Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2018 жылғы I токсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы

Ақпарат

  Басқарманың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын және мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» нормаларын орындауға бағытталған жылдық жоспары бекітіліп, ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Басқарма басшысының 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 3-ө бұйрығымен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы мен орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде басқарманың қызметкерлерін жеке қабылдау кестесі және «Сенім телефоны» бекітіліп, «Сыр бойы» газетінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 46-47 және «Кызылординские вести» газетінің 31 наурыздағы № 46-47 басылымдарында жарияланған. Сондай-ақ, басқарманың kasipkerlik.e-kyzylorda.gov.kz веб-парақшасында орналастырылған.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі № 28 мекен жайында орналасқан «Кәсіпкерлер үйі» ғимаратының 3 қабатында жеке қабылдау кестесі көпшілікке көрінетін жерге ілініп, арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі орналастырылған.

Басқармада барлық мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер салық органына 2017 жылдың қорытындысы бойынша табыстары туралы декларацияларын тапсырып, анықтамаларының көшірмелерін әкімшілік бөліміне толығымен ұсынған.

2018 жылдың 1 токсанында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасап, тәртіптік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған қызметкерлер жоқ.

Түсіндірме кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында сағ: 12.00-де Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының 9-шы бағытында жемқорлықпен күрес пен заң үстемдігінің маңыздылығы бойынша біріңғай түсіндірме кездесу өткізілді.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы  Досжанов Азамат Мақсұтұлы Жолдаудың 9-шы бағыты ретінде жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін  түсіндірді.

- Мемлекеттік қызметкердің негізгі мақсаты Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.

Жемқорлықпен күрес- мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі.  Мұнда мемлекеттік органдарда қызмет ұсынушы мен қызмет алушы арасындағы тікелей байланысты мүмкін емес ететін цифрландыру үрдісін жалғастыру, азаматтардың өтініштерін сапалы қарастыру, мемлекеттік қызметкерлердің ҚР Этикалық кодекс талаптарын орындауы сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінген.

Ел басының  халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралардың жалғасатыны жөнінде айтып өтті.

Себебі сыбайлас жемқорлық өте қауіпті құбылыс болып табылады.

 Басқарма басшысының орынбасары А. Досжанов талқылау соңында Елбасының жолдауы дер кезінде шыққанын және онда көрсетілген мәселелер заман талабы екенін атап өтті.         

2017 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында  атқарылған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000410) мен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1500000153) талаптары түсіндірілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының талаптарын сақтауда 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген іс-шаралар басқарманың құзіреттілігі шегінде қажетті деңгейде өткізілуде.

2017 жыл барысында басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзуышылықтарға жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, оқу-семинар сабақтары жүргізілді.

Сонымен қатар, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен жүргізілген ішкі талдау жұмыстары барысында басқармаға қатысты нормативтік құқықтық актілер зерделеніп, бөлімдердің қызметін қозғайтын НҚА-лерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілген жұмыстар барысы туралы ақпарат әр тоқсан сайын облыс әкімінің ресми сайтындағы басқарманың парақшасына салынып отырылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы басқарманың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жасалынған талдамалық анықтама (2017 жыл 15 желтоқсан) (Жүктеу... 212 Кб)

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2017 жылдың 9 ай бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы

Ақпарат

2017 жылдың 9 айында  басқарманың басшы құрамы тарапынан 15 рет жеке қабылдаулар өткізіліп, оның ішінде – 13 адамға қабылдау кезінде ауызша түсіндірме – кеңестер берілді, 2 адамға  жазбаша жауап берілген.

Талдау көрсеткендей, өтініштердің басым бөлігін әлеуметтік сипаттағы мәселелері: орта және шағын бизнестің проблемалары, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру, кәсіптерін қалай бастайтыны жөнінде түсіндіру, жер телімін бөлу  және т.б. мәселелер құрайды. Барлық өтініштер бойынша тиісті түсініктер берілді.

Ағымдағы жылдың 9 айында басқармада 67 өтініш – арыздар тіркелген. Атап айтқанда:

  • жеке тұлғалардан  келгені – 61 арыз,
  • заңды тұлғалардан келгені - 6 арыз

Олардың барлығы басқармада уақытылы қаралып, – 38-не заңға сәйкес түсініктеме берілген болса, 23-і қанағаттандырылды, 6- орындалуда.

Басқармамен 2017 жылдың 9 айында  71  іс-шара өткізілді, оның ішінде: кездесу - отырыстар – 15 , Кәсіпкерлік Кеңесі  – 1, Өңірлік үйлестіру Кеңесі- 30, 3- дөңгелек үстел, Актив отырысы – 7 және 5 - брифинг өткізілді, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған  көрмесі бойынша іс-шаралар - 4, «Туризм және саяхат» көрмесі -1 ,«Astana Leisure - 2017» көрмесі - 1, қолөнершілер көрмесі-3 және Этноауыл жобасы іске асырылды.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған  көрмесіне бағытталған іс-шараларды жариялау мақсатында басқармамен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті газеттерде 812 мақала шығарылды, теледидардан  99 сұхбат берілді. 

Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2017 жылға нақтыланған мемлекеттік сатып алу жоспарының жалпы сомасы 122 161,1 мың теңгені (ҚҚС-сыз) құрады. Бекітілген жоспарының тармақтар саны 65 болып құрады. Ағымдағы жылдың 1 қазан жаңдайымен 108 382,5 мың теңге 32 келісім шарт жасалған.

2017 жылдың 9 айында басқарма қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

02.06.2017 жылы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында «сыбайластыққа жол жоқ» атты тақырыпта 37 қызметкерден Сауалнама жүргізілді.

26.05.2017ж., "Кәсіпкерлік саласында сыбайластыққа жол жоқ" Нұр Отан, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері және басқарма, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында семинар өткізілді. Қатысушылар саны 53

14.04.2017ж., Сыбайлас жемқорлыққа төзбеу тақырыбында басқарма және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында құқықтық оқыту  өткізілді. Қатысушылар саны 41

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама (2017 жылы 13 шілде)  (Жүктеу...134 Кб)

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы (Жүктеу...81 Кб )

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм  басқармасының 2017 жылдың  І тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат

 Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі түсіндірілді. Қызметшілердің жұмыс уақытындағы бөгде адамдармен ретсіз қарым-қатынаста болмауы үшін келушілердің басқармаға кіріп-шығу тәртібі белгіленіп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Басқарманың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын және мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» нормаларын орындауға бағытталған жылдық жоспары бекітіліп, ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі және 70-03-78 «Сенім телефоны» облыс аумағында таралатын «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланып, сонымен қатар басқарманың ресми веб-порталына орналастырылды.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабында белгіленген тәртіппен басқарманың мемлекеттік қызметкерлерінің жыл сайынғы жеке табыстары мен мүлкі туралы мәлімдемелерді салық органына белгіленген мерзімде тапсырылды.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы атқаратын мемлекеттік лауазымына сай кешенді тестілеу бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының қорытындысының оң шешімін алды және басқарманың барлық мемлекеттік қызметкерлері де бірыңғай аттестациялау комиссиясының қорытындысының оң шешімін  алды.

2017 жылдың 1 токсанында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасап, тәртіптік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған қызметкерлер жоқ

03.03.2017ж., Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау тақырыбында басқарма және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында "Дөңгелек үстел"  өткізілді. Қатысушылар саны 37

Сыр бойы газеті 17 қаңтар 2017 жыл. №8

2017 жылға  «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшыларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күні және уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

(алдын ала жазылу, анықтамалық бөлме № 305)

Сенім телефоны

Өмірсерікұлы Нұржан

Басқарма басшысы

Әр аптаның

дүйсенбі күні

16.00-ден

18.00-ге дейін

Қызылорда қаласы,

Әйтеке би көшесі,28

№ 306 бөлме

8 /7242/ 70-03-78

8 /7242/ 70-03-78

Мұстафаев Ғалымжан Әлиакбарұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның

сейсенбі күні

15.00-ден

17.00-ге дейін

Қызылорда қаласы,

Әйтеке би көшесі,28

№ 303 бөлме

8 /7242/ 40-10-61

Досжанов Азамат Мақсұтұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның

жұма күні

15.00-ден

17.00-ге дейін

Қызылорда қаласы,

Әйтеке би көшесі,28

№ 307 бөлме

8 /7242/  40-10-55

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының мемлекеттік қызметшілернің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы»

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы және  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары) талаптарын  бұзу фактілері орын алған жағдайда  8  /7242/ 70-03-78 «Сенім телефонына» жүгінуге болатындығын хабарлайды.

Электронды пошта: oblkasipkerlik@korda.gov.kz

«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ (Көшіріп алу)

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2016 жылдың 12 ай көрсеткіші бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы

Ақпарат

Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2016 жылдың 12 көрсеткіші бойынша 75 іс-шара өткізілді, оның ішінде: кездесу-отырыстар - 7, семинар-тренинг– 5, Кәсіпкерлік Кеңесі –3, Өңірлік үйлестіру Кеңесі - 31,  бизнес-форум - 4, Инфотур- 1, туристік фестиваль -1, туристік слет – 1,брифинг–7,штаб отырысы- 13, 2- бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шараларды жариялау мақсатында 2016 жылы басқармамен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті газеттерде 82 мақала шығарылды, теледидардан 25 сұхбат берілді.

Басқарма басшысының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 71-Ө бұйрығымен Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесімен талдамалық анықтама әзірленді.

Талдамалық анықтама бойынша Басқарманың құрылымдық бөлімдері, онда қызмет атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, пайда болған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар, өткізілген бос орындарға өткізілген конкурс нәтижелері қаралып, Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілері зерттеліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны, яғни қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар айқындалмады.

11.01.2017ж

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша

2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың құзіреті шегінде тиісті шаралар атқарылды.

Басқарма бойынша бекітілген жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына сәйкес және жоспардан тыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын насихаттау, түсіндіру бойынша 2016 жылдың 1 қазан айына басқарманың мемлекеттік қызметшілері қатысуымен  7 рет құқықтық оқулар өткізілді.

Сонымен бірге, ішкі бақылау жұмысын ұйымдастыру мақсатында, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, ҚР Үкіметінің және облыс әкімдігінің қаулыларын уақытылы орындауды қадағалау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтауын бақылау, басқарма аппаратындағы құжатайналымды бір жүйеге келтіріп, орындаушылық тәртіпті нығайту шаралары тұрақты назарда ұсталуда. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін дер кезінде қарау, азаматтарды жеке қабылдау, тиісті органдарға есеп беру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына сәйкес Басқарманың барлық қызметкерлеріне мүдделер қақтығысының қағидалары мен талаптары жазбаша нысанда таныстырылды және басшылық тарапынан үнемі бақылауда тұр.

2016 жылы басқарма қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

7.10.2016ж.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2016 жылдың I жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат

2016 жылдың I жартыжылдығы бойынша басқарманың басшы құрамы тарапынан 26 рет жеке қабылдаулар өткізіліп, онда түрлі деңгейдегі сұрақтар бойынша   26  жеке азаматтар мен  заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды, оның ішінде – 15 адамға қабылдау кезінде ауызша түсіндірме – кеңестер берілді, 12 адамға  жазбаша жауап берілген.

Ағымдағы жылдың I жартыжылдығы бойынша басқармада 68 өтініш – арыздар тіркелген.  Атап айтқанда:

  • жеке тұлғалардан  келгені – 56 арыз,
  • заңды тұлғалардан келгені -12 арыз

Олардың барлығы басқармада уақытылы қаралып, 50–не заңға сәйкес түсініктеме берілген болса, 18-і қанағаттандырылды.

Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2016 жылдың I жартыжылдығы бойынша 27 іс-шара өткізілді, оның ішінде: кездесулер- 6, семинар- отырыстар – 5 , Кәсіпкерлік Кеңесі  – 2, Өңірлік үйлестіру Кеңесі- 8, 3- дөңгелек үстел, Алқа мәжілісі-1, Инфотур- 1, брифинг - 4 өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шараларды жариялау мақсатында 2015 жылы басқармамен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті газеттерде 62 мақала шығарылды, теледидардан 16 сұхбат берілді. 

Басқармада барлық мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер салық органына 2015 жылдың қорытындысы бойынша табыстары туралы декларацияларын тапсырып, анықтамаларының көшірмелерін әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөліміне толығымен ұсынған, жаңадан қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылды.

2016 жылдың I жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнама талаптарын сақтауда қызметшілердің іс қимылдарында теріс қылықтардың белгісі анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.

15.07.2016

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2016 жылдың I тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті өкілінің қатысуымен семинар өткізілді.Семинардың тақырыбы – 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының басымдықтары, сонымен бірге халықаралық және қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері.

Семинар барысында Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қ.Әбдіраманов басқарма қызметкерлерін стратегияның негізгі бағыттарымен таныстырып, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралармен хабардар етті. Қызметкерлер барлық сұрақтарға тиісті жауаптар алды.

 05.04.2016

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2015 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы (бұдан әрі- Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша бірнеше іс-шара өткізді, оның ішінде: 10 кездесу,7 семинар-отырыс, 5 Кәсіпкерлік  Кеңесі, 18 Өңірлік Үйлестіру Кеңесі, 5 дөңгелек үстел, 3 көрме-конкурс, Алқа мәжілісі-1, брифинг-2, сонымен қатар, Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, 2- «Байқоныр Инвест»  Инвестициялық форумы,  1- Бүкіләлемдік туризм күніне арналған фестивалі өтті.

Басқармаға  2015 жылдың қорытындысы бойынша 96 өтініш келіп түскен, оның  81 жеке, 15 заңды тұлғалар, сондай-ақ,  басқарманың басшылық құрамы тарапынан 47 жеке қабылдау өткізіліп, онда түрлі деңгейдегі сұрақтар бойынша 47 жеке және заңды тұлға қабылданды (нәтижесінде, 30 адамға қабылдау кезінде ауызша түсіндірме, 17 адамның өтінішіне жазбаша жауап берілді), көтерілген мәселелердің бәріне заңнама талаптарына сәйкес қанағаттанарлық жауап берілді.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шараларды жариялау мақсатында 2015 жылы басқармамен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті газеттерде 12 мақала шығарылды, теледидардан 9 сұхбат берілді. 

2015 жылдың  10-20 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында, «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша байқау сынақтары өткізілді. Басқарманың 11 мемлекеттік қызметкері сынақтан өтті.

Сондай-ақ, 2015 жылдың 2 желтоксанында Қызылорда облысының әкімінің «Caspian Services» (Монако) және «Van Hool» (Бельгия) компанияларияның өкілдерімен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында жоба бастамашысы   А. Кашечкин «Байконур» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту және «Байконур» брендін әлемдік нарықта жылжыту жобасын таныстырды.

Аталмыш жобада «Baikonur team» велокомандасын құру, ралли ұйымдастыру, сол арқылы «Байконур» брендін әлемдік нарыққа насихаттау жоспарлануда.

Кездесу нәтижесінде Қызылорда облысының әкімдігі автобустарды жинап шығаратын зауыт құрылысын жұзеге асыру және «Байконур» кешенінде туризмді дамыту бойынша «Van Hool» және «Caspian Services» компанияларымен екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Кезекті жылдың аяқталу қарсаңында қорытынды жүргізу және алдағы кезеңге жаңа жоспарлар мен стратегиялар әзірлеу үшін облыс әкімінің бизнес-қауымдастықпен жыл сайынғы кездесуі  қалыптасқан дәстүр бойынша өткізілуде.

2015 жылдың 18 желтоксан күні іс-шара облыстық мекемелер Үйінің мәжіліс залында өткізілді. Іс-шарада 150-ден аса адам, атап айтқанда мемлекеттік мекемелердің басшылары, банк, қаржы ұйымдары, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты облыстағы үздік кәсіпкерлерді марапаттау, олардың қызметтерін халық назарына жеткізу, жас және кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге үлгі көрсету болып табылады..

Отандық кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі үшін, әлеуметтік – экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтап, жаңа жұмыс орындарын құрып, аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін облыстың 7 ауданы мен қала кәсіпкерлері, сондай-ақ, қоғамдық ұйымдар мен даму институттарының өкілдері марапатталды.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2015 жылғы III токсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат

         Басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2015 жылдың III токсанында 17 іс-шара өткізді, оның ішінде: 8 кездесу, 7 семинар-отырыс, 1 Кәсіпкерлік  Кеңесі, 4 Аймақтық Кеңесі, 3 дөңгелек үстел, 3 көрме-конкурс, сонымен қатар, Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасына 2015 жылдың III тоқсан бойынша 73 өтініш келіп түскен, оның 56 жеке,17  заңды тұлғалар, олардың барлығына заңнама талаптарына сәйкес жауап жолданған.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған іс-шараларды жариялау мақсатында 2015 жылы басқармамен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті газеттерде 12 мақала шығарылды, теледидардан 9 сұхбат берілді. 

2015 жылдың III тоқсанында басқарманың басшылық құрамы тарапынан 22 жеке қабылдау өткізіліп, онда түрлі деңгейдегі сұрақтар бойынша 38 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды (нәтижесінде 26 адамға қабылдау кезінде ауызша түсіндірме берілді, 12 адамның өтінішіне жазбаша жауап берілді), көтерілген мәселелердің бәріне түсіндірмелер мен кеңестер берілді.

Басқарманың барлық бөлімдері басқармамен өткізілетін іс-шаралардың барысында, сондай-ақ имиджін көтеру мақсатында пайдалану үшін, мемлекеттік бағдарламалар бойынша берілетін жеңілдіктерді насихаттау және  облыстағы кәсіпкерлік саласында болып жатқан жаңалықтар туралы ақпараттарды орналастыру мақсатында құрылатын әлеуметтік желілерде, басқарманың ресми парақшаларында орналастыру үшін басқарма тарапынан логотип әзірленіп, бекітілді.

         Сондай-ақ,  басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенті бекітілді. Атап айтсақ:

  1. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткiзу бойынша қызметтi жүзеге асыруына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
  2. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызметті жүзеге асыруға)  лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
  3. «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
  4. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
  5. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
  6. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
  7. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілді.

         Басқарманың 2015 жылға бекітілген оқу жоспарына сәйкес 2 қызметкер біліктілігін арттырды, 3 қызметкер қайта даярлау курсынан өтті,  5 рет нормативтік құқықтық актілерді таныстыру мақсатында құқықтық оқыту өткізілді.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары бойынша басқармада өткізілетін аппараттық жиналыстар барысында барлық қызметкерлерге аталмыш хаттамалық тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуы және де мемлекеттік қызметкердің этика нормаларын сақтау тапсырылады.

         2015 жылдың III токсанында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасап, тәртіптік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған қызметкерлер жоқ.

01.10.2015ж.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2015 жылғы II тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысын іске асыру мақсатында арналған 2015 жылға арналған  басқарманың іс-шаралар жоспары бекітілді.

2015 жылы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауларын ұйымдастыру кестесі жасалып, басқарма басшысының 2015 жылдың 30 маусымдағы № 92-ө бұйрығымен бекітілді.

Басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2015 жылы II тоқсанында 31 іс-шара өткізілді, оның ішінде: кездесулер- 10, семинар- отырыстар – 4 , Кәсіпкерлік Кеңесінің  – 3, Аймақтық Кеңес- 7, 5- дөңгелек үстел өткізілді, Алқа мәжілісі-1, брифинг-1.

2015 жылға арналған құқықтық оқытудың  кестесі бекітіліп, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ сәуір-мамыр айларында 5 рет нормативтік құқықтық актілерді таныстыру мақсатында құқықтық оқыту өткізілді.

2015 жылдың II тоқсанында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасап, тәртіптік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған қызметкерлер жоқ.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы  іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 25 қаулысын  іске асыру мақсатында арналған

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм  басқармасының  2015 жылға арналған жоспары

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау

мерзімі

1.

2.

3.

4.

5.

1.

Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша үнемі «дөңгелек үстелдер», семинарлар, дәрістер өткізіп тұруды қамтамасыз ету.

Тиісті іс-шаралар өткізу

Барлық бөлімдер

2015 жыл

2.

Лицензияланатын қызмет түрлеріне заңнама талаптарына сәйкес лицензия беру жұмыстарын жалғастыру

Тұрақты түрде

Сауда және лицензиялау бөлімі

2015 жыл.

3.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру

Облыс әкімі аппартына ақпарат

Әкімшілік бөлім

2015жыл.

4.

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жариялынымдар, теледидар бағдарламалар жасауды жүзеге асыру

БАҚ-та айдарлар,

Барлық бөлімдер

тұрақты

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру

Облыс әкімі аппартына ақпарат

Сауда және лицензиялау бөлімі, туризмді дамыту бөлімі, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру бөлімі

тұрақты

6.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметті түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар, көрнекі және оқу құралдарын қолжетімді үлгіде дайындауды қамтамасыз ету

Әдістемелік ұсыныстар, оқулықтар

Әкімшілік бөлім

Тұрақты

7.

«Сенім  телефонының»,   жеке   және  заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Қажеттілігіне орай облыс әкімі аппартына ақпарат

Әкімшілік бөлім

Тұрақты

8.

Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына уақытылы және дәйекті жауап жолдануын жұмыс жасау

Басқармаға ақпарат беру

Әкімшілік бөлім

Тұрақты

9.

Басқарма басшысының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу

Кездесулер өткізу

Барлық бөлімдер

Тұрақты

10.

Далалық жұмыстарды жүргізу үшін жанар-жағармай материалдарды жеткізудің бірыңғай операторын айқындау

шаралар қабылдау

Сауда және лицензиялау бөлімі

2015 жыл

11.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспарды әзірлеу

шаралар қабылдау

Сауда және лицензиялау бөлімі

2015 жыл

12.

Сауда базарларын замануи форматқа кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі мәселені пысықтау

ақпарат

Сауда және лицензиялау бөлімі

2015 жыл

13.

Инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне ірі сауда обьектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын енгізу мәселесін пысықтау

ақпарат

Сауда және лицензиялау бөлімі

2015 жыл

14.

Елді мекендердегі сауданы ұйымдастыру және аудандастыру бөлігінде ішкі сауда қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ұсыныс енгізу

Сауда және лицензиялау бөлімі

2015 жыл

15.

Коммуналдық сауда алаңдарын ұлғайту және коммуналдық сауда алаңдарына мұқтаждарды қамтамасыз ету

ақпарат

Сауда және лицензиялау бөлімі

2015 жыл

16.

Сауда обьектілері әкімшіліктерінің мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және/немесе ресми еңбек қатынастарын ресімдемеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беруі бойынша бақылауды жетілдіру мәселесі жөнінде ұсыныстар енгізу

ақпарат

Сауда және лицензиялау бөлімі

2015 жыл

17.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына және Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталына жариялау

Интернет – ресурстарға ақпараттар енгізу

Әкімшілік бөлім

Токсан сайын

18.

Заңдылық, объективтік пен әділдік қағидалары негізінде қарау үшін сыбайлас жемқорлық құқық  бұзушылықтар жасаған қызметшілердің тәртіптік  жауапкершіліктерін Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің шешіміне сәйкес қолдану

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Басқарма басшылығы

Тоқсан сайын

19.

Мемлекеттік қызметшілердің  біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру

Тиісті жылға арналған құқықтық оқу кестесі және құқықтық оқулар

Әкімшілік бөлім

тұрақты

20.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Басқарма басшылығы

Жыл сайын

25 маусым,

25желтоксан

21.

Басқарма қызметшілермен мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын қатаң сақтау бойынша шаралар қабылдау

Тиісті шаралар

Басқарма басшылығы

Тұрақты

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының  2015 жылғы I токсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 24 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 4 ақпанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2014 жылға арналған басқарманың іс-шаралар жоспары бекітілді.

Басқарма сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2015 жылы I токсанында 15 іс-шара өткізілді, оның ішінде: кездесулер- 1, семинар- отырыстар – 3 , кәсіпкерлік кеңесі  – 2, кәсіпкерлердің аймақтық кеңесі- 3, дөңгелек үстел-6 өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында басқармада сенім телефоны қосылған, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшігі орнатылған.

Басқармада барлық мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер салық органына 2014 жылдың қорытындысы бойынша табыстары туралы декларацияларын тапсырып, анықтамаларының көшірмелерін әкімшілік бөліміне толығымен ұсынған.

2015 жылға арналған құқықтық оқытудың  кестесі бекітіліп, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, нормативтік құқықтық актілерді таныстыру мақсатында құқықтық оқыту өткізу жоспарлануда.

2015 жылдың 1 токсанында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасап, тәртіптік және қылмыстық жауаптылыққа тартылған қызметкерлер жоқ.

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі

2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2015-2016  жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау

мерзімі

1.

2.

3.

4.

5.

1.

«НұрОтан»   ХДП-мен   бірлесіп  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша үнемі «дөңгелек үстелдер», семинарлар, дәрістер өткізіп тұруды қамтамасыз ету.

Тиісті іс-шаралар өткізу

Барлық бөлімдер

2015-2016 жылдары

2.

Лицензияланатын қызмет түрлеріне заңнама талаптарына сәйкес лицензия беру жұмыстарын жалғастыру

Тиісті шаралар

Сауда және лицензиялау бөлімі

2015-2016 жж.

3.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру

ҚБ-на ақпарат беру

Әкімшілік бөлім

2015-2016 жж.

4.

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жариялынымдар, теледидар бағдарламалар жасауды жүзеге асыру

БАҚ-та айдарлар,

Барлық бөлімдер

тұрақты

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру

ОӘА-на ақпарат

Сауда және лицензиялау бөлімі, туризмді дамыту бөлімі, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру бөлімі

тұрақты

6.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметті түсіндіретін әдістемелік ұсыныстар, көрнекі және оқу құралдарын қолжетімді үлгіде дайындауды қамтамасыз ету

Әдістемелік ұсыныстар, оқулықтар

Әкімшілік бөлім

Тұрақты

7.

«Сенім  телефонының»,   жеке   және  заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Басқармаға ақпарат беру

Әкімшілік бөлім

Тоқсан сайын

8.

Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына уақытылы және дәйекті жауап жолдануын жұмыс жасау

Басқармаға ақпарат беру

Әкімшілік бөлім

Тұрақты

9.

Басқарма басшысының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу

Кездесулер

Басқарма аппараты

Тұрақты

10.

Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспарының жеті басымдығы шеңберінде белгіленген тапсырмаларды басшылыққа алу

Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

Басқарма аппараты

Жыл сайын

1 шілде, 1 қаңтар

11.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу мақсатында жергілікті жерлерге (аудандарға) шығу арқылы жеке қабылдаулар ұйымдастыру

Жеке қабылдау кестесі бойынша

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Басқарма бастығы және оның орынбасарлары

Тоқсан сайын

12.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарына және Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталына жариялау

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Басқарма аппараты

Жыл сайын

1 шілде, 1 қаңтар

13.

Заңдылық, объективтік пен әділдік қағидалары негізінде қарау үшін сыбайлас жемқорлық құқық  бұзушылықтар жасаған қызметшілердің тәртіптік  жауапкершіліктерін Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің шешіміне сәйкес қолдану

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Басқарма басшылығы

Тоқсан сайын

14.

Мемлекеттік қызметшілердің  біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру

Тиісті жылға арналған құқықтық оқу кестесі және құқықтық оқулар

Әкімшілік бөлім

Жыл сайын,

тұрақты

15.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Басқарма басшылығы

Жыл сайын

1 шілде,

1 қаңтар

16.

Басқарма қызметшілермен мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын қатаң сақтау бойынша шаралар қабылдау

Тиісті шаралар

Басқарма басшылығы

Тұрақты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 2014 жылдың

4-токсан қорытындысы бойынша 
АҚПАРАТ
 
Қызылорда облысы әкімдігінің 2011жылғы 5 мамырдағы № 24 қаулысымен бекітілген « Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар» жоспарының 30-тармағын іске асыру мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасында басшы құрамының 2014 жылы жергілікті жерлерге шығу арқылы жеке және заңды тұлғаларды  жеке қабылдауларын ұйымдастыру кестесі жасалып, басқарма басшысының 2014 жылдың 12 қыркүйектегі № 92-ө бұйрығымен бекітілді.
2014 жылдың II-ші жартыжылдығында басқарманың басшы құрамы тарапынан облыстың барлық аудандарында және Қызылорда қаласында 5 рет жеке қабылдаулар өткізіліп, онда түрлі деңгейдегі сұрақтар бойынша 21 жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды, нәтижесінде (20 адамға қабылдау кезінде түсіндірме берілді, 1адамның өтінішіне жазбаша жауап берілді), қозғалған мәселердің бәріне түсіндірме- кеңестер беріліп, өтініштері қанағаттандырылды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасына жыл басынан 77 өтініш келіп түскен, оның 49 жеке, 28  заңды тұлғалар,олардың барлығына заңнама талаптарына сәйкес жауап жолданған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар үстіміздегі жылы шағын және орта кәсіпкерліктің, туризмнің және сауданың дамуы бойынша телеарнада – 22, бұқаралық ақпарат құралдарында – 38 мақалалар жарық көрді.
Мемлекеттік емес сектор арқылы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету мақсатында басқарма тарапынан мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, форумдар, кәсіпкерлік кеңестер, көрме-конкурстар, семинарлар өткізілді.
Аккретиттелген жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктерінің, мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылған кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес жұмыс жасады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты 46 нормативтік-құқықтық акті жобасына сараптамалық кеңес отырысының оң қорытындысы берілді.
Облысымызда  шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау мақсатында облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің 13 отырысы өткізіліп, кәсіпкерлік саласын дамытудың ең өзекті мәселелері қаралды.
Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту үшін Өңірлік инвестициялық орталығы құрылды. Осы орталықтың мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалану және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында орналасатын нысандарға инвестиция тарту жөнінде аудан әкімдерімен селекторлық Кеңес өткізілді.
2014 жылға бекітілген оқу жоспарына сәйкес басқарманың 4 қызметкері қайта даярлаудан, 1 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Басқарма қызметкерлеріне арналған 5 құқықтық оқытулар өткізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдері барынша ашық түрде өткізілуде, тұрақты түрде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына мемлекеттік сатып алу  хабарламалары беріліп отырады және өткен жылдың шілде айынан бастап мемлекеттік сатып алу рәсімдері электрондық түрде өткізілді.
 
Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 05-04-2018 16:34

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 58 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 69 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика