«Микробизнес-Қызылорда»

жобасы бойынша микрокредит ұсыну

 

Ауыл аймақтары кәсіпкерлерінің жобаларын қаржыландыру, кәсіпкерлік белсенділікті ұлғайтып, облыс экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту мақсатында 2014 жылдың 23 қыркүйегінде облыс әкімдігінің қаулысымен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-гі (бұдан әрі -ӨИО) құрылды.

Жалпы, ӨИО жұмысын 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастады.

ӨИО «Микробизнес-Қызылорда» жобасы аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 5 жылға дейінгі мерзіммен жылдық пайыздық мөлшерлемесі 10 пайыз болатын 10 млн. теңгеге дейінгі микрокредиттер ұсынады.

Орталықпен ұсынылатын ннесиелер бойынша 6 айға дейінгі мерзіммен жеңілдік кезіңі ұсынылып, кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік (жер телімдері, тұрғын үй және т.б) қабылданады.

Микрокредиттер келесі тетіктер бойынша іске асырылады:

1) Кәсіпкерлер ӨИО немесе кәсіпкерлер палатасына (аудандарда) жүгінеді;

2) Кәсіпкерлер палатасы мамандары (аудандарда) кәсіпкерлердің өтінімдерін қабалдағаннан кейін кәсіпкерлердің жобаларын бақылау кеңесі отырысында қорғайды;

3) Бақылау кеңесінің оң шешімін алғаннан кейін кәсіпкерлер несие қаражаттарын алу үшін қажетті құжаттар пакетін жинайды.

4) ӨИО мамандары кәсіпкерден барлық құжаттарды алғаннан кейін, кәсіпкерлердің жобаларын ӨИО жанындағы несие комитеті қарауына шығарады.

5) Несие комитетінің оң шешімін алғаннан кейін кәсіпкерлер кепіл-мүліктерін тіркеп, қарыз шартына отырып, несие алады.

 

 

Құрылған күні: 29-07-2016 11:31
Жаңартылған күні: 10-01-2018 11:04

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика