«Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі – кәсіпкерлік, туризм және сауда қызметтерін дамытуда мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қызылорда облысы әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасынң мемлекеттік органы болып табылады.

 

Функциялары:

  • Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;
  • Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;
  • Өңірде шағын және орта кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымы объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
  • Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды,
  • Сараптама кеңестерінің қызметтерін ұйымдастырады;
  • Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
  • Облыстың аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
  • Туристік қызметтер көрсеті назарына талдау жасайды және облыстың аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
  • Облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
  • Облыстың аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
  • Балалар мен жастар лагерьлерінің, туристтер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
  • Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
  • Халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
  • Туристік ақпаратты, оның ішінде  туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік  қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
  • Туристік ақпарат орталығын құрады;
  • Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
  • Гидті (аудармашы гидті) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
  • Уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
  • Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
  • Өз құзыреті шегінде сауда қызметін реттеуді жүзеге асырады;
  • Облыста сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлейді;
  • Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
  • Көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  • Облыстың аумағында алдағы күнтізбелік жылға бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;
  • Өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданылады;
  • Өз құзыреті шегінде азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарды шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін айқындайды;

Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады


МекенжайыҚызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі,№ 42, "Бастау" БО, 10 қабат

Пошта индексі: 120014

Тел: 8 (7242) 70-54-87,  70-03-78

Факс: 8 (7242) 70-54-87

Сенім телефоны: 8 (7242) 70-54-87

Электрондық пошта: oblkasipkerlik@korda.gov.kz

 

 

 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-07-2018 09:12

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика