Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша 2017 жылы өткізілген шаралар туралы

2017 жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасы бойынша жеке кәсіпкер «Исаев» және Байқоңыр қаласы балықшылар клубының бірлесуімен Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы, Жалаңаш көлінде «Қысқы балық аулау» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қызылорда қаласынан, Байқоңыр қаласынан және Арал ауданынан 13 топ қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  ең үздік үштікті иеленгендер мен ең үлкен балық аулағандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ белсене қатысқан ең кішкентай балық аулаушыларға да алғыс хаттар берілді.

2017 жылдың 19-21 сәуір аралығында Алматы қаласында «Туризм және саяхат» Халықаралық көрмесі өткізілді. Көрмеге Қазақстаннның барлық өңірлері сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің өкілдері де қатысты.

Қызылорда облысынан барғандар шетел кластерлері орналасқан павильондарда өз бұйымдарын көрсетті.

Көрмеге облыстағы басты туристік нысандар «Қорқыт Ата» мемориалдық және «Байқоңыр» кешендерінің  үлестірмелі материалдары, туристік нысандары бар брошюралар, винилдік баннерлер қойылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында атқарылған жұмыстар туралы.

Басқарма тарапынан Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-туған ел» базалық бағытының аясында 2 жоба іске асырылды. Біріншісі «Этноауылды ұйымдастыру» кіші жобасы, екіншісі  «Әлемдік туризм күніне» арналған облыстық туристік фестиваль өткізу.

Аталған жобалардың орындалу барысы және аяқталуы бойынша Жоба жарғысы және Іс-шара паспорты әзірленді. Аталған  Жоба жарғысы мен Іс шара паспортында жобаның негізгі мақсаты, нәтижесі, қол жеткізілген индикаторы және аналитикалық жазбалары бойынша толық мәлімет ұсынылып,  облыс бойынша Рухани жаңғыру бағдарламасына жауапты  Жобалық кеңсеге есеп берілді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 24-25 маусымында «Жастар болашақ энергиясы» ұранымен «Менің Отаным - Қазақстан» жас туристердің облыстық слеті Жаңақорған ауданы, Құттықожа елді-мекенінде орналасқан «Тау Самалы» демалыс орнында өткізілді. Оған 6 адамнан құралған 6 топ қатысып, оның ішінде жеңімпаз атанғандарға жүлделер табысталды.

2017 жылдың 27-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында «Astana Leisure - 2017» көрмесі өткізілді. Көрмеге облыстың негізгі туристік нысандары жөніндегі брошюралар қойылып, түрлі қолөнер бұйымдары көрсетілді.

Қыркүйектің 27-сі күні туризм күні аталып өтіп, «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Арал, Қазалы аудандарына «Жаңғырған жастар» атты туристік экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында тарихи мұражайлар араланды.

Сол сияқты 2017 жылы қазанның 28-і күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық туристік жұмыстарды жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру мақсатында  облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы бастамасымен Жалағаш, Қармақшы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылып, тарихи маңызы бар ескерткіштер мен мұражайлар араланды. 

Экспедиция құрамында 50-ге жуық орта және жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

Экспедиция барысында студенттер Жалағаш және Қармақшы аудандарының туристік әлеуеті бар мәдени-тарихи нысандары «Қалжан-Ахун» кесенесі және «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенін тамашалады.

Экспедиция нәтижесінде студенттерге қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік берілді.

ЖАСТАР ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

                Көктемнің бірінші көніңде«Ustudy»орталығында «Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне арналған брейн ринг өтті.

Бұл интеллектуалдық сайысқа 12 мектептен 11 сынып оқушылары 4 «Carpe diem», «iHope», «Zien» және «Irreplaceble» командаға бөлініп өз араларында сайыс көрсетті.

Сайыс 4 турдан тұрды: Полиглот оқушылар Президенттің үш тілдік стратегиясын қолдау мақсатында, 1- ші турда үш тілде сайыс көрсетті. Келесі турда командалар картадаан елдерің астаналарын тауып  география жағынан білімдерін сынады.

Сайыстың бітер алдында кішкене үзіліс жасалып «Астана ЕХРО-2017» ресурстық орталығының қызметкерлері оқушыларға  «Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі туралы толық ақпарат, оған қоса Байқоңыр ғарыш кешені және Қорқыт Ата мемориалдық орталығы  туралы мәліметтер берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып керек  ақпараттарын алды.

Сайыстың соңында оқушылар «Жастар болашақтың энергиясы» атты өзара дебат ұйымдастырды. Бұл күрделі сайыста «Zien» командасы   жеңіске жетті.

Барлық қатысушыларға кәсіпкерлер мен туризм басқармасының атынан ескерткіш  сыйлықтар берілді. Оқушылар оған қоса «Әлеуметтік желінің зияны» атты лекция тыңдады.

«Астана EXPO2017» ресурстық ортылығы

ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ

         Үстіміздегі жылдың 28 ақпанында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен  «Астана- ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған  «Келешек инновациясы. Баламалы көздер» атты іс –шарасы  өткізілді.

         Көрме аясындағы екі тақырыпта өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияда жас ғалымдар өз өенерлерін көпшілікке ұсынды.

         Іс-шараның негізгі мақсаты - болашақ   энергиясына    ұқыптылық    мәдениетін дамыту мен жастар арасында ғылыми -инновациялық біліктілікті арттыру болды. «Келешек инновациясы» тақырыбындағы Көрмеде оқушылар мен студенттердің әзірлеген 35 жобасы назарға қойылды.

         Көрмені тамашалауға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким қатысты. Нәтижесінде, комиссия шешімімен бес номинация бойынша жоба жеңімпаздары облыс әкімдігі атынан дипломдармен марапатталды.

1.                «ІТ-технологиялар саласындағы инновациялық идея» номинациясымен  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң магистранты  Гүлжайна Тәжібаева марапатталды.

2.                «Оқушылар  арасындағы  үздік  инновациялық  жоба»  номинаци -ясымен Қалалық ХББ Назарбаев зияткерлік мектебінің  оқушылары Мақсат Қарлыхан  және Сақтаған Қасымжанұлы марапатталды.

3.                «Үздік студенттік бизнес жоба» номинациясымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң студенттеріЖанна Нуртаева, Жанель Сейдбаттал марапатталды.

4.                «Үздік рационализаторлық шешім» номинациясыменҚорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң студенті Гүлзинат Саттар марапатталды.

5.                «Жасыл экономика саласындағы үздік инновациялық идея»  «Физика- химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының инженері - Динара Ниязова , «Мұнай газ инжинирингі» кафедрасының оқытушысы - Еркебұлан Жақсылықов марапатталды.

           Конференция соңында баяндамашылар мен көрмеге қатысушылардың барлығы белсенділіктері үшін  облыс әкімдігінің атынан сертификаттармен  марпатталды.

"ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстарын ілгерілету мақсатында үстіміздегі жылдың 27 ақпанынан бастап облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан ресурстық орталық ашылып, жұмыс жасап келеді.

      Орталыққа кез келген облыс тұрғыны "ЭКСПО-2017" Көрмесіне қатысты көкейдегі сауалдарға жауап тауып, тиісті мамандардың кеңестерін ала алады.

      Ресурстық орталық Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28, "Кәсіпкерлер үйі" 3 қабатта орналасқан.

      @EXPO.2017.res.center.kyz инстаграмм желісінде орталықтың жұмысы жайында толық ақпарат орналастырылып отырады.

Құрылған күні: 27-06-2016 12:33
Жаңартылған күні: 11-01-2018 09:07

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика