 млн. теңгеге (656,7 млн. теңге + 114,383 млн. теңге) 124 микробизнес субъектілері (ЖК және ШҚ) несие алды.

Ұсынылған несиелер аудандар бөлінісінде келесі түрде көрсетіледі:

- Арал ауданы – 51,785 млн. теңгеге 13 жоба;

- Қазалы ауданы – 130,1 млн. теңгеге 22 жоба;

- Қармақшы ауданы – 150,23 млн. теңгеге 21 жоба;

- Жалағаш ауданы – 47,6 млн. теңгеге 11 жоба;

- Сырдария ауданы – 161,8 млн. теңгеге 19 жоба;

- Шиелі ауданы – 128,925 млн. теңгеге 19 жоба;

- Жаңақорған ауданы – 40,136 млн. теңгеге 9 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округі – 53,5 млн. теңгеге

9 жоба.

Нәтижесінде «Микробизнес-Қызылорда» жобасы шеңберінде

411 жаңа жұмыс орны құрылды.

 

Құрылған күні: 29-07-2016 11:25
Жаңартылған күні: 10-01-2018 11:42

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика