Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 2017 жылға орындалуы

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға539,619 млн. теңге.

Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 38 отырысы өткізіліп, нәтижесінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 8,1 млрд. теңгені құрайтын 162 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 130 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік ішінара кепілдендіру бойынша 54 жоба қолдау тапқан.

Атап өту қажет, ШОБ несиесі бойынша кепілдіктерді босату үшін қаражаттың тапшылығына байланысты 25 млн. теңге көлеміндегі қаражат субсидиялау компонетінен кепілдендіру құралына қайта бөлінді (105 млн. теңге + 25 млн. теңге).

Сонымен бірге, бүгінгі күні 9 ЕДБ филиалдарынан 8 банк және 1 лизингтік компания қатысты.

- Қазақстан Халық банкі (жалпы құны 4,6 млрд. теңгеге 77 жоба);

- Банк Центр Кредит (жалпы құны 934,1 млн. теңгеге 35 жоба);

- Fortebank (жалпы құны 397,2 млн. теңгеге 11 жоба);

- Цеснабанк (жалпы құны 344 млн. теңгеге 11 жоба);

- Ресей жинақ банкі (жалпы құны 660 млн. теңгеге 6 жоба);

- ТехноЛизинг (жалпы құны 354,9 млн. теңгеге 8 жоба);

- ВТБ банк (290,2 млн. теңгеге 8 жоба);

- Казкоммерцбанк ( 412,7 млн. теңгеге 3 жоба);

- АТФ банк (жалпы құны 61 млн. теңгеге 3 жоба).

Аталған Бағдарламаға Еуразиялық банк АҚ-ы бірде-бір жоба ұсынбаған.

3) гранттық қаржыландыруға – 110 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Анықтама ретінде:

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды.

Ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлерін қайтарымсыз гранттармен қаржыландыру үшін ағымдағы жылдың 14 шілдесінде облыстық бюджеттік комиссия отырысымен 100 млн. теңге субсидиялау компонентінен гранттық қаржыландыру компонентіне қайта бөлінген болатын.

Бөлінген қосымша қаражат аясында Өңірлік үйлестіру кеңесімен 100 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 97 жобасы қаржыландырылды.

 

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

- Арал ауданы бойынша

14

13,551

- Қазалы ауданы бойынша

5

6,2

- Қармақшы ауданы бойынша

16

10,824

- Жалағаш ауданы бойынша

10

6,14

- Сырдария ауданы бойынша

19

13,959

- Шиелі ауданы бойынша

15

8,965

- Жаңақорған ауданы бойынша

6

7,05

- Қызылорда қаласы бойынша

29

43,31


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға564,619 млн. теңге.

Анықтама ретінде:

Қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларына қаралған.

Бүгінгі күні мақұлданған жобалар бойынша субсидияны төлеу 2016 жылғы 37,9 млн. теңге көлеміндегі қалған қаражат есебінен іске асырылуда.

Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 29 отырысы өткізіліп, нәтижесінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 5,79 млрд. теңгені құрайтын 107 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 105 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Анықтама ретінде:

Ағымдағы жылдың басынан бері ішінара кепілдендіру бойынша жалпы құны 525,0 млн. теңгені құрайтын 47 жоба мақұлданды.

Атап өту қажет, ШОБ несиесі бойынша кепілдіктерді босату үшін қаражаттың тапшылығына байланысты облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен алдағы облыстық бюджеттік комиссия отырысында 25 млн. теңге көлеміндегі қаражатты субсидиялау компонетінен кепілдендіру құралына қайта бөлу туралы мәселесі көтерілді.

Жалпы, жыл басынан бері «БЖК 2020» бағдарламасының іске асырылуына қатысуда Шиелі (13 жоба), Қармақшы (11 жоба) Қазалы (10 жоба), аудандары мен Қызылорда қаласының (47 жоба) кәсіпкерлері белсенділік танытты. Қалған аудандардың қатысуы келесідей:

Анықтама ретінде:

- Жалағаш ауданы 11 жоба;

- Арал ауданы 8 жоба;

- Жаңақорған ауданы 4 жоба;

- Сырдария ауданы 3 жоба.

Сонымен бірге, бүгінгі күні 9 ЕДБ филиалдарынан 6 банк және 1 лизингтік компания қатысты.

- Қазақстан Халық банкі (жалпы құны 3,889 млрд. теңгеге 55 жоба);

- Банк Центр Кредит (жалпы құны 702,08 млн. теңгеге 29 жоба);

- Fortebank (жалпы құны 251,2 млн. теңгеге 7 жоба);

- Цеснабанк (жалпы құны 209,5 млн. теңгеге 6 жоба);

- Ресей жинақ банкі (жалпы құны 590 млн. теңгеге 4 жоба);

- ТехноЛизинг (жалпы құны 114,017 млн. теңгеге 4 жоба);

- ВТБ банк (18 млн. теңгеге 1 жоба);

- АТФ банк (жалпы құны 21 млн. теңгеге 1 жоба).

Аталған Бағдарламаға Еуразиялық банк және Казкоммерцбанк ӨҮК-не бірде-бір жоба ұсынбаған.

3) гранттық қаржыландыруға – 110 млн. теңге, оның ішінде 10 млн. теңгесі игерілді.

Анықтама ретінде:

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды.

Ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлерін қайтарымсыз гранттармен қаржыландыру үшін ағымдағы жылдың 14 шілдесінде облыстық бюджеттік комиссия отырысымен 100 млн. теңге субсидиялау компонентінен гранттық қаржыландыру компонентіне қайта бөлінген болатын.

Бөлінген қосымша қаражат аясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге құжаттар қабылданды. Кәсіпкерлермен ұсынылған 263 өтінім өз кезегінде конкурстық комиссиямен қаралды.

Бүгінгі күні, мақұлданған жобалар бойынша «Даму» КДҚ» АҚ-мен тиісті келісім шарт әзірленуде. Қаражат а.ж. қазан айында игерілмек.

Бүгінгі күні Бағдарлама аясында 2017 жылы бөлінген қаражаттар негізінде 3080 жұмыс орны сақталып, сондай-ақ 530 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды.

Жалпы Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жыл соңына дейін 1000 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.


Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 664,619 млн. теңге (қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат ағымдағы жылдың тамыз, қазан және желтоқсан айларына қаралған).

Ағымдағы жылдың басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 21 отырысы өткізіліп, нәтижесінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін жалпы құны 4,83 млрд. теңгеге 66 жоба мақұлданып, оның ішінде 3,88 млрд. теңгеге 42 жоба субсидияланды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 105 млн. теңге, оның бүгінгі күні 62 млн. теңгесі игерілді.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың басынан бері кепілдік жалпы құны 314,26 млн. теңгені құрайтын 31 жоба бойынша ұсынылды.

3) гранттық қаржыландыруға – 10 млн. теңге, қаражат 100% игерілді.

Ағымдағы жылы қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды. Қала мен аудандар бөлінісінде жобаларды қаржыландыру келесідей:

- Арал ауданы бойынша жалпы құны 1 550,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қазалы ауданы бойынша 500,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша жалпы құны 1 249,44 мың теңгеге 4 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша жалпы құны 439,343 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 931,217 мың теңгеге 2 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтер бойынша жалпы құны 5 330,0 мың теңгеге 6 жоба.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жыл соңына дейін 1000 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

2017 жыл 1 сәуір жағдайы бойынша

 

«БЖК 2020» бағдарламасын іске асыру үшін ағымдағы жылы 779 619 мың теңге бөлінді. Компоненттер бойынша атап айтсақ:

  1. несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 750 619 мың теңге;
  2. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 19 млн. теңге;
  3. гранттық қаржыландыруға - 10 млн. теңге.

Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттермен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 83 897,0 мың теңге қаржы қаралды.

Жалпы жыл басынан бері жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында өңірлік үйлестіру кеңесінің 9 отырысы өткзіліп, нәтижесінде Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба мақұлданды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 9 жобасы бойынша 139,317 млн. теңге көлемінде ішінара кепілдік ұсынылды. Бұдан бөлек, Бағдарлама шеңберінде бөлінген 10 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант қаражаты ауылдық елді-мекендердің 17 микробизнес субъектілерінің жобаларына ұсыну туралы ӨҮК-нің шешім қабылданды.    

Оның ішінде:

  • Арал ауданы бойынша 1 550,0 мың теңгеге 2 жоба;
  • Қазалы ауданы бойынша 500,0 мың теңгеге 1 жоба;
  • Қармақшы ауданы бойынша 1 249,44 мың теңгеге 4 жоба;
  • Сырдария ауданы бойынша 439,343 мың теңгеге 2 жоба;
  • Шиелі ауданы бойынша 931,217 мың теңгеге 2 жоба;
  • Қызылорда қаласының ауылдық елді-мекендері бойынша 5 330,0 мың теңгеге 6 жоба қаржыландырылды.

Бағдарлама шеңберінде грант қаражат ұсынылған жобалар іске асырылған жағдайда 36 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

2017 жылғы 1 қаңтарына

 

2016 жылы жеке кәсіпкерлікті Бірыңғай бағдарлама шеңберінде қодауға жалпы 1 675 668 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 100 % игерілді.

 Компонеттер бойынша атап өтетін болсақ:

  1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 286 668 мың теңге бөлініп, қаражаттар толығымен игерілді.

Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны 5,8 млрд. теңгені құрайтын 82 жоба мақұлданды.

  1. ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 170,0 млн теңге бөлінді

Ағымдағы жылы кепілдік 48 жоба бойынша ұсынылды.

  1. гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, қаражаттар толығымен игерілген.

Жалпы 2016 жылы инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды. Атап айтсақ:

- Арал ауданы бойынша 2 млн. теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша 5,8 млн. теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданы бойынша 2,5 млн. теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша 1,6 млн. теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданы бойынша 3,5 млн. теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтері бойынша 2,9 млн. теңгеге 2 жоба.

Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Аталған  қаражаттар Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға (555,463 млн. теңге) және АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына (1 534,968 млн. теңге) бағытталды.

Барлық жұмыстар аяқталып, екі нысан пайдалануға берілді.

 

20.12.2016 жыл


Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

 

2016 жылы Бірыңғай бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1 675 668,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 96,3 % игерілді.

Оның ішінде компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 286 668,0 мың теңге бөлініп, қаражаттар толығымен игерілді.

Бүгінгі күні өңірлік үйлестіру кеңесімен 2 759,8 млн. теңгеге 45 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге170 млн. теңге бөлініп, оның бүгінгі күні 107,5 млн. теңгесі немесе 63,23% игерілді.

Ағымдағы жылы кепілдік жалпы 19 жоба бойынша ұсынылды.

  1. Гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, қаражат толығымен игерілді. 1Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды.

Атап айтсақ:

-  Арал ауданында 2 000,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданында 5 800,0 мың теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданында 2 595,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданында 1 662,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданында 3 500,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданында 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтерінде 2 900,0 мың теңгеге

2 жоба.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруге 200,0 млн. теңге қаралды. Бөлінген қаражат ағымдағы жылдың ақпан айында республикалық бюджеттің нақтылануы кезінде Қызылорда облысына Оңтүстік Қазақстан облысынан қайта бөлінді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру үшін қаралған қаражат микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның шотына аударылды («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы).

Бүгінгі күні, Бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалымен кәсіпкерлердің өтініштері қаралуда.

Бірыңғай бағарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 1 411,355 млн. теңгесі немесе 67,5%:

1) Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға – 555,463 млн. теңге. Бүгінгі күні, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы мен мердігер арасында қосымша келсім жасалды.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес қазан-желтоқсан айларына қаралған.

2) АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына – 1 534,968 млн. теңге.

Бұл ретте, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен конкурстық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында көзделген рәсімді есепке алғанда оны бекіту ағымдағы жылдың маусым айында күтілуде.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айларына қаралған.

7.10.2016ж.


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

2016 жылы Бірыңғай бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1 675 668,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 77,07 % игерілді.

Компоненттер бойынша атап айтсақ:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1 286 668,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 1 043 126 мың теңгесі немесе 81,1 % игерілді. Қалған қаражаттар қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айына қаралған.

Бүгінгі күні өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы сомасы 1 921,2 млн. теңге болатын 32 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 170,0 млн теңге бөлініп, оның ішінде 33,5 млн. теңге немесе 19,7 % (жылдық сомадан) игерілді. Қалған қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың шілде және қыркүйек айларында қаралған.

Ағымдағы жылы кепілдік жалпы құны 236,9 млн. теңгеге 16 жоба бойынша ұсынылды.

3) Гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, оның ішінде 17,8 млн. теңгесі немесе 93,6 % игерілді.

Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды.

Атап айтсақ:

-  Арал ауданында 2 000,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданында 5 800,0 мың теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданында 2 595,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданында 1 662,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданында 3 500,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданында 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтерінде 2 900,0 мың теңгеге 2 жоба.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруге 200,0 млн. теңге қаралды.

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу бойынша облыс әкімдігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және қаржы министрліктері арасында үш жақты кредит шарты жасалды.

Жасалған кредит шартының негізінде ағымдағы жылдың 29 сәуірінде өңірлік үйлестіру кеңесімен микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым анықталды («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы).

Осыған байланысты, облыстық қаржы, кәсіпкерлік және туризм басқармалары және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Қызылорда филиалы арасында кредит беру туралы үш жақты келісім жасалып, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның шотына аударылды.

Бүгінгі күні Бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттер беру үшін кәсіпкерлердің өтініштері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Қызылорда филиалымен қарастырлуда.

Бірыңғай бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 60 млн. теңгесі немесе 2,8 %:

1) Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға – 555,463 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы мен мердігер арасында қосымша келсім жасалып, индустриялық аймақта құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.

2) АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына – 1 534,968 млн. теңге.

Бұл ретте, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен конкурстық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында көзделген рәсімге сәйкес конкурс ұйымдастырылды. Бүгінгі күні жарияланған конкурс нәтижесі бойынша камералдық бақылау жүргізілуде.

 

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың шілде-желтоқсан айларына қаралған.

 

«Даму Аймақтар» бағдарламасының іске асырылуы

 

Ағымдағы жылы «Даму-Аймақтар» бағдарламасының іске асырылуы үшін 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді, яғни облыстық бюджеттен 500 млн. теңге, ал «Даму» қорымен 1 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттар өңіріміздегі екінші деңгейлі банктерге («Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Банк Центр Кредит» АҚ-ы және «Казкоммерцбанк» АҚ-ы) отырғызылды. Аталған Бағдарлама шеңберінде қаржыландыру жылдың шілде айынан бастап жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ, аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктармен 5 жылға дейін және 8,5 пайызбен 180 млн. тенге көлемінде несие қаражыты ұсынылатын болады.

Сонымен бірге, 20 млн. теңгеге дейінгі несие қаражаты банктермен Өңірлік үйлестіру кеңесі шешімінсіз беріліп, ал қарыз сомасы 20 млн. теңдеден асатын және 180 млн. тенге  болса, онда кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру жөніндегі мәселе Өңірлік үйлестіру кеңес отырысына шығарылатын болады.

15.07.2016


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

 

Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2016 жылы республикалық бюджеттен 1 675,7 млн. теңге бөлінді. Компоненттер бойынша атап айтсақ:

1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 1 286,7 млн. теңге, оның ішінде 487,1 млн. теңгесі немесе 37,8 %-ы игерілді. Қалған қаржы қаржыландыру жоспары бойынша ағымдағы жылдың мамыр және тамыз айларында қаралған.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны 380,5 млн. теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.

2. Шағын және орта бтзнестің несиелері бойынша ішінара кепілденідіру170 млн. теңге, оның ішінде 22,5 млн. теңге немесе 13,2 % игерілді. Бұл ретте, кепілдік жалпы құны 110,6 млн. теңгені құрайтын 13 жобаға ұсынылды.

3.Гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралды: бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспары бойынша грант беру үшін қаражат ағымдағы жылдың сәуір, шілде және қыркүйек айларына қаралған.

Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ағымдағы жылдың 16 наурызында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 33 жобасы қаралып, Өңірлік үйлестіру кеңісінде одан әрі қарау үшін ұсынылды. Нәтижесінде кеңес шешімімен ауылдық жерлерден 7 жоба мақұлданды. Оның ішінде:

  • Арал ауданында 1 млн. теңгеге 1 жоба;
  • Қармақшы ауданында 3,1 млн. теңгеге 4 жоба;
  • Шиелі ауданында 700 мың теңгеге 1 жоба;
  • Жаңақорған ауданында 1,2 млн. теңгеге 1 жоба.

Бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлінді:

  1. Қызылорда қаласында «Өндіріс» индустриялық аймағындағы электр жүйесінің құрылысын аяқтауға 555,463 млн. теңге;
  2. АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына 1 534,968 млн. теңге.

Бұдан басқа, Оңтүстік Қазақстан облысының қаражатынан (555,6 млн. теңге) Қызылорда облысы үшін микрокредит беруге 200 млн. теңге қайта бөлінді. Қазіргі таңда, ҚР Үкіметіне бекіту үшін енгізілген микрокредит берудің қағидасы мен үлгілік несие шарты жасалды.

05.04.2016 ж.


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2015 жылға респубилкалық бюджеттен 717,2 млн. теңге бөлінді. 2015 жылдың желтоқсанында республикалық бюджеттен қосымша 150 млн. теңге және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан айналым қаражатын толықтыруға қосымша 118 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бөлінген қаражаттың 826,2 млн. теңгесі кәсіпкерлердің несиесі бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бағытталды. Жыл басынан бері өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны 4,5 млрд. теңгеден жоғары

88 жоба мақұлданып, оның жалпы құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын 73 жоба бойынша ЕДБ, «Даму» қоры және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалды. 

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерліктің несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 146,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Жыл басынан бері кепілдендіру компоненті бойынша жалпы құны 745,5 млн. теңгені құрайтын 49 жоба мақлданды.

Бағдарлама шеңберінде мақұлданған жобалардың негізгі бөлігінің 72,7% жеке кәсіпкерлік пен шаруа қожалығына тиесілі. Сонымен бірге, аудандардың Бағдарламаға қатысу деңгейі 36,4 % құрады.

 Бұдан басқа, Бағдарлама шеңберінде жобаларды ұйымдастыру мен іске асыру үшін гранттық қаржыландыру компонентіне - 12 млн. теңге қаржы бөлінді. Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 31 жобасы Конкурстық комиссиямен қаралып, Өңірлік үйлестіру Кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде Өңірлік үйлестіру Кеңес шешімімен ауылдық жерлерден 7 жоба мақұлданды. Оның ішінде:

- Шиелі ауданы бойынша 7 млн. теңге 4 жобаға;

- Арал ауданы бойынша 2 млн. теңге 1 жобаға;

- Қазалы ауданы бойынша 2 млн. теңге 1 жобаға;

- Қармақшы ауданы бойынша 1 млн. теңге 1 жобаға ұсынылды.

Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 1 572,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электр жүйесі құрылысына – 1 530,07 млн. теңге бөлініп, нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов елді мекенінде орналасқан «Мағжан и К» ЖШС-нің астық қоймаға дейін автожол құрылысына 42,1 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді. Нысан 2015 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

Бағдарлама шеңберінде бүгінгі күнге дейін 7046 адамның жұмыс орны сақталып, 3619 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.

08.01.2016 ж.


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2015 жылға 2 млрд. 289 млн. 361 мың теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ:

1) Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 595 190 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

Өңірімізде жалпы құны 3 млрд. 789 млн. теңгені құрайтын 56 жоба өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданып, 45 жоба бойынша субсидиялау шарттары жасалды.

2) Несиені ішінара кепілдендіру компонентіне – 110,0 млн.  теңге қаржы бөлініп, 109,2 млн. теңгесі игерілді немесе 99,3%.

Жыл басынан бері 550 млн. теңгені құрайтын 33 жоба мақұлданды, оның ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесімен 29 жоба және «Даму» КДҚ»  АҚ-ы Қызылорда облысы филиалы бойынша 4 жоба мақұлданды.

3) Гранттық қаржыландыру бойынша – 12 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл бағыт бойынша ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер тарапынан 31 жоба конкурстық комиссияның қарауына ұсынылды. Оның ішінде, Өңірлік үйлестіру кеңесімен ісін жаңадан бастаған 7 ауыл кәсіпкерлеріне қайтарымсыз негізде грант қаражаттары табысталды.

4) Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша – 1 572,1 млн. теңге бөлінді.

- Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағына электр жүйесінің құрылысына – 1 530,071 мың теңге. Қазіргі таңда, нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

- Қызылорда облысы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов елді мекенінде орналасқан «Мағжан и К» ЖШС-нің астық қоймаға дейін автожол құрылысына 42,1 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді. Нысан 2015 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде бүгінгі күнге дейін 7 мың 46 адам жұмысын сақтап, 3 мың 619 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.

Бағдарламаға қатысушы субъектілердің салық төлемдері 7 млрд. теңгені құрады. Мақұлданған жобалардың 38,8 % өндеуші салаға жатса, оның ішінде 18 % тамақ өндіру саласы.

01.10.2015ж.


 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2015 жылы республикалық бюджеттен 2 289, 2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

  1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 660,1 млн. теңге бөлініп жыл басынан аймақтық үйлестіру кеңесімен жалпы құны 3,1 млрд.теңгені құрайтын 45 жоба мақұлданды.
  2. Несиені ішінара кепілдендіру бойынша – 45,0 млн. теңге бөлініп жалпы несие көлемі 607,8 млн.теңгені құрайтын 25 жоба ішінара кепілдендірілді.
  3. Гранттық қаржыландыру бойынша – 12,0 млн.теңге бөлінді. Аймақтық үйлестіру кеңесімен ісін жаңадан бастаған 4 кәсіпкерге 8 млн. теңге грант қаражаттары мақұлданды.

Олар:

  1. Дара кәсіпкер «Болат» «Шиелі ауданында цесарка құсын өсіру шаруашылығын ұйымдастыру» жобасы;
  2. Жеке кәсіпкер «Мейірімжан Тарғынұлының» «Сувенир өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру» жобасы;
  3. Дара кәсіпкер «Батыршаевтің» «Шиелі ауданында шеге шығару өндірісін ұйымдастыру» жобасы;
  4.  Жеке кәсіпкер «Р. Шынахметовтың» «Арал ауданында пеноблок өндірісін ұйымдастыру» жобасы.
  1. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша –1 572,1 млн. теңге бөлінді.
  • Қызылорда қаласындағы (бұрынғы Титов) – «Өндіріс индустриалды аймағының электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысына» – 1530,071 млн. теңге.
  • «Мағжан и К» ЖШС-нің - Қызылорда облысы Сырдария ауданы Н. Іліясов елді мекеніндегі астық қоймасының кірме жолын қайта жаңғыртуға» - 42,1 млн. теңге.
  1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіндегі «Жұмыс істеп тұрған бизнеске сервистік қолдау» компонентінің операторы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы болып саналады.

Аталған бағыт бойынша ақысыз негізде облысымыздың кәсіпкерлерге салалық бизнес-жоспарлар әзерленіп, бухгалтерлік есептемелер, кедендік рәсімдеу, заңгерлік қызмет, мемлекеттік сатып алу кезінде құжаттарды рәсімдеу, сертификациялау стандартын енгізу және IT технологиялар бойынша консультациялық қызметтер көрсетіледі.

01.07.2015ж.


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2015 жылы республикалық бюджеттен 2 289,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

  1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 660,1 млн. теңге бөлініп жыл басынан аймақтық үйлестіру кеңесімен жалпы құны 894,8 млн.теңгені құрайтын 16 жоба мақұлданды.
  2. Несиені ішінара кепілдендіру бойынша – 45,0 млн. теңге бөлініп жалпы несие көлемі 420,8 млн.теңгені құрайтын 15 жоба ішінара кепілдендірілді.
  3. Гранттық қаржыландыру бойынша – 12,0 млн.теңге бөлінді.
  4. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша – 1 572,1 млн. теңге бөлінді.

    «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру 

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. 445,521 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.
• Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 391,238 млн. теңге қаржы бөлініп, жыл қортындысымен аталған қаражат толығымен игерілген.
Өңірімізде бұл бағыт бойынша жалпы құны 6,9 млрд. теңгені құрайтын 80 жоба субсидиялануда.
• Несиені ішінара кепілдендіру бойынша – 90,0 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілген.
Егерде 2010-2013 жылдары тек қана 23 жоба кепілдендірілсе, 2014 жылдың қорытындысымен 31 жоба кепілдендірілген. Бұл бағыт бойынша облыстар рейтингісінде облысымыз соңғы орыннан, алдыңғы 2 орынға көтерілді. 
• Гранттық қаржыландыру бойынша – 12,0 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілген.
Бұл бағыт бойынша 2014 жылы аймақтық үйлестіру кеңесімен жалпы құны 12,0 млн. теңгені құрайтын 3 жоба мақұлданып, бүгінгі күні ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер жобаларын жүзеге асыруда. Олар:
• «Бюро туризм «Сырдария» ЖШС-нің «Ішкі туризмді дамыту» 
жобасы;
• Жеке кәсіпкер Бөкенбаеваның «Балық уылдырығынан инкубаторлық тәсілмен балық шабақтарын шығару» жобасы;
• Жеке кәсіпкер Құрманалиеваның «Нуновойлоктан этнографиялық халық киімдерін шығару» жобасы. 
• Валюталық несие бар кәсіпорындарды қолдау бойынша – 70,0 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілген. 
Бұл бағыт бойынша жыл қорытындысымен «Қуат» ЖШС-нің жалпы құны 150,0 млн. теңгені құрайтын «Полиэтилен шығару зауытын кеңейту» жобасы 8 пайызбен субсидияланып, кәсіпорын өнімін шетелге экспортқа шығаруда.
• Жұмыс істеп тұрған бизнеске сервистік қолдауға – 47,547 млн. теңге қаржы бөлініп, қаражат толығымен игерілген.
Аталған бағыт бойынша ақысыз негізде 621 кәсіпкерге салалық бизнес-жоспарлар әзерленіп, бухгалтерлік есептемелер, кедендік рәсімдеу, заңгерлік қызмет, мемлекеттік сатып алу кезінде құжаттарды рәсімдеу, сертификациялау стандартын енгізу және IT технологиялар бойынша консультациялық қызметтер көрсетілді.
• Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша – 834,736 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілген. 
Облысымыз республика бойынша бірінші болып аудандарда индустриялдық аймақтар құрып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен қаражат қорғап, Арал, Қазалы, Жалағаш және Шиелі аудандарына қажетті инфрақұрылым жүйелері (Автомобиль жолы, электр, су, телефон желілері және қажетті қуаттылығымен электр подстанциялары орнатылды) жеткізілді. 
Аудандар бөлінісінде 2014 жылдың қорытындысымен индустриялдық аймақтарда орналасқан жобалар туралы ақпарат. 
• Шиелі ауданында жалпы құны 1,412 млн. теңгені құрайтын 3 жоба  
• Арал ауданында жалпы құны 359 млн. теңгені құрайтын 2 жоба;
• Қазалы ауданында жалпы құны 141,2 млн. теңгені құрайтын 6 жоба;
• Жалағаш ауданында жалпы құны 131 млн. теңгені құрайтын 4 жоба;
Жыл қорытындысымен бағдарлама тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілген. Бағдарламаға қатысушы шағын және орта бизнес субъектілерінде 1575 жұмыс орны сақталып, 450 жаңадан тұрақты жұмыс орындары ашылған. 
Бағдарламаға қатысушы шағын және орта бизнес субъектілерінің бюджетке түскен салық түсімдері 2014 жылдың 6 айында 591 млн. теңгені құрады. (ҚР салық кодексіне сәйкес бюджетке түскен салық түсімдеріның жыл қорытындысы 2015 жылдың 15 ақпанында шығады).
Облысымыздың барлық аудандары 2014 жылы бағдарламаға белсене қатысып, мемлекеттік қолдау құралдарымен қамтамасыз етілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  2014 жылы облысқа – 1 644,4 млн.теңге қаржы бөлінді.

Оның ішінде:


Пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 630,138 млн.теңге қаралып, 377,2 млн.теңге  игерілді;

Несиені ішінара кепілдендіру бағытына 50,0 млн.теңге қаржы қаралып, оның 43,9 млн.теңгесі игерілді;

Валюталық несиелері бар кәсіпорындарды қолдау компонентіне 70,0 млн.теңге қаржы қаралып, 42,0 млн. теңге игерілді;

Гранттық қаржыландыруға 12,0 млн.теңге қаржы қаралып, Аймақтық үйлестіру кеңесімен жылпы құны 12,0 млн.теңгені құрайтын 3 жоба мақұлданды;

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытына 834,736  млн.теңге қаржы қаралды. Облысымызда 4 аудан бойынша Индустриалық аймақ құрылып (Жалағаш, Қазалы, Арал, Шиелі аудандарында), құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде;

«Бизнеске сервистік қызмет көрсету» бағыты бойынша 47,547 млн.теңге бөлініп, 14,2 млн теңгесі игерілді. Бағдарлама операторы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.

Облыста «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінің 4 бағыты  бойынша  841 кәсіпкер оқытылды:

«Бизнес –кеңесші» жобасы бойынша -740;

«Жас кәсіпкерлер мектебі» -60;

«Іскерлік байланыстар»1 сатысы-17;

«Назарбаев Университеті»-20;

«Іскерлік байланыстар» жобасының 2 сатысы бойынша облысымыздың 4 кәсіпкері  Германия және АҚШ-та  тәжірбиеден өтті.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-01-2018 19:47

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика