Облыс әкімдігінің 2016 жылдың  7 желтоқсандағы №655 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесінің облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылып, 2017 жылдың 30 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастады.

Мемлекеттік мекеменің қызметінің мақсаты облыс аумағында кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасымен қызмет көрсету болып табылады.

Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қызметінің барлық бағыттары бойынша сапалы қызмет көрсету;

2) рұқсат құжаттарын алу бойынша қызметтер көрсету және кеңес беру;

3) консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік бағдарламалар және қаржы институттарының қаржыландыру шарттары, бухгалтерия бойынша кеңестер беру;

4) бизнес-жоспар, маркетингтік жоспар жасау және жобаларды қаржыландыру бойынша кеңестер беру.

5) кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді жүйесін дамыту;

6) өңірде әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлерді қосымша акпарат құралдарымен қамтамасыз ету;

7) ауыл шаруашылығы ынтымақтығы және микробизнес бойынша кеңес беруге байланысты қызметтер.

 

 

Құрылған күні: 30-05-2017 09:50
Жаңартылған күні: 30-03-2018 17:24

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика