Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 57 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 68 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

Қызылорда облысында 2017 жылғы туризмнің даму жағдайы туралы

АНЫҚТАМА

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айында облысқа келген туристер саны 2391 адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 26%-ға артық (2016 ж. 1898 болған). Ал, ішкі келу туризмі 41 652  адамға артып, 27,1 пайыз өсімді құрады (2016 ж. 32781 болған).

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 91-ге (2016 ж. 85 болған) жетіп, сыйымдылығы 1796 орынға артты (2016 ж. 1718 болған), ондағы бөлмелер саны – 1016-ға көбейді (2016 ж. 966 болған). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қонақ үйлер саны 5,2 пайызға артып, бөлмелер саны 4,5 пайызға көбейгенін көрсетіп отыр.

2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша қонақ үйлер тарапынан 41 652 (2016 ж. 32781 болған) адамға қызмет көрсетіліп, 673,7 мың теңге қаржыны құрады (2016 ж. 549,6 мың теңге болған). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға өскен.

 

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту

Қазіргі уақытта Қамбаш көлі жағалауында туризмді дамыту мақсатында инвестиция тартылып, 105 млн. қаржыға 90-ға  жуық нысан салынды. Алдағы уақытта кәсіпкерлерге берілген жер телімдеріне қосымша заманауи үлгідегі спорт  алаңдары салынатын болады.

Сондай-ақ, жағалауға жақын салынған «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығы (Пасионат) жазғы маусым айларында салауатты өмір салтын насихаттау және туризм саласын дамыту мақсатында тынығушыларға ақылы түрде қызмет көрсетіп келеді.

Орталықта барлық жағдай жасалған. Жатын бөлмесі, емдеу-профилактикалық корпусы, асханасы және спорт залы бар.

Бүгінгі күні көл жағалауында катерлер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетеді.

Көл жағалауындағы құрылыс жұмыстарына 350-ден астам жергілікті жұмысшылар тартылса, 150-ден астам адам маусымдық жұмыспен қамтылды.

Жалпы жазғы демалыс маусымында демалыс аймағына 2016 жылы 70 мыңнан астам демалушылар келіп тынықты. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 28,6 пайызға өсіп отыр, яғни 90 000 адамға ұлғайды.

 

Қызылорда облысында туристік саланы дамыту

Ақмола облысы, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға арналған жоспарына сәйкес, өңірімізде де туризм әлеуетін көтеру мақсатында Тұжырымдама жобасы қаралуда. Оның ішінде 2017-2019 жылдар аралығында «Байқоңыр» ойын-сауық аймағы жобасын нақтылау, «Қамбаш» көлі маңында туризмді дамыту, «Қорқыт Ата» мемориалды кешенін дамыту, турмаршруттар мен соқпақ жолдар әзірлеу, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтерде демалыс аймағын дамыту мәселесі назарға алынатын болады.   

 

Байқоңыр кешенінде туризмді дамыту

Қазақстаннның туризм саласында алғаш рет 7 отандық туроператор 2017 жылдың басында «Байқоңыр» кешеніне турларды құруға, қалыптастыруға рұқсат алды және оларды сату құқығына ие болды.

Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны «Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы» іріктеген қазақстандық туроператорлар шетелдік және отандық туристер үшін «Байқоңыр» кешенін қолайлы тарифпен аралауға бағытталған турпакеттер әзірледі және нысандар туралы ақпаратты, сондай-ақ, зымыран ұшу кестесіне дейін өздерінің ресми сайттарына орналастырды.

2016 жылдың қарашасында Қазақстан және Ресей мемлекеттік органдары арасында 2016-2018 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша біріккен бағдарламасы бекітілді.

«Байқоңыр» кешенін дамыту мақсатындағы Ресей-Казахстан Үкіметаралық комиссия отырысында 2018-2022 жылдарға Байқоңыр қаласын дамыту Бағдарламасының жобасы қаралды. Жақын арада Бағдарламаны бекіту жоспарлануда.

Бұдан бөлек спорт және мәдениет министрлігімен «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдама» жобасы әзірленіп, ол 2017 жылдың 30 маусымында №406 Үкімет Қаулысымен бекітілді. Тұжырымдамада «Ұлы Жібек жолын жаңғыту» Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін қамтитын туристік кластерді дамыту, яғни Қызылорда қаласы мен Байқоңыр кешені туристік аумағы қаралған.

2017 жылдың 13 маусымында болған «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей 5-ші Үкіметаралық комиссия отырысында бірнеше мәселелер көтеріліп, бүгінгі таңда олар (пайдаланусыз тұрған жер телімдерінің Қазақстан тарапына өтуі, инфрақұрылым жүргізу, медициналық қызмет көрсету, т.б.) шешімін тапты.

Осыған байланысты туристік кластерді қалыптастыру мақсатында Байқоңыр аумағында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік кешенін салу көзделуде. Оған тұғырлы инвесторлар табылғанша, жобаны Мемлекеттік-Жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыру қолға алынбақ.

 

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша өткізілген шаралар туралы

2017 жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасы бойынша жеке кәсіпкер «Исаев» және Байқоңыр қаласы балықшылар клубының бірлесуімен Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы, Жалаңаш көлінде «Қысқы балық аулау» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қызылорда қаласынан, Байқоңыр қаласынан және Арал ауданынан 13 топ қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  ең үздік үштікті иеленгендер мен ең үлкен балық аулағандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ белсене қатысқан ең кішкентай балық аулаушыларға да алғыс хаттар берілді.

2017 жылдың 19-21 сәуір аралығында Алматы қаласында «Туризм және саяхат» Халықаралық көрмесі өткізілді. Көрмеге Қазақстаннның барлық өңірлері сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің өкілдері де қатысты.

Қызылорда облысынан барғандар шетел кластерлері орналасқан павильондарда өз бұйымдарын көрсетті.

Көрмеге облыстағы басты туристік нысандар «Қорқыт Ата» мемориалдық және «Байқоңыр» кешендерінің  үлестірмелі материалдары, туристік нысандары бар брошюралар, винилдік баннерлер қойылды.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында атқарылған жұмыстар туралы.

Басқарма тарапынан Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-туған ел» базалық бағытының аясында 2 жоба іске асырылды. Біріншісі «Этноауылды ұйымдастыру» кіші жобасы, екіншісі  «Әлемдік туризм күніне» арналған облыстық туристік фестиваль өткізу.

Аталған жобалардың орындалу барысы және аяқталуы бойынша Жоба жарғысы және Іс-шара паспорты әзірленді. Аталған  Жоба жарғысы мен Іс шара паспортында жобаның негізгі мақсаты, нәтижесі, қол жеткізілген индикаторы және аналитикалық жазбалары бойынша толық мәлімет ұсынылып,  облыс бойынша Рухани жаңғыру бағдарламасына жауапты  Жобалық кеңсеге есеп берілді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 24-25 маусымында «Жастар болашақ энергиясы» ұранымен «Менің Отаным - Қазақстан» жас туристердің облыстық слеті Жаңақорған ауданы, Құттықожа елді-мекенінде орналасқан «Тау Самалы» демалыс орнында өткізілді. Оған 6 адамнан құралған 6 топ қатысып, оның ішінде жеңімпаз атанғандарға жүлделер табысталды.

2017 жылдың 27-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында «Astana Leisure - 2017» көрмесі өткізілді. Көрмеге облыстың негізгі туристік нысандары жөніндегі брошюралар қойылып, түрлі қолөнер бұйымдары көрсетілді.

Қыркүйектің 27-сі күні туризм күні аталып өтіп, «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Арал, Қазалы аудандарына «Жаңғырған жастар» атты туристік экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында тарихи мұражайлар араланды.

Сол сияқты 2017 қазанның 28-і күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық туристік жұмыстарды жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру мақсатында  облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы бастамасымен Жалағаш, Қармақшы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылып, тарихи маңызы бар ескерткіштер мен мұражайлар араланды. 

Экспедиция құрамында 50-ге жуық орта және жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

Экспедиция барысында студенттер Жалағаш және Қармақшы аудандарының туристік әлеуеті бар мәдени-тарихи нысандары «Қалжан-Ахун» кесенесі және «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенін тамашалады.

Экспедиция нәтижесінде студенттерге қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік берілді.

 

«ЭКСПО-2017» Көрмесіне байланысты атқарылған жұмыстар

2017 жылдың басында Қызылорда облысының туристік саласын ілгерілету және алдағы өткізгелі отырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мақсатында басқарма жанынан ресурстық орталық ашылды.

Бүгінгі күні орталық арқылы ішкі саясат басқармасымен және жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп, 30 түрлі іс-шаралар өткізілді, түрлі тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, орталықтың әлеуметтік желіде арнайы парақшалары ашылып, «ЭКСПО» аясында өткізілген шаралар жарияланып келді.

Арнайы ЭКСПО кезеңі үшін аймақтың туристік әлеуеті туралы жарнамалық бейнероликтер дайындалды (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде). Осы видеороликтер Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында маусым-тамыз айларында 3 ай бойы көрсетілді.

Бұдан басқа, көрме барысында «Аir-Астана» авиакомпаниясының халықаралық рейстерінің бортында «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт Ата мемориалдық кешені туралы мақала жарияланды.

Сондай-ақ, Өңір тұрғындарының Көрмені тамашалап қайту үшін барлық ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Көрме тамашалаушылар кедергісіз жол транспорттарымен қамтамасыз етіліп, Астана қаласына орналастырылды. 

Көрме барысында Қызылорда облысынан 75 000 адам барады деп жоспарланған. Қорытындылай келе, Көрмеге 99 000 адам барғаны белгілі болды. Бұл Халықаралық көрмені Өңірімізден барып тамашалауға қызыққандар аз емес екендігін білдіреді.

Біздің облыстан барған 100 аймақтық еріктілер 3 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Көрмені өз деңгейінде өтуіне үлестерін қосты.

 

«ЭКСПО-2017» Көрмесі аясында ұйымдастырылған Этноауыл жобасы туралы

Қызылорда облысының туристік әлеуетін арттыру және «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесі өткізілу кезеңіне қарай, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешені жанында Этноауыл жобасы ұйымдастырылды.

Этноауылдың ашылуы 2017 жылдың 20 маусымында болды және ұйымдастырылу мерзімі 15 қазанда аяқталды. Бөлінген қаржы 71,9 млн. теңге.

Этноауылдың жер аумағы  4,2 га. Биіктігі 2 метр болатын ағашпен қоршалған. Алаң ішіне 7 киіз үй тігілді. Атап айтқанда: «Хан» үйі, «Зергелік бұйымдар» үйі, «Бұйымдарды иірілген жіптен жасау» үйі, «Саз бұйымдар» үйі, «Кілем бұйымдар» үйі, «Киіз бұйымдар» үйі және «Былғары  бұйымдар» үйі.

Қолөнершілерді және Этноауылдың басқа да жұмысшы персоналдарын 3 мезгіл тамақтандыру мақсатында қосымша 1 киіз үй жалға алынды. Алаңға кіретін аумақ маңына арнайы материалдардан екі сауда шатырлары тігілді.

Сондай-ақ, цементтен 24 м2 асық ойнау, 120 м2 күрес, арнайы тақтайшадан 250 м2 концерттік тамашалау алаңдары, биіктігі 6 метр болатын бөрендерден 4 алтыбақан жасалды. Алаң ішіндегі жүру жолына 24 тонна майда тас төселді. Кіре беріске ені 8 метр, түсу ұзындығы 12 метр болатын табалдырық жасалып, екі қапталына биіктігі 1 метр болатын әрленген қапталма орналастырылды. Табалдырықтың жан-жағына бес-бесеуден гүл салынған құмыралар қойылды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі жағынан кіре-беріс жол бойына ұзындығы 7 метр болатын 28 дана флагштоктар қойылып, көк және тарихи мағынадағы таңбалы сұрғыш түсті тулар ілінді.

Алаң іші 50-ге жуық көркем әсемделген этнографилық экспонат түрлерімен толықтырылды.  Бау-бақшалар жасалып, жасылдандыру алаңы болды. Отызға жуық ұсақ малдар мен жылқылар бағылды. Мал ұстауға қора жасалып, азық шөптері, жемдері әкелінді.

Этноауыл мерзімі аяқталғанға дейін 20-ға жуық концерттік шаралар, қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайыстар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Этноауылда шетелдік туристерді қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалды. Оларға үш тілді меңгерген гид-экскурсоводтар қызмет көрсетті.

Этноауылға есепті кезең ішінде 13 мыңнан астам отандық және шетелдік туристер мен қонақтар келді. Олардың ішінде шетелдіктер де болды. Шетелдіктер Франция, Литва, Швейцария, Венгрия, Гамбия, Мексика, Кения, Гондурас, Бельгия, Мадагаскар, Финляндия, Гренада, Соломон аралдары, Израиль, Ватикан, Монако, Украина, Армения, Әзірбайжан, АҚШ, Словения, Антигуа және Барбуда Испания, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша, Түркия, Иран, Румыния, Чехия елдерінен болды.

Этноауылда облысқа, республикаға белгілі 50-ден аса қолөнер шеберлері өздерінің шеберлік дәрістерін ұйымдастырып, қалып келе жатқан қолөнерлерді насиахаттады. Сонымен қатар, этноауылда шетелдік туристерге қазақ халқының салт-дәстүрлері бесікке салу, тұсау кесер, беташар, ақындар айтысы, тілашар ұйымдастырылып, қазақ күресі, асық ату, теңге алу, алтыбақан ойындары көрсетілді.   


Қызылорда облысында туризмнің даму жағдайы туралы

АНЫҚТАМА

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-маусым айында облысқа келген туристер саны 1411  адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 0,2%-ға артық. Ал, ішкі келу туризмі 27 106  адамға артып, 28,5 пайызды құрады.

Сыйымдылығы 1771 орын болатын келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 90, ондағы бөлмелер саны – 1006.  Олармен 28 517 адамға қызмет көрсетіліп, 443236,6  қаржыны құрады.

Мейрамханаларды қоспағанда орналастыру бойынша қызмет көрсету бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6 пайызға өскен.

 

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылындағы «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан 12 тұрғын үй құрылысы бой көтерді.

Жыл басынан қазіргі уақытқа дейін «Қамбаш» демалыс аймағына 90 мың демалушы келді.

 

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту

2017 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша жұмысшы топ отырысы өткізілді. Оған түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, туризм саласы бойынша қызмет етуші кәсіпкерлер т.б. қатысты.

Жиын барысында Байқоңыр аумағында туристерге арналған «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын құру тұжырымдамасын әзірлеу мәселесі көтерілді. Жұмысшы топ мүшелерінің көпшілігі Байқоңыр қаласының шекарасынан тыс жерге құру ыңғайлы екендігін білдірді.

Осыған байланысты наурыз айының басында басқармамен Байқоңыр аумағында туристік аймақ құру бойынша туристік индустриялық аймақты дамытудың тұжырымдамасы әзірленіп, жоғарғы органдардың қарауына ұсынылды.

Бұдан бөлек спорт және мәдениет министрлігімен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдама жобасы әзірленді. Оған Қызылорда облысы бойынша Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт-Ата» мемориалдық кешені және Байқоңыр қаласындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы кешені өңіріміздің негізгі туристік бағыттары ретінде ұсынылды.

Сонымен қатар, өңіріміздің туристік объектілерін ұлғайту мақсатында облыстың ескі, тарихи ескерткіштері орналасқан жерлерге (Кердері кесенесіне, Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Сортөбе, Жент қалашықтарына) археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

 

Байқоңыр кешенінде туризмді дамыту

Қазақстаннның туризм саласында алғаш рет 7 отандық туроператор ағымдағы жылдың басында «Байқоңыр» кешеніне турларды құруға, қалыптастыруға рұқсат алды және оларды сату құқығына ие болды.

ФМУК «ЖҒПИО» іріктеген қазақстандық туроператорлар шетелдік және отандық туристер үшін «Байқоңыр» кешенін қолайлы тарифпен аралауға бағытталған турпакеттер әзірледі және нысандар туралы ақпаратты, сондай-ақ, зымыран ұшу кестесіне дейін өздерінің ресми сайттарына орналастырды.

2016 жылдың қарашасында Қазақстан және Ресей мемлекеттік органдары арасында 2016-2018 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша біріккен бағдарламасы бекітілді.

«Байқоңыр» кешенін дамыту мақсатындағы Ресей-Казахстан Үкіметаралық комиссия отырысында  2018-2022 жылдарға Байқоңыр қаласын дамыту Бағдарламасының жобасы қаралды. Жақын арада Бағдарламаны бекіту жоспарлануда.

 

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша өткізілген шаралар туралы

Үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасы бойынша жеке кәсіпкер «Исаев» және Байқоңыр қаласы балықшылар клубының бірлесуімен Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы, Жалаңаш көлінде «Қысқы балық аулау» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қызылорда қаласынан, Байқоңыр қаласынан және Арал ауданынан 13 топ қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  ең үздік үштікті иеленгендер мен ең үлкен балық аулағандар сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ белсене қатысқан ең кішкентай балық аулаушыларға да алғыс хаттар берілді.

Үстіміздегі жылдың 19-21 сәуір аралығында Алматы қаласында «Туризм және саяхат» Халықаралық көрмесі өткізілді. Көрмеге Қазақстаннның барлық өңірлері сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің өкілдері де қатысты.

Қызылорда облысынан барғандар шетел кластерлері орналасқан павильондарда өз бұйымдарын көрсетті.

Көрмеге облыстағы басты туристік нысандар «Қорқыт Ата» мемориалдық және «Байқоңыр» кешендерінің  үлестірмелі материалдары, туристік нысандары бар брошюралар, винилдік баннерлер қойылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 24-25 маусымында «Жастар болашақ энергиясы» ұранымен «Менің Отаным - Қазақстан» жас туристердің облыстық слеті Жаңақорған ауданы, Құттықожа елді-мекенінде орналасқан «Тау Самалы» демалыс орнында өткізілді. Оған 6 адамнан құралған 6 топ қатысып, оның ішінде жеңімпаз атанғандарға жүлделер табысталды.

2017 жылдың басында Қызылорда облысының туристік саласын ілгерілету және алдағы өткізгелі отырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мақсатында басқарма жанынан ресурстық орталық ашылды.

Бүгінгі күні орталық арқылы ішкі саясат басқармасымен және жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп, 30-ға жуық шаралар өткізілді, түрлі тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, орталықтың әлеуметтік желіде арнайы парақшалары ашылып, «ЭКСПО» аясында өткізілген шаралар жарияланып келді.

Арнайы ЭКСПО кезеңі үшін аймақтың туристік әлеуеті туралы жарнамалық бейнероликтер дайындалды (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде). Осы видеороликтер Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында маусым-тамыз айларында 3 ай бойы көрсетілді.

Бұдан басқа, көрме барысында «Аir-Астана» авиакомпаниясының халықаралық рейстерінің бортында «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт ата мемориалдық кешені туралы мақала жарияланды.

Сондай-ақ, Өңір тұрғындарының Көрмені тамашалап қайту үшін барлық ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Көрме тамашалаушылар кедергісіз жол транспорттарымен қамтамасыз етіліп, Астана қаласына орналастырылды. 

Көрме барысында Қызылорда облысынан 75 000 адам барады деп жоспарланған. Қорытындылай келе, Көрмеге 99 000 адам барғаны белгілі болды. Бұл Халықаралық көрмені Өңірімізден барып тамашалауға қызыққандар аз емес екендігін білдіреді.

Біздің облыстан барған 100 аймақтық еріктілер 3 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Көрмені өз деңгейінде өтуіне үлестерін қосты.

Қызылорда облысының туристік әлеуетін арттыру және «ЭКСПО-2017» Көрмесі өткізілу кезеңіне қарай, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешені жанында Этноауыл жобасы ұйымдастырылды.

Облыс туристеріне және қонақтарына мемориалдық кешен аумағындағы қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлері мен тұрмысын таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 маусымынан 15 қазанына дейін  Этноауыл ұйымдастырылды. Этноауылда 7 киіз үй тігіліп, әрбір киіз үйде қылшық, керамика, кілем, сәндік бұйымдар, зергерлік бұйымдар, жіп бұйымдары көрсетіліп, сонымен қатар қазақтың ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылды.

Этноауылда шетелдік туристер шет тілдерін меңгерген гид-экскурсоводтар көмегіне жүгініп, ұлттық тағамдардан дәм татып, жылқымен серуендей алды.

Егер туристер саны туралы айтатын болсақ, ашылған сәттен бастап Этноауылды  13 мыңнан астам туристер мен қонақтар тамашалады, оның ішінде 3500 - шетелдіктер. Келушілер арасында Франция, Литва, Швейцария, Венгрия, Гамбия, Мексика, Кения, Гондурас, Бельгия, Мадагаскар, Финляндия, Гренада, Соломон аралдары, Израиль, Ватикан, Монако, Украина, Армения, Әзірбайжан, АҚШ, Словения, Антигуа және Барбуда Испания, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша, Түркия, Иран, Румыния, Чехия және т.б. болды.

Ағымдағы жылдың 27-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында «Astana Leisure - 2017» көрмесі өткізілді. Көрмеге облыстың негізгі туристік нысандары жөніндегі брошюралар қойылып, түрлі қолөнер бұйымдары көрсетілді.

Сондай-ақ, а.ж. 27 қыркүйегінде туризм күні аталып өтіп, Арал, Қазалы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи мұражайлар араланды.


Туризмді дамыту бөлімінің 2017 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

Іс-шара атауы

1.                 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойындағы жол бойы сервистік кешендерінің дамуы бойынша жұмыстарды монитроингілеп отыру

2.                 

Гид-аудармашылар мен туристік  қонақ үй және мейрамхана бизнесі туралы ақпараттардың тізімін жасау, жаңартып отыру

3.                 

Туристік саланың мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің дамуына ықпал жасау

4.                 

Облыстағы автожолдар бойындағы мәдениет және туризмнің айрықша маңызды нысандары жанында көрсеткіштер мен билбордтарды орналастыру

5.                 

Шағын сәулеттік пішіндерді қала, аудандарда орналасуын қадағалау, тізімін жасап мәліметтерін жасақтау

6.                 

Облыстың перспективті бағыттары бойынша туристік маршруттарды қалыптастыру

7.                 

Байқоңыр, Қорқыт Ата, Қамбаш кешенді туристік өнімін әзірлеу және алға жылжыту

8.                 

Облыстың туристтік фирмалары арқылы «Қорқыт Ата, Байқоңыр ғарыш айлағы» маршруты бойынша экскурсиялар ұйымдастыру

9.                 

Бүкіләлемдік туризм күніне (27 қыркүйек) арналған  іс-шара  ұйымдастыру (спорттық туристік іс-шаралар, жалпы білім беру мектептерінде, лицейлерде және колледждерде сынып сағаттары)

10.            

Көрмелерде облыстың экспозициясын қалыптастыру, облыстың туристік әлеуеті туралы жарнамалық топтамаларды және стендтерді әзірлеу және жаңарту

11.            

Ішкі туризмді дамытуға бағытталған іс-шаралардың баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына ықпал жасау

12.            

Туризм дамыту бойынша өткізілген барлық іс-шаралардың, сапалы мәліметтердің интернет-ресурста жариялануын бақылауға алу

13.            

Халықтық қолөнерінің дамуына және облыстың бейнелемесі бар кәде сый бұйымдарын шығаруға ықпал жасау

14.            

Астана – Қызылорда – Байқоңыр, Алматы – Қызылорда – Байқоңыр авиажелілерін құру үшін «Крайний» әуежайын пайдалану мүмкіндігі  мәселелерін пысықтау

15.            

«Байқоңыр» ғарыш айлағы, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені, «Қамыстыбас» демалыс аймағы әлеуетін пайдалану үшін Төретам немесе Ақай елді мекендерінен сервистік кешен салу мақсатында тұжырымдамалар әзірлеу

16.            

Туристік саланы дамыту және «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесіне дайындық жұмыстарын күшейту үшін ресурстық орталық құру, олардың жұмыстарын бақылау, үйлестіру

17.            

Сарқылмас Саяхат көрмесін ұйымдастыру, «Астана Демалыс -2017», «Туризм және саяхат - 2017» Халықаралық туристік Көрмесіне қатысу

18.            

«Менің Отаным - Казахстан» туристік экспедициясын ұйымдастыру

19.            

Бүкіләлемдік туризм Күніне арналған мерекені облыс көлемінде өткізуге ықпалдасу

20.            

Этноаул іс-шараларын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

 

 

Құрылған күні: 27-06-2016 12:35
Жаңартылған күні: 11-01-2018 09:37

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 57 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 68 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика