Лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізілімі

 

Лицензиар

Облыстық атқарушы органдар (республикалық мағынасы бар қалалар мен астаналар)

 

Ескерту

Лицензия заңды тұлғаларға облыстық атқарушы органдармен оның әділет органдарындағы тіркеу орндарына байланысты, ал жеке тұлғаларға – салық органдарына тіркелген орны бойынша беріледі. Лицензияны алғаннан кейін 7 ай ішінде ҚР Үкіметінің бекіткен туристік қызмет көрсетуге сәйкес сертификат алуы тиіс, оның көшірмесін лицензиарға береді.

Лицензиялауға жататын қызмет түрлері

• туроператорлық;

• турагенттік;

• туризм инструкторының қызметі

Лицензия алуға қажетті құжаттар

 

Туроператорлық қызметке лицензия алу үшін:

• бекітілген формасындағы өтініш;

• лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;

• заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәлігінің, жарғының және статистикалық картаның нотариуспен бекітілген көшірмелері;

• офиске қажетті жеке иелігіндегі немесе жалға алынған кеңістікті анықтайтын құжат;

• туристердің, туристік жабдық-тұрмандар мен көлікті орналастыратын материалды-техникалық базасы бар жалға алынға материалды-техникалық база немесе өз иелігіндегі материалды-техникалық базасын анықтайтын құжат;

• жұмысшылардың білімі туралы және еңбек өтілі туралы құжат көшірмесінің қосымшасы бар жұмысшылар тізімі;

• туристік қызмет келісім-шарты бойынша азаматты-құқтық жауапкершілікті сақтандыратын келісім-шарт көшірмесі;

• тасымалдаушымен келісім-шарт көшірмесі;

• туристік жолдама мен туриске арналған жадуал көшірмелері;

• психикалық денсаулық жағдайы туралы меданықтамасы, жоғары оқу орнын бітіргені туралы құжаты бар экскурсоводтар мен гидтер тізімі бар туристік ұйымдармен келісім-шарт көшірмесі;

• жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

• туристік маршруттер реестрі;

• туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;

• «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17 бабындағы талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының үлгісі;

• туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.

Турагенттік қызметке лицензия алу үшін:

• бекітілген үлгідегі өтініш;

• лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;

• жеке кәсіпкердік немесе патенттің жарғысының, мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің, жеке куәлігінің нотариалды бекітілген көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);

• офиске қажетті жалға алынған немесе өз иелігіндегі кеңістікты анықтайтын құжат;

• өз иелігіндегі немесе жалға алынған материалды-техникалық базаны анықтайтын, немесе туристерді, көліктерді орналастыруға қажетті материалдық-техникалық база қызметі бар ұйыммен жасалған келісім-шарт құжаты;

• білімі туралы және еңбек өтілі туралы қосымшамен жазылған жұмысшылар тізімі;

• туристік қызмет көрсету келісім-шарты бойынша азаматтық-құқықтық жэауапкершілікты сақтандырудағы келісім-шарт көшірмесі;

• тасымалдаушымен келісім-шарт;

• туристік жолдама және туриске берілетін жадуал көшірмелері;

• жарнамалық-ақпараттық материал (даңғылдар, буклеттер, видеоматериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

• «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17 бабындағы талаптарға сәйкес туристік қызмет көрсету келісім-шартының үлгісі;

• туристреге елден шығу мен елге кіру туралы ақпарат беру.

Туризм инструкторы қызметіне лицензия алу:

• бекітілген үлгідегі өтініш;

• лицензиялық жинақ төлемін анықтайтын құжат;

• туристік маршруттарда тәжірибеден өту мен біліктілік, кәсіби дайындыққа сәйкестігін анықтайтын құжаттар;

• жасалған туристік маршруттардың сипаты және карта-сызбасы;

• психикалық денсаулық жағдайы туралы меданықтама..

Лицензия беру мерзімдері

Өтінішті барлық қажетті құжаттармен алғаннан бастап:

• 1 ай

• шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 10 күн

Лицензиялық жинақ

 

•туроператорлық, турагенттік – 10 АЕК

• туризм инструкторы қызметі – 1 АЕК

Лицензияны қайта жасау

 

Заңды тұлғаның атауы, орналақан жері өзгеретін болса, қажетті мәліметтер көрсетілген құжаттармен бірге бір ай ішінде лицензияны қайта жасау туралы өтініш беруі тиіс. Лицензиар 10 күн ішінде өтініштегі мәліметтерге сәйкес лицензияны қайта толтырады.

Лицензия бір данамен беріледі, егер лицензиат оны жоғалтып алса, көшірмесін алу туралы өтініш беруі тиіс.

Лицензияны тоқтату, бас тарту, қызметін тоқтату

 

Лицензияны беруден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асады:

• туроператорлық, турагенттік және туризм инструкторы қызметімен айналсуға аталған тұлға категорияларына заңнамалық актілермен тыйым салынса;

• лицензия алуға қажетті құжаттар толық ұсынылмаса;

• лицензиялық жинақ төленбесе;

• өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;

• өтініш иесіне аталған қызмет түрлерімен айналсуға сот шешімімен тыйым салынса.

Лицензия мына жағдайларда қызметін тоқтатады:

• лицензия қайтарылса;

• азаматтың жеке кәіспкерлігін тоқтатқанда, қайта құрғанда немесе заңды тұлғаның таралуында.

 

 

 

Құрылған күні: 27-06-2016 12:41
Жаңартылған күні: 10-01-2018 12:22

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика