2019 жылдың 1 тоқсан бойынша шағын және орта бизнес көрсеткіштері, сауда және туризм салалары

 

ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

Ағымдағы жылдың 1 наурызына Өңірде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 51 350 бірлікті құрап, оның ішінде жұмыс істеп тұрған 43 413 шағын және орта бизнес субъектісі (а.ж. қаңтар-ақпан айларында 1 071 ШОБ субъектісі жұмыс жасап тұрғандар статусын алды) жұмыс жасайтындар қатарында болды (а.ж. 1 қаңтарына жұмыс жасап тұрған шоб субъектісі аны 42 342 құрады). Тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі 84,5% құрады (а.ж. 1 қаңтардағы үлесі 83% құрады).

2018 жылдың  қаңтар-қыркүйегіне ШОБ жұмыспен қамтылғандардың саны 90 001 адам болды.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйегіне ШОБ субъектілерімен шығарылған өнім 250,419 млрд. теңгені құрады.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі  14,3%. Алдын ала болжам бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына бұл көрсеткіш 15% құрайды.

Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржылай/қаржылай емес қолдау

Оқыту.

«Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы аясында 2019 жылы 737 адам оқыту жоспарланған. А.ж. 15 наурызына 179 адам оқытылды.

«Бастау-Бизнес» Бағдарламасы аясында 2019 жылы 800 адам оқыту жоспарланған.«Атамекен» ҰКП жоспары бойынша оқыту а.ж. 11 наурызында басталды.

Шағын несиелендіру.

Ағымдағы жылы шағын несиелендіруге 4 010,476 млн. теңге қаралды.  Оның ішінде:

1) «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.

- ауылдық жерлерге 3 210,986 млн. теңге;

Қаражаттың алдын ала бөлінісі: АНҚ - 1 805,493 млн. теңге; АШҚҚҚ - 1 405,493 млн. теңге.

- Қызылорда қаласына 299,490 млн. теңге.

2) Облыстық бюджеттен ӨИО - 500 млн. теңге.

*а.ж. 13 - 15 наурыз аралығында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қарау жөнінде ӨИО бақылау кеңесі өткізілді. Жобаларды қаржыландыру қала және аудан бойынша келесідей:

Қала/аудан атауы

Мақұлданған жобалар саны

Шағын несиелердің жалпы сомасы млн. теңге

1

Арал ауданы

10

61,5

2

Қазал ауданы  

11

62,8

3

Қармақшы ауданы

13

59

4

Жалағаш ауданы

14

60,5

5

Сырдария ауданы

15

57,0

6

Шиелі ауданы

14

60,0

7

Жаңақорған ауданы

14

59,0

8

Қызылорда қаласы 

14

102,0

 

Барлығы:

105

521,8

*50 млн. теңге Қызылорда қаласындағы жастардың жобасына бағытталған.

 

«БЖК-2020» бағдарламасы аясында несиелендіру.

Жыл басынан бері «БЖК-2020» бағдарламасы аясында ЕДБ жалпы құны 977,9 млн. теңге болатын 28 жоба мақұлданды. Субсидиялау шарты жалпы құны 492,4 млн. теңгені құрайтын 19 жоба бойынша жасалынды.

Сондай-ақ кепілдік шарты жалпы құны 260,28 млн. теңгені құрайтын 21 жоба бойынша жасалынды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында 2019 жылға қаралған қаражат бойынша ақпарат:

Бөлінген қаражат атауы

Бөлінді

млн. теңге

 

1.

«Бизнестің жол картасы 2020»

1 029,619

1.1

Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау

900,619

1.2

ШОБ субъектілерінң несиелері бойынша ішінара кепілдендіру

119,0

1.3

Қайтарымсыз гранттар

10,0

2.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

3 967,057

1.3

Мемлекеттік гранттар ұсыну

207,050

1.5

Қызылорда қаласына шағын несие беру

299,490

1.6

Ауылдық жерлерге шағын несие беру

3 210,986

1.9

МҚО операциялық шығындарын субсидиялау

28,574

1.10

Қызылорда қаласында шағын несиелерді кепілдендіру

36 000,0

1.11

Ауылдық жерлерде шағын несиелерді кепілдендіру   

184,957

3.

ӨИО облыстық бюджет арқылы

500,0

4.

АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

12 200,6

5.

ЕДБ арқылы несиелендіру (оның ішінде Ұлттық қор қаражаты есебінен)

16 260,750

6.

Іс - шаралар (форумдар, семинарлар, көрмелер және т.б.)

41,974

 

Барлығы:

34 000,0

«БЖК-2020» МБ шеңберінде ЕДБ арқылы, оның ішінде Ұлттық қор қаражаты есебінен (ҚР бойынша 600 млрд. теңге) берілетін несиелер келесі басым жобаларға бағытталады:

- Тамақ өнеркәсібі (етті қайта өңдеу және консервілеу, сүт және ірімшік өңдеу, макарон өнімдерін өндіру, дайын тамақ өнімдері және т. б.);

- Жеңіл өнеркәсіп (тоқыма бұйымдары өндірісі, аяқ киім өндірісі, жиһаз өндіріс және т. б.);

- Құрылыс материалдарын өндіру;

- Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, шағын-ет комбинаты, шағын-сүт комбинаты, мал азығы цехы және т. б.

Бұл ретте, аудан әкімдіктеріне ЕДБ қаражатын әрбір ауданға 1 млрд. теңгеден, ал Қызылорда қаласында 8 млрд. теңгеден кем емес тарту ұсынылады.

 

Сауда саласының дамуы жайлы анықтама

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы қаңтар-ақпанға бөлшек сауда көлемі 38 896,1 млн. теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 100,3%-ды құрады.

Жыл басында жеке сауда кәсіпкерлер, жеке меншік формасындағы кәсіпорындардың бөлшек сауда өткізу айналымынан, соның ішінде нарықтағы саудадан 38 338,6 млн. теңге (98,6%-ы жалпы бөлшек саудасының көлемінен), шетелдің меншік нысанындағы кәсіпорындар 557,5 млн. теңге (1,4%) алынды.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауда жалпы көлеміндегі үлесі 33,1% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 66,9%, азық-түлік тауарларды өткізу көлемі 12 871,4  млн. теңгені құрады, азық-түлік емес тауарлар 26 024,7 млн. теңге.

Көтерме сауда 2019 жылдың қаңтар-ақпанға 21 775,2 млн. теңге, немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңнің деңгейіне 100,5%-ды құрады.   

2018 жылғы 1 желтоқсанға сауда саласына инвестициялар көлемі 2 511,2 млн.теңгені құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 356,3%-ды құрады. Саудаға инвестициялар көлемінің өсуі жеке құрылыс салушылардың есебінен қалыптасты: 61 объект (сауда үйлері, супермаркеттер, шағын маркеттер) 542,0 млн. теңге, «Магнум» гипермаркеті 1,5 млрд. теңге, «СинОйл» ЖШС 440,0 млн. теңге, «Кари кз» 11,0 млн. теңге.

Сондай-ақ, Ұлттық банк деректері бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2 989,2 млн.теңгеге 255,7 мың транзакцияны құрады.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде  2018 жылы сауда саласына, жалпы құны 525,7 млн. теңгені құрайтын 16 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді, 100-ден аса жаңа жұмыс орындары құрылды.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының аумағында жалпы сауда алаңы 243,9 ш.м. құрайтын, 7243 сауда орны бар 40 базар тіркелген.

Сатылатын тауарларға байланысты 24 әмбебап базар (жалпы базар санының 60%) және 16 мамандандырылған базар болып табылады. Базарлардың жалпы санынан 26 стационарлық және 14 стационарлық емес базарлар.

Сауда базарларын жаңғырту бойынша:

2018 жылы сауда базарларын қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілеріне көшіру мақсатында сауда базарларын жаңғырту бойынша 3 жиналыс өткізілді. Аталған жиналыстарға сауда кәсіпорындарының басшылары, қалалық әкімдік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстық статистика, Мемлекеттік кірістер, Қоғамдық денсаулық сақтау және ішкі істер департаменттері, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Байқоңыр «ӘКК «ҰК» АҚ және «Даму «КДҚ» АҚ Қызылорда филиалының өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында сауда базарларын қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілеріне жаңғырту қажеттілігі туралы түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ жаңғыртуға жататын сауда базарларын анықтау мақсатында облыстың барлық сауда базарларына инвентаризация жүргізілді.

Жүргізілген инвентаризацияға сәйкес, сауда базарлары келесідей орналастырылған:

Қызылорда қаласында –15 базар;

Арал ауданында – 6 базар;

Қазалы ауданында – 8 базар;

Қармақшы ауданында – 4 базар;

Жалағаш ауданында – 3 базар;

Сырдария ауданында – 1 базар;

Шиелі ауданында – 2 базар;

Жаңақорған ауданында – 1 базар.

Қызылорда қаласында орналасқан 15 базардың ішінде: 6 әмбебап базар, 9 мамандандырылған базар.

6 әмбебап базардың Заңға сәйкес 3 міндетті түрде жаңғыртуға жатады («Асбол» базары, «Сыбаға» базары, «Сұлтан» базары), қалған 3 әмбебап базар(«Жайна» базары, «Сәулет» базары, «Қанат» базары) бүгінгі күні Заңға сәйкес келеді. (2018 жылы «Жайна» сауда базары қазіргі заманғы сауда объектісіне ауыстырылды).

Жаңғыртуға жататын сауда базарлары бойынша желілік кестелер әзірленді.

«Асбол»  базары бойынша жартылай жаңғырту жүргізілді, базардың басты кіру алаңы стационарлық нысанға жаңғыртылды, «Атамекен» жаңа сауда нысаны салынды және жұмыс жасауда. Базарды одан әрі жаңғыртуды ағымдағы жылы жалғастыру жоспарланып отыр.

«Сыбаға» базары бойынша 2017 жылдан бастап «Қорқыт» сауда объектісінің құрылысы жүргізілуде, ағымдағы жылдың аяғына дейін объектіні іске қосу жоспарлануда.

«Сұлтан» базары бойынша жартылай жаңғырту жүргізілді, «Сұлтан» стационарлық сауда объектісі салынды.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта 2 мамандандырылған базарының жаңғырту жұмыстары жүргізілуде:

- «Бабас» базары:

Жоба бастамашымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 18 млн.теңге көлемінде қаражат алды. Базар аумағының бір бөлігінде 25 сауда орны бар екі қабатты ғимарат салынып, кәсіпкерлер орналастырылды. Екінші бөлігінде екі қабатты ғимарат тұрғызылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

- «Гульдана» базары:

Жоба бастамашымен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 18 млн. теңге көлемінде қаражат алды. Сауда үйінің ашылуы 2018 жылдың 25 желтоқсанда өткізілді.

Бейберекет сауда:

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204 бабына сәйкес (белгіленбеген жерлерде сауда жасау), 2018 жылы Қала әкімінің аппаратымен бейберекет сауданы жою және болдырмау мақсатында 112 комиссиялық рейдтер жүргізілді. 76 әкімшілік хаттамалар толтырылды.

«Көшесаудасынаарналған 100 орын» бағдарламасыбойынша:

Көше саудасын қазіргі заманғы форматта дамыту, сондай-ақ сыртқы түрін Қызылорда қаласының сәулеттік келбетіне келтіру мақсатында «Көше саудасына арналған 100 рын» бағдарламасы аясында қосалқы жалға жер телімдерін бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарлама операторы болып «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ белгіленген.

Бұл мақсатта қала ішінен 62 жер учаскесі және қалаға қарасты ауылдық округтерден 38 учаске бөлінді.

Қазіргі таңда, жерді бөлу бойынша өткізілген 4 конкурс нәтижесінде кәсіпкерлерге 5 жер учаскесі табысталды.

Онлайн сауданы дамыту бойынша жыл басынан өңірлік кәсіпкелер палатасымен бірлесіп облыстың кәсіпкерлері, сауда үйлері және базарлар өкілдерінің қатысуымен электронды сауданың артықшылығы және салық салу жеңілдіктері бойынша 3 семинар-тренинг өткізілді. Аталған семинар-тренингтерде барлығы облыстың 140 кәсіпкерлері қамтылды.

Кәсіпкерлер арасында интернет-дүкендер арқылы сатуды ұйымдастырудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл жұмыстар облыстың барлық аудан әкімдіктерімен де жүргізілуде.

2018 жылы облыста 4 интернет-дүкен құрылды.

Анықтама ретінде: Қазалы ауданында - ЖК «Максұт»(түрлі категориялы тауарларды жеткізу), Қармақшы ауданында - ЖК «Көбен»(электронды тауарлар сату), Сырдария ауданында - ЖК «Шіркейлі»(құрылыс материалдарын сату),

Шиелі ауданында - ЖК «Магнит»(автобөлшектер сату).

Бұдан өзге, 2018 жылы интернет сауда саласындағы 4 жобаға 3,1 млн. теңге қайтарымсыз гранттар берілді.

Анықтама ретінде: 2  интернет дүкен, «Bazar24» онлайн базар жобасы және қонақүйлер мен мейрамханаларды онлайн брондау жүйесін құру туралы жоба.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында электронды сауданы дамыту мақсатында2018 жылдың 3-8 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласында «Бизнесті дамытудағы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбында апталық семинар-тренинг өткізіліп, 100-ден аса адам оқытылды.

Сауда кәсіпорындарын қолма-қолсыз төлемдерге көшіру жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың 1 наурызына облыстағы POS-терминалдар саны 1896 бірлікті құрап отыр.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Шапағат коммуналдық базарында іске асырылған пилоттық жобаға сәйкес, Қызылорда қаласындағы «Жайна» сауда үйінде онлайн төлемдерге (онлайн-БКМ) толығымен көшу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күнге, сауда үйіндегі кәсіпкерлер онлайн-БКМ 100% толығымен қамтылған.

Бұдан бөлек, биылғы жылы бұл жұмыстарды «Асбол», «Сыбаға», «Сұлтан» базарларында жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2018 жылдың қараша айында Қызылорда қаласында «Сауда Үздігі – 2018» Республикалық сауда кәсіпорындарының конкурсы өткізілді.

Аталған конкурс 2002 жылдан бері жыл сайын республика өңірлерінде өткізіліп келеді.

2018 жылы конкурсқа 100-ден аса қатысушылар қатысты, оның 32 басқа аймақтардан. Номинанттар саны 47, оның 26 Қызылордадан.

 

Қызылода облысының туризм саласының дамуы туралы анықтама

Туризм саласы бойынша жалпы деректер

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындысы бойынша өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кіру туризмнің келушілер саны 7,0% және ішкі туризмнің келушілер саны 7,3% көбейді, сәйкесінше 3396 адам және 60120 адамды құрады.

Облыста орташа құны 7180 теңгені құрайтын 1085 нөмірлік қоры бар 98 қонақ үй орналасқан (оның ішінде Қызылорда қаласында – 54 қонақ үй).

Бұл ретте бір жолғы сыйымдылық 2115 төсек-орынды құрайды.(Облыстың 18 қонақ үйі халықаралық "Booking.com интернет-брондау жүйесінде тіркелген). Көрсетілген кезеңде 60 120 резидент және 3 396 резидент емес қонақтарға қызмет көрсетіліп, орындалған жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемі 975,5 млн.теңгені құрады.

Туризмді дамыту бойынша имидждік іс-шаралар

Өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында Қызылорда облысының делегациясы "KITF"(28-29 сәуір) және «Astana Leisure» (26-28 қыркүйек),  халықаралық көрмелеріне қатысты. Сондай-ақ Петропавл қаласындағы Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумына (8-9 қараша).және Шымкент қаласындағы Қазақстан мен Өзбекстанның бірінші аймақаралық форумына қатысты. (14-15 қараша).

Балалар мен жасөспірімдер туризмі

Облыста 9 балалар лагері жұмыс істейді, оның ішінде жыл бойы жұмыс жасайтын «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың лагерлеріне келген балалар саны 8 672 баланы құрады.

Ірі туристік нысандар бойынша

Қазақстан Республикасының туристендіру картасына Қызылорда облысынан 3 нысан енгізілді. («Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» Шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы), оның ішінде «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасы ҚР туристендіру картасының ТОП-10 нысандар тізіміне енгізілді.

Анықтама ретінде:(Қазақстан Республикасының туристендіру картасы – бұл аймақтық және республикалық маңызы бар нысандарды қамтитын карта. Картаның міндеті: 2-3 жыл ішінде халықаралық кластағы нысандар деңгейіне шығу).

Бұл картаға республика бойынша барлығы 60 нысан енгізілгенін атап өту қажет.

Бірінші. «Қамыстыбас» демалыс аймағын дамыту. «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша қазіргі уақытта жалпы инвестиция көлемі 105 млн.теңге болатын 90-нан астам нысан іске қосылды. Сонымен қатар, құрылыс кезеңінде 350-ден астам жұмыс орны ашылып, маусымдық кезеңде 150 адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ туристер катерлерді, жел қайықтарын, катамарандарды және гидроциклдерді пайдалана алады. Аталған туристік нысан Байқоңыр қаласының тұрғындары арасында ерекше сұранысқа ие және демалыс турлары аясында дамып келеді. 2018 жылы Қамбаш көліне 89 000-ға жуық адам келді.

Анықтама ретінде: ҚызылордақаласынанҚамбашқадейінгіқашықтық 430 км құрайды. Бүгінгі күні 37 жалға берілетін үй, және 50-ден астам шағын үй жұмыс істейді, үйді жалдаудың орташа бағасы 5000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін, әрбір үй 5-10 адамға есептелген. Маусым кезеңі: маусым, шілде, тамыз айлары.

Екінші. Жаңақорған балшықпен емдеу шипажайы.

Жыл сайын шипажайға келетін туристердің саны артып келеді және еліміздің батыс аймағының тұрғындары ерекше қызығушылық танытуда.Осыған байланысты, қазіргі уақытта 88 орындық заманауи шипажайдың құрылысы жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 850 млн. теңгені құрайды, оның 326 млн. теңгесі "Байқоңыр" ӘКК-мен қаржыландырылып, ал қалған 524 млн. теңгесі инвестордың өз қаражаты.

Анықтама: Жаңақорған шипажайы аумағында тәулігіне 4 рет тамақтануымен бағасы 8 500 теңгеден басталып 20 000 теңгеге дейін 6 қонақ үй бар. 2018 жылы келушілер саны шамамен 25 000 адамды құрады.

Үшінші. «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру. Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмнің дамуы үлгісінде «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру Тұжырымдамасы және  үш тілде таныстыру (анимациялық) бейнеролигі әзірленді.

«Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағының тұжырымдамасына сәйкес төмендегі нысандар қамтылатын болады:

Сауда орталығы,әлемдік стандарттарға сәйкес қонақ үй, мейрамхана, жаңа телекоммуникациялық байланыспен жабдықталған кино және ойын-сауық залдары, боулинг, бильярд, әртүрлі техникалық арнайы эффектілері бар ғарыштық аттракциондар, "hi-tech" технологияларымен, зымырандардың іске қосылуын бақылауға арналған заманауи қондырғылар, бассейн, жаттығу залы, сауна, SPA-процедуралар, аквапарк, ұлттық кәдесый өнімдерінің дүкендері, этноаул, ғарыш мұражайы.

Бүгінгі күнге «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойынан Қармақшы ауданындағы 1576 шақырымында жер телімі белгіленді. Қазіргі уақытта «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру үшінжер телімін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойында жол бойы сервистік нысандарын дамыту.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында Қызылорда облысының аумағында жол бойындағы сервистік нысандарын салу үшін 44 нүкте анықталды. Бүгінгі күні инвестицияның жалпы сомасы 5 млрд. 801 млн. теңгені құрайтын 26 нысан пайдалануға берілді. 700 тұрақтыжаңа жұмысорыны құрылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойындағы жол бойындағы сервис объектілерінің қызметін реттеу жөніндегі жұмыс тобы тұрақты негізде жұмыс істеуде.

 


Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті, сауданы және туризмді дамыту бойынша

АНЫҚТАМА

Кәсіпкерлік саласы

  1. ШОБ негізгі көрсеткіштері

 

         2018 жылдың 1 қаңтарында тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 49 991 бірлікті құраса, 2019 жылдың 1 қаңтарына оның саны 51 872 бірлікті құрады. Яғни, 2018 жылдың басынан бері 1 881 ШОБ субъектісі тіркелді.

         2018 жылдың 1 қаңтарында жұмыс жасап тұрған ШОБ субъектілерінің саны 37 450 бірлікті құраса, 2019 жылдың

1 қаңтарына
оның саны 42 585 бірлік болды. 2018 жылдың басынан бері 5 135 ШОБ субъектісі жұмыс жасап тұрғандар статусын алды.

Аудандар мен Қызылорда қаласы бөлінісінде:

 

Қала және аудандар

Тіркелген ШОБ субъектілері

Жұмыс жасап тұрған ШОБ субъектілері

Өткен жылмен салыстырғанда, %

 
 

1

Арал ауданы

4 267

3 440

109,2

 

2

Қазалы ауданы

4 513

3 584

121,9

 

3

Қармақшы ауданы

3 357

2 561

109,4

 

4

Жалағаш ауданы

2 344

1 934

109,1

 

5

Сырдария ауданы

2 136

1 821

118,2

 

6

Шиелі ауданы

4 594

3 956

122,2

 

7

Жаңақорған ауданы

3 930

3 793

119,6

 

8

Байқоңыр қаласы

477

330

99,1

 

9

Қызылорда қаласы

26 254

20 789

110,1

 

Облыс бойынша

51 872

42 585

113,0

 

 

2018 жылдың басында тіркелген ШОБ субъектілерінің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі 74,9% болса, 2018 жылдың

1 желтоқсанында 82,1% болды.

         ШОБ жұмыспен қамтылғандардың саны 2018 жылдың

1 қаңтарына
85 610 адамды құраса, 2018 жылдың 1 шілдесіне  86 842* адам болды.

         ШОБ субъектілерімен шығарылған өнім 2018 жылдың

1 қаңтарына
325,8 млрд. теңге болса, ал 2018 жылдың шілдесінде  143,3 млрд. теңгені құрады.

         2018 жылдың басында ШОБ жалпы қосылған құны 201,3 млрд. теңге болса, ал 1 шілдеге – 95,5 млрд. теңге болды.

         2018 жылдың 1 қаңтарына жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі  14,2% (жоспар 14%). Алдын-ала болжамдар бойынша 2019 жылдың

1 қаңтарына
аталған көрсеткіш 15% деп күтілуде (жоспар 14,8%).

 

* Статистикалық жұмыс жоспарға сәйкес, аталған көрсеткіштердің

2018 жылғы қорытындысы 2019 жылдың тамыз айында, ал алдын-ала көрсеткіштері 2019 жылдың сәуір айында жарияланатын болады
.

 

Әкімдіктің ахуалдық орталығында өңірдің барлық ауылдық бөліністерінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны туралы ақпарат салынып отырады. 2018 жылдың басынан бері облыста 6 894 жеке кәсіпкер, 216 шаруа қожалығы және 721 заңды тұлғалар тіркелді. 

 

Қала/ аудандар

ЖК

ШҚ

ЖШС

Барлығы

1

Арал ауданы

493

10

-

503

2

Қазалы ауданы

790

23

22

835

3

Қармақшы ауданы

612

9

-

621

4

Жалағаш ауданы

417

17

18

452

5

Сырдария ауданы

437

63

11

511

6

Шиелі ауданы

712

21

55

788

7

Жаңақорған ауданы

807

38

-

845

8

Қызылорда қаласы

2 626

35

615

3 276

Облыс бойынша

6 894

216

721

7 831

 

 

  1. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ҮШ ЖЫЛДЫҒЫ

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 2018 жылдың басында кешенді Жол картасы әзірленіп, кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында әртүрлі қаржы көздерінен шамамен 32 млрд. теңге тартылды. Сондай-ақ, Жол картасы аясында облыста кәсіпкерлікті қолдау мақсатында іс-шаралар өткізу жөнінде күнтізбелік жоспар әзірленді.

 

ШОБ субъектілерін қаржылай емес қолдау

 

         2018 жылдың басынан бері «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша 800 адамды оқыту жоспарланса, жалпы оқытылғаны

1 347 адам.

         Сондай-ақ, «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша

2018 жылы 1 600 адамды оқыту жоспарланып, жоспар толығымен орындалды.

 

ШОБ субъектілерін қаржылай қолдау

 

         Мемлекеттік бағдарламалар аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға 5 939,8 млрд. теңге бөлінді. Атап айтсақ:    

«БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға

1 319,238 млн. теңге бөлінді (оның ішінде, субсидиялауға – 820,238 млн. теңге, кепілдендіруге – 299 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 200 млн. теңге).

«БЖК-2020» бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша жалпы құны 9,8 млрд. теңгеге 153 несие берілді. Несие бойынша кепілдікті жалпы құны 1,2 млрд. теңгеге ШОБ 65 субъектісі алды. 2017 жылмен салыстырғанда берілген кепілдіктің көлемі 1,5 есеге ұлғайған.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несиелендіру үшін 3 620,631 млн. теңге (оның ішінде ауылдық жерлерге  – 3 342,141 млн. теңге, Қызылорда қаласында – 278,49 млн. теңге), ал несиелерді кепілдендіру үшін 118 млн. теңге бөлінді.

Жалпы 2018 жылдың басынан бері Бағдарлама аясында шағын несиелерді (АШҚҚҚ, АНК, ӨИО желісі бойынша) 3,2 млрд. теңгеге

1021 адам алды. Ал кепілдіктер шағын кәсіпкерлік субъектісінің

24 жобасына берілді.

         «Микробизнес-        Қызылорда» өңірлік бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат аясында шағын несиелерді 280 ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерлер алды.

Жалпы 2017 жылмен салыстырғанда шағын несиелердің көлемі

2 есеге ұлғайған.

 

Әкімшілік кедергілерді қысқарту

 

2018 жылдың басынан бері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен «бір терезе» қағидаты бойынша облыс кәсіпкерлеріне 6 070 қызмет көрсетіліп, оның ішінде 1458 техникалық шарттар берілді.

Сонымен бірге, 2018 жылдың басынан бері Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында барлығы 54 аукцион өткізіліп, нәтижесінде ШОБ субъектілеріне 649 жер телімі табысталды.

Бұдан бөлек, 2018 жылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен ШОК субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мемлекеттік органдармен қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бойынша

53 сараптамалық қорытынды берілді.

 

Өткізілген іс-шаралар

 

2018 жылдың басынан бері облыс кәсіпкерлерін ынталандыру мақсатында 11 іс-шара өткізілді:

- 2018 жылың 31 мамырында әйелдердің мүмкіндігін кеңейту, әйел кәсіпкерлігін насихаттау, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында әйелдердің қатысуын белсендіру мақсатында «Іскер әйел кәсіпкерлер» облыстық форумы өткізілді. Аталған форумға облыстың 25 әйел-кәсіпкерлері қатысты.

- 2018 жылдың 1 тамызында облыс әкімінің төрағалығымен «Кәсіпкерлер үйін» таныстыру және кәсіпкерлік саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау масқатында жиын өткізілді.

 Аталған жиынға облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі, қоғамдық кеңестің, қала және аудан әкімдіктерінің, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

- 2018 жылдың 4 тамызы Қызылорда қаласының орталық алаңында «Қазақстанның үздік тауары 2018» көрме-конкурсы өткізілді.

Аталған көрме-конкурсында облыстың 71-ден аса тауар өндірушілері қатысты. Конкурс нәтижесінде 3 номинация бойынша

9 кәсіпкер анықталды.

- 2018 жылдың 22 тамызында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында «Кәсіпкерлер үйінде» «Өзіңе сене баста!» көрме-байқауы өткізілді.

Аталған көрме-байқауға 100-ден аса кәсіпкер қатысқан болса, оның ішінде 50-і мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер болып танылды. Көрме-байқаудың нәтижесінде 50 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкердің

3-і жеңімпаз ретінде танылып, ақшалай сыйақымен марапатталды.

Ал қалған 47 қатысушыға 50 мың теңге көлеміндегі ынталандыру сертификаты табысталды.

Сонымен бірге, барлық қатысушылар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

- 2018 жылдың 5-6 қыркүйегінде Қызылорда облысында Астана қаласының күндері өткізіліп, серіктестікті нығайту мақсатында «Астана қаласы мен Қызылорда облысының өңіраралық серіктестігі» бизнес форумы өткізілді.

Бизнес-форумға мүдделі мемлекеттік органдар, қаржы институттары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, бизнес-қауымдастық өкілдері қатысып, сондай-ақ екіжақты меморандумдарға қол қойылды.

- 2018 жылдың қазан және қараша айларында еліміздің өзге өңірлерінде отандық тауарөнірушілердің өнімдерін өткізу және өңірлер арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Ақтөбе және Жамбыл облыстарында  «Road Show» көрмесі өткізілді.

Көрмеге қатысуға өңірдің шамамен 30 кәсіпкері тартылып, аталған өңірлердің тұрғындары кәсіпкерлердің отандық өнімдермен қамтамасыз етілді.

- 2018 жылдың 31 қазанында Кәсіпкерлер үйінде 18 бен 29 жас аралығындағы жастар арасында «Байқоңыр Start-up 2» бизнес-идеялар байқауы өткізілді.  

Байқаудың басты мақсаты – кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру үшін жаңа бизнес-идеяларды ынталандыру, сондай-ақ жастар арасында кәсіпкерлікті қолдаудың шарттарын құру болып табылды.

«Байқоңыр Start-up 2» бизнес-идеялар байқауына 18 бен 29 жас аралығындағы жастар арасынан 70 үміткер қатысты.

- 2018 жылдың 19 қарашасында облыста алғаш рет «Жас кәсіпкерлер» форумы өткізілді. Форумның басты мақсаты жастардың әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік саласында жастардың жаңа буынын қалыптастыру арқылы жастар кәсіпкерлігін нығайту, олардың кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын арттыру болып табылады.

Форумға облыстағы жастардың және жас кәсіпкерлердің 100-ден аса өкілдері қатысып, тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ, форум аясында тиісті мекемелер алдағы міндеттермен бөлісіп, өзара ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту жөніндегі меморандумдарға қол қойды. Форумнан кейін қатысушылар «Байқоңыр» ғарыш айлағының мұражайын, С.П. Королев және

Ю.А. Гагарин атындағы мемориалды мұражай үйін аралап, Қорқыт Ата мемориалды кешенінде болды.

- 2018 жылдың 13 желтоқсанында Қызылорда қаласында облыс әкімінің бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуі өткізілді. «Дөңгелек үстел» басында ірі компаниялар басшылары, кәсіпкерлер және бизнеске алғашқы қадам жасаған тұлғалар жиналды.

- 2018 жылдың 21 желтоқсанында кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жөнінде Қызылорда облысының мемлекеттік мекемелері қызметкерлері үшін біркүндік семинар өткізілді.

Аталған семинарға қала және аудандардың барлық әкімдері, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің басшылары, салық және статистика органдарының мамандары қатысты.

- 2018 жылдың 25 желтоқсанында Қызылорда облысының ісін жаңа бастаған және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру жөнінде семинар өткізілді. Аталған семинарға облыстың 50-ден аса кәсіпкері қатысты.

 

 

Жобалық басқару аясында ШОБ көрсеткіштері

 

         1) жылдық 2 млн. теңгеден астам айналымы бар ШОБ субъектілерінің санын 9 020 бірлікке жеткізу жоспарланған болса, 2018 жылдың 1 желтоқсанына ШОБ субъектілері 9 578 бірлікті құрады (+558 ШОБ субъектісі).

         2) 2018 жылға ШОБ жалпы қосылған құны 192,3 млрд. теңгеге жоспарланған болса, 2018 жылдың 1 шілдесіне аталған көрсеткіш

95,5 млрд. теңгені құрады. Алдын-ала болжамдарға сәйкес

2019 жылдың 1 қаңтарына аталған көрсеткіш 205 млрд. теңгені құрау күтілуде.

 

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 2019 жылға қаралған қаражат:

 

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы

Қаралған қаражат,

млн. теңге

1

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

 

779,619

1.1.

Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға

 

750,619

1.2.

ШОБ несиесі бойынша кепілдендіруге

 

19,0

1.3.

Мемлекеттік гранттар беруге

 

10,0

2

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

 

314,49

2.1.

Қызылорда қаласында шағын несиелер беруге

 

278,49

2.2.

Қызылорда қаласында шағын несиелерді кепілдендіруге

 

36,0

3

Іс-шараларға

 

3,511

3.1.

Облыс әкімінің бизнес-қауымдастық өкілдерімен жыл сайынғы кездесуі

 

1,758

3.2.

Жас кәсіпкерлер форумы

 

1,753

 

2019 жылға жоспар

 

- «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 165 ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету;

- Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің

200 жобасын шағын несиелендіру;

- «Даму Сырдария» ШОБ субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында ШОК субъектілерінің 50 жобасын тартылған немесе қайта бөлінген қаражаттар есебінен несиелендіру;

- «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» Микроқаржы ұйымы» ЖШС-і арқылы «Микробизнес-Қызылорда» өңірлік бағдарламасы аясында шағын бизнес субъектілерінің 200 жобасын тартылған немесе қайта бөлінген қаражаттар есебінен шағын несиелендіру;

- келесі нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге  қол жеткізу:

 

Индикатор/көрсеткіш атауы

 

Өлшем бірлігі

Нысаналы индикатор/ көрсеткіш

 

ҚР Үкіметінің жобалық басқару аясындағы «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты» аясында

1

Жылдық 2 млн. теңгеден астам айналымы бар ШОБ субъектілерінің саны

 

бірлік

9 761

2

ШОК жалпы қосылған құны

 

млрд. теңге

210,0

Облыс әкімі мен ҚР Премьер-Министрі арасындағы меморандум

1

ШОБ субъектілерімен шығарылған өнім көлемінің нақты мәні

%

103,9

2

ШОБ жалпы қосылған құны

 

млрд. теңге

210,0

 

2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының өңірлерді дамыту бағдарламасы (2019 жыл)

 

1

Тіркелген ШОБ субъектілерінің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі

 

%

92,4

2

Жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі

 

%

14,5

 

Туризм саласы

Статистикалық мәлімет бойынша 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айы аралығында облысқа келген туристер саны 42 815 адамды құрады.

Облыста 93 қонақ үй (оның ішінде 49 Қызылорда қаласында) 1 085 бөлмеден тұрады оның ішінде сиымдылығы 1954 төсек – орын. Осы уақыт аралығында көрсетілген қызметтер саны 41 218 резидент 1 597 резидент еместер. Есепті кезеңде  атқарылған жұмыс және көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 663,8 млн. теңгені құрады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін 44 нүкте белгіленген. Бүгінгі күнге инвестицияның жалпы сомасы 5 млрд. 861 млн. теңге болатын 25 нысан пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта автокөлік дәлізі бойынан жол бойы кешенінің құрылысын іске асыруға әлеуетті инвесторлар (негізінен жергілікті кәсіпкерлер) қызығушылық танытуда. Солардың бірі «Абылайхан» компаниясының тобы» ЖШС («Юрта» жол бойы сервисінің желісі).

Байқоңыр» ғарыш айлағының туристік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмнің дамуы үлгісінде «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын ашу Тұжырымдамасы әзірленді. Бүгінгі күні, Қармақшы ауданындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің 1576 шақырымдағы жер телімі белгіленді.

Қазіргі таңда, Қармақшы ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасымен және жер қатынастары басқармасымен «Байқоңыр» ойын – сауық туристік аймағының жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы қаласының «Атакент» көрме орталығында 18-ші «Туризм және Саяхат» Қазақстандық Халықаралық көрмесі және қыркүйек айында Астана қаласында «Көрме» көрме орталығында 15 «Astana Leisure 2018». Қазақстандық Халықаралық көрмесі өткізілді.

Қызылорда облысы өзінің туристік әлеуетін, атап айтқанда өңір бренді - «Байқоңыр» кешенін, Қорқыт Ата мемориалды кешенін, «Жаңақорған» шипажайын және де барлық туристік нысандары, олар жайлы толық ақпараттар еліміздің және шетелдік азаматтар назарына ұсынды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімдігімен 2018-2020 жылдарға арналған аймағымыздың туристік саласын дамыту бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың сәуір айында басқарма тарапынан Республикалық туристендіру картасына 3 туристік нысан ұсынылып, өңірлік деңгейдегі нысандардың тізіміне енгізілді («Байқоңыр ойын-сауық туристік аймағы», «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» санаториі).

 


 

2018 жылдың 9-айдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес көрсеткіштері, сауда және туризм салалары

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанына облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 51 737 бірлікті құрады (2017 жылдың сәйкесті кезеңімен

салыстырғанда өсім 8,06 пайызды құрады).

Жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны (2018 жылдың 1 маусымына) 41 393 бірлік. Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 14,1 пайызға ұлғайды. Бұл көрсеткіш бойынша өңірлер арасында облыс 1 орында.

Анықтама ретінде:

- заңды тұлға – 7 678 бірлік.

- жеке кәсіпкерлер – 37 605 бірлік.

- шаруа қожалықтары – 6 454 бірлік.

ШОБ жұмыспен қамтылғандар (2018 жылдың 1 маусымына) 84 250 адам. 2018 жылғы жоспар кемінде 90 000 адамға жеткізу.

Экономикалық белсенді халықтағы ШОБ жұмыспен қамтылғандардың үлесі (2017 жылдың 1 қазаны) 24 пайыз.

ШОБ субъектілерімен шығарылған өнім (2017 жылдың қорытындысымен) 302,186 млрд. теңгені құрады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ-тің үлесі (2016 жылдың қорытындысымен)13,2% (2015 жылы – 13,5%, 2014 жылы - 12%) (республика бойынша – 26,8%).

Тіркелген және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны туралы аудандар мен Қызылрорда қаласының бөлінісіндегі ақпарат келесідей:

 

 

Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны*

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны*

2017 жылмен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің, %

Қызылорда облысы бойынша

51 737

41 393

111,1

Арал ауданы

4 313

3 579

110

Қазалы ауданы

4 404

3 722

122,0

Қармакшы ауданы

3 392

2 510

104,6

Жалағаш ауданы

2 344

1 847

112,0

Сырдария ауданы

2 167

1 751

117,0

Шиелі ауданы

4 671

3 797

117,7

Жаңақорған ауданы

3 868

3 705

120,0

Байқоңыр қаласы

479

324

102,2

Қызылорда қаласы

26 099

20 158

107,4



2018 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес көрсеткіштері, сауда және туризм салалары

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдың 1 маусымына облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 51 625 бірлікті құрады (2017 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 6,04 пайызды құрады).

Жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны (2018 жылдың 1 маусымына) 40 148 бірлік. Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 12,1 пайызға ұлғайды. Бұл көрсеткіш бойынша өңірлер арасында облыс 1 орында.

Анықтама ретінде:

- заңды тұлға – 7 524 бірлік.

- жеке кәсіпкерлер – 38 081 бірлік.

- шаруа қожалықтары – 6 020 бірлік.

ШОБ жұмыспен қамтылғандар (2018 жылдың 1 маусымына) 84 250 адам. 2018 жылғы жоспар кемінде 90 000 адамға жеткізу.

Экономикалық белсенді халықтағы ШОБ жұмыспен қамтылғандардың үлесі (2017 жылдың 1 қазаны) 24 пайыз.

ШОБ субъектілерімен шығарылған өнім (2017 жылдың қорытындысымен) 302,186 млрд. теңгені құрады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ-тің үлесі (2016 жылдың қорытындысымен)13,2% (2015 жылы – 13,5%, 2014 жылы - 12%) (республика бойынша – 26,8%).

Тіркелген және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны туралы аудандар мен Қызылрорда қаласының бөлінісіндегі ақпарат келесідей:

 

 

Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны*

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны*

2017 жылмен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің, %

Қызылорда облысы бойынша

51 625

40 148

112,1

Арал ауданы

4 250

3 503

110,1

Қазалы ауданы

4 355

3 634

130,4

Қармакшы ауданы

3 832

2 774

110,0

Жалағаш ауданы

2 357

1 775

119,0

Сырдария ауданы

2 169

1 652

117,5

Шиелі ауданы

4 729

3 670

121,8

Жаңақорған ауданы

3 721

3 537

120,6

Қызылорда қаласы

26 212

19 603

106,0

*2018 жылдың 1 маусымында ресми статистикалық мәліметтер.

 

Сонымен бірге, 2018 жылдың 5 ай ішінде (қаңтар-мамыр) 3 254 ЖК, 97 шаруа қожалықтары және 286 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды, аудандар бойынша атап айтатын болсақ:

 

ЖК

ШҚ

ЖШС

Қызылорда облысы бойынша

3 254

97

286

Арал ауданы

222

-

-

Қазалы ауданы

396

15

15

Қармакшы ауданы

245

6

-

Жалағаш ауданы

168

5

8

Сырдария ауданы

193

31

5

Шиелі ауданы

348

4

23

Жаңақорған ауданы

380

14

-

Қызылорда қаласы

1 302

22

235

5 ай ішінде құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша ең төменгі көрсеткіш Жалағаш ауданында 181 және Арал ауданында 222.

 

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылуы

 

Бағдарлама шеңберінде Қызылорда қаласында микронесиелер беру үшін 2018 жылға республикалық бюджеттен 89,49 млн. теңге бөлінген болатын. Бөлінген қаражат «Даму» қорымен үш екінші деңгейлі банкке отырығызылды.

- «АТФ банк» АҚ-на 45,12 млн. теңге;

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на 25,21 млн. теңге;

- «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ-не 19,16 млн. теңге.

Бүгінгі күннің өзінде аталған банктермен жалпы құны 51,6 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды.

Бұдан бөлек, микронесиелерді кепілдендіруге 51,083 млн. теңге қаралды.  

Сонымен қатар, Қызылорда қаласына микронесиелер беруді одан әрі жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 189 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылдың 26 маусымында салалық министрліктермен қосымша келісім жасалынды. Қазіргі күні бұл қаражатты «Даму» қорына аудару жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта облыстық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру негізінде Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін қосымша 21 млн. теңге бөлінетін болады.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың  бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

«БЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2018 жылы 1 319,238 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша атап айтсақ:

- субсидиялауға – 1 000,238 млн. теңге, оның 500,119 млн. теңгесі немесе 50% игерілді;

- кепілдендіруге – 119 млн. теңге, оның 59,5 млн. теңге немесе 50% игерілді;

- мемлекеттік грантқа  – 200 млн. теңге.

 Ағымдағы жылдың басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 16 отырысы өткізіліп, нәтижесінде несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 3 млрд. теңгеге 74 жоба мақұлданды.

Анықтама ретінде:

- Арал ауданы бойынша жалпы құны 168,3 млн. теңгеге 7 жоба;

- Қазалы ауданы бойынша жалпы құны 139 млн. теңгеге 4 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша  жалпы құны 73 млн. теңгеге 5 жоба;

- Жалағаш ауданы бойынша  жалпы құны 227,8 млн. теңгеге 4 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша  жалпы құны 103,1 млн. теңгеге 4 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 153,24 млн. теңгеге 10 жоба;

- Жаңақорған ауданы бойынша жалпы құны 49,17 млн. теңгеге 2 жоба;

- Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 2 144,9 млн. теңгеге  38 жоба.

Жалпы бұл компонент бойынша жылдық жоспар 100 жоба болса, оның қазіргі таңда 74% орындалған.

Ішінара кепілдендіру бойынша жалпы құны 621,3 млн. теңгеге 37 жоба мақұлданды.

Анықтама ретінде:

- Арал ауданы бойынша жалпы құны 57,58 млн. теңгеге 3 жоба;

- Қазалы ауданы бойынша жалпы құны 61,49 млн. теңгеге 3 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша  жалпы құны 26,6 млн. теңгеге 2 жоба;

- Жалағаш ауданы бойынша  жалпы құны 84,4 млн. теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша  жалпы құны 6,38 млн. теңгеге 1 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 26,62 млн. теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданы бойынша жалпы құны 24,17 млн. теңгеге 2 жоба;

- Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 334,03 млн. теңгеге 20 жоба.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың сәуір айында мемлекеттік гранттар беру конкурсы өткізіліп, өңірдің 778 кәсіпкері қатысты. Нәтижесінде конкурстық комиссиямен микробизнес субъектілерінің 224 жобасы мақұлданды.

Анықтама ретінде:

- Арал ауданы бойынша жалпы құны 18,36 млн. теңгеге 24 жоба;

- Қазалы ауданы бойынша жалпы құны 15,105 млн. теңгеге 19 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша  жалпы құны 23,255 млн. теңгеге 33 жоба;

- Жалағаш ауданы бойынша  жалпы құны 21,517 млн. теңгеге 26 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша  жалпы құны 21,501 млн. теңгеге 28 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 15,353 млн. теңгеге 24 жоба;

- Жаңақорған ауданы бойынша жалпы құны 21,127 млн. теңгеге 19 жоба;

- Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 63,776 млн. теңгеге 51 жоба.

Жыл басында Бағдарламаның бұл компоненті бойынша 70 жобаны қаржыландыру жоспарланған болатын. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен бұл жоспар артығымен орындалды.

 

«Микробизнес-Кызылорда» бағдарламасының іске асырылуы

 

2018 жылы Бағдарлама аясында микронесиелер беру мақсатында облыстық бюджеттен 1 млрд. тенге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні бөлінген қаражат аясында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығымен жалпы құны 1 019,8 млн. теңгеге 261 жоба мақұлданды.

Анықтама ретінде:

- Арал ауданы бойынша жалпы құны 166,3 млн. теңгеге 34 жоба;

- Қазалы ауданы бойынша жалпы құны 151,8 млн. теңгеге 42 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша  жалпы құны 62,85 млн. теңгеге 22 жоба;

- Жалағаш ауданы бойынша  жалпы құны 112,3 млн. теңгеге 31 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша  жалпы құны 98,55 млн. теңгеге 29 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 119,1 млн. теңгеге 31 жоба;

- Жаңақорған ауданы бойынша жалпы құны 118,3 млн. теңгеге 38 жоба;

- Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 190,6 млн. теңгеге 34 жоба.

Бұл қаражаттан бөлек, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде микронесиелер беру үшін ағымдағы жылдың маусым айында «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына Аграрлық несие корпорациясы арқылы 500 млн. теңге отырғызылды.

 

Сауда саласы

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылдың қаңтар-мамыры аралығында бөлшек сауда көлемі 105,6 млрд. теңге, немесе2017 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 100,5%-ды құрады., көтерме сауда көлемі 57,2 млрд. теңгені теңге, немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңнің деңгейіне 99,5%-ды құрады.

Жалпы облыс бойынша 40 сауда базарлары тіркелген:

Арал ауданында – 6;

Қазалы ауданында – 8;

Қармақшы ауданында – 4;

Жалағаш ауданында –3;

Сырдария ауданында – 1;

Шиелі ауданында – 2;

Жаңақорған ауданында – 1;

Қызылорда қаласында – 15 сауда базарлары.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық маңызы бар қалалардағы барлық сауда нысандары жаңа форматтағы сауда нысандары қатарына көшірілуі тиіс. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, жобалық басқару шеңберінде «Сауданы дамыту» жобасының «Сауда саласын жаңғырту» бағыты бойынша индикаторлар бекітілді және нақты жоспар әзірленіп, салалық орталық мемлекеттік органдармен келісілуде.

Нақты жоспарға сәйкес, 2018 жылы 3 сауда базарының заманауи форматтағы сауда нысандарына көшіру бойынша жұмыстар аяқталуы  жоспарлануда.

Одан бөлек, 2018 жыл басынан Өңірлік кәсіпкелер палатасымен бірлесіп облыстың кәсіпкерлері, сауда үйлері және базарлар өкілдерінің қатысуымен электронды сауданың артықшылығы және салық салу жеңілдіктері бойынша 3 жиналыс өткізілді.

Сондай-ақ, қала әкімдігі, облыстық статистика, мемлекеттік кірістер және қоғамдық денсаулық сақтау департаменттері, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының өкілдері және базар басшыларының қатысуымен сауда базарларын жаңғырту бойынша 2 жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында сауда базарларын заманауи форматтағы сауда нысандарына көшіру бойынша түсіндірмелер берілді.

Сауда орындарын жаңғырту жұмыстары бақылауға алынып, саудагерлер арасында дүрлікпе жағдайларының орын алуын болдырмау және базарлардың жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңмен жүргізу мақсатында базар басшыларымен бірлесіп базарларды жаңғыртудың желілік кестелері әзірленуде.

Сонымен бірге, Басқармамен мұнай өнімдері бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағындағы бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағалары мен қорына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыста 132 жанар-жағармай бекеттері бар.

Мониторинг нәтижісіне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары тұрақты, қоры жеткілікті, тапшылық жағдайлары орын алмаған.

Бұдан өзге, азық-түлік емес тауарлары бағаларының негізсіз өсуін болдырмау мақсатында,  2018 жылдың 18 мамырында ең негізгі, халық тұрмысына аса-қажетті азық-түлік емес тауарларының тізімі облыс әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовпен жаңадан бекітілді және бекітілген тізім бойынша Басқармамен азық-түлік  емес тауарларынының бағаларына мониторинг жүргізілуде.

Мониторинг нәтижесіне сәйкес, негізсіз баға өсімі жағдайлары анықталмаған.

Одан бөлек, 2018 жылдың қыркүйек айында облысымыздың кәсіпкерлері арасында электронды коммерцияны дамыту мақсатында «Ақпараттық технологиялардың бизнесті дамытудағы мүмкіндіктері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілуі жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2018 жылы сауда саласын дамыту мақсатында «Қызылорда облысының Қызылорда қаласы және аудандар бөлінісінде сауда саласын дамыту бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу» жоспарлануда.

Сонымен қатар, сауда саласын дамыту бойынша әзірленген нақты жоспарының орындалуы аясында 2018 жылдың соңына дейін облыста 4 интернет-дүкенінің ашылуы жоспарлануда.

 

Туризм саласы

Статистикалық мәлімет бойынша 2018 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында облысқа келген туристер саны 12238 адамды құрады.

Облыста 90 қонақ үй (оның ішінде 42 Қызылорда қаласында) 1066 бөлмеден тұрады оның ішінде сиымдылығы 1903 төсек – орын. Осы уақыт аралығында көрсетілген қызметтер саны 11639 резидент 599 резидент еместер. Есепті кезеңде  атқарылған жұмыс және көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 182,1 млн. теңгені құрады.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін  41  нүкте  белгіленген. Бүгінгі күнге инвестицияның жалпы сомасы 4 млрд. 857 млн.  теңге болатын 22 нысан пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта автокөлік дәлізі бойынан жол бойы кешенінің құрылысын іске асыруға әлеуетті инвесторлар (негізінен жергілікті кәсіпкерлер) қызығушылық танытуда. Солардың бірі «Абылайхан» компаниясының тобы» ЖШС («Юрта» жол бойы сервисінің желісі).

Байқоңыр» ғарыш айлағының туристік әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризмнің дамуы үлгісінде  «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын ашу Тұжырымдамасы әзірленді. Бүгінгі күні, Қармақшы ауданындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің 1576 шақырымдағы жер телімі белгіленді.

Қазіргі таңда, Қармақшы ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасымен және жер қатынастары басқармасымен «Байқоңыр» ойын – сауық туристік аймағының жер телімін рәсімдеу мәселесі пысықталуда.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы қаласының «Атакент» көрме орталығында 18-ші «Туризм және Саяхат» Қазақстандық Халықаралық көрмесі өткізілді.

Қызылорда облысы өзінің туристік әлеуетін, атап айтқанда өңір бренді - «Байқоңыр» кешенін, Қорқыт Ата мемориалды кешенін, «Жаңақорған» шипажайын және де барлық туристік нысандары, олар жайлы толық ақпараттар еліміздің және шетелдік азаматтар назарына ұсынды.

Өңіріміз «Ұлы Жібек Жолының жандануы» атты Қазақстандық стендтте Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облыстарымен қатар орналастырылды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімдігімен 2018-2020 жылдарға арналған аймағымыздың туристік саласын дамыту бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында басқарма қызметкерлерімен ТАО (Туристік ақпараттық орталық) құру мақсатында тәжірибе алмасу үшін Шымкент қаласына іс-сапар ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 11 маусымында облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілістің хаттамасымен туристік ақпараттық орталыққа  ғимарат бөлу мәселесін қарастыру тапсырылды.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың сәуір айында басқарма тарапынан Республикалық туристендіру картасына 3 туристік нысан ұсынылып, тізімге енгізілді («Байқоңыр ойын-сауық туристік аймағы», «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» санаториі).


Шағын және орта бизнес, сауда және туризм салаларының дамуы бойынша анықтама

 

 Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2018 жылдың 1 наурызына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  50 530 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға артты.

Оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 38 137 бірлікті құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 8%-ға артты.

 2018 жылдың 1 наурызына

Қала және аудандар

Тіркелген субъектілер

Жұмыс істеп тұрған субъектілер

Оның ішінде

Өткен жылмен салыс-тыру,  %

Заңды тұлға

Жеке кәсіпкер

Шаруа қожалығы

1

Арал ауданы

4120

3371

193

2719

459

108,7

2

Қазалы ауданы

4228

3166

200

2435

531

104,3

3

Қармақшы ауданы

3227

2260

188

1594

478

109,9

4

Жалағаш ауданы

2358

1781

135

1116

530

120,2

5

Сырдария ауданы

2071

1513

113

761

639

112,6

6

Шиелі ауданы

4511

3145

388

2071

686

110,2

7

Жаңақорған ауданы

3562

3398

215

2026

1157

121,0

8

Байқоңыр қаласы

480

326

31

294

1

113,2

9

Қызылорда қаласы

25973

19177

3511

15059

607

104,4

Облыс бойынша

50530

38137

4974

28075

5088

108,0

 

Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны (2017 жылдың 1 қазаны бойынша) 85 801 адамды құрады (өсім 0,8 пайыз). Бұл облыстағы экономикалық белсенді халықтың (346 450 адам) 24 пайыз.

 

Сараптамалық кеңес

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын заңнамалық құқықтық актілеріне өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытынды беріледі. 2018 жылдың 1 сәуіріне 16 нормативтік-құқықтық актілерге сараптама қорытындылары берілді.

 

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы

2018 жыл өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды.

Сәйкесінше жыл басында «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы» әзірленді.

Жол картасында жалпы бюджеті 32 млрд. 86 млн. теңгені құрайтын барлық негізгі бағдарламалар, оның ішінде өңірлік бағдарламалар қамтылды. Бұл қаражаттың өз кезегінде 3 млрд. теңгеден астам бөлігі «Стартап» жобаларға бағытталатын болады.

Жол картасын іске асыру барысында басты назар кәсіпкерлерді қаржылай қолдауға, оның ішінде ауылдық жерде микронесиелер берудің географиясын кеңейтуге аударылды.

Бұл бағытқа тек биылғы жылы облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаражат бөлініп, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына орналастырылды.

Бүгінгі күннің өзінде Өңірлік инвестициялық орталықпен жалпы құны 500 млн. теңгеге микробизнес субъектілерінің 172 жобасы мақұлданды.

Жалпы бұл мақсатқа әртүрлі қаржы көздерінен қосымша тағы 2 млрд. теңге бағытталатын болады.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында микронесиелер беру үшін 1 млрд. 900 млн. теңге бөлінді.

Оның ішінде ауылдық жерлерге 1 млрд. 810 млн. теңге, ал қалалық жерге 89 млн. 490 мың теңге бағытталды.

Ауылдық жерлерде микронесиелер беру үшін бөлінген қаражаттың бүгінгі күні 1 млрд. теңгесі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына», ал 810 млн. 986 мың теңгесі «Аграрлық несие корпорациясына» отырғызылды.

Сонымен бірге, Қызылорда қаласында микрокредиттер беруге бөлінген қаражат та «Даму» қорына аударылды. Қазіргі таңда «Даму» қоры аударылған қаражатты өңірлік екінші деңгейлі банктерге отырғызу жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан бөлек, микронесиелерді кепілдендіруге және микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға 263,253 млн. теңге бөлінді.

Жалпы Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттар бойынша несиелендіру осы сәуір айынан бастап жүргізілмек. Бұл ретте жыл соңына дейін 500 миркокредит беру жоспарлануда.

Бағдарламаның негізгі қатысушылары ол жұмыссыз және нәтижелі жұмыспен қамтылмаған халық болып табылады.  Олар үшін Бағдарлама шеңберінде сапалы оқытуды ұйымдастыру маңызды.

Биылғы жылы Бағдарлама шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарын жүргізуге облыстың барлық аудандары қамтылған. Аталған жоба бойынша 1600 адамды оқудан өткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, тұрақты бизнестер үшін іске асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде биылғы жылға 1 млрд. 319 млн. теңге бөлінді.

Оның ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға  – 1 млрд. теңге, несиелерді кепілдендіруге – 119 млн. теңге бағытталды.

Жалпы жыл басынан бері Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін жалпы құны 527,7 млн. теңгені құрайтын 13 жоба субсидиялау үшін мақұлданды.

Бұл несие қаражатынан бөлек, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін гранттық қаржыландыруға 200 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат аясында конкурстық іріктеу осы айда өткізілмек.

Жыл соңына дейін Бағдарлама шеңберінде кемінде 100 жобаны субсидиялау, 40 жобаны ішінара кепілдендіру және 70 жобаны грант қаражаттарымен қаржыландырылатын болады.

Жалпы бұған дейін микронесиелер, қайтарымсыз гранттарды алу үшін қадамдық іс-әрекет пен типтік бизнес-жоспарлар әзірленіп, жобаларды сүйемелдеу үшін облыс әкімімен облыстық деңгейдегі лауазымды тұлғалар бекітілді.

Облыс әкімдігінің ахуалдық орталығы арқылы ауыл әкімдерімен және бекітілген лауазымды тұлғалармен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстарына ай сайын мониторинг жүргізілуде.

Жалпы 2018 жылдың 1 сәуір айына облыста 1 717 жеке кәсіпкерлер, 60 шаруа қожалықтары және 176 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері құрылды. Жалпы тіркелген субъектілер саны – 1 953 бірлік.

 

Қала/аудандар

ЖК

ШҚ

Заңды тұлғалар

Барлығы

 

Қызылорда облысы бойынша

1 717

60

176

1 953

1

Арал ауданы бойынша

115

0

0

115

2

Қазалы ауданы бойынша

206

12

9

227

3

Қармақшы ауданы бойынша

101

3

0

104

4

Жалағаш ауданы бойынша

76

2

5

83

5

Сырдария ауданы бойынша

60

24

2

86

6

Шиелі ауданы бойынша

188

3

18

209

7

Жаңақорған ауданы бойынша

238

7

0

245

8

Қызылорда қаласы бойынша

733

9

142

884

 

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

2017 жылдан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басты міндеті облыс кәсіпкерлеріне бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсету, оның ішінде кәсіпкерлерге рұқсатнама құжаттарын алып беру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу бойынша кеңес беру болып табылады.

Бұрын кәсіпкерлердің техникалық шарттар алуы ұзақ уақыт алатын. Ал қазір кәсіпкер орталыққа құжаттарын тапсырса, 5 жұмыс күн мерзім ішінде орталық мамандары техникалық шарттар алуға жұмыс жасайды. Бұл кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салмай, әкімшілік кедергілерді болдырмауға септігін тигізіп отыр. Аталған қызмет түрі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өңірімізге Оңтүстік, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының делегаттары арнайы іс-сапарда болды.

Инженерлік  жүйелерге техникалық шарттарды және рұқсат құжаттарын алуды электронды форматқа  көшіру мақсатында облыс әкімдігінің электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімімен бірлесіп Орталықтың «Геоақпараттық жүйесі» әзірленді. Бүгінгі күні техникалық шарттарды алу үшін өтінімдер электронды форматта қабылдануда.

2018 жылдың 1 сәуір жағдайы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 696 қызмет, оның ішінде 285 кеңесшілік қызмет, 411 рұқсатнама құжаттары және техникалық шарттарын алу мен жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қызметтер көрсетілген.

 

Іс-шаралар

Аталған Жол картасымен бірге облысымызда кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылатын іс-шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес биылғы жылы жыл ішінде жалпы 35 іс-шараны өткізу қарастырылған.

Мәселен, конкурстар, көрмелер, сондай-ақ малшылар слеті және балықшылар слеті сияқты салалық қажеттіліктер бойынша жеке шаралар өткізілмек.

Сонымен бірге, әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін «Іскер әйел–кәсіпкерлер форумы», «Жас кәсіпкерлер облыстық форумы», «Облыстың өндіріс орындарында студенттер мен оқушылар үшін танымдық экскурсиялар» өткізу қарастырылған. 

Кәсіпкерлік саласын цифрландыру аясында «OPEN KASIPKER» құрылып, ІІІ Халықаралық интернет форумы өткізілетін болады.

Ал, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер үшін «Өзіңе сене баста!» конкурсы өткізілмек.

Бұдан бөлек, облыс кәсіпкерлері үшін дәстүрге айналған жыл сайынғы іс-шараларда өз жалғасын таппақ. Мәселен, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы, «Сауда үздігі» республикалық конкурсы және т.б.

 

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында микронесиелер беруге қатысты

Бағдарлама аясында микрокредиттер беру үшін 2018 жылға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге қаралды. Оның ішінде ауылдық жерлерге – 1 810,9 млн. теңге, қалаға – 89,49 млн. теңге.

Сондай-ақ, микронесиелерді кепілдендіруге және МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялауға 263,253 млн. теңге қаралды.

Микронесиелендіруге бөлінген қаражаттар ағымдағы жылдың наурыз айында облыстық қаржы институттарына келесі түрде орналастырылды:

  • «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ҚФ- 810,986 млн. теңге;
  • «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚФ - 1 млрд. тенге.
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚФ - 89,49 млн. тенге.

Аталған бағдарлама бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыру ағымдағы жылдың сәуір айынан басталмақ.

Бөлінген қаражаттар аясында ағымдағы жылдың соңына дейін кемінде 500 микронесие беру жоспарлануда.

Сонымен бірге, Бағдарлама аясында микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. тенге бөлінді. Бұл қаражаттар «Қызылорда» ӨИО орналастырылды. Бүгінгі күннің өзінде Өңірлік инвестициялық орталықпен жалпы құны 500 млн. теңгені құрайтын микробизнес субъектілерінің 172-ден аса жобасы мақұлданды.

Бұл мақсатқа әртүрлі қаржы көздерінен қосымша 2 млрд. теңге бағытталатын болады.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру жөнінде

2018 жылы «БЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін 1 319,238 млн. теңге бөлінген.

Компоненттер бойынша атап өтетін болсақ:

- субсидиялауға – 1 000,238 млн. теңге, оның ішінде 500,119 млн. теңгесі немесе 50% игерілді;

- кепілдендіруге – 119 млн. теңге, оның ішінде 59,5 млн. теңге немесе 50% игерілді;

- мемлекеттік грантқа – 200 млн. теңге;

2018 жылдың басынан бастап 7 ӨҮК өткізіліп, нәтижесінде несие бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 512,32 млн. теңге болатын 14 жоба мақұлданды.

Мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуді 2018 жылдың сәуір айында өткізу жоспарланған.

Жалпы 2018 жылдың соңына дейін «БЖК-2020» бағдарламасы аясында 100 жобаны субсидиялау, 40 жоба бойынша кепілдік беру және 70 жоба бойынша мемлекеттік гранттар беру.

«Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан өту жөнінде:

Жыл соңына дейін «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 1600 адамды оқыту жоспарланған. Биылғы жылы аталған жоба асында оқыту облыстың барлық аудандарында өткізу жоспарланған. Бұл ретте, бірінші топты оқыту 2018 жылдың сәуір айында басталатын болады.

 

«Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасы

2017 жылы «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорымен 700 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бөлінген қаражат 4 екінші деңгейлі банкке арнайы шартпен отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 600 млн. теңге;

- «Фортебанк» АҚ - 500 млн. теңге

- «Казкоммерцбанк» АҚ - 150 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 150 млн. теңге.

Аталған Бағдарлама аясында отырғызылған қаражат кәсіпкерлерге 8,5 пайызбен 180 млн. теңгеге дейін 5 жылға, сондай-ақ 6 айға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен беріледі.

2017 жылдың қорытындысымен «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде 1 178,9 млн. теңгеге 48 жоба мақұлданды.

Қаржыландырылған 48 жоба бойынша 70 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды.

Бұдан бөлек, аталған өңірлік Бағдарламасы аясында 2018 жылдың бірінші тоқсаны қорытындысымен жалпы құны 74,3 млн. теңге болатын 3 жоба қаржыландырылды.

Туризм саласы бойынша

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қорытындысы бойынша облысқа келген шетелдік туристер саны 3173 адамды құрады. Бұл  2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 8,0 %-ға өскен. Ал, ішкі келу туризмі 56 019  адамға артып, 20,4 пайызға өсті.

Сонымен қатар, облыста қонақ үйлер саны 90 бірлікті құрап, ондағы бөлмелер саны – 1070-ке жетті. Сонымен бірге, олардың біржолғы орналастыру сыйымдылығы 1912 төсек-орынды құрайды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша қонақ үйлермен 59 192 адамға қызмет көрсетіліп, көрсетілген қызметтер құны 933,6 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8 пайызға артып отыр.

Облысымызда санаты жоғары қонақ үйлер қатары да артуда. Мәселен, 2017 жылдың шілде айында салынған «Сұлтан Плаза» қонақ үйіне ағымдағы жылдың 2 ақпанында 5 жұлдызды қонақ үй статусы берілді.

Бүгінгі күнге облыстағы 16 қонақ үй әлемдік деңгейдегі «BOOKING.COM» сайтына тіркелген.

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту бойынша.

Қазіргі уақытта Қамбаш көлі жағалауында туризмді дамыту мақсатында жекешелік әріптестік арқылы 105 млн. қаржыға 90-ға  жуық нысан салынған.

Нәтижесінде, мәдени-экологиялық туризмді қалыптастыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау арқылы Қамбаш көліне келуші туристтер санының көбеюі күтілуде.

 «Байқоңыр» атты Қазақстандық брендті және Қазақстанға әлемдік туристтік имиджді қалыптастыру мақсатында Байқоңыр қаласының жанында, яғни Қармақшы ауданында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта әкімдік тарапынан 3 тілде бейнеролик әзірленіп, қазіргі таңда жер телімін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Шағын және орта бизнес, сауда және туризм салаларының дамуы бойынша анықтама

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың 1 желтоқсанына  тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  49 868 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға артты.

Оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 37 700 бірлікті құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,6%-ға артты.

 

2017 жылдың 1 желтоқсанына

Қала және аудандар

Тіркелген субъектілер

Жұмыс істеп тұрған субъектілер

Оның ішінде

Өткен жылмен салыс-тыру

Заңды тұлға

Жеке кәсіпкер

Шаруа қожалығы

1

Арал ауданы

4 049

3 284

194

2 636

454

107,3

2

Қазалы ауданы

4 153

3 131

189

2 437

505

102,8

3

Қармақшы ауданы

3 308

2 342

188

1 625

529

103,0

4

Жалағаш ауданы

2 361

1 773

132

1 116

525

118,3

5

Сырдария ауданы

2 102

1 540

114

788

638

117,5

6

Шиелі ауданы

4 402

3 238

386

2 174

678

107,4

7

Жаңақорған ауданы

3 338

3 171

205

1 826

1 140

114,8

8

Байқоңыр қаласы

490

333

29

304

-

108,8

9

Қызылорда қаласы

25 665

18 888

3 422

14 870

596

102,5

Облыс бойынша

49 868

37 700

4 859

27 776

5 065

105,6

 

2017 жылдың 1 шілдесіне ШОБ-те жұмыспен қамтылғандар саны 83 618 адамды құрады. 2017 жылдың қаңтар – маусым аралығында ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 122,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артты.

 

Сараптамалық кеңес

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын заңнамалық құқықтық актілеріне өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытынды беріледі. 2017 жылы 55 нормативтік-құқықтық актілерге сараптама қорытындылары берілді.

 

Өңірлік бірыңғай жол картасы

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес 2017 жылдың наурыз айында облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Өңірлік бірыңғай жол картасы әзірленді.

Аталған жол картасының басты мақсаты Үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оны тиімді пайдалану және бағдарламалар шеңберіндегі қаражаттарды ауылдық елді-мекендердің азаматтарына қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ, Өңірлік бірыңғай жол картаға сәйкес әрбір ауданда дамымаған салаларды дамыту мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен қала және ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлік субъектілері үшін 18 типтік бизнес-жоспарлар (шаштараз, наубайхана, балабақша, монша, азық-түлік дүкені, азық-түлік емес дүкені, аяқ киім жөндеу, тігін цехы, техникалық қызмет көрсету орталығы, кондитерлік, сувенирлік өнімдер өндірісі, шеберхана цехы, полиграфиялық қызмет, өсімдік, мал, құс, ара шаруашылықтары және балық аулау мен қақтау) әзірленді.

Аталған Жол картасында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттер алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қадамдық іс-әрекеті мен мемлекеттік қолдау шараларын алу механизмдері жасалынды.

Бұл ретте, Өңірлік бірыңғай жол картаны таныстыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыс әкімінің төрағалығымен облыстық мәслихат хатшысы (оның ішінде депутаттар), «Нұр-Отан» партиясы облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары, мүдделі мемлекеттік органдар, ұйымдар және бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қызылорда қаласында және барлық аудандарда актив отырыстары өткізілді.

Осы Жол картасына сәйкес аймақтың барлық ауылдық округтер бөлінісінде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны облысымыздың ахуалдық орталығына тұрақты түрде енгізіліп, Басқармамен мониторинг жұмыстары да жүргізілуде.

Жалпы 2017 жылдың наурыз айынан бері облыста 5 152 жеке кәсіпкерлер, 163 шаруа қожалықтары және 471 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері құрылды. Жалпы тіркелген субъектілер саны – 5 786 бірлік.

 

Қала/аудандар

ЖК

ШҚ

Заңды тұлғалар

Барлығы

 

Қызылорда облысы бойынша

5 152

163

471

5 786

1

Арал ауданы бойынша

404

4

-

408

2

Қазалы ауданы бойынша

511

16

9

536

3

Қармақшы ауданы бойынша

484

5

-

489

4

Жалағаш ауданы бойынша

340

11

7

358

5

Сырдария ауданы бойынша

217

61

4

282

6

Шиелі ауданы бойынша

514

30

43

587

7

Жаңақорған ауданы бойынша

551

17

21

589

8

Қызылорда қаласы бойынша

2 131

19

387

2 537

 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

2017 жылдан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басты міндеті облыс кәсіпкерлеріне бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсету, оның ішінде кәсіпкерлерге рұқсатнама құжаттарын алып беру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу бойынша кеңес беру болып табылады.

Бұрын кәсіпкерлердің техникалық шарттар алуы ұзақ уақыт алатын. Ал қазір кәсіпкер орталыққа құжаттарын тапсырса, 5 жұмыс күн мерзім ішінде орталық мамандары техникалық шарттар алуға жұмыс жасайды. Бұл кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салмай, әкімшілік кедергілерді болдырмауға септігін тигізіп отыр. Аталған қызмет түрі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өңірімізге Оңтүстік, Солтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының делегаттары арнайы іс-сапарда болды.

Инженерлік  жүйелерге техникалық шарттарды және рұқсат құжаттарын алуды электронды форматқа  көшіру мақсатында облыс әкімдігінің электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімімен бірлесіп Орталықтың «Геоақпараттық жүйесі» әзірленді. Бүгінгі күні техникалық шарттарды алу үшін өтінімдер электронды форматта қабылдануда.

2017 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 2 439 қызмет, оның ішінде 1 661 кеңесшілік қызмет, 778 рұқсатнама құжаттары және техникалық шарттарын алу мен жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қызметтер көрсетілген.

 

Іс-шаралар:

2017 жылдың 29 мамыр айында облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында «Өзгерістерге бет алу» атты мүгедек кәсіпкерлерге форумы өткізілді.

Форум мақсаты - бизнеспен айналысатын мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы кәсіпкерлік қызметті көпшілікке насихаттау.

Форум барысында аймақтың 30 мүгедек кәсіпкерлері облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың алғыс хатымен марапатталды.

2017 жылдың 31 қазанында Қызылорда қаласында «KazFranch» Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы, «Даму» Қорының Қызылорда облыстық филиалы, сондай-ақ,  «Mail Boxes Etc.» компаниясы, «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы, «Жас кемеңгер» балалар дамыту орталығы, «Поехали с нами» туристік компаниясы, «Sabayon» кофеханасы, «КРЕНДЕЛЬ» кондитерлік кофеханасы, «PRESSTO» испандық химиялық тазалау компаниясы, «TEZ» жылдам дайындалатын ботқа және өзге  де осы секілді ірі франчайзер компаниялардың қатысуымен «Kyzylorda Franch-2017» франчайзинг бойынша өңірлік форум-көрме өткізілді.

2017 жылдың 12 желтоқсаны күні облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет «Байқоңыр Start-Up» бизнес идеялар байқауы өткізілді.

Байқауға 18 ден 29 жас аралығындағы облыс жастары қатысты.

Облыс бойынша байқауға қатысуға 100-ден аса азамат өтінім білдірген. Бірінші кезеңде Байқау комиссиясымен алдын ала іріктеу өткізіліп, екінші кезеңге қатысуға 50 конкурсант жолдама алды.

Байқау қорытындысының нәтижесінде 6 жеңімпаз анықталды.

2017 жылдың 20 желтоқсан күні облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың бизнес-қауымдастықпен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты - кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосқан азаматтарды, олардың қызметтерін халық назарына жеткізу және жас кәсіпкерлерге үлгі көрсету, кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелерін талқылау.

Бизнес - қауымдастық өкілдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамытуда белсенділік танытқаны және кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

2017 жылдың 26 желтоқсанына кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

 

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламасын іске асыруға қатысты.

2017 жылдың наурызында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқуға қатысатын 5 аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған) анықталып, сондай-ақ қатысушылардың саны анықталып, оқу кестесі бекітіліп, тестілеу нәтижесін қарау және жобаларды қорғау жөніндегі комиссия құрылған. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жылдық жоспар 937 қатысушы, оның ішінде:

- Арал ауданы бойынша

211

- Қазалы ауданы бойынша

222

- Қармақшы ауданы бойынша

107

- Шиелі ауданы бойынша

202

- Жаңақорған ауданы бойынша

195

 

2017 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыту курстары сәтті іске асырылып, нәтижесінде 937 адам оқытылды. Оның ішінде бизнес-жоспарды 364 адам адам қорғап шықты.

Сонымен бірге, «БЖК-2020» Бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту курстары өткізілуде. 2017 жылы  «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында барлығы 1477 адам оқудан өтті.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер беруге қатысты.

Қызылорда қаласы мен аудандарда микрокредиттер беру үшін 2017 жылы 2 379,602 млн. теңге бөлінді.Оның ішінде ауылға – 2 085,7 млн. теңге (республикалық бюджеттен – 1 765 млн. тенге, жергілікті бюджеттен – 320,705 млн. тенге), қалада – 293,897 млн. теңге (республикалық бюджеттен –83,897 млн. тенге, жергілікті бюджеттен – 210 млн. тенге).

 

Ауылда қаражатты игеру келесідей:

 

ӨИО

АНК

АШҚҚҚ

 

 

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

Қызылорда облысы бойынша

98

500,0

32

225,3

303

1045,6

- Арал ауданы бойынша

12

60,9

4

22,0

18

58,1

- Қазалы ауданы бойынша

11

81,4

1

6,3

39

169,9

- Қармақшы ауданы бойынша

3

8,0

2

20,0

28

75,7

- Жалағаш ауданы бойынша

1

18,0

11

72,9

57

152,37

- Сырдария ауданы бойынша

6

76,6

5

30,9

51

211,4

- Шиелі ауданы бойынша

16

74,8

3

30,0

43

147,3

- Жаңақорған ауданы бойынша

42

154,3

6

43

35

102,2

- Қызылорда қаласы бойынша

7

26,0

-

-

33

128,7

 

Қызылорда қаласында микрокредиттер беру бойынша:

2017 жылы Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін нысаналы трансферттермен 83,897 млн. теңге және жалпы сипаттағы трансфертпен 210 млн. теңге бөлініп, 2017 жылдың мамыр айында «Даму» КДҚ» АҚ-на отырғызылды.

Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін қаралған 293,8 млн. теңгенің 200 млн. теңгесі келесі ЕДБ-ге отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 100 млн. теңге;

- «Ресей жинақ банкі» АҚ - 50 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 50 млн. теңге.

Отырғызылған қаражаттан аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы Өңірлік филиалымен 29 млн. теңгеге 3 жоба қаржыландырылса, «АТФ банк» АҚ-мен 42 млн. теңгеге 4 жоба қаржыландырылды. Сонымен бірге, «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ-мен 18 млн. теңгеге 1 жоба несиелендірілді.

Қалған 93,8 млн. теңге қаражатты «Даму» қорымен «Қызылорда» ӨИО-на отырғызылды.

Бұдан бөлек, ішінара кепілдік беру үшін 6 млн. теңге қаражат қаралды. Бағдарлама талаптарына сәйкес бөлінген қаражаттың барлығы «Даму» қорына кепілдік беру үшін аударылды.

 

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға539,619 млн. теңге.

2017 жыл қорытындысымен Өңірлік үйлестіру кеңесінің 40 отырысы өткізіліп, нәтижесінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайтын 174 жоба мақұлданды.

 

 

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

- Арал ауданы бойынша

14

279,420

- Қазалы ауданы бойынша

12

315,499

- Қармақшы ауданы бойынша

15

263,564

- Жалағаш ауданы бойынша

16

723,806

- Сырдария ауданы бойынша

3

70,5

- Шиелі ауданы бойынша

22

531,635

- Жаңақорған ауданы бойынша

7

112,875

- Қызылорда қаласы бойынша

85

6 996,9

 

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 130 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

2017 жылы кепілдік құны 650 млн. теңге болатын мемлекеттік ішінара кепілдендіру бойынша 64 жоба қолдау тапқан.

Атап өту қажет, ШОБ несиесі бойынша кепілдіктерді босату үшін қаражаттың тапшылығына байланысты 25 млн. теңге көлеміндегі қаражат субсидиялау компонетінен кепілдендіру құралына қайта бөлінді (105 млн. теңге + 25 млн. теңге).

 

 

Жобалар саны

Ұсынылған кепілдік сомасы,

млн. теңге

- Арал ауданы бойынша

6

63,302

- Қазалы ауданы бойынша

7

110,640

- Қармақшы ауданы бойынша

9

59,880

- Жалағаш ауданы бойынша

5

103,610

- Сырдария ауданы бойынша

2

3,750

- Шиелі ауданы бойынша

7

39,616

- Жаңақорған ауданы бойынша

4

16,964

- Қызылорда қаласы бойынша

24

253,169

 

3) гранттық қаржыландыруға – 110 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Анықтама ретінде:

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды.

Ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлерін қайтарымсыз гранттармен қаржыландыру үшін 2017 жылдың 14 шілдесінде облыстық бюджеттік комиссия отырысымен 100 млн. теңге субсидиялау компонентінен гранттық қаржыландыру компонентіне қайта бөлінген болатын.

Бөлінген қосымша қаражат аясында Өңірлік үйлестіру кеңесімен 100 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 97 жобасы қаржыландырылды.

 

 

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

- Арал ауданы бойынша

14

13,551

- Қазалы ауданы бойынша

5

6,2

- Қармақшы ауданы бойынша

16

10,824

- Жалағаш ауданы бойынша

10

6,14

- Сырдария ауданы бойынша

19

13,959

- Шиелі ауданы бойынша

15

8,965

- Жаңақорған ауданы бойынша

6

7,05

- Қызылорда қаласы бойынша

29

43,31

 

«Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасы

 

2017 жылы «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорымен 700 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бөлінген қаражат 4 екінші деңгейлі банкке арнайы шартпен отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 600 млн. теңге;

- «Фортебанк» АҚ - 500 млн. теңге

- «Казкоммерцбанк» АҚ - 150 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 150 млн. теңге.

Аталған Бағдарлама аясында отырғызылған қаражат кәсіпкерлерге 8,5 пайызбен 180 млн. теңгеге дейін 5 жылға, сондай-ақ 6 айға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен беріледі.

Бүгінігі күні «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде 1 178,9 млн. теңгеге 48 жоба мақұлданды. Жалпы Бағдарлама аясындағы қаражаттың игерілуі 84,2% құрайды.

Қаржыландырылған 48 жоба бойынша 70 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды.

 

САУДА САЛАСЫ

2017 жылдың қаңтар-қарашадағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі 214,1 млрд. теңгені, көтерме сауда көлемі 130,1 млрд. теңгені құрап, өсім 100,4 пайызды құрады.

Жалпы облыс бойынша ірі сауда орындарының саны 166 бірлікті құрайды.

Оның ішінде биылғы жылы іске қосылған сауда нысандарының саны 23 бірлікті құрады.

2018 жылы өңірімізде 7 ірі сауда орнының іске қосылуы жоспарлануда.

Оның ішінде бүгінгі күні облыс орталығында заманауи форматтағы «АRAI CITY MALL» сауда ойын-сауық орталығының құрылысы жүргізілуде. Сауда орталығының жалпы ауданы 31 462 шаршы шақырымды, инвестиция көлемі – 4,3 млрд. теңгені құрайды.

 Сауда орталығында 416 орынды паркинг қарастырылған. Орталық іске қосылған соң 120 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен бірге, Басқармамен мұнай өнімдері бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағындағы бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағалары мен қорына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыста 136 жанар-жағармай бекеттері жұмыс жасайды.

2017 жылдың 17 желтоқсанына аудандар мен Қызылорда қаласындағы жанар-жағар май бекеттеріндегі мұнай өнімдерінің қоры келесідей:

АИ-92 маркалы бензині – 2 303,8  тонна;

Дизель отыны2 256,7 тонна.

Бұдан өзге, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің тапшылығын алдын алу, бағасын негізсіз өсірмеуді қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың басында облысымыздағы өңірлік операторлармен екі жақты меморандумдар жасалынды.

2017 жылы басқарма тарапынан мұнай өнімдері бағаларының өсу фактілері бойынша 32 субъектіге қатысты 13 рет облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне хаттар жолданды.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша халықты дер кезінде ақпараттандырып, халық арасында жан-жал жағдайларының алдын-алу мақсатында Басқармамен 5 брифинг өткізіліп, бұқаралық ақпараттың құралдар өкілдеріне және әлеуметтік желілер арқылы тиісті ақпараттар жүйелі түрде жарияланып келді.

 

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айында облысқа келген туристер саны 2391 адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 26%-ға артық (2016 ж. 1898 болған). Ал, ішкі келу туризмі 41 652  адамға артып, 27,1 пайыз өсімді құрады (2016 ж. 32781 болған).

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 91-ге (2016 ж. 85 болған) жетіп, сыйымдылығы 1796 орынға артты (2016 ж. 1718 болған), ондағы бөлмелер саны – 1016-ға көбейді (2016 ж. 966 болған). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қонақ үйлер саны 5,2 пайызға артып, бөлмелер саны 4,5 пайызға көбейгенін көрсетіп отыр.

2017 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша қонақ үйлер тарапынан 41 652 (2016 ж. 32781 болған) адамға қызмет көрсетіліп, 673,7 мың теңге қаржыны құрады (2016 ж. 549,6 мың теңге болған). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға өскен.

 

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту

Қазіргі уақытта Қамбаш көлі жағалауында туризмді дамыту мақсатында инвестиция тартылып, 105 млн. қаржыға 90-ға  жуық нысан салынды. Алдағы уақытта кәсіпкерлерге берілген жер телімдеріне қосымша заманауи үлгідегі спорт  алаңдары салынатын болады.

Сондай-ақ, жағалауға жақын салынған «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығы (Пасионат) жазғы маусым айларында салауатты өмір салтын насихаттау және туризм саласын дамыту мақсатында тынығушыларға ақылы түрде қызмет көрсетіп келеді.

Орталықта барлық жағдай жасалған. Жатын бөлмесі, емдеу-профилактикалық корпусы, асханасы және спорт залы бар.

Бүгінгі күні көл жағалауында катерлер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетеді.

Көл жағалауындағы құрылыс жұмыстарына 350-ден астам жергілікті жұмысшылар тартылса, 150-ден астам адам маусымдық жұмыспен қамтылды.

 

Байқоңыр кешенінде туризмді дамыту

Қазақстаннның туризм саласында алғаш рет 7 отандық туроператор 2017 жылдың басында «Байқоңыр» кешеніне турларды құруға, қалыптастыруға рұқсат алды және оларды сату құқығына ие болды.

Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны «Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы» іріктеген қазақстандық туроператорлар шетелдік және отандық туристер үшін «Байқоңыр» кешенін қолайлы тарифпен аралауға бағытталған турпакеттер әзірледі және нысандар туралы ақпаратты, сондай-ақ, зымыран ұшу кестесіне дейін өздерінің ресми сайттарына орналастырды.

2016 жылдың қарашасында Қазақстан және Ресей мемлекеттік органдары арасында 2016-2018 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша біріккен бағдарламасы бекітілді.

«Байқоңыр» кешенін дамыту мақсатындағы Ресей-Казахстан Үкіметаралық комиссия отырысында 2018-2022 жылдарға Байқоңыр қаласын дамыту Бағдарламасының жобасы қаралды. Жақын арада Бағдарламаны бекіту жоспарлануда.

Бұдан бөлек спорт және мәдениет министрлігімен «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдама» жобасы әзірленіп, ол 2017 жылдың 30 маусымында №406 Үкімет Қаулысымен бекітілді. Тұжырымдамада «Ұлы Жібек жолын жаңғыту» Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін қамтитын туристік кластерді дамыту, яғни Қызылорда қаласы мен Байқоңыр кешені туристік аумағы қаралған.

2017 жылдың 13 маусымында болған «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей 5-ші Үкіметаралық комиссия отырысында бірнеше мәселелер көтеріліп, бүгінгі таңда олар (пайдаланусыз тұрған жер телімдерінің Қазақстан тарапына өтуі, инфрақұрылым жүргізу, медициналық қызмет көрсету, т.б.) шешімін тапты.

Осыған байланысты туристік кластерді қалыптастыру мақсатында Байқоңыр аумағында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік кешенін салу көзделуде. Оған тұғырлы инвесторлар табылғанша, жобаны Мемлекеттік-Жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыру қолға алынбақ.

 

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша өткізілген шаралар туралы

 

2017 жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасы бойынша жеке кәсіпкер «Исаев» және Байқоңыр қаласы балықшылар клубының бірлесуімен Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы, Жалаңаш көлінде «Қысқы балық аулау» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қызылорда қаласынан, Байқоңыр қаласынан және Арал ауданынан 13 топ қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  ең үздік үштікті иеленгендер мен ең үлкен балық аулағандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ белсене қатысқан ең кішкентай балық аулаушыларға да алғыс хаттар берілді.

2017 жылдың 19-21 сәуір аралығында Алматы қаласында «Туризм және саяхат» Халықаралық көрмесі өткізілді. Көрмеге Қазақстаннның барлық өңірлері сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің өкілдері де қатысты.

Қызылорда облысынан барғандар шетел кластерлері орналасқан павильондарда өз бұйымдарын көрсетті.

Көрмеге облыстағы басты туристік нысандар «Қорқыт Ата» мемориалдық және «Байқоңыр» кешендерінің  үлестірмелі материалдары, туристік нысандары бар брошюралар, винилдік баннерлер қойылды.

 

Елбасының «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында атқарылған жұмыстар туралы

Басқарма тарапынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер-туған ел» базалық бағытының аясында 2 жоба іске асырылды. Біріншісі - «Этноауылды ұйымдастыру» кіші жобасы, екіншісі - «Әлемдік туризм күніне» арналған облыстық туристік фестиваль өткізу.

Аталған жобалардың орындалу барысы және аяқталуы бойынша Жарғы және Іс-шара паспорты әзірленді. Аталған  Жоба жарғысы мен Іс шара паспортында жобаның негізгі мақсаты, нәтижесі, қол жеткізілген индикаторы және аналитикалық жазбалары бойынша толық мәлімет ұсынылып,  облыс бойынша Рухани жаңғыру бағдарламасына жауапты  Жобалық кеңсеге есеп берілді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 24-25 маусымында «Жастар болашақ энергиясы» ұранымен «Менің Отаным - Қазақстан» жас туристердің облыстық слеті Жаңақорған ауданы, Құттықожа елді-мекенінде орналасқан «Тау Самалы» демалыс орнында өткізілді. Оған 6 адамнан құралған 6 топ қатысып, оның ішінде жеңімпаз атанғандарға жүлделер табысталды.

2017 жылдың 27-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында «Astana Leisure - 2017» көрмесі өткізілді. Көрмеге облыстың негізгі туристік нысандары жөніндегі брошюралар қойылып, түрлі қолөнер бұйымдары көрсетілді.

Қыркүйектің 27-сі күні туризм күні аталып өтіп, «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Арал, Қазалы аудандарына «Жаңғырған жастар» атты туристік экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында тарихи мұражайлар араланды.

Сол сияқты 2017 жылғы қазанның 28-і күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық туристік жұмыстарды жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру мақсатында  облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы бастамасымен Жалағаш, Қармақшы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылып, тарихи маңызы бар ескерткіштер мен мұражайлар араланды. 

Экспедиция құрамында 50-ге жуық орта және жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Экспедиция барысында студенттер Жалағаш және Қармақшы аудандарының туристік әлеуеті бар мәдени-тарихи нысандары «Қалжан-Ахун» кесенесі және «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенін тамашалады. Экспедиция нәтижесінде студенттерге қазақ халқының мәдениеті мен тарихы туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік берілді.

 

«ЭКСПО-2017» Көрмесіне байланысты атқарылған жұмыстар

2017 жылдың басында Қызылорда облысының туристік саласын ілгерілету және алдағы өткізгелі отырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мақсатында басқарма жанынан ресурстық орталық ашылды.

Бүгінгі күні орталық арқылы ішкі саясат басқармасымен және жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп, 30 түрлі іс-шаралар өткізілді, түрлі тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, орталықтың әлеуметтік желіде арнайы парақшалары ашылып, «ЭКСПО» аясында өткізілген шаралар жарияланып келді.

Арнайы ЭКСПО кезеңі үшін аймақтың туристік әлеуеті туралы жарнамалық бейнероликтер дайындалды (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде). Осы видеороликтер Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында маусым-тамыз айларында 3 ай бойы көрсетілді.

Бұдан басқа, көрме барысында «Аir-Астана» авиакомпаниясының халықаралық рейстерінің бортында «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт Ата мемориалдық кешені туралы мақала жарияланды.

Сондай-ақ, Өңір тұрғындарының Көрмені тамашалап қайту үшін барлық ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Көрме тамашалаушылар кедергісіз жол транспорттарымен қамтамасыз етіліп, Астана қаласына орналастырылды. 

Көрме барысында Қызылорда облысынан 75 000 адам барады деп жоспарланған. Қорытындылай келе, Көрмеге 99 000 адам барғаны белгілі болды. Бұл Халықаралық көрмені Өңірімізден барып тамашалауға қызыққандар аз емес екендігін білдіреді.

Біздің облыстан барған 100 аймақтық еріктілер 3 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Көрме жұмыстарына үлестерін қосты.

 

«ЭКСПО-2017» Көрмесі аясында ұйымдастырылған Этноауыл жобасы туралы

 

Қызылорда облысының туристік әлеуетін арттыру және «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесі өткізілу кезеңіне қарай, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешені жанында Этноауыл жобасы ұйымдастырылды.

Этноауылдың ашылуы 2017 жылдың 20 маусымында болды және ұйымдастырылу мерзімі 15 қазанда аяқталды. Бөлінген қаржы 71,9 млн. теңге.

Этноауылдың жер аумағы  4,2 га. Биіктігі 2 метр болатын ағашпен қоршалған. Алаң ішіне 7 киіз үй тігілді. Атап айтқанда: «Хан» үйі, «Зергелік бұйымдар» үйі, «Бұйымдарды иірілген жіптен жасау» үйі, «Саз бұйымдар» үйі, «Кілем бұйымдар» үйі, «Киіз бұйымдар» үйі және «Былғары  бұйымдар» үйі.

Қолөнершілерді және Этноауылдың басқа да жұмысшы персоналдарын 3 мезгіл тамақтандыру мақсатында қосымша 1 киіз үй жалға алынды. Алаңға кіретін аумақ маңына арнайы материалдардан екі сауда шатырлары тігілді.

Сондай-ақ, цементтен 24 м2 асық ойнау, 120 м2 күрес, арнайы тақтайшадан 250 м2 концерттік тамашалау алаңдары, биіктігі 6 метр болатын бөрендерден 4 алтыбақан жасалды. Алаң ішіндегі жүру жолына 24 тонна майда тас төселді. Кіре беріске ені 8 метр, түсу ұзындығы 12 метр болатын табалдырық жасалып, екі қапталына биіктігі 1 метр болатын әрленген қапталма орналастырылды. Табалдырықтың жан-жағына бес-бесеуден гүл салынған құмыралар қойылды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі жағынан кіре-беріс жол бойына ұзындығы 7 метр болатын 28 дана флагштоктар қойылып, көк және тарихи мағынадағы таңбалы сұрғыш түсті тулар ілінді.

Алаң іші 50-ге жуық көркем әсемделген этнографилық экспонат түрлерімен толықтырылды.  Бау-бақшалар жасалып, жасылдандыру алаңы болды. Отызға жуық ұсақ малдар мен жылқылар бағылды. Мал ұстауға қора жасалып, азық шөптері, жемдері әкелінді.

Этноауыл мерзімі аяқталғанға дейін 20-ға жуық концерттік шаралар, қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайыстар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Этноауылда шетелдік туристерді қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалды. Оларға үш тілді меңгерген гид-экскурсоводтар қызмет көрсетті.

Этноауылға есепті кезең ішінде 13 мыңнан астам отандық және шетелдік туристер мен қонақтар келді. Олардың ішінде шетелдіктер де болды. Шетелдіктер Франция, Литва, Швейцария, Венгрия, Гамбия, Мексика, Кения, Гондурас, Бельгия, Мадагаскар, Финляндия, Гренада, Соломон аралдары, Израиль, Ватикан, Монако, Украина, Армения, Әзірбайжан, АҚШ, Словения, Антигуа және Барбуда Испания, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша, Түркия, Иран, Румыния, Чехия елдерінен болды.

Этноауылда облысқа, республикаға белгілі 50-ден аса қолөнер шеберлері өздерінің шеберлік дәрістерін ұйымдастырып, қалып келе жатқан қолөнерлерді насиахаттады. Сонымен қатар, этноауылда шетелдік туристерге қазақ халқының салт-дәстүрлері бесікке салу, тұсау кесер, беташар, ақындар айтысы, тілашар ұйымдастырылып, қазақ күресі, асық ату, теңге алу, алтыбақан ойындары көрсетілді.       

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

Бүгінгі күні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында жол бойы кешендері құрылысын салу үшін белгілі көлемде 41 жер аумағы бөлінді.

Автодәліздің жалпы ұзындығы – 8845 шақырымды құрайды, оның ішінде облыс аумағынан 812 шақырымы кесіп өтеді.

Бүгінгі таңда жол бойы кешендерінің 19-ы жұмыс жасауда, 606 жұмыс орны ашылды.

Жалпы алдағы 2018-2019 жылдары қосымша 22 нысанды ашу жоспарлануда.


Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша

АНЫҚТАМА

 

2017 жылдың наурызында барлық іске асырылып жатқан бағдарламаларды өнімсіз жұмыспен қамтылғандар санының ішінен жаңа жұмыс орындарын ашуға және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің санын арттыруға тиімді бағыттау мақсатында Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай жол картасы әзірленді.

Бірыңғай жол картасын іске асыру үшін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен ай сайын тұрақты негізде Қызылорда қаласы мен облыс аудандарының ауылдық округтерінің негізгі көрсеткіштеріне (құрылған ШОК субъектілерінің саны, құрылған ШОК субъектілерінің түрлері, жұмыссыздар саны, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар саны, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар саны және т.б.) мониторинг жүргізілуде.

Жалпы облыс бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 49 108 бірлікті құрап (2017 жылдың 1 қыркүйегі жағдайы бойынша), өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өскен. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 36 835 бірлікті құраса (2017 жылдың 1 қыркүйегі бойынша), бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айында шығарылған өнім көлемі 48,8 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 16,4%-ға ұлғайған.

Қызылорда қаласы мен аудандар бөлінісіндегі тіркелген және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша ақпарат келесідей:

 

 

Тіркелген кәсіпкерлік  субъектілерінің саны*

Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны*

2016 жылмен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субьектілері-нің үлесі, %

Қызылорда облысы бойынша

49 108

36 835

105,7

- Арал ауданы бойынша

3 974

3 255

111,5

- Қазалы ауданы бойынша

4 095

2 975

97,9

- Қармақшы ауданы бойынша

3 236

2 323

108,0

- Жалағаш ауданы бойынша

2 254

1 588

108,9

- Сырдария ауданы бойынша

2 085

1 480

118,8

- Шиелі ауданы бойынша

4 256

3 152

108,2

- Жаңақорған ауданы бойынша

3 240

3 084

120,8

- Қызылорда қаласы бойынша

25 503

18 668

102,1

*2017 жылдың 8 айындағы ресми статистикалық мәліметтер

 

Өткен жылдың сәйкесті кезеңіне жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілері санының өсімі облыстың алты ауданы мен Қызылорда қаласында байқалады: Жаңақорған ауданы 120,8%, Сырдария ауданы 118,8%, Арал ауданы 111,5%, Жалағаш ауданы 108,9%, Шиелі ауданы 108,2%, Қармақшы ауданы 108,0%.

Төмендеу тек Қазалы ауданында байқалады яғни 2,1%.

Тіркелгендердің ішінен жұмыс жасап тұрғандар санының ең жоғарғы пайызы  95,18% Жаңақорған ауданы мен 81,9% Арал ауданында.

Ең төменгі пайыз Жалағаш ауданында, яғни 70,4%.

Сонымен бірге, 2017 жылдың 8 айында (наурыз-тамыз) 3134 ЖК, 115 шаруа қожалықтары және 289 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның ішінде аудандар бойынша:

 

ЖК

ШҚ

ЖШС

- Арал ауданы бойынша

263

8

-

- Қазалы ауданы бойынша

288

7

-

- Қармақшы ауданы бойынша

286

3

-

- Жалағаш ауданы бойынша

153

7

7

- Сырдария ауданы бойынша

165

47

1

- Шиелі ауданы бойынша

306

22

39

- Жаңақорған ауданы бойынша

349

12

-

- Қызылорда қаласы бойынша

1324

9

242

 

8 ай ішінде құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша ең төменгі көрсеткіштер Жалағаш және Сырдария аудандарында, яғни 167 және 213.

«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламасын іске асыруға қатысты.

Ағымдағы жылдың наурызында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқуға қатысатын 5 аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған) анықталып, сондай-ақ қатысушылардың саны анықталып, оқу кестесі бекітіліп, тестілеу нәтижесін қарау және жобаларды қорғау жөніндегі комиссия құрылған. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша жылдық жоспар 937 қатысушы, оның ішінде:

- Арал ауданы бойынша

211

- Қазалы ауданы бойынша

222

- Қармақшы ауданы бойынша

107

- Шиелі ауданы бойынша

202

- Жаңақорған ауданы бойынша

195

Бүгінгі күні «Бастау-Бизнес» жобасының төрт тобының қатысушылары оқуды аяқтап, облыстық комиссия алдында бизнес-жобаларын қорғады.

Төрт топтан барлығы 647 адам оқудан өтіп, оның ішінде 394 адам өз жобаларын қорғады.

Анықтама ретінде:

- 5 топ 21 қыркүйектен бастап 11 қазанға дейін оқудан өтуде;

- 6 топ 23 қазанда тестілеуден, 26 қазаннан бастап 22 қарашаға дейін оқудан өтеді.

Сонымен бірге, «БЖК-2020» Бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқыту курстары өткізілуде. Жыл басынан бері «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында барлығы 1449 адам оқудан өтті:

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер беруге қатысты.

Қызылорда қаласы мен аудандарда микрокредиттер беру үшін ағымдағы жылы 2 058,897 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде ауылға - 1765 млн. теңге, қалада – 293,897 млн. теңге.

 

Ауылда қаражатты игеру келесідей:

 

АНК

АШҚҚҚ

 

 

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

Қызылорда облысы бойынша

127

725,3

303

1039,6

- Арал ауданы бойынша

17

91,9

18

58,1

- Қазалы ауданы бойынша

12

87,9

39

169,9

- Қармақшы ауданы бойынша

5

28,0

28

76,2

- Жалағаш ауданы бойынша

12

90,9

56

149,87

- Сырдария ауданы бойынша

11

107,5

52

213,0

- Шиелі ауданы бойынша

18

105,0

43

147,3

- Жаңақорған ауданы бойынша

45

188,1

33

94,6

- Қызылорда қаласы бойынша

7

26,0

34

130,7

 

Қызылорда қаласында микрокредиттер беру бойынша:

2017 жылы Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін нысаналы трансферттермен 83,897 млн. теңге және жалпы сипаттағы трансфертпен 210 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жылдың мамыр айында «Даму» КДҚ» АҚ-на отырғызылды.

Бүгінгі күні Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін қаралған 293,8 млн. теңгенің 200 млн. теңгесі келесі ЕДБ-ге отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 100 млн. теңге;

- «Ресей жинақ банкі» АҚ - 50 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 50 млн. теңге.

Қалған 93,8 млн. теңге қаражатты «Даму» қорымен «Қазалорда» ӨИО-на отырғызу мәселесі пысықталуда.

Бұдан бөлек, ішінара кепілдік беру үшін 36 млн. теңге қаражат қаралған болатын.

Атап өту қажет, аталған қаражат шеңберінде «Қазақстан Халық банк» АҚ-мен жыл соңына дейін бар болғаны 30 млн. теңгеге кепілдік беру жоспарлануда. Бұл ретте, Бағдарлама талаптары бойынша 36 млн. теңгенің тек 6 млн. теңгесі немесе босатылған кепілдіктің 20 пайызы ғана игерілетін болады.

Ал қалған банктер, яғни «АТФ банк» және «Ресей жинақ банкі» аталған Бағдарлама аясында кепілдіктер беруден бас тартуда.

Аталған қаражатты игермеу қаупіне байланысты облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыстық бюджеттік комиссия отырысында 30 млн. теңге көлеміндегі қаражатты Бағдарлама аясында микрокредиттер беруге қайта бөлу мәселесі көтерілуде.

 

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға564,619 млн. теңге.

Анықтама ретінде:

Қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларына қаралған.

Бүгінгі күні мақұлданған жобалар бойынша субсидияны төлеу 2016 жылғы 37,9 млн. теңге көлеміндегі қалған қаражат есебінен іске асырылуда.

Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 29 отырысы өткізіліп, нәтижесінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 5,79 млрд. теңгені құрайтын 107 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 105 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Анықтама ретінде:

Ағымдағы жылдың басынан бері ішінара кепілдендіру бойынша жалпы құны 525,0 млн. теңгені құрайтын 47 жоба мақұлданды.

Атап өту қажет, ШОБ несиесі бойынша кепілдіктерді босату үшін қаражаттың тапшылығына байланысты облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен алдағы облыстық бюджеттік комиссия отырысында 25 млн. теңге көлеміндегі қаражатты субсидиялау компонетінен кепілдендіру құралына қайта бөлу туралы мәселесі көтерілді.

Жалпы, жыл басынан бері «БЖК 2020» бағдарламасының іске асырылуына қатысуда Шиелі (13 жоба), Қармақшы (11 жоба) Қазалы (10 жоба), аудандары мен Қызылорда қаласының (47 жоба) кәсіпкерлері белсенділік танытты. Қалған аудандардың қатысуы келесідей:

Анықтама ретінде:

- Жалағаш ауданы 11 жоба;

- Арал ауданы 8 жоба;

- Жаңақорған ауданы 4 жоба;

- Сырдария ауданы 3 жоба.

Сонымен бірге, бүгінгі күні 9 ЕДБ филиалдарынан 6 банк және 1 лизингтік компания қатысты.

- Қазақстан Халық банкі (жалпы құны 3,889 млрд. теңгеге 55 жоба);

- Банк Центр Кредит (жалпы құны 702,08 млн. теңгеге 29 жоба);

- Fortebank (жалпы құны 251,2 млн. теңгеге 7 жоба);

- Цеснабанк (жалпы құны 209,5 млн. теңгеге 6 жоба);

- Ресей жинақ банкі (жалпы құны 590 млн. теңгеге 4 жоба);

- ТехноЛизинг (жалпы құны 114,017 млн. теңгеге 4 жоба);

- ВТБ банк (18 млн. теңгеге 1 жоба);

- АТФ банк (жалпы құны 21 млн. теңгеге 1 жоба).

Аталған Бағдарламаға Еуразиялық банк және Казкоммерцбанк ӨҮК-не бірде-бір жоба ұсынбаған.

3) гранттық қаржыландыруға – 110 млн. теңге, оның ішінде 10 млн. теңгесі игерілді.

Анықтама ретінде:

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды.

Ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлерін қайтарымсыз гранттармен қаржыландыру үшін ағымдағы жылдың 14 шілдесінде облыстық бюджеттік комиссия отырысымен 100 млн. теңге субсидиялау компонентінен гранттық қаржыландыру компонентіне қайта бөлінген болатын.

Бөлінген қосымша қаражат аясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге құжаттар қабылданды. Кәсіпкерлермен ұсынылған 263 өтінім өз кезегінде конкурстық комиссиямен қаралды.

Бүгінгі күні, мақұлданған жобалар бойынша «Даму» КДҚ» АҚ-мен тиісті келісім шарт әзірленуде. Қаражат а.ж. қазан айында игерілмек.

Бүгінгі күні Бағдарлама аясында 2017 жылы бөлінген қаражаттар негізінде 3080 жұмыс орны сақталып, сондай-ақ 530 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды.

Жалпы Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жыл соңына дейін 1000 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 

«Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасы

Ағымдағы жылы «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорымен 700 млн. теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні 1,4 млрд. теңге көлемінде бөлінген қаражат 4 екінші деңгейлі банкке арнайы шартпен отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 600 млн. теңге (40,5% игерілді);

- «Фортебанк» АҚ - 500 млн. теңге (69,1% игерілді);

- «Казкоммерцбанк» АҚ - 150 млн. теңге (74,2% игерілді);

- «АТФ банк» АҚ - 150 млн. теңге (84,5% игерілді).

Аталған Бағдарлама аясында отырғызылған қаражат кәсіпкерлерге 8,5 пайызбен 180 млн. теңгеге дейін 5 жылға, сондай-ақ 6 айға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен беріледі.

Бүгінігі күні «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде 826,8 млн. теңгеге 27 жоба мақұлданды. Жалпы Бағдарлама аясындағы қаражаттың игерілуі 59,05% құрайды.

 

ЕДБ бөлінісінде қаражаттардың игерілуі:

ЕДБ атауы

Мақұлданған жобалар саны

Мақұлданған жобалардың жалпы құны,

млн. теңге

Игерілуі, %

1

«Қазақстан Халық банкі» АҚ

11

243,282

40,54

2

«Фортебанк» АҚ

9

345,5

69,1

3

«Казкоммерцбанк» АҚ

2

111,3

74,2

4

«АТФ банк» АҚ

5

126,8

84,5

 

Барлығы:

27

826,882

59,05

 

Қала/аудандар бөлінісіндегі ШОБ субъектілерінің қатысуы:

 

Қала/аудан атауы

Мақұлданған жобалар саны

Мақұлданған жобалардың жалпы құны,

млн. теңге

1

Арал ауданы

1

8,5

2

Қазалы ауданы

3

120,0

3

Қармақшы ауданы

-

-

4

Жалағаш ауданы

-

-

5

Сырдария ауданы

-

-

6

Шиелі ауданы

2

38,5

7

Жаңақорған ауданы

-

-

8

Қызылорда қаласы

21

659,882

 

Барлығы:

27

826,882

 

Атап өткен жөн, қаржыландырылған 27 жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орнын құру жөнінде міндеттемелер алынды.

Жалпы 2017 жылы Бағдарлама шеңберінде ШОБ субъектілерінің 50 жобасын қаржыландыру және кем дегенде 150 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 

Қызылорда облысында туризмнің даму жағдайы туралы

АНЫҚТАМА

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-маусым айында облысқа келген туристер саны 1411  адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 0,2%-ға артық. Ал, ішкі келу туризмі 27 106  адамға артып, 28,5 пайызды құрады.

Сыйымдылығы 1771 орын болатын келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 90, ондағы бөлмелер саны – 1006.  Олармен 28 517 адамға қызмет көрсетіліп, 443236,6  қаржыны құрады.

Мейрамханаларды қоспағанда орналастыру бойынша қызмет көрсету бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6 пайызға өскен.

 

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылындағы «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан 12 тұрғын үй құрылысы бой көтерді.

Жыл басынан қазіргі уақытқа дейін «Қамбаш» демалыс аймағына 90 мың демалушы келді.

 

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту

2017 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша жұмысшы топ отырысы өткізілді. Оған түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, туризм саласы бойынша қызмет етуші кәсіпкерлер т.б. қатысты.

Жиын барысында Байқоңыр аумағында туристерге арналған «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын құру тұжырымдамасын әзірлеу мәселесі көтерілді. Жұмысшы топ мүшелерінің көпшілігі Байқоңыр қаласының шекарасынан тыс жерге құру ыңғайлы екендігін білдірді.

Осыған байланысты наурыз айының басында басқармамен Байқоңыр аумағында туристік аймақ құру бойынша туристік индустриялық аймақты дамытудың тұжырымдамасы әзірленіп, жоғарғы органдардың қарауына ұсынылды.

Бұдан бөлек спорт және мәдениет министрлігімен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдама жобасы әзірленді. Оған Қызылорда облысы бойынша Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт-Ата» мемориалдық кешені және Байқоңыр қаласындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы кешені өңіріміздің негізгі туристік бағыттары ретінде ұсынылды.

Сонымен қатар, өңіріміздің туристік объектілерін ұлғайту мақсатында облыстың ескі, тарихи ескерткіштері орналасқан жерлерге (Кердері кесенесіне, Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Сортөбе, Жент қалашықтарына) археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

 

Байқоңыр кешенінде туризмді дамыту

Қазақстаннның туризм саласында алғаш рет 7 отандық туроператор ағымдағы жылдың басында «Байқоңыр» кешеніне турларды құруға, қалыптастыруға рұқсат алды және оларды сату құқығына ие болды.

ФМУК «ЖҒПИО» іріктеген қазақстандық туроператорлар шетелдік және отандық туристер үшін «Байқоңыр» кешенін қолайлы тарифпен аралауға бағытталған турпакеттер әзірледі және нысандар туралы ақпаратты, сондай-ақ, зымыран ұшу кестесіне дейін өздерінің ресми сайттарына орналастырды.

2016 жылдың қарашасында Қазақстан және Ресей мемлекеттік органдары арасында 2016-2018 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша біріккен бағдарламасы бекітілді.

«Байқоңыр» кешенін дамыту мақсатындағы Ресей-Казахстан Үкіметаралық комиссия отырысында  2018-2022 жылдарға Байқоңыр қаласын дамыту Бағдарламасының жобасы қаралды. Жақын арада Бағдарламаны бекіту жоспарлануда.

 

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша өткізілген шаралар туралы

Үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасы бойынша жеке кәсіпкер «Исаев» және Байқоңыр қаласы балықшылар клубының бірлесуімен Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы, Жалаңаш көлінде «Қысқы балық аулау» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қызылорда қаласынан, Байқоңыр қаласынан және Арал ауданынан 13 топ қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  ең үздік үштікті иеленгендер мен ең үлкен балық аулағандар сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ белсене қатысқан ең кішкентай балық аулаушыларға да алғыс хаттар берілді.

Үстіміздегі жылдың 19-21 сәуір аралығында Алматы қаласында «Туризм және саяхат» Халықаралық көрмесі өткізілді. Көрмеге Қазақстаннның барлық өңірлері сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің өкілдері де қатысты.

Қызылорда облысынан барғандар шетел кластерлері орналасқан павильондарда өз бұйымдарын көрсетті.

Көрмеге облыстағы басты туристік нысандар «Қорқыт Ата» мемориалдық және «Байқоңыр» кешендерінің  үлестірмелі материалдары, туристік нысандары бар брошюралар, винилдік баннерлер қойылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 24-25 маусымында «Жастар болашақ энергиясы» ұранымен «Менің Отаным - Қазақстан» жас туристердің облыстық слеті Жаңақорған ауданы, Құттықожа елді-мекенінде орналасқан «Тау Самалы» демалыс орнында өткізілді. Оған 6 адамнан құралған 6 топ қатысып, оның ішінде жеңімпаз атанғандарға жүлделер табысталды.

2017 жылдың басында Қызылорда облысының туристік саласын ілгерілету және алдағы өткізгелі отырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мақсатында басқарма жанынан ресурстық орталық ашылды.

Бүгінгі күні орталық арқылы ішкі саясат басқармасымен және жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп, 30-ға жуық шаралар өткізілді, түрлі тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, орталықтың әлеуметтік желіде арнайы парақшалары ашылып, «ЭКСПО» аясында өткізілген шаралар жарияланып келді.

Арнайы ЭКСПО кезеңі үшін аймақтың туристік әлеуеті туралы жарнамалық бейнероликтер дайындалды (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде). Осы видеороликтер Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында маусым-тамыз айларында 3 ай бойы көрсетілді.

Бұдан басқа, көрме барысында «Аir-Астана» авиакомпаниясының халықаралық рейстерінің бортында «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен Қорқыт ата мемориалдық кешені туралы мақала жарияланды.

Сондай-ақ, Өңір тұрғындарының Көрмені тамашалап қайту үшін барлық ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Көрме тамашалаушылар кедергісіз жол транспорттарымен қамтамасыз етіліп, Астана қаласына орналастырылды. 

Көрме барысында Қызылорда облысынан 75 000 адам барады деп жоспарланған. Қорытындылай келе, Көрмеге 99 000 адам барғаны белгілі болды. Бұл Халықаралық көрмені Өңірімізден барып тамашалауға қызыққандар аз емес екендігін білдіреді.

Біздің облыстан барған 100 аймақтық еріктілер 3 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Көрмені өз деңгейінде өтуіне үлестерін қосты.

Қызылорда облысының туристік әлеуетін арттыру және «ЭКСПО-2017» Көрмесі өткізілу кезеңіне қарай, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешені жанында Этноауыл жобасы ұйымдастырылды.

Облыс туристеріне және қонақтарына мемориалдық кешен аумағындағы қазақ халқының мәдениеті, дәстүрлері мен тұрмысын таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 маусымынан 15 қазанына дейін  Этноауыл ұйымдастырылды. Этноауылда 7 киіз үй тігіліп, әрбір киіз үйде қылшық, керамика, кілем, сәндік бұйымдар, зергерлік бұйымдар, жіп бұйымдары көрсетіліп, сонымен қатар қазақтың ұлттық спорт түрлері ұйымдастырылды.

Этноауылда шетелдік туристер шет тілдерін меңгерген гид-экскурсоводтар көмегіне жүгініп, ұлттық тағамдардан дәм татып, жылқымен серуендей алды.

Егер туристер саны туралы айтатын болсақ, ашылған сәттен бастап Этноауылды  13 мыңнан астам туристер мен қонақтар тамашалады, оның ішінде 3500 - шетелдіктер. Келушілер арасында Франция, Литва, Швейцария, Венгрия, Гамбия, Мексика, Кения, Гондурас, Бельгия, Мадагаскар, Финляндия, Гренада, Соломон аралдары, Израиль, Ватикан, Монако, Украина, Армения, Әзірбайжан, АҚШ, Словения, Антигуа және Барбуда Испания, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша, Түркия, Иран, Румыния, Чехия және т.б. болды.

Ағымдағы жылдың 27-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында «Astana Leisure - 2017» көрмесі өткізілді. Көрмеге облыстың негізгі туристік нысандары жөніндегі брошюралар қойылып, түрлі қолөнер бұйымдары көрсетілді.

Сондай-ақ, а.ж. 27 қыркүйегінде туризм күні аталып өтіп, Арал, Қазалы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында «рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи мұражайлар араланды.

    

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

Бүгінгі күні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында жол бойы кешендері құрылысын салу үшін белгілі көлемде 41 жер аумағы бөлінді.

Автодәліздің жалпы ұзындығы – 8845 шақырымды құрайды, оның ішінде облыс аумағынан 812 шақырымы кесіп өтеді.

Бүгінгі таңда жол бойы кешендерінің 16-сы жұмыс жасауда, 546 жұмыс орны ашылды. Кешен санаттарына қарай қонақүй, дәмхана, май құю бекеттері, автожуу т.б. қызмет көрсету сервистерімен қамтылған. Яғни, тек туристер ғана емес, қарапайым  өткен жолаушы да сервистердің қызметін пайдалана алады.

2017-2018 жылдарда қосымша 25 нысан іске қосылады деп жоспарлануда.


Шағын және орта бизнестің дамуы бойынша анықтама

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  48 652 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен (47 224 бірлік) салыстырғанда 3,0%-ға, ал жыл басынан бері (47 301 бірлік) 2,9%-ға артты.

Оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 36 286 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артты.

 

2017 жылдың 1 шілдесіне

Қала және аудандар

Тіркелген субъектілер

Жұмыс істеп тұрған субъектілер

Оның ішінде

Өткен жылмен салыс-тыру

Заңды тұлға

Жеке кәсіпкер

Шаруа қожалығы

1

Арал ауданы

3 867

3 174

199

2 552

423

108,7

2

Қазалы ауданы

4 201

3 049

185

2 443

421

99,6

3

Қармақшы ауданы

3 183

2 229

183

1 655

391

99,9

4

Жалағаш ауданы

2 218

1 518

130

1 021

367

103,1

5

Сырдария ауданы

2 065

1 456

116

759

581

116,2

6

Шиелі ауданы

4 180

3 042

391

2 053

598

101,2

7

Жаңақорған ауданы

3 141

2 977

199

1 776

1 002

119,6

8

Байқоңыр қаласы

464

298

26

269

3

97,1

9

Қызылорда қаласы

25 333

18 543

3 352

14 736

455

100,6

Облыс бойынша

48 652

36 286

4 781

27 264

4 241

103,2

 

2017 жылдың 1 сәуіріне ШОБ-те жұмыспен қамтылғандар саны 80 850 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,7%-ға төмендеді.

2016 жылдың қаңтар – сәуір аралығында ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 48,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,4%-ға артты.

Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 13,0% құрайды (2015 жылы – 13,5%, 2014 жылы – 12,0%)

 

Кәсіпкерлер кеңесі

Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қызылорда облысы әкімінің жанынан құрылған Кәсіпкерлер кеңесі жұмыс жасайды.

Аталған Кеңестің мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлікте кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту және өңірімізде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қолдау көрсету болып табылады. Ағымдағы жылы Қызылорда облысы әкімінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің 1 отырысы өткізіліп, кәсіпкерлік саласының өзекті мәселері қаралды.

 

Сараптамалық кеңес

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын заңнамалық құқықтық актілеріне өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытынды беріледі. Бүгінгі күні 29 нормативтік-құқықтық актілерге сараптама қорытындылары берілді.

 

Өңірлік бірыңғай жол картасы

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айында облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Өңірлік бірыңғай жол картасы әзірленді.

Аталған жол картасының басты мақсаты Үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оны тиімді пайдалану және бағдарламалар шеңберіндегі қаражаттарды ауылдық елді-мекендердің азаматтарына қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ, Өңірлік бірыңғай жол картаға сәйкес әрбір ауданда дамымаған салаларды дамыту мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен қала және ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлік субъектілері үшін 18 типтік бизнес-жоспарлар (шаштараз, наубайхана, балабақша, монша, азық-түлік дүкені, азық-түлік емес дүкені, аяқ киім жөндеу, тігін цехы, техникалық қызмет көрсету орталығы, кондитерлік, сувенирлік өнімдер өндірісі, шеберхана цехы, полиграфиялық қызмет, өсімдік, мал, құс, ара шаруашылықтары және балық аулау мен қақтау) әзірленді.

Аталған Жол картасында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттер алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қадамдық іс-әрекеті мен мемлекеттік қолдау шараларын алу механизмдері жасалынды.

Бұл ретте, Өңірлік бірыңғай жол картаны таныстыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыс әкімінің төрағалығымен облыстық мәслихат хатшысы (оның ішінде депутаттар), «Нұр-Отан» партиясы облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары, мүдделі мемлекеттік органдар, ұйымдар және бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қызылорда қаласында және барлық аудандарда актив отырыстары өткізілді.

 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

2017 жылдан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басты міндеті облыс кәсіпкерлеріне бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсету, оның ішінде кәсіпкерлерге рұқсатнама құжаттарын алып беру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу бойынша кеңес беру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесіндегі жағдай бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 773 қызмет көрсетілді, оның ішінде 643 кеңесшілік қызмет, сондай-ақ 130 кәсіпкерге рұқсатнама құжаттарын алу, оның ішінде техникалық шарттар алу және жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қызмет көрсетілді.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша үкіметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы жөнінде

 

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – «БЖК 2020») жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,619 млн. теңге бөлінді.

Компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 664,619 млн. теңге (қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат ағымдағы жылдың тамыз, қазан және желтоқсан айларына қаралған).

Ағымдағы жылдың басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің 21 отырысы өткізіліп, нәтижесінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін жалпы құны 4,83 млрд. теңгеге 66 жоба мақұлданып, оның ішінде 3,88 млд. теңгеге 42 жоба субсидияланды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 105 млн. теңге, оның бүгінгі күні 62 млн. теңгесі игерілді.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың басынан бері кепілдік жалпы құны 314,26 млн. теңгені құрайтын 31 жоба бойынша ұсынылды.

3) гранттық қаржыландыруға – 10 млн. теңге, қаражат 100% игерілді.

Ағымдағы жылы қайтарымсыз гранттар беру бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесімен 10 млн. теңгеге ауылдық елді-мекендер мен Қызылорда қаласының ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 17 жобасы мақұлданды. Қала мен аудандар бөлінісінде жобаларды қаржыландыру келесідей:

- Арал ауданы бойынша жалпы құны 1 550,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қазалы ауданы бойынша 500,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша жалпы құны 1 249,44 мың теңгеге 4 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша жалпы құны 439,343 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша жалпы құны 931,217 мың теңгеге 2 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтер бойынша жалпы құны 5 330,0 мың теңгеге 6 жоба.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жыл соңына дейін 1000 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын Қызылорда қаласында іске асыру үшін 2017 жылға 246 млн. теңге қаралды.

Оның ішінде, микрокредит беруге 210 млн. теңге және ішінара кепілдендіруге 36 млн. теңге.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында микрокредиттер беру үшін 2017 жылға ағымдағы трансферттер негізінде республикалық бюджеттен қосымша 83,897 млн. тенге бөлінді.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен ағымдағы жылдың 2 мамырында облыс әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері арасында үшжақты кредиттік шарт жасалынған.

Бұл ретте, бөлінген қаражаттар аясында облыс әкімдігі, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы және «Даму» қоры арасында Қарыз шарты жасалынып, бөлінген қаражаттар «Даму» қорына аударылды.

Қазіргі таңда тиісті қаражаттарды микроқаржы ұйымына отырғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлінген қаражаттар бұдан әрі жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға микрокредит түрінде 8000 АЕК дейін (18,152 млн. теңгеге дейін) жылдық 6 пайызбен берілетін болады.

Шағын несилер алу үшін жұмыссыз жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Бағдарлама шеңберінде «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, өздерінің қаржылық сауаттылығын арттыруға тиіс.

Бұл үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасымен ағымдағы жылдың наурыз айында «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытуға қатысатын 5 аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған) және қатысушылардың саны анықталып, оқу кестесі бекітіліп, тестілеу нәтижесін қарау және жобаларды қорғау жөніндегі комиссия құрылған.

2017 жылдың бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында екі топ құрамынан 371 адам оқытылып, 205 бизнес-жоба қорғалды.

Аталған жоба аясында ағымдағы жылдың 26 маусым күні үшінші топ құрамын анықтау бойынша тест өткізіліп, 30 маусымынан бастап оқыту жүргізілуде.

Жалпы 2017 жылдың басында қала және ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлік субъектілерінің аталған Бағдарламаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, яғни өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Өңірлік бірыңғай жол картасы әзірленді.

Жол картаның басты мақсаты – барлық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оларды тиімді пайдалану болып табылады.

Яғни, Жол картаға сәйкес ауылдық елді-мекендердегі жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, оларды тиімді шарттармен қаржыландырып, кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс орындарының санын ұлғайту және әр ауданда жаппай кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық кооперациясын дамыту көзделген.

Сонымен бірге, Жол картасына сәйкес үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қадамдық іс-әрекеті әзірленді.

Қазіргі күні әзірленген қадамдық іс-әрекеттер ауылдық елді-мекендердің халқына түсінікті болуы үшін кітапшалар ретінде дайындалып, облысымыздың барлық ауылдық елді-мекендеріне таратылды және тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, осы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыстың әрбір ауылдық округтеріне бір мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары тағайындалып, тұрақты бақылауға алынды.

Ағымдағы жылы «Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында облыстық бюджеттен 700 млн. теңге және «Даму» қорымен 700 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні бөлінген қаражаттардың 1,4 млрд. теңге көлеміндегі сомасы 4 екінші деңгейлі банктерге арнайы шарттармен отырғызылды.

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 600 млн. теңге;

- «Фортебанк» АҚ - 500 млн. теңге;

- «Казкоммерцбанк» АҚ - 150 млн. теңге;

- «АТФ банк» АҚ - 150 млн. теңге.

Қазіргі күні аталған банктер Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 555,9 млн. теңге болатын кәсіпкерлік субъектілерінің 15 жобасын қаржыландырса, оның ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жалпы құны 491,1 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған. Бұл ретте, игерілген қаржы көлемі 39,7 пайызды құрады.

Бағдарлама шеңберінде орналастырылған қаражаттар кәсіпкерлерге 180 млн. теңгеге дейін 8,5 пайызбен 5 жылға және 6 айға дейін несиені өтеуде кейінге қалдыру мүмкіндігімен берілетін болады.

Қызылорда облысында туризмнің даму жағдайы туралы 2017 жылдың 6 айына

АНЫҚТАМА

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың қаңтар-маусым айында облысқа келген туристер саны 9981  адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 4,9%-ға артық.

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 89 бірлікті құрайды, оларда 966 бөлме, 1 718 төсек-орны бар. Орналастыру орындарымен 34 679  адамға қызмет көрсетілген, мұның 32 781-і резидент және 1898-і резидент емес тұлғалар.

 

Қазақстандық туристік ассоциациясы

2016 жылы Қазақстан туристік ассоциациясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыттар бекітілді. Бұл ең алдымен Арал ауданының мүмкіндіктері (Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Арал теңізі, Көкарал су тоспасы), Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруды тамашалау, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи және зиярат ету туризм түрлері.

Қазақстандық туристік операторлар арасында осы бағыттар бойынша толық ақпаратты тарату үшін аталған туристік бағыттар туралы мағлұматтар Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ басқарма сайтынан жаңадан «Туризм» айдары ашылды.

 

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылындағы «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан 12 тұрғын үй құрылысы бой көтерді.

2017 жылы «Қамбаш» демалыс аймағында шамамен 80 мың демалушы келеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасы бойынша жеке кәсіпкер «Исаев» және Байқоңыр қаласы балықшылар клубының бірлесуімен Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы, Жалаңаш көлінде «Қысқы балық аулау» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қызылорда қаласынан, Байқоңыр қаласынан және Арал ауданынан 13 топ қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  ең үздік үштікті иеленгендер мен ең үлкен балық аулағандар сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ белсене қатысқан ең кішкентай балық аулаушыларға да алғыс хаттар берілді.

 

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту

2017 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша жұмысшы топ отырысы өткізілді. Оған түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, туризм саласы бойынша қызмет етуші кәсіпкерлер т.б. қатысты.

Жиын барысында Байқоңыр аумағында туристерге арналған «Байқоңыр» туристік-ойын-сауық аймағын құру тұжырымдамасын әзірлеу мәселесі көтерілді. Жұмысшы топ мүшелерінің көпшілігі Байқоңыр қаласының шекарасынан тыс жерге құру ыңғайлы екендігін білдірді.

Осыған байланысты наурыз айының басында басқармамен Байқоңыр аумағында туристік аймақ құру бойынша туристік индустриялық аймақты дамытудың тұжырымдамасы әзірленіп, жоғарғы органдардың қарауына ұсынылды.

Бұдан бөлек спорт және мәдениет министрлігімен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдама жобасы әзірленді. Оған Қызылорда облысы бойынша Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт-Ата» мемориалдық кешені және Байқоңыр қаласындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы кешені өңіріміздің негізгі туристік бағыттары ретінде ұсынылды.

Сонымен қатар, өңіріміздің туристік объектілерін ұлғайту мақсатында облыстың ескі, тарихи ескерткіштері орналасқан жерлерге (Кердері кесенесіне, Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Сортөбе, Жент қалашықтарына) археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2017 жылға арналған міндеттері:

Туризмді дамыту бойынша алдағы өткізілетін іс-шаралар:

  •  «Астана Демалыс – 2017» көрмесіне қатысу;
  •  «Туризм және саяхат – 2017» көрмесіне қатысу
  • Әлемдік туризм күніне арналған облыстық туристік фестивальді өткізу;
  • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі жолбойы нысандарын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша өткізілген шаралар туралы

Үстіміздегі жылдың 19-21 сәуір аралығында Алматы қаласында «Туризм және саяхат» Халықаралық көрмесі өткізілді. Көрмеге Қазақстаннның барлық өңірлері сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің өкілдері де қатысты.

Қызылорда облысынан барғандар шетел кластерлері орналасқан павильондарда өз бұйымдарын көрсетті.

Көрмеге облыстағы басты туристік нысандар «Қорқыт Ата» мемориалдық және «Байқоңыр» кешендерінің  үлестірмелі материалдары, туристік нысандары бар брошюралар, винилдік баннерлер қойылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 24-25 маусымында «Жастар болашақ энергиясы» ұранымен «Менің Отаным - Қазақстан» жас туристердің облыстық слеті Жаңақорған ауданы, Құттықожа елді-мекенінде орналасқан «Тау Самалы» демалыс орнында өткізілді. Оған 6 адамнан құралған 6 топ қатысып, оның ішінде жеңімпаз атанғандарға жүлделер табысталды.

2017 жылдың басында Қызылорда облысының туристік саласын ілгерілету және алдағы өткізгелі отырған «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мақсатында басқарма жанынан ресурстық орталық ашылды.

Бүгінгі күні орталық арқылы ішкі саясат басқармасымен және жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп, 30-ға жуық шаралар өткізілді, түрлі тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, орталықтың әлеуметтік желіде арнайы парақшалары ашылып, «ЭКСПО» аясында өткізілген шаралар үнемі жарияланып келеді.

Қызылорда облысының туристік әлеуетін арттыру және «ЭКСПО-2017» Көрмесі өткізілу кезеңіне қарай, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешені жанында Этноауыл жобасы ұйымдастырылды.

Этноауыл ағымдағы жылдың 20 маусымында салтанатты түрде ашылды. Оған 7 киіз үй (алты қанатты 6 үй, 16 қанатты бір Хан үйі) тігілді. Киіз үйлердің іші қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен және бұйымдарымен (көрпешелер, ағаш астаулар, сандықтар, дастархан үстел, кіші ағаш орындықтар,  қазақ батырларының жауынгерлік саймандары т.б.) әсемделген.

Алты қанатты алты кйіз  үйге қолөнер шеберлері мен суретшілер орналасты. Этноауыл аумағында төрт саудагерлік павильон тұрғызылып, оған жергілікті сауда иелері келуші қонақтарға өнімдерін өткізуде.

Этноауыл ішіне «Қыз Жібек» мейрамханасының киіз үйі тігіліп,  қолөнершілерді 3 мезгіл тамақтандырумен қаматамасыз етуде.

Шетелдіктерге этноауыл аймағын таныстыратын 3 тілде сөйлейтін гид-экскурсоводтар жұмыс жасауда. Этноауылға келген қонақтар қазақ халқының ұлттық ойындарымен (теңге ілу, арқан тарту, алтыбақан тебу, қазақ күресі, асық ойнау,) таныса алады.

«Тенгри» борттық журналында өңіріміздің негізгі туристік объектісі «Қорқыт ата» мен «Байқоңыр» кешені насихатталуда.

Өткен жылмен салыстырғанда келушілерді орналастыру орындары 4,1 пайызға артқан. Жуық арада бес жұлдызшалы қонақ  үй ашылуы күтілуде.

 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін  2017 жылдың 1 маусымына  41  нүкте  белгіленген.

         Бүгінгі күнге инвестицияның жалпы сомасы 3 млрд. 411 млн. теңге болатын 16 нысан пайдануға беріліп, 546 тұрақты жұмыс орны  құрылды.

  1. Арал ауданы – 2 нысан («Жандаулетов» ЖК , «В» санаты, жоба құны-250 млн. теңге,  «Ұзақова» ЖК, «С» санаты, жоба құны- 50 млн.теңге);
  2. Қармақшы ауданы – 3 нысан («Дорстрой» ЖШС, «А» санаты, жоба құны-450 млн.теңге, «Бертлеуова» ЖК,»С» санаты, жоба құны-50 млн. теңге,  «Қарбаев» ЖК, «С» санаты, жоба құны-165 млн. теңге);
  3. Сырдария ауданы – 2 нысан ( «Жүнісова» ЖК, «В» санаты, жоба құны 400 млн. теңге,  «Ақжарма-1» ШҚ, «В» санаты, жоба құны-227 млн. теңге);
  4. Қызылорда қаласы – 4 нысан («Гейдарова» ЖК, «С» санаты, жоба құны-300 млн.теңге, «Сейтжаппарова» ЖК, «В» санаты, жоба құны-170 млн. теңге,  «Нұрымбетова» ЖК, «С» санаты, жоба құны-80 млн. теңге,  «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-261 млн.теңге );
  5. Шиелі ауданы – 1 нысан («Сығанақ» ЖШС, «В» санаты, жоба құны-100 млн. теңге);
  6. Жаңақорған ауданы – 4 нысан («Құламетов» ЖК, «В» санаты, жоба құны-62 млн. теңге,  «Бексұлтан» ЖК, «В» санаты, жоба құны-735 млн. теңге, «Басқожаев» ЖК, «С» санаты, жоба құны- 75 млн. теңге, «Аружан К» ЖК, «С» санаты, жоба құны-36 млн. теңге).

         Сонымен қатар, жыл соңына дейін  жалпы құны 5 млрд. 129 млн. теңге  болатын 20 нысан  іске қосылатын болады.

         Оның ішінде:

         Арал ауданы- 4 нысан  («Әбибуллаев» ЖК, «С»-санаты, жоба құны-20 млн. теңге, «Жұмағазиева Г» ЖК, «С» санаты, жоба құны-60 млн. теңге,  «Елешова Г» ЖК, «С» санаты, жоба құны- 47 млн. теңге, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС,«Д» санаты, жоба құны-261 млн.теңге ).

         Қазалы ауданы- 3 нысан («Сыр маржаны» ЖШС, «В» санаты, жоба құны- 498 млн. теңге, «Глобал Алатау Груп» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны- 150 млн. теңге, «Синоойл» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-100 млн. теңге).

         Қармақшы ауданы- 3 нысан («Мұсаев А» ЖК, «В» санаты, жоба құны-274 млн. теңге,  «Рагибова Г» ЖК, «С» санаты, жоба құны- 350 млн. теңге, ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-261 млн. теңге).

         Жалағаш ауданы-1 нысан («Ұзақов Б» ЖК, «С» санаты, жоба құны-250 млн. теңге).

         Шиелі ауданы- 3 нысан («Шакиров Н» ЖК, «В» санаты, жоба құны-200 млн. теңге,  «Шиелі-Сапаржай» ЖШС, «А» санаты, жоба  құны- 400 млн. теңге, ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны- 261 млн. теңге ).

         Жаңақорған ауданы-1 нысан  («ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-261 млн. теңге).

         Қызылорда қаласы-5 нысан («КазЕвраз» ЖШС, «А» санаты, жоба құны- 1 млрд. теңге,  «Жауынбаев» ЖК, «В» санаты, жоба құны- 300 млн. теңге,  «Байменов Б» ЖК, «С» санаты, жоба құны -75 млн. теңге, ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-261 млн. теңге, («Синоойл» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-100 млн. теңге).

         2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы құны 910 млн. теңге болатын тағы  4 нысан  пайдалануға  берілетін болады.

Қазалы ауданы- 2 нысан («Байсуганова А» ЖК, «С» санаты, жоба құны-75 млн. теңге, «ДинГул» ЖШС, «С» санаты, жоба құны -15 млн. теңге);

Жаңақорған ауданы-1 нысан («Казтуризм» ЖШС, «А» санаты, жоба құны- 720 млн. теңге);

Қызылорда қаласы- 1 нысан («Синоойл» ЖШС, «Д» санаты, жоба құны-100 млн. теңге).


Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың 1 сәуіріне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  48 341 бірлікті құрайды, оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 35 238 бірлікті құрайды.

 

2017 жылдың 1 сәуіріне

Қала және аудандар

Тіркелген субъектілер

Жұмыс істеп тұрған субъектілер

Оның ішінде

Заңды тұлға

Жеке кәсіпкер

Шаруа қожалығы

1

Арал ауданы

3 796

3 155

209

2 526

420

2

Қазалы ауданы

4 277

2 669

184

2 106

379

3

Қармақшы ауданы

3 074

2 113

186

1 621

306

4

Жалағаш ауданы

2 206

1 470

129

999

342

5

Сырдария ауданы

1 979

1 382

110

744

528

6

Шиелі ауданы

4 145

2 871

379

1 961

531

7

Жаңақорған ауданы

3 057

2 881

193

1763

925

8

Байқоңыр қаласы

464

298

24

271

3

9

Қызылорда қаласы

25 343

18 399

3 372

14 617

410

Облыс бойынша

48 341

35 238

4 786

26 608

3 844

 

2017 жылдың 1 қаңтарына ШОБ-те жұмыспен қамтылғандар саны 80 155 адамды құрады.

2016 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығында ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 244,5 млрд. теңгені құрады.

 

Кәсіпкерлер кеңесі

Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қызылорда облысы әкімінің жанынан құрылған Кәсіпкерлер кеңесі жұмыс жасайды.

Аталған Кеңестің мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлікте кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту және өңірімізде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қолдау көрсету болып табылады. Ағымдағы жылы Қызылорда облысы әкімінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің 1 отырысы өткізіліп, кәсіпкерлік саласының өзекті мәселері қаралды.

 

Сараптамалық кеңес

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын заңнамалық құқықтық актілеріне өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытынды беріледі. 2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 13 нормативтік-құқықтық актілерге сараптама қорытындылары берілді.

 

Өңірлік бірыңғай жол картасы

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айында облысымызда жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Өңірлік бірыңғай жол картасы әзірленді.

Аталған жол картасының басты мақсаты Үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оны тиімді пайдалану және бағдарламалар шеңберіндегі қаражаттарды ауылдық елді-мекендердің азаматтарына қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ, Өңірлік бірыңғай жол картаға сәйкес әрбір ауданда дамымаған салаларды дамыту мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен қала және ауылдық елді-мекендердің кәсіпкерлік субъектілері үшін 18 типтік бизнес-жоспарлар (шаштараз, наубайхана, балабақша, монша, азық-түлік дүкені, азық-түлік емес дүкені, аяқ киім жөндеу, тігін цехы, техникалық қызмет көрсету орталығы, кондитерлік, сувенирлік өнімдер өндірісі, шеберхана цехы, полиграфиялық қызмет, өсімдік, мал, құс, ара шаруашылықтары және балық аулау мен қақтау) әзірленді.

Аталған Жол картасында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттер алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қадамдық іс-әрекеті мен мемлекеттік қолдау шараларын алу механизмдері жасалынды.

Бұл ретте, Өңірлік бірыңғай жол картаны таныстыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында облыс әкімінің төрағалығымен облыстық мәслихат хатшысы (оның ішінде депутаттар), «Нұр-Отан» партиясы облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары, мүдделі мемлекеттік органдар, ұйымдар және бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Қызылорда қаласында және барлық аудандарда актив отырысы өткізілді.

 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

2017 жылдан бастап Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басты міндеті облыс кәсіпкерлеріне бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсету, оның ішінде кәсіпкерлерге рұқсатнама құжаттарын алып беру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу бойынша кеңес беру болып табылады.

Ағымдағы жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 204 кеңесшілік қызмет көрсетілді, сондай-ақ, 24 кәсіпкерге рұқсатнама құжаттарын алу, оның ішінде техникалық шарттар алу және жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қызмет көрсетілді.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

«БЖК 2020» бағдарламасын іске асыру үшін ағымдағы жылы

779 619 мың теңге бөлінді. Компоненттер бойынша атап айтсақ:

  1. несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға –

    750 619 мың теңге;
  2. жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 19 000,0 мың теңге;
  3. гранттық қаржыландыруға – 10 000,0 мың теңге.

Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттермен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен

83 897,0 мың теңге қаржы қаралды.

Жалпы жыл басынан бері жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында өңірлік үйлестіру кеңесінің 9 отырысы өткзіліп, нәтижесінде Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба мақұлданды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 9 жобасы бойынша 139 317,0 мың теңге көлемінде ішінара кепілдік ұсынылды.

Бұдан бөлек, Бағдарлама шеңберінде бөлінген 10 000,0 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант қаражаты ауылдық елді-мекендердің

17 микробизнес субъектілерінің жобаларына ұсыну туралы ӨҮК-нің шешім қабылданды.       Оның ішінде:

  • Арал ауданы бойынша 1 550,0 мың теңгеге 2 жоба;
  • Қазалы ауданы бойынша 500,0 мың теңгеге 1 жоба;
  • Қармақшы ауданы бойынша 1 249,44 мың теңгеге 4 жоба;
  • Сырдария ауданы бойынша 439,343 мың теңгеге 2 жоба;
  • Шиелі ауданы бойынша 931,217 мың теңгеге 2 жоба;
  • Қызылорда қаласының ауылдық елді-мекендері бойынша 5 330,0 мың теңгеге 6 жоба қаржыландырылды.

Бағдарлама шеңберінде грант қаражат ұсынылған жобалар іске асырылған жағдайда 36 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

 

Сауда

2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында бөлшек сауда көлемі 56 млрд. теңгені құрады.

Көтерме сауда көлемі 28,9 млрд. теңгені құрады 

Қызылорда облысында 2017 жылдың 1 қаңтарына 7244 сауда орнымен 40 базар тіркелді. Облыста тауарларды өткізуге байланысты 24 әмбебап (базарлардың жалпы көлемінен 60%), 16  мамандандырылған базарлары; мәмілелерді жүзеге асыру тәсілдері бойынша – 38 бөлшек (95%), 2 – көтерме базарлары. Базарлардың жалпы көлемінен – 19 немесе 47,5% жабық базарлар, 4 немесе 10% коммуналдық базарлар.


Жанар – жағар май және сұйытылған мұнай газының бағалары

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» № 236 Бұйрығына сәйкес кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыс аумағында бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Сонымен бірге, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылға облысқа ҚР Энергетика министрлігінен ай сайынғы негізде бөлінетін мұнай өнімдерін тасымалдаушы 9 оператормен Келісім жасалды.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

 

Туризм

Қазақстандық туристік ассоциациясы

2016 жылы Қазақстан туристік ассоцияциясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыттар бекітілді. Бұл ең алдымен Арал ауданының мүмкіндіктері (Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Арал теңізі, Көкарал су тоспасы), Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруды тамашалау, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи және зиярат ету туризм түрлері.

Қазақстандық туристік операторлар арасында осы бағыттар бойынша толық ақпаратты тарату үшін аталған туристік бағыттар туралы мағлұматтар Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ басқарма сайтынан жаңадан «Туризм» айдары ашылды.

 

Қорқыт Ата мемориалдық кешені

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан Этноауыл ұйымдастыру жобасы іске асырылды.

Этноауыл ұйымдастыру жобасы бұл біздің мәдениетімізді таныстыра отырып, туристерге қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін түсінуге көмектеседі, халқымыздың тарихына жақындай түсуге мүмкіндік береді. Этноауыл маусымдық қонақтар мен келушілерге 3 ай бойы (маусым, қыркүйек айлары аралығында) қызмет ететін 7 киіз үйден құралады.

 

«Қамбаш» көлінің жағалауында туризмді дамыту

Арал ауданы, Қамыстыбас ауылындағы «Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан 12 тұрғын үй құрылысы бой көтерді.

2017 жылы «Қамбаш» демалыс аймағында шамамен 80 мың демалушы келеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастамасы бойынша жеке кәсіпкер «Исаев» және Байқоңыр қаласы балықшылар клубының бірлесуімен Арал ауданы, Қамыстыбас ауылы, Жалаңаш көлінде «Қысқы балық аулау» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Қызылорда қаласынан, Байқоңыр қаласынан және Арал ауданынан 13 топ қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша  ең үздік үштікті иеленгендер мен ең үлкен балық аулағандар сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ белсене қатысқан ең кішкентай балық аулаушыларға да алғыс хаттар берілді.

 

Қызылорда облысының туристік саласын дамыту

2017 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысының туристік саласын дамыту бойынша жұмысшы топ отырысы өткізілді. Оған түрлі қоғамдық ұйым мүшелері, туризм саласы бойынша қызмет етуші кәсіпкерлер т.б. қатысты.

Жиын барысында Байқоңыр аумағында туризмді дамыту бойынша тұжырымдама әзірлеу мәселесі көтерілді. Жұмысшы топ мүшелерінің көпшілігі Байқоңыр қаласының шекарасынан тыс жерге туристік аймақ құруға ыңғайлы екендігін білдірді.

Осыған байланысты наурыз айының басында басқармамен Байқоңыр аумағында туристік аймақ құру бойынша туристік индустриялық аймақты дамытудың тұжырымдамасы әзірленіп, жоғарғы органдардың қарауына ұсынылды.


Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың қорытындысымен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  47 301 бірлікті құрайды, оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 38 145 бірлікті құрайды. Жалпы ШОБ тіркелген субъектілер ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 80,6% құрайды.

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрі

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы үлесі, %

Шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

4 629

12,1

Жеке кәсіпкерлер

30 197

79,2

Шаруа қожалықтары

3 319

8,7

Барлығы

38 145

100%

 

2016 жылдың 1 қазанына ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 81 530 адамды құрады.

ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 158,4 млрд. теңгені құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 13,5%-ды құрады (2014 жылы - 12%).

Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қызылорда облысы әкімінің жанынан құрылған Кәсіпкерлер кеңесі жұмыс жасайды.

Аталған Кеңестің мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлікте кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту және өңірімізде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қолдау көрсету болып табылады.

2016 жылдың басынан бері Кәсіпкерлер кеңесінің 3 отырысы өткізіліп, отырыста 2015 жылы өткен кеңес отырысында облыс әкімінің берген тапсырмаларының орындалуы, бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту мәселері, облыс кәсіпорындарын 100 ұлт чемпиондары қатарына қосу шаралары және облыста инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, ауылдық жерлерде микробизнесті дамыту мәселері қаралды.

Сондай-ақ, 2015 жылдың 28 желтоқсанында Қызылорда облысындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмысшы топ құрылып, жұмысшы топ отырысының жоспар-кестесі бекітілді. Жоспар-кестеге сәйкес 2016 жылы жұмысшы топтың 5 отырысы өткізіліп, отырыста АӨК кәсіпкерлікті дамыту, ШОБ қаржыландыру көлемін ұлғайту, мемлекеттік – жекешелік әріптестікті және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, кәсіпкерлердің жекешелендіруге қатысу мәселелері қаралды.

2016 жылдың 2 ақпан күні облыстық Кәсіпкерлер үйінде «Нұрлы жол – бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер»  тақырыбында өңірлік бизнес – форумы өткізілді. Іс – шараға әртүрлі бизнес–қауымдастық өкілдері қатысты.

Форум барысында агробизнес саласында кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Агротехнология орталығы» жобасының презентациясы өткізілді. Агротехнология орталығының басты міндеті өсімдік шаруашылығы саласында өз ісін жүзеге асыруға шешім қабылдаған кәсіпкерлер жобасын сүйемелдеу болып табылады.

2016 жылдың 10 ақпан күні 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам»  Ұлт жоспарын талқылау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Ғ. Әміреевтің төрағалығымен Қызылорда қаласының «Бастау» бизнес орталығында бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында кәсіпкерлік саласындағы әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселесі,  қатысушыларға «Бәсекелестік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін қаржылай көмек, сондай-ақ банкаралық несиелеу, лизингтік келісімді қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиені кепілдендіру, экспорттық сақтандыру, инновацияға арналған гранттар алуға мүмкіндіктері талқыланды.

2016 жылдың 17 мамырында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлының қатысуымен өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізілді. Кеңес отырысында облыстағы кәсіпкерлік саласының дамуы мен олардың проблемаларын шешу бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп атқарылған жұмыстар талқыланып, нәтижесінде 15 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және инвесторларға қызмет көрсету орталығының мүмкіндіктерін біріктіре отырып, «бір терезе» қағидасы бойынша шетелдік инвесторларды тарту, ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдау мақсатында «ҚазАгро» АҚ жаңа несие тармақтарын енгізу, суармалы суды субсидиялау мөлшерін арттыру (тарифтің 50%-нан төмен емес), отандық тауарөндіруішілерге қолдау көрсету мәселелері қаралған.

2016 жылдың 27 мамыр күні VІІ «Байқоңыр Инвест» Инвестициялық Форумы аясында «Қызылорда облысында шағын және орта бизнестің даму перспективалары» тақырыбында секция жұмысы өтті.

Іс-шараға қатысушылар әлемдік кеңістіктегі интеграция үдерісінен туындайтын жаңа мүмкіндіктері қолдана отырып, жаһанданудың теріс әсеріне қарсы тұрудың бірыңғай жоспарлары мен стратегияларын әзірлеу мақсатында шағын және орта бизнесті және микробизнесті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

         Секция жұмысы барысында 3 меморандумға қол қойылды, бірінші меморандум мас-медиада Қызылорда облысының экономикалық және инвестициялық әлеуетін алға жылжыту үшін ақпараттық – талдамалық платформа аясында «Ranking.kz» ЖШС басқарушы серіктесі Корнет Михаил Александровичпен қойылды, екінші «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Көшенов Мұрат Ұзақбайұлымен Қызылорда облысында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Сонымен бірге, Қызылорда облысы әкімдігі және «ALKYA SOLAR SARL» компаниясының басқарушы директоры Жан Люка Збироу және «KEIS» компаниясының басқарушы директоры Л.Т. Батырқожа «Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы 100 МВт-қа кеңейтілетін 50 МВт-тық күнсәулесі станциясының құрылысы» жобасын іске асыру бағытталған үшжақты меморандумға қол қойылды.

2016 жылдың 22 қыркүйегінде қаржы институттары, агроөнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өңдеу» тақырыбында бизнес форум өтті.

Форум аясында «РитцВан» голландиялық компаниясының өкілдері тиімділігі жоғары дәндермен бақша өнімдерін өсіру бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, шағын бизнес субъектілеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау бойынша семинар өткізді.

2016 жылдың 12 желтоқсанында «2016 жылы Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» облыстық көрме-конкурсы өткізілді. Облыстық көрме-конкурсына 40-тан аса кәсіпорын қатысты. Нәтижесінде 3 номинация бойынша 9 жеңімпаз анықталды.

2016 жылы 20 желтоқсан күні облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың бизнес-қауымдастықпен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты - жыл бойына кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен үздік кәсіпкерлерді марапаттау, олардың қызметтерін халық назарына жеткізу және жас кәсіпкерлерге үлгі көрсету, кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелерін талқылау.

Бизнес - қауымдастық өкілдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамытуда белсенділік танытқаны және кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын заңнамалық құқықтық актілеріне өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытынды беріледі. 2016 жылы 65 жобаға сараптамалық қорытынды берілді.

Оның ішінде 10 жобаға жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын, сонымен бірге, рұқсатнама (тәртіптерінің) құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру мәселелерімен бірге әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша ескертпелер мен ұсыныстар беріліп, осы кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

Сауда

2017 жылдың 1 қаңтарына бөлшек сауда көлемі 217,1 млрд. теңгені құрады.

Көтерме сауда көлемі 141,6 млрд. теңгені құрады 

2015 жылы электронды бөлшек сауда көлемі 7 003 мың теңгені құрады.

2016 жылдың басында облыста 7 648 сауда орны бар 38 базар тіркелген.

Базарлар бөлінісі төмендегіше:

базарлардың түрлері бойынша жабық базарлар – 17 бірлік, шағын базарлар – 3 бірлік, құрамдастырылған базарлар – 18 бірлік;

тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап базарлар – 21 бірлік, мамандандырылған базарлар – 9 бірлік, азық-түлік емес базарлар – 8 бірлік.

 

«Қазақстанда жасалған» акциясын жүргізу барысы

2016 жылы «Қазақстанда жасалған» акциясын (бұдан әрі - акция) қолдау және әрі қарай жалғастыру мақсатында сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандарында арнайы отандық өнімдерден жасақталған сауда қатарларын белгілеп, «Қазақстанда жасалған» арнайы логотипін пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде, Арал ауданының 3 сауда үйінде және 1 коммуналдық базарында, Жаңақорған ауданының 5 сауда үйінде, Жалағаш ауданының 10 сауда үйінде, Қазалы ауданының 13 сауда үйінде, Шиелі ауданының 11 сауда үйінде, Сырдария ауданының 13 сауда үйінде Қазақстанда жасалған тауарлары бар секцияларына арнайы логотиптері ілінді.

Сондай-ақ, аудан орталықтарында орналасқан «LED» теледидары арқылы арнайы бейне роликтер көрсетіліп, сауда орындарында тұтынушыларға отандық өнімдерді қолдау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан өзге, 2016 жылдың 3-4 қыркүйегінде Астана қаласындағы Қызылорда облысының күндері іс-шарасы аясында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы және индустриялық – инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылатын Қызылорда облысы өнімдерінің көрмесі өтті.

Көрменің басты мақсаты Сыр елінің тауарөндірушілерінің жетістігін көрсету, іскерлік қарым-қатынасты орнату болып табылады.

Көрмеге «Аралтұз» АҚ-ның тұз өнімдері, «РЗА» АҚ-ның сүт және шұжық өнімдері, «Абзал и К» ТС-нің күріш өнімдері, жеке кәсіпкер «Ермаханов С.» сүт өнімдері, «Сыр маржаны» ЖШС-нің күріш өнімдері, «Браунис Қазақстан» ЖШС-нің кондитерлік өнімдері, жеке кәсіпкер «Қалымбетованың» шұжық өнімдері, жеке кәсіпкер «Dalatex» шығарылатын ер кісілер көйлегі, сондай-ақ, «NP-Consulting» ЖШС-мен шығарылатын каскалар қойылды.

Сондай-ақ, 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы 1,8 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант қаражатын алып, өз кәсібін бастаған «МСК» жеке кәсіпкерімен тігілген аяқ киімдері ұсынылды.

Бұдан өзге, аймақта өндірілетін өнімдерге қолдау көрсету мақсатында «Саулет», «Small» сауда орталықтарының аумағында Арал және Шиелі аудандарының өнімдерін өткізуге арналған дүкендер ашылған.

Жанар – жағар май және сұйытылған мұнай газының бағалары

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» № 236 Бұйрығына сәйкес кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыс аумағында бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Сонымен бірге, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылға облысқа ҚР Энергетика министрлігінен ай сайынғы негізде бөлінетін мұнай өнімдерін тасымалдаушы 9 оператормен Келісім жасалды.

2016 жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында ҚР Энергетика министрлігінен облысқа жалпы көлемі 141 380 тонна мұнай өнімдері бөлінді, оның ішінде: АИ-92 маркалы бензині – 54 200 тонна, АИ-80 маркалы бензині – 28 380 тонна, дизель отыны58 800 тонна.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

2017 жылдың 18 қаңтарында жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

  • АИ-80 маркалы жанар-жағар май – 89 теңге;
  • АИ-92 маркалы жанар-жағар май – 135,3 теңге;
  • дизель отыны – 127,1 теңге;
  • сұйытылған мұнай газы – 54,3 теңге.

 

Қызылорда облысында туризмнің даму жағдайы туралы

АНЫҚТАМА

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында облысқа келген туристер саны 34 679 адамды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 17,7%-ға артық.

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны

85 бірлікті құрайды, оларда 966 бөлме, 1 718 төсек-орны бар. Орналастыру орындарымен34 679 адамға қызмет көрсетілген, мұның 32781-і резидент және 1898-і резидент емес тұлғалар. Қарастырылған кезеңде орындалған жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемi 549,6 млн. теңгені құрады.

2016 жылы туристік саланың дамуына облыстық бюджеттен 11,723 млн. тенге бөлінді.:

-«Туризм және саяхат 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу 894 944 теңге ( қаражат игерілді);

-«Қызылорда - Байқоңыр – Қызылорда» маршруты ақпараттық турын ұйымдастыру 1 905 500 теңге (қаражат игерілді);

-«Саркылмас саяхат» көрмесіне қатысу – 333 412 теңге;

-«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедияция ұйымдастыру 988 500 теңге(қаражат игерілді);

-«Еріктілерге арналған семинар ұйымдастыру» (ЭКСПО-2017) -

836 200 теңге(қаражат игерілді);

-«Астана демалыс - 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу 956 144 теңге(қаражат игерілді);

-«Байқоңыр Трэвэл» туристік ақпараттық орталығын ұйымдастыру - 5 000 000 теңге.

 

Қазақстандық туристік ассоциациясы

Осы жылдың басында Қазақстан туристік ассоцияциясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыттар бекітілді. Бұл ең алдымен Арал ауданының мүмкіндіктері (Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Арал теңізі, Көкарал су тоспасы), Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруды тамашалау, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи және зиярат ету туризм түрлері.

Қазақстандық туристік операторлар арасында осы бағыттар бойынша толық ақпаратты тарату үшін аталған туристік бағыттар туралы мағлұматтар Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ басақарма сайтында жаңадан «Туризм» бөлімі қосылды.

Қызылорда облысына туристік сапармен келуге ниет білдірген азаматтардың теміржол/әуе көлігі және автобустардың жүру кестесін, туристік маршруттар тізімін, сондай-ақ туристік бағыттарға сапар шегуге қолайлы уақыт туралы ақпаратты көруге мүмкіндігі бар.

Ағымдағы жылдың 22-23 маусымында ішкі туризм мен сыртқы  туризмді дамыту аясында «ЖҒИОҚО»-мен бірлесіп, Өзбекстан, Қазақстан мен Ресей туристік компаниялары қатысуымен «Қызылорда - Байқоңыр - Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур өткізілді.

Ақпараттық турға Ресей, Өзбекстанмен Қазақстан Республикасы туризм индустриясының, Қазақстан туристік қауымдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдері қатысты.

 

«Байконур» кешенінде туризмді дамыту

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанның туризм тарихында алғаш рет 7 отандықтуроператор «Байқоңыр» кешені бойынша турлар ұйымдастыру және оларды сату құқығына ие болды.

«ЦЭНКИ» іріктеген қазақстандық туроператорлар «Байқоңыр» кешеніне шетелдік және отандық туристер үшін қолайлы тур пакеттерін жобаланған, және ғарыш айлағының объектілері, жүк және ұшқыш басқаратын зымыран ұшу кестесіне дейін өз ресми сайттарында ақпарат жариялаған.

2016 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен «Байқоңыр» кешенінде туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша Бірлескен бағдарлама бекітілді. Бағдарламаны іске асыру мерзімі 2016-2018 жылдарға есептелген.

Бірлескен бағдарлама «Байқоңыр» кешенінде серіктестікті іске қосу мақсатында 2014-2016 жылдар аралығында «Байқоңыр» кешенін бірлесе пайдалану Жол картасына сәйкес  әзірленген.

 

Қорқыт Ата мемориалдық кешені

Үстіміздегі жылдың мамырдың айында Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан Этноауыл ұйымдастыру жобасы іске асырылды.

Этноауыл ұйымдастыру жобасы бұл біздің мәдениетімізді таныстыра отырып, туристерге қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін түсінуге көмектеседі, халқымыздың тарихына жақындай түсуге мүмкіндік береді. Этноауыл маусымдық қонақтар мен келушілерге қызмет ететін бірнеше киіз үйден тұрады.

 

Қамыстыбас көлінің жағалауында туризмді дамыту

«Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан 12 тұрғын үй құрылысы аяқталуда

Мәдени экологиялық туризмді қалыптастыру нәтижесінде туристік ағынның көбеюі күтілуде.

2015 жылы Қамбаш демалыс аймағында шамамен

70 мың демалушы демалған.

 

Мемлекеттік қолдау

Туризмді дамыту мақсатында «БЖК 2020» бағдарлама аясында шағын бизнестің 4 субъектісі жалпы соммасы 14 млн. теңгені құрайтын қайтарымсыз гранттар алды.

«БЖК-2020» бағдарламасының несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау компоненті бойынша қонақ үй кешенін ашу үшін

372 млн. теңгені құрайтын 7 жобамемлекеттік қолдау алды (үстіміздегі жылда 87 млн. теңгені құрайтын 1 жоба).

ӨИО (РИЦ) арқылы 2 кәсіпкер 20 млн. теңгеге аудан орталықтарында шағын қонақ үй ашу үшін несие алды (үстіміздегі жылы 10 млн. теңгені құрайтын 1 кәсіпкер).

Жаңақорған ауданында Қызылорда туристік ассоцациясының жол бойы сервисінде сауықтыру қызметтерін көрсететін жоба іске асырылуда (балшықпен емдеу, инемен емдеу, массаж, шөптік «сақ» банясы). Бірліктегі Қаратау маңында экотуризм белсенді түрде дамып жатыр.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойы мен Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін 36 нүкте анықталды.

Бүгінгі күнгі жағдайы бойынша инвестицияның жалпы сомасы

3 млрд. 982 млн. теңгеқұрайтын16 нысан эксплуатациялауға енгізілді.

169 тұрақты жұмыс орны құрылды:

Жол бойындағы сервис обьектілер қызметін реттейтін облыстық жұмыс тобы құрылды.

 

       Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу

«Қазақстанның өңірлік дамуы» Еуропалық Одақ бағдарламасы аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Қызылорда облысының аумағында туризм индустриясының әлеуетін дамыту болып табылады. Еуроодақпен бірлесе отырып, облыста туризмді дамыту бірлескен жоспары әзірленді.

Туристік сала қызметкерлері үшін әдістемелік көмек көрсету жүзеге асырылуда. Еуропалық Одақ сарапшылары тарапынан қызметкерлердің әлеуетін арттыру үшін бірқатар модульдік оқыту жүйесі әзірленді.

Сарапшылардың әдістемелік оқыту жүйесі екі құрылымға бағытталған: Қызылорда облысында туризм саласын дамыту және туризм саласын дамыту үшін стратегиялық жобаларды әзірлеу.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында жоба шеңберінде шетелдік сарапшы Сони Энилова мен Филипп Джонсонның қатысуымен 3 семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтерге туризм индустриясының өкілдері, туризм сарапшылары, туристік агенттіктер мен туризм индустриясының қызығушылық білдіруші  басқа институттардың өкілдер, қалалық және аудандық туризм саласында жұмыс істейтін әкімдіктердің, білім беру мекемелері, оқытушылары мен басқа мекеме қызметкерлері қатысты.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегінде жоба эксперттері Соня Энилова мен Қалдыгүл Қанапина Басқармамен бірлесіп туризмді дамыту стратегиясының мәселелері және Қызылорда облысында фасилитаторларды дайындау бойынша семинар-тренинг өткізді.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Қызылорда облысында туризм саласын дамыту бойынша тұрақты жұмыс тобы құрылып, құрамына мемлекеттік және жеке сектор өкілдері кірді. А.ж.  23 қарашасында жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізіліп, 2017 жылға іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Астана қаласында «Astana Leisure-2016» 13-шіХалықаралық туристік көрмесі өткізілді.

Көрмеде облысымыздың туристік мүмкіндіктері көрсетіліп, басқа өңірлермен және еліміздің туроператорларымен іскерлік байланыстар орнатылды.

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік Фестивальөткізілді.

Туристік фестиваль облысымыздың жастары мен жасөсіпірімдері арасында туристік жұмыстарды іске қосу мақсатында өткізіліп, оның ішінде өскелең ұрпаққа патриоттық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын туристік әдістеменің негізінде қалыптастыру, сонымен қатар, облысымыздың мықты топтарын анықтау мен тәжірибе алмасу.

Ағымдағы жылдың қазан айында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік эскпедициясы өткізілді.

Эскпедиция  балалар мен жасөсіпрімдер арасында спорттық туризмді дамыту, патриоттық сезімді тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Қазақстанның барлық туристік саласын таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 14 қазанында Мәскеу қаласында ҚР-сының РФ-сындағы елшілігі және РФ-сының мәдениет Министрлігінің туризм бойынша федералдық агенттігінің (Ростуризм) қолдауымен Қазақстан Республикасының Сауда саласының өкілдері Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті» тақырыбында халықаралық тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конфренцияның жұмысы барысында ресейлік туроператорларға Қызылорда облысының барлық туристік мүмкіндіктері таныстырылды.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2017 жылға арналған міндеттері:

Туризмді дамыту бойынша:

  • «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициясын өткізу;
  • «Астана Демалыс – 2017» көрмесіне қатысу;
  •  «Туризм және саяхат – 2017» көрмесіне қатысу
  • Әлемдік туризм күніне арналған облыстық туристік фестивальді өткізу;
  • ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау;
  • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі жолбойы нысандарын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.
  • Өңірімзде туристік саласын дамыту және ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындыж жұмыстарын жүргізу бойынша ресурстық орталық ұйымдастыру;
  • ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу;

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

2017 жылғы 1 қаңтарына

2016 жылы жеке кәсіпкерлікті Бірыңғай бағдарлама шеңберінде қодауға жалпы 1 675 668 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 100 % игерілді.

 Компонеттер бойынша атап өтетін болсақ:

  1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 286 668 мың теңге бөлініп, қаражаттар толығымен игерілді.

Жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны

5,8 млрд. теңгені құрайтын 82 жоба мақұлданды.

  1. ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге 170,0 млн теңге бөлінді

Ағымдағы жылы кепілдік 48 жоба бойынша ұсынылды.

  1. гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, қаражаттар толығымен игерілген.

Жалпы 2016 жылы инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды. Атап айтсақ:

- Арал ауданы бойынша 2 млн. теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданы бойынша 5,8 млн. теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданы бойынша 2,5 млн. теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданы бойынша 1,6 млн. теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданы бойынша 3,5 млн. теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданы бойынша 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтері бойынша 2,9 млн. теңгеге 2 жоба.

Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Аталған  қаражаттар Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға (555,463 млн. теңге) және АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына (1 534,968 млн. теңге) бағытталды.

Барлық жұмыстар аяқталып, екі нысан пайдалануға берілді.

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 1 қарашасына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  47 479 бірлікті құрайды, оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 40 227 бірлікті құрайды. Жалпы ШОБ тіркелген субъектілер ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 84,7% құрайды.

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрі

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы үлесі, %

Шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

4 693

11,7

Жеке кәсіпкерлер

32 481

80,7

Шаруа қожалықтары

3 053

7,6

Барлығы

40 227

100%

 

2016 жылдың 1 шілдесіне ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны

80 085 адамды құрады.

ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 87,3 млрд. теңгені құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 13,5%-ды құрады (2014 жылы - 12%).

 

Сауда

 

2016 жылдың 1 қарашасына жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі 177 183,4 млн. теңгені құрады.

Көтерме сауда көлемі 2016 жылдың 1 қарашасына 111 053,9 млн. теңгені құрады.

2015 жылы электронды бөлшек сауда көлемі 7 003 мың теңгені құрады.

2016 жылдың басында облыста 7 648 сауда орны бар 38 базар тіркелген.

Базарлар бөлінісі төмендегіше:

базарлардың түрлері бойынша жабық базарлар – 17 бірлік, шағын базарлар – 3 бірлік, құрамдастырылған базарлар – 18 бірлік;

тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап базарлар – 21 бірлік, мамандандырылған базарлар – 9 бірлік, азық-түлік емес базарлар – 8 бірлік.

 

Жанар – жағар май және сұйытылған мұнай газының бағалары

 

Ағымдағы жылдың қаңтар –қараша аралығында ҚР Энергетика министрлігінен облысқа жалпы көлемі 129 820 тонна мұнай өнімдері бөлінді, оның ішінде: АИ-92 маркалы бензині – 51 140 тонна, АИ-80 маркалы бензині – 25 880 тонна, дизель отыны52 800 тонна.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

2016 жылдың 25 қарашасына жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

  • АИ-80 маркалы жанар-жағар май – 89 теңге;
  • АИ-92 маркалы жанар-жағар май – 130,8 теңге;
  • дизель отыны – 129 теңге.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

Бірыңғай бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2016 жылы 1 675 668,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 96,3 % игерілді. Компоненттер бойынша атап айтсақ:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 1 286 668,0 мың тенге, қаражат толығымен игерілді.

Жыл басынан бері өңірлік үйлестір кеңесімен жалпы құны 3 997,02 млн. теңгені құрайтын 63 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіру 170 млн. теңге, оның ішінде бүгінгі күні 107,5 млн. теңге немесе 63,23% игерілді.

Ағымдағы жылы 39 жоба бойынша ішанара кепілдендірілді.

  1. гранттық қаржыландыруға - 19 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.

Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды.

Атап айтсақ:

- Арал ауданында 2 000,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданында 5 800,0 мың теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданында 2 595,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданында 1 662,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданында 3 500,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданында 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтерінде 2 900,0 мың теңгеге 2 жоба.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беруге

200 млн. теңге қаралды. Бөлінген қаражаттар ағымдағы жылдың ақпан айында республикалық бюджетті нақтылау кезінде ОҚО-нан Қызылорда облысына қайта бөілінді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру үшін қаралған қаражат микрокредит беру жөніндег уәкілетті ұйымның шотына аударылды («Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы).

Бүгінгі күні, Бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредиттер беру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы кәсіпкерлердің өтінімдерін қарауда.

Бірыңғай бағарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлініп, оның ішінде 1 591,67 млн. теңгесі немесе 76,1% игерілді:

1) Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға – 555,463 млн. теңге (492,563 млн. теңге немесе 88,67% игерілді). Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы мен мердігер арасында қосымша келсім жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарланған кесте бойынша жүргізілуде. Нысанды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес қараша-желтоқсан айларына қаралған.

2) АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына – 1 534,968 млн. теңге (1 099,11 млн. теңге немесе 71,6 % игерілді). Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы мен мердігер арасында қосымша келсім жасалды. Осыған сәйкес, бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысанды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларына қаралған.

 

«Микробизнес-Қызылорда» жобасының іске асырылуы

 

         «Микробизнес-Қызылорда» жобасын іске асыру үшін 2016 жылға 660 млн. теңге (облыстық бюджеттен 360 млн. теңге, «Алмэкс» Холдингтік компаниясынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қаражатынан 300 млн. теңге бөлінді)  қаралып, оның ішінде 657,0 млн. теңгесі (110 жоба) немесе

99,5 пайызы игерілді. Оның ішінде:

1)      облыстық бюджеттен – 358,3 млн. теңге немесе 99,5 % игерілді;

2) Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қаражатынан – 298,7 млн. теңге немесе 99,5 % игерілді.

Сонымен бірге, 2015 жылы берілген несие бойынша қайтарылған 81,5 млн. теңге қаражаты 10 жобаны қайта несиелендіруге бағытталды.

Жалпы «Микробизнес-Қызылорда» жобасы шеңберінде жалпы құны 738,536 млн. теңгеге (657,036 млн. теңге + 81,5 млн. теңге) 120 микробизнес субъектілері (ЖК және ШҚ) несие алды. Ұсынылған несиелер аудандар бөлінісінде келесі түрде көрсетіледі:

1.      Арал ауданы – 51,785 млн. теңгеге 13 жоба;

2.      Қазалы ауданы – 130,1 млн. теңгеге 22 жоба;

3.      Қармақшы ауданы – 150,23 млн. теңгеге 21 жоба;

4.      Жалағаш ауданы – 42,06 млн. теңгеге 10 жоба;

5.      Сырдария ауданы – 161,8 млн. теңгеге 19 жоба;

6.      Шиелі ауданы – 108,925 млн. теңгеге 17 жоба;

7.      Жаңақорған ауданы – 40,136 млн. теңгеге 10 жоба;

8.      Қызылорда қаласының ауылдық округі – 53,5 млн. теңгеге 9 жоба.

Нәтижесінде «Микробизнес-Қызылорда» жобасы шеңберінде 401 жаңа жұмыс орны құрылды.

 

«Даму-Аймақтар» бағдарламасының іске асырылуы

 

Ағымдағы жылдың 27 мамырында өткізілген «Байқоңыр-Инвест» VII Инвестициялық форум аясында Қызылорда облысының әкімдігі мен «Даму» КДҚ» АҚ-ы арасында «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасының іске асырылуы туралы келісім жасалды.

«Даму-Аймақтар» бағдарламасын іске асыру үшін

2016 жылға облыстық бюджеттен 500 млн. теңге, «Даму» қорымен 1 млрд. теңге бөлінді. Жалпы 1,5 млрд. теңге көлеміндегі қаражат ағымдағы жылдың маусым айында екінші деңгейлі банктерге арнайы шартпен орналастырылды. Оның ішінде:

- «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на - 600 млн. теңге, оның ішінде 314,2 млн. теңгесі немесе 52,3% игерілді;

- «Казкоммерцбанк» АҚ-на - 620 млн. теңге, оның ішінде 505 млн. теңгесі немесе 81,4% игерілді;

- «Банк ЦентрКредит» АҚ-на - 280 млн. теңге, қаражат толығымен игерілді.

2016 жылдың 26 қарашасы жағдайы бойынша «Даму-Аймқатар» бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейлі банктермен 1105,2 млн. теңге қаржы 31 жоба бойынша ұсынылып, жалпы құны 126 млн. теңгені құрайтын 4 жоба мақұлданды. Бұдан бөлек, аталған Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктермен жалпы құны 97 млн. теңгені құрайтын 4 жоба қаралуда.

Бағдарламаның қатысушыларына, яғни шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне несиелер 180 млн. теңгеге дейін 8,5%-бен 6 айға дейін төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігімен  5 жылға ұсынылады.

20 млн. теңгеге дейінгі несиелер Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімінсіз берілетінін атап өтеміз. Егер, займ сомасы 20 млн. теңгеден жоғары және 180 млн. теңгеге дейін болған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру мәселесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының қарауына шығарылатын болады.

Сонымен бірге, аталған Бағдарлама шеңберінде несиелер экономиканың басым салаларында жобаларына іске асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады. Ал ауылдық жерлердің кәсіпкерлері жеңіл несиелерді салалық шектеулерсіз алуына болады.

2.12.2016ж.


Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 1 қыркүйегіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  47 475 бірлікті құрайды, оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 39 866 бірлікті құрайды. Жалпы ШОБ тіркелген субъектілер ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 84,2% құрайды.

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрі

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жалпы санындағы үлесі, %

Шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

4 647

11,7

Жеке кәсіпкерлер

32 374

81,2

Шаруа қожалықтары

2 845

7,1

Барлығы

39 676

100

 

2016 жылдың 1 сәуіріне ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 81 432 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға артып отыр.

Ал ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 38 710 млн. теңгені құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 13,5%-ды құрады (2014 жылы - 12%).

 

Сауда

 

2016 жылдың 1 қыркүйегіне жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі 141,8 млрд. теңгені құрады.

Көтерме сауда көлемі 2016 жылдың 1 қыркүйегіне 86,1 млрд. теңгені құрады.

2015 жылы электронды бөлшек сауда көлемі 7 003 мың теңгені құрады.

2016 жылдың басында облыста 7 648 сауда орны бар 38 базар тіркелген.

Базарлар бөлінісі төмендегіше:

базарлардың түрлері бойынша жабық базарлар – 17 бірлік, шағын базарлар – 3 бірлік, құрамдастырылған базарлар – 18 бірлік;

тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап базарлар – 21 бірлік, мамандандырылған базарлар – 9 бірлік, азық-түлік емес базарлар – 8 бірлік.

 

Жанар – жағар май және сұйытылған мұнай газының бағалары

 

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» № 236 Бұйрығына сәйкес кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыс аумағында бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында

2016 жылға облысқа ҚР Энергетика министрлігінен ай сайын негізде бөлінетін мұнай өнімдерін тасымалдаушы 15 оператормен Келісім жасалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйек аралығында ҚР Энергетика министрлігінен облысқа жалпы көлемі 103 115 тонна мұнай өнімдері бөлінді, оның ішінде: АИ-92 маркалы бензині – 46 615 тонна, АИ-80 маркалы бензині – 23 120 тонна, дизель отыны33 380 тонна.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

2016 жылдың 3 қазанына жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

  • АИ-80 маркалы жанар-жағар май – 89 теңге;
  • АИ-92 маркалы жанар-жағар май – 125,7 теңге;
  • дизель отыны – 123 теңге.

 

Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

2016 жылы Бірыңғай бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1 675 668,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 96,3 % игерілді.

Оның ішінде компоненттер бойынша:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға

1 286 668,0 мың теңге бөлініп, қаражаттар толығымен игерілді.

Бүгінгі күні өңірлік үйлестіру кеңесімен 2 759,8 млн. теңгеге

45 жоба
мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге

170 млн. теңге бөлініп, оның бүгінгі күні 107,5 млн. теңгесі немесе 63,23% игерілді.

Ағымдағы жылы кепілдік жалпы 19 жоба бойынша ұсынылды.

  1. Гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, қаражат толығымен игерілді. 1Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды.

Атап айтсақ:

-  Арал ауданында 2 000,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданында 5 800,0 мың теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданында 2 595,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданында 1 662,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданында 3 500,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданында 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтерінде 2 900,0 мың теңгеге

2 жоба.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруге 200,0 млн. теңге қаралды. Бөлінген қаражат ағымдағы жылдың ақпан айында республикалық бюджеттің нақтылануы кезінде Қызылорда облысына Оңтүстік Қазақстан облысынан қайта бөлінді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру үшін қаралған қаражат микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның шотына аударылды («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы).

Бүгінгі күні, Бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалымен кәсіпкерлердің өтініштері қаралуда.

Бірыңғай бағарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 1 411,355 млн. теңгесі немесе 67,5%:

1) Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға – 555,463 млн. теңге. Бүгінгі күні, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы мен мердігер арасында қосымша келсім жасалды.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес қазан-желтоқсан айларына қаралған.

2) АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына – 1 534,968 млн. теңге.

Бұл ретте, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен конкурстық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында көзделген рәсімді есепке алғанда оны бекіту ағымдағы жылдың маусым айында күтілуде.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қазан-желтоқсан айларына қаралған.

 

Туризм

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында облысқа келген туристер саны 22 495 адамды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 13,9%-ға артық.

Келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны

82 бірлікті құрайды, оларда 919 бөлме, 1670 төсек-орны бар. Орналастыру орындарымен22 495 адамға қызмет көрсетілген, мұның 21 088 резидент және 1407 резидент емес тұлғалар. Қарастырылған кезеңде орындалған жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемi 347,3 млн. теңге құрады.

2016 жылы туристік саланың дамуына облыстық бюджеттен 11,723 млн. тенге бөлінді:

-«Туризм және саяхат 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу - 894 944 теңге ( қаражат игерілді);

-«Қызылорда – Байқоңыр – Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур ұйымдастыру - 1 905 500 теңге (қаражат игерілді);

-«Саркылмас саяхат» көрмесіне қатысу – 333 412 теңге;

-«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициясын ұйымдастыру -988 500 теңге;

-«Еріктілерге арналған семинар ұйымдастыру» (ЭКСПО-2017) -

836 200 теңге;

-«Астана демалыс - 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу -956 144 теңге;(қаражат игерілді)

-«Байқоңыр Трэвэл» туристік ақпараттық орталығын ұйымдастыру - 5 000 000 теңге.

 

Қазақстандық туристік ассоциациясы

 

Қазақстан туристік ассоцияциясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыт бекітілді. Бұл, ең алдымен, Арал ауданының туристік әлеуеті (Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Арал теңізі, Көкарал су тоспасы), Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруды тамашалау, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи және зиярат ету секілді туризм түрлерін қамтиды.

Қазақстандық туристік операторлар арасында осы бағыттар бойынша толық ақпаратты тарату үшін аталған туристік бағыттар туралы мағлұматтар Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ, басқарманың сайтында жаңадан «Туризм» бөлімі енгізілді.

Қызылорда облысына туристік сапармен келуге ниет білдірген азаматтардың теміржол/әуе көлігі және автобустардың жүру кестесін, туристік бағыттар тізімін, сондай-ақ туристік бағыттарға сапар шегуге қолайлы уақыт туралы ақпаратты көруге мүмкіндігі бар.

Туристік индустрия саласында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал жасау мақсатында Қызылорда қаласында Қызылорда туристік ассоциациясы құрылды. Ассоциация құрамына жергілікті туристік фирмалар кірді.

Ағымдағы жылдың 22-23 маусымында ішкі туризм мен сыртқы  туризмді дамыту аясында ФГУП «ЦЭНКИ»бірлесіп, Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің туристік компанияларының қатысуымен «Қызылорда - Байқоңыр - Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур өткізілді.

Ақпараттық турға Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және Қазақстан Республикасының туроператорлары, ФГУП «ЦЭНКИ» қызметкерлері, Қазақстандық туристік ассоциацияның қызметкерлері, сондай-ақ, туристік индустрияның және бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдері қатысты.

 

«Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту

 

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанның туризм тарихында алғаш рет 7 отандықтуроператор «Байқоңыр» кешені бойынша турлар ұйымдастыру және оларды сату құқығына ие болды.

ФГУП «ЦЭНКИ» іріктеген қазақстандық туроператорлар шетелдік және отандық туристер үшін «Байқоңыр» кешенін қолайлы тарифпен аралауға бағытталған турпакеттер әзірледі және нысандар туралы ақпаратты, сондай-ақ, зымыран ұшу кестесіне дейін өздерінің ресим сайттарына орналастырды.

Турпакет зымыранның ұшу сәтін тамашалаумен бірге, Қорқыт ата мемориалдық кешеніне сапарды да қамтиды.

Байқоңыр кешенініңқонақтары үшінкешенді сервистік қызметті ұйымдастыру мақсатында Төретам кентіндегі Елшібай станциясында (Байқоңырдан 15 км.) 5 га аумақты қамтитын туристік аймақ құру жоспарлануда.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Байқоңыр қаласына келген туристердің жалпы саны 1,5 мың адамды(90% шетел азаматтары)құрады, биыл бұл көрсеткішті екі есеге арттыру жоспарланып отыр.

 

Қорқыт ата мемориалдық кешені

 

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Қорқыт ата мемориалдық кешенінің жанынан Этноауыл ұйымдастыру жобасы іске асырылды.

Этноауыл ұйымдастыру жобасы туристерге біздің мәдениетімізді таныстыра отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін түсінуге көмектеседі, сондай-ақ, халқымыздың тарихына жақындай түсуге мүмкіндік береді. Этноауыл қонақтар мен келушілерге маусымдық қызмет ететін бірнеше киіз үйден тұрады.

 

Қамыстыбас көлінің жағалауында туризмді дамыту

 

«Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылысы тез тұрғызылатын материалдан салынатын10 тұрғын үй құрылысы аяқталды.

Мәдени экологиялық туризмді қалыптастыру нәтижесінде туристік ағынның көбеюі күтілуде.

2015 жылы Қамбаш демалыс аймағында шамамен

70 мың демалушы адам келген болса, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 20%-ға артып отыр.

 

Мемлекеттік қолдау

 

Туризмді дамыту мақсатында «БЖК – 2020» бағдарламасы аясында микробизнестің 4 субъектісі жалпы құны14 млн. теңгені құрайтын қайтарымсыз негізде гранттар алды.

«БЖК-2020» бағдарламасының несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау компоненті бойынша қонақ үй кешенін ашу үшін

372 млн. теңгені құрайтын 7 жобамемлекеттік қолдау алды (үстіміздегі жылы 87 млн. теңгені құрайтын 1 жоба).

ӨИО (РИЦ) арқылы аудан орталықтарында шағын қонақ үй ашу үшін

2 кәсіпкер 20 млн. теңгеге несие алды (үстіміздегі жылы 10 млн. теңгені құрайтын 1 кәсіпкер).

Қызылорда туристік ассоцациясыменЖаңақорған ауданының жол бойы сервистік нысандарында сауықтыру қызметтерін көрсету (балшықпен емдеу, инемен емдеу, массаж, шөптік «сақ» банясы)жобасыәзірленуде. Сонымен бірге, Бірліктегі Қаратау маңында экотуризм белсенді түрде дамып жатыр.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарды дамыту

 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай»автокөлік дәлізінің Қызылорда облысы бөлігінде жол бойы сервисінің құрылысы үшін 33 нүкте анықталды.

2016 жылдың 1қыркүйегіндегі жағдай бойынша инвестицияның жалпы сомасы 3 млрд. 607 млн. теңгеқұрайтын13 нысанпайдалануға берілді.

Нәтижесінде 129 тұрақты жұмыс орны құрылды.

1) Арал ауданы – 2нысан;

2) Қармақшы ауданы – 2 нысан;

3) Сырдария ауданы – 2 нысан;

4) Шиелі ауданы – 1нысан;

5) Қызылорда қаласы – 2 нысан;

6) Жаңақорған ауданы – 4 нысан.

2016 жылы жалпы құны 1 млрд. 322 млн. теңгеқұрайтын4 нысаніске қосылатын болады. Оның ішінде:          

1) Қазалы ауданы– құны 498 млн. теңгеқұрайтын1 жоба;

3) Қармақшы ауданы – құны 424 млн. теңгеқұрайтын2 жоба;

4) Шиелі ауданы – құны 400,0 млн. теңге құрайтын 1 жоба.

Жол бойындағы сервистікнысандардың қызметін реттейтін облыстық жұмыс тобы құрылды.

 

ЭКСПО-2017

 

         «ЭКСПО - 2017» көрмесін ілгерілету және насихаттау мақсатында облыстық деңгейде 73 сюжет көрсетіліп, 85 мақала жарық көрді.

         Облыс көлемінде ЭКСПО – 2017 көрмесі бойынша 53 билборд,

4 лайтбокс
орналастырылды.

         Көрменің ресми логотипі Қызылорда қаласындағы 70 қоғамдық көліктергеорналастырылды,  сонымен бірге, а.ж. қыркүйек айына дейін тағы 92 қоғамдық көліктерге орналастырылатын болады. Сондай-ақ,

ЭКСПО – 2017 логотипі «Қайсар» және «Байқоңыр» футбол клубтарының формаларына орналастырылды.

         «ЭКСПО-2017» көрмесі және оның мүмкіндіктері туралы видеороликтер «Казақстан-Қызылорда» жергілікті телеарнасы арқылытұрақты күніне 3-4 рет көрсетілуде.

         Жергілікті радио толқындарында ЭКСПО-2017 Көрмесіне қатысу бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде аудиороликтер жаңғыртылуда.

         А.ж. ақпан айында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан» Ұлттық павильонын толықтыруды қамтамасыз ету бойынша мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында «жасыл экономика» бағыты бойынша облысымызға инновациялық жобаларды тартудың маңыздылығын анықтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

         Облыстың инновациялық жобалар тізімі ҚР Энергетика министрлігіне ұсынылды.

         А.ж. мамыр айында облыс әкімдігінің қолдауымен және «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қатысуымен көрменің негізгі мақсаттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ, ЭКСПО – 2017 қатысушылары және ресми қолдаушыларына қойылатын талаптармен таныстыру мақсатында облыс әкімдігі ғимаратында «Роуд-шоу» жиналысы өтті.

         Нәтижесінде, «Астана ЭКСПО– 2017» ұлттық компаниясы» АҚ мен жергілікті туркомпаниялар арасында өңірдің тұрғындары үшін көрме билеттерін сату жөніндегі бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

         Сондай-ақ, жергілікті туркомпаниялар мен қонақ үй бизнесінің басшылары арасында облысқа келген көрме қонақтарына жеңілдіктер ұсыну туралы меморандумға қол қойылды.

          «Байқоңыр Инвест» VII инвестициялық форум аясында қала ішінде көрмені насихаттау және кеңінен таныстыру мақсатында ЭКСПО-2017 логотипі ілінген «Ван Холл» жолаушылар автобусы жүргізілді.

         Сонымен бірге, облыстың ресми сайтында көрме логотипі орналастырылды, және де бұл логотип сол мезетте сайттан Көрме туралы ақпаратты алу сілтемесі болып табылады.

         Сондай-ақ, облыстың веб сайтында Көрменің басталуына кері санақ күні орналастырылды.

         Бүгінгі күні облыстағы орналастыру орындарының сапасын, сондай-ақ,  төсек-орын санын анықтау мақсатында басқармамен мониторинг жүргізілді. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде облыстағы орналастыру орындарының базасы қалыптасып, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсында орналастырылды.

         Сонымен бірге, Көрме қонақтары мен қатысушыларының Қызылорда облысына келуі жөніндегі желілік  кестесі бекітілді.        Желілік  кестеде туристік бағыттар мен логистика түрлерін көрсете отырып, облыстың тартымды туристік нысандары анықталған.

         Ағымдағы жылдың мамыр айында 20 нөмірлі «Рема» қонақ үйініңсалтанатты ашылу рәсімі өтті. Қонақ үйдің 5 нөмірі «VIP» қонақтарға арналған. Аталған қонақ үй «Байқоңыр Инвест»VII Инвестициялық форумының қонақтарын қабылдады.

         Бұдан өзге, ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы 3 қонақ үйдің ашылуы жоспарлануда.

         Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген Қызылорда қаласының жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері арасынан іріктелген

150 еріктілер тізіміқалыптастырылды. Бүгінгі күні Көрме қонақтарын қарсы алу және қызмет көрсету үшінеріктілерді оқыту және қайта даярлаумен айналысатын тренерлерді анықтау мақсатында оқытушылар арасында іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Астана қаласында көрмені өткізу кезенде облыс тұрғындарына баруға арналған квотасы – 75 000 адам. Жоспарға сәйкес 10 маусым - 9 шілде аралығында – 25 000 адам, 10 шілде - 9 тамыз аралығында – 25 000 адам,

10 тамыз - 9 қыркүйек аралығында –25 000 адам жеткізу жоспарланып отыр.

ЭКСПО-2017 көрмесіқонақтары мен қатысушыларының Қызылорда облысына келуі жөніндегі желілік  кестесі әзірленді, желілік кесте 92 күнге бөлінген және келу тәсілдері көрсетілген. 49 500 адамды теміржол көлігімен, 15 000 адамды автобуспен, 500 адамды жеке автокөлікпен, 10 000 адамды әуе көлігімен тасымалдау жоспарлануда.

Көрмеге қатысушылар арасынан сапалы құрамды анықтау мақсатында облыс тұрғындары мақсаттық топтарға бөлінді:

- еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер – 100;

- мүгедектер – 100;

- аз қамтылған – 500;

- мемлекеттік қызметкерлер және мемлекеттік орган қызметкерлері –

2 000;

- мектеп оқушылары және колледж оқушылары – 10 000;

- жергілікті кәсіпкерлер – 20 000  ;

- кәсіподақ арқылы – 500;

- студенттер – 1 000 ;

- әлеуметтік сала қызметкерлері: білім, денсаулық, мәдениет және спорт – 25 000 ;

- Кызылорда облысының тұрғындары – 15 800; 

Қазіргі таңда облыс тұрғындарының (оқушылар, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер және аз қамтылған отбасылар ) Астана қаласындағы Көрмеге қатысуын облыстық бюджет көзінен қаржыландыру мәселесі қарастырылуда. 

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Астана қаласындағы көрмені тамашалау үшін онлайн билеттер сатылымы басталды. Облыс тұрғындарына онлайн билеттер мен жеңілдіктер жөніндегі барлық қажетті ақпараттар тұрақты негізде «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» облыстық газеттерінде жариялануда.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда қаласының  арнайы орындары мен кассаларынан билеттісатып алуға болады (оффлайн сауда).

Қазіргі таңда, Басқарма Көрме билеттерін сатуды жүзеге асыру үшін халық көп шоғырланатын орындарға (ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері және т.б.) мониторинг жұмыстары жүргізуде.

ЭКСПО-2017 билеттерін сатып алу шарттарын түсіндіру мақсатында облыстық блогерлермен кездесулер өткізілді, сондай-ақ барлық ақпарат «Фейсбук», «Инстаграмм» және «Вконтакте» секілді танымал әлеуметтік желілерде жарияланды.

Жергілікті радио толқындарында «ЭКСПО-2017» Көрмесіне қатысу бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде аудиороликтер жаңғыртылуда.

Қазіргі таңда «Астана ЭКСПО-2017» сайтында Көрме билеттері онлай-режимінде облыс тұрғындарымен сатып алынуда.

 

         Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу

 

Еуропалық Одақтың «Қазақстанның өңірлік дамуы» бағдарламасы аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Қызылорда облысының аумағында туризм индустриясының әлеуетін дамыту болып табылады.          Еуроодақпен бірлесе отырып, облыста туризмді дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді.

Туристік сала қызметкерлері үшін әдістемелік көмек көрсету жүзеге асырылуда. Еуроодақ сарапшыларымен қызметкерлердің әлеуетін арттыруға арналған бірқатар модульдік оқыту жүйесі әзірленді.

Сарапшылардың әдістемелік оқыту жүйесі екі құрылымға бағытталған: Қызылорда облысында туризм саласын дамыту және туризм саласын дамыту үшін стратегия әзірлеу.

Жоба шеңберінде шетелдік сарапшы Сони Энилова мен Филипп Джонсонның қатысуымен 3 семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтерге туризм индустриясының өкілдері, атап айтсақ, қала және аудан әкімдіктерінің туризм саласында жұмыс жасайтын қызметкерлері, оқу орындарының оқытушылары, гид – экскурсоводтар, туристік фирмалар мен туристік салаға қызығушылық танытқан өзге де мекемелердің өкілдері қатысты.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегінде жоба сарапшылары Соня Энилова мен Қалдыгүл Қанапина Басқармамен бірлесе отырып, Қызылорда облысында туризмді дамыту стратегиясы және фасилитаторларды дайындау мәселелері бойынша семинар-тренингін өткізді.

Қазіргі таңда аймақта туризмді дамыту стратегиясы бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, жақын арада облыстың туристік саласын дамыту жөнінде тұрақты жұмыс тобы құрылу жоспарланып отыр, оның құрамында мемлекетті және жеке сектор өкілдері болады.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында Астана қаласында «Астана Leisure-2016» 13-і Халықаралық туристік көрмесі өткізілді.

Көрмеде облыстың туристік әлеуеті көрсетіліп, басқа өңірлер және туроператорлармен іскерлік қатынастар орнатылды.

 

7.10.2016ж.


Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және туризм саласының дамуы 

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 1 маусымына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  47 175 бірлікті құрайды, оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 41 192 бірлікті құрайды. Жалпы ШОБ тіркелген субъектілер ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 87,3% құрайды.

 

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрі

2016 жылдың 1 шілдесіне жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік

Шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

4 670

Жеке кәсіпкерлер

33 676

Шаруа қожалықтары

2 846

Барлығы

41 192

 

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға артты.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 86 300 адамды құрады.

Экономикалық белсенді халықтың (325 207 адам) ішінде ШОБ жұмыспен қамтылғандар үлесі 26,5% құрайды.

2016 жылдың 1 қаңтарына ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың талдамалық кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға артты.

2015 жылы ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі

249 млрд. теңгені құрады. Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы санындағы үлесі 11%-ды құрағанымен, олардың өнім өндірісіндегі үлесі 65% астамын құрайды.

Өндірілген өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға артты.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 13,8%-ды құрады (2014 жылы - 12%).

Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша Қызылорда облысы әкімінің жанынан құрылған Кәсіпкерлер кеңесі жұмыс жасайды.

Аталған Кеңестің мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлікте кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту және өңірімізде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қолдау көрсету болып табылады.

Жыл басынан бері Кәсіпкерлер кеңесінің 2 отырысы өткізіліп, отырыста 2015 жылы өткен кеңес отырысында облыс әкімінің берген тапсырмаларының орындалуы, бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту мәселері,  облыс кәсіпорындарын 100 ұлт чемпиондары қатарына қосу шаралары және облыста инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру мәселері қаралды.

Жалпы 2016 жылы кәсіпкерлер кеңесінің 5 отырысын өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын заңнамалық құқықтық актілеріне өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен сараптамалық қорытынды беріледі. 2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жергілікті атқарушы органдардан түскен 42 жобаға сараптамалық қорытынды берілді.

Оның ішінде 8 жобаға жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын, сонымен қатар, рұқсатнама (тәртіптерінің) құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру мәселелерімен бірге әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша ескертпелер мен ұсыныстар беріліп, осы кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

Сауда

 

2016 жылдың қаңтар-маусымына жедел деректер бойынша бөлшек сауда көлемі  102 640,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

кәсіпорындардың саудасы  25 529,4 млн. теңге

жеке  кәсіпкерлер соның ішінде базарлардағы сатушылардың бөлшек  саудасы 77 111,3  млн.теңге

Бөлшек сауда көлемі 2016 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 4,1%-ға жоғары.

Көтерме сауда көлемі 2016 жылдың қаңтар-маусымына 59 754,4 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  0,9%-ға артты.

2015 жылы Интернет арқылы бөлшек сауда азық-түлік емес тауарларының саудасына тиесілі және 7 003 мың теңгені құрады.

2016 жылдың басында облыста 7648 сауда орны бар 38 базар тіркелген.

Базарлар бөлінісі төмендегіше:

базарлардың түрлері бойынша жабық базарлар – 17 бірлік, шағын базарлар – 3 бірлік, құрамдастырылған базарлар – 18 бірлік;

тауарлық мамандандыру бойынша әмбебап базарлар – 21 бірлік, мамандандырылған базарлар – 9, азық-түлік емес базарлар – 8 бірлік.

Ағымдағы жылы «Қазақстанда жасалған» акциясын (бұдан әрі - акция) қолдау және әрі қарай жалғастыру мақсатында сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандарында арнайы отандық өнімдерден жасақталған сауда қатарларын белгілеп, «Қазақстанда жасалған» арнайы логотипін пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде, Арал ауданының 3 сауда үйінде және 1 коммуналдық базарында, Жаңақорған ауданының 5 сауда үйінде, Жалағаш ауданының  10 сауда үйінде, Қазалы ауданының 13 сауда үйінде, Шиелі ауданының  11 сауда үйінде, Сырдарья ауданының 13 сауда үйінде Қазақстанда жасалған тауарлары бар секцияларына арнайы логотиптері ілінді.

Сондай-ақ, аудан орталықтарында орналасқан LED теледидары арқылы арнайы бейне роликтер көрсетіліп, сауда орындарында тұтынушыларға отандық өнімдерді қолдау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» № 236 Бұйрығына сәйкес кәсіпкерлік және туризм басқармасымен облыс аумағында бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында

2016 жылға облысқа ҚР Энергетика министрлігінен ай сайын негізде бөлінетін мұнай өнімдерін тасымалдаушы 14 оператормен Келісім жасалды.

Ағымдағы жылдың қаңтар мен маусым айларына ҚР Энергетика министрлігінен облысқа жалпы көлемі 83 280 тонна мұнай өнімдері бөлінсе, оның ішінде: АИ-92 маркалы бензині – 32 960 тонна, АИ-80 маркалы бензині – 15 020 тонна және дизель отынынан – 35 300 тонна бөлінген. Осыған орай, бөлінген мұнай өнімдеріне толығымен қамтылып, облыста мұнай өнімдерінің тапшылық жағдайлары орын алған жоқ.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

14 шілдеде жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

АИ-80 маркалы жанар-жағар май – 89 теңге;

АИ-92 маркалы жанар-жағар май – 124 теңге;

АИ-95 маркалы жанар-жағар май – 138 теңге;

АИ-96 маркалы жанар-жағар май – 139 теңге;

Дизель отыны – 98 теңге;

Сұйытылған мұнай газы – 42 теңге.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

2016 жылы Бірыңғай бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 1 675 668,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі күні 77,07 % игерілді.

Компоненттер бойынша атап айтсақ:

1) несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 

1 286 668,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 1 043 126 мың теңгесі немесе 81,1 % игерілді. Қалған қаражаттар қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айына қаралған.

Бүгінгі күні өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы сомасы 1 921,2 млн. теңге болатын 32 жоба мақұлданды.

2) ШОБ несиесі бойынша ішінара кепілдендіруге – 170,0 млн теңге бөлініп, оның ішінде 33,5 млн. теңге немесе 19,7 % (жылдық сомадан) игерілді. Қалған қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың шілде және қыркүйек айларында қаралған.

Ағымдағы жылы кепілдік жалпы құны 236,9 млн. теңгеге

16 жоба
 бойынша ұсынылды.

3) Гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралып, оның ішінде 17,8 млн. теңгесі немесе 93,6 % игерілді.

Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 79 жобасы қаралып, одан әрі Өңірлік үйлестіру кеңесінің одан әрі қарауына ұсынылды. Нәтижесінде кеңеспен ауылдық жерлер мен Қызылорда қаласының ауылдық оркугтерінің 19 млн. теңгені құрайтын 21 жобасы мақұлданды.

Атап айтсақ:

-  Арал ауданында 2 000,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Қармақшы ауданында 5 800,0 мың теңгеге 8 жоба;

- Жалағаш ауданында 2 595,0 мың теңгеге 2 жоба;

- Шиелі ауданында 1 662,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Жаңақорған ауданында 3 500,0 мың теңгеге 3 жоба;

- Сырдария ауданында 543,0 мың теңгеге 1 жоба;

- Қызылорда қаласының ауылдық округтерінде 2 900,0 мың теңгеге

2 жоба.

4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беруге 200,0 млн. теңге қаралды.

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу бойынша облыс әкімдігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика және қаржы министрліктері арасында үш жақты кредит шарты жасалды.

Жасалған кредит шартының негізінде ағымдағы жылдың 29 сәуірінде өңірлік үйлестіру кеңесімен микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым анықталды («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы).

Осыған байланысты, облыстық қаржы, кәсіпкерлік және туризм басқармалары және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Қызылорда филиалы арасында кредит беру туралы үш жақты келісім жасалып, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйымның шотына аударылды.

Бүгінгі күні Бағдарлама шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттер беру үшін кәсіпкерлердің өтініштері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Қызылорда филиалымен қарастырлуда.

Бірыңғай бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 60 млн. теңгесі немесе 2,8 %:

1) Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының электрлік жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға – 555,463 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау үшін облыстық энергетика және тұрғын-үй шаруашылығы мен мердігер арасында қосымша келсім жасалып, индустриялық аймақта құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.

2) АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына – 1 534,968 млн. теңге.

Бұл ретте, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен конкурстық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында көзделген рәсімге сәйкес конкурс ұйымдастырылды. Бүгінгі күні жарияланған конкурс нәтижесі бойынша камералдық бақылау жүргізілуде.

Қаржыны игеру қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың шілде-желтоқсан айларына қаралған.

 

Туризм саласы бойынша жалпы мағлұмат

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылдың қаңтар-наурыз аралығында облысқа келген туристер саны 9495 адамды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 7,3% -ға артық.

Келушілердің орналастырмен айналысатын нысандарының саны 79 бірлікті құрайды, оларда 895 бөлме, 1594 төсек-орны бар. Олар 9495 адамға қызмет көрсеткен, мұның 8935-і резидент және 560-і резидент емес тұлғалар. Қарастырылған кезеңде орындалған жұмыстар мен қызметтердiң жалпы көлемi 141,5 млн. теңгені құрады.

2016 жылы туристік саланың дамуына облыстық бюджеттен 11,723 млн тенге бөлінді:

«Туризм және саяхат 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу 894 944 теңге ( қаражат игерілді);

«Қызылорда - Байқоңыр – Қызылорда» маршруты ақпараттық турын ұйымдастыру 1 905 500 теңге ( қаражат игерілді);

«Сарқылмас саяхат» көрмесіне қатысу – 333 412 теңге;

«Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедияция ұйымдастыру 988 500 теңге;

Еріктілерге арналған семинар ұйымдастыру (ЭКСПО-2017) - 836 200 теңге;

«Астана демалыс - 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысу 956 144 теңге;

«Байқоңыр Трэвэл» туристік ақпараттық орталығын ортағын ұйымдастыру - 5 000 000 теңге.

 

Қазақстандық туристік ассоциациясы

Осы жылдың басында, Қазақстан туристік ассоцияциясымен келісе отырып, Қызылорда облысы бойынша 15 туристік бағыттар бекітілді. Бұл ең алдымен Арал ауданының мүмкіндіктері (Барсакелмес аралы, қайырда қалған кемелер, Арал теңізі, Көкарал су тоспасы), Қамбаш көлінің жағасындағы демалыс аймағы, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыруды тамашалау, Жаңақорған ауданындағы таулы массивтер және басқа да мәдени-танымдық, тарихи және зиярат ету туризм түрлері.

Қазақстандық туристік операторлар арасында осы бағыттар бойынша толық ақпаратты тарату үшін аталған туристік бағыттар туралы мағлұматтар Қызылорда облысы әкімдігінің ресми порталында орналастырылды. Сондай-ақ басақарма сайтында жаңадан «Туризм» бөлімі қосылды.

Қызылорда облысына туристік сапармен келуге ниет білдірген азаматтардың теміржол әуе көлігі және автобустардың жүру кестесін, туристік маршруттар тізімін, сондай-ақ туристік бағыттарға сапар шегуге қолайлы уақыт туралы ақпаратты көруге мүмкіндігі бар.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанның туризм тарихында алғаш рет 7 отандық туроператор «Байқоңыр» кешені бойынша турлар ұйымдастыру және оларды сату құқығына ие болды.

«Жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерін қолдану орталығы» («ЖҒИОҚО») іріктеген қазақстандық туроператорлар «Байқоңыр» кешеніне шетелдік және отандық туристер үшін қолайлы тур пакеттерін жобаланған, және ғарыш айлағының объектілері, жүк және ұшқыш басқаратын зымыран ұшу кестесіне дейін өз ресми сайттарында ақпарат жариялаған.

Турпакет зымыран ұшыру сәтін тамашалаумен қоса, Қорқыт ата мемориалдық кешеніне сапарды да қамтиды.

Қазіргі таңда таңдап алынған қазақстандық туроператорлармен тұрақты байланыс орнатып, оның ішінде, жергілікті гидтер мен жолаушы тасымалдау компанияларымен бірлесе жұмыс жасау жөнінде ықпал жасауда.

Ағымдағы жылдың 22-23 маусымында ішкі туризм мен сыртқы  туризмді дамыту аясында «ЖҒИОҚО»-мен бірлесіп, Өзбекстан, Қазақстан мен Ресей туристік компаниялары қатысуымен «Қызылорда - Байқоңыр - Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур өткізілді.

Өткен жылдың қорытындымен Байқоңыр қаласына келген туристтердің жалпы саны 1,5 мың болса, биыл бұл көрсеткішті екі есе арттыру жоспарланып отыр.

 

«Қорқыт Ата» мемориалдық кешені

Үстіміздегі жылдың мамырдың айында Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан («Сырдария» туризм бюросы» ЖШС) жергілікті турагентпен «Этноауыл» ұйымдастыру жобасы іске асырылып, 7-ші Инвестициялық форумы шеңберінде таныстырылымы өткізілді.

«Этноауыл» ұйымдастыру жобасы бұл біздің мәдениетіміздің шыңымен таныстыра отырып, туристерге қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін түсінуге көмектеседі, халқымыздың тарихына жақындай түсуге мүмкіндік береді. Этноауыл маусымдық қонақтар мен келушілерге қызмет ететін бірнеше киіз үйден тұратын болады.

 

Қамыстыбас көлінің жағалауында туризмді дамыту

«Қамбаш» көлінің жағалауында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылыс тез тұғызылатын материалдан тұрғын үй ғимараттарының құрылыстары аяқталуда. Мәдени экологиялық туризмді қалыптастыру нәтижесінде туристік ағынның көбеюі күтілуде. 2015 жылы Қамбаш демалыс аймағын шамамен 70 мың демалушы демалған болса, бұл өсім алдындағы жылмен салыстырғанда 20% -ға артып отыр.

 

Мемлекеттік қолдау

Туризмді дамыту мақсатында «БЖК 2020» бағдарлама аясында шағын бизнестің 4 субъекті жалпы соммасы 14 млн теңгені құрайтын қайтарымсыз гранттар алды.

«БЖК-2020» бағдарламасы аясында қонақ үй кешенін ашу үшін 372 млн. теңгені құрайтын 7 жоба алды (үстіміздегі жылда 87 млн теңгені құрайтын 1 жоба).

ӨИО (РИЦ) арқылы 2 кәсіпкер 20 млн теңгеге аудан орталықтарында шағын қонақ үй ашу үшін несие алды (1 кәсіпкер үстіміздегі жылы 10 млн теңгеге)

Жаңақорған ауданында Қызылорда туристік ассоцациясының жол бойындағы сервисінде сауықтыру қызметтерін көрсететін жоба  іске асырылуда (балшықпен емдеу, инемен емдеу,  массаж, шөптік «сақ» банясы). Бірліктегі Қаратау маңында экотуризм белсенді түрде дамып жатыр.

Мәдени экологиялық туризм қалыптастыру үшін қолайлы шарттарды жасау арқылы көлге туристерді келуі артады деп күтілуде.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Туризм қауымдастығының, жол маңындағы сервис объектілерінде медициналық қызметтердің жобасын қамтамасыз ету (балшықпен емдеу, акупунктура, массаж, пантымен емдеу, «Сақ» монша). Бірлік Қаратау баурайында экотуризмді дамыту белсенді жүзеге асырылуда.

«БЖК-2020» аясында туризм дамуын қолдау мақсатында микробизнестің 4 субъектілері 14 млн. көлемінде қайтарусыз гранттар алды, 7 жобалардың  бастамашылары қонақ үй кешендері құрылысы үшін гранттар алды. ӨИО желісі бойынша өткен жыл ішінде екі кәсіпкер аудан орталықтарынан шағын қонақ үй ашу мақсатында 20 млн. тенге көлемінде несие алды.

 

ЭКСПО-2017

«ЭКСПО - 2017» көрмесін ілгерілету және насихаттау мақсатында облыстық деңгейде 33 сюжет көрсетіліп, 73 мақала жарық көрді.

Облыс көлемінде ЭКСПО – 2017-нің 30 билборд, 7 лайтбокс орналастырылды.

Көрменің арнайы лготипі Қызылорда қаласындағы 40 қоғамдық көліктерге және де а. ж қыркүйек айына дейін тағы 92 қоғамдық көліктерге орналастырылады, сонымен бірге,         ЭКСПО – 2017 логотипі «Қайсар» және «Байқоңыр» футбол клубтарының формаларына орналастырылады.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР Энергетика Министрінің өкілдерінің қатысуымен ЭКСПО – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Қазақстан» Ұлттық павильонды толықтыру жөніндегі мәжілісі өтті.

«Жасыл экономика» бағыты бойынша облысымызда инновациялық жобалардың маңыздылығын аныктау және тарту мақсатында мәжіліс аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыстық инновациялық проект тізімі ҚР Энергетика министрлігіне ұсынылды.

Көрменің негізгі мақсаттары мен ерекшеліктері, сондай-ақ, ЭКСПО – 2017 қатысушылары және ресми қолдаушыларына қойылатын талаптарымен таныстыру мақсатында а.ж мамыр айында облыс әкімдігі ғимаратында «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясы облыс әкімдігінің қолдауымен «Роуд шоу» бағытталған көрмесі өтті( презентация ЭКСПО - 2017).

Нәтижесінде, «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясымен, сондай-ақ жергілікті туркомпанияларөңірдің тұрғындары үшін көрме билеттерін іске асыру туралы бірқатар Меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, жергілікті туркомпаниялар мен қонақ үй бизнесінің басшылар арасындағы көрме қонақтарына жеңілдіктер қамтамасыз ету туралы Меморандумға қол қойды.

2015 жылы жергілікті бюджет қаражатынан жарнамалық тарату өнімдерін өндіруге қаражат бөлінді. Жарнамалық өнімдер облыстық және Көрме логотипімен футболка, бейсболка, күнтізбе, қаламсап, блокнот, флеш-карта түрлері бойынша жасалды. Әрбір өнім 500 данадан өндірілген, келесі күні дайын болған өнім халықаралық көрмелер мен әртүрлі жергілікті және аймақаралық іс-шараларда таратылуда.

«Байконур Инвест» VII инвестициялық форум аясында, қала ішінде көрмені насихаттау және кеңінен таныстыру мақсатында ЭКСПО -2017 логотипімен «Ван Холл» жолаушылар автобусы жүрді.

Сонымен бірге, облыстың ресми сайтында көрме логотипі орналастырылды және де бұл Көрме туралы ақпаратты алу сілтемесі болып табылады.

Сондай-ақ облыстың веб сайтында Көрменің басталуына кері санақ күні орналастырылды.

Қазіргі таңда, Қызылорда облысының ресми интернет ресурсына жариялау мақсатында, облыс көлемінде орналастыру орындары мен төсек орын санын зерттеу мақсатында мониторинг жүргізілді.

Сонымен бірге, Қызылорда облысына Көрме келушілері мен қатысушылардың қабылдауға арналған желілік жол картасы бекітілген.

Желілік кестеде облыстың тартымды туристік нысандар мен бағыттар және логистика түрлері анықталған.

Ағымдағы жылдың мамыр айында 20 нөмірлі «Рема» қонақ үйінің ашылуы болды, оның ішінде 5 нөмірі VIP қонақтар үшін арналған. Аталған қонақ үй «Байқоңыр Инвест»VII Инвестициялық форумның қонақтарын қабылдады.

Осыдан өзге ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы 3 қонақ үйдің ашылуы жоспарлануда.

Мүмкіндігі шектеулі қонақтарына облысымыздың туристік обектілерінің қол жетімділігі туралы сұрақтардын шешу үшін облыс бюджетінен қаражат мәселесі қарастырылуда.

Орналасу орындарына мониторинг жүргізу барысында қонақ үй бізнесінің басшылары «Recommended by EXPO» бағдарламасын қосу үшін  қонақ үйлер мен хостелдердің бекітілген  талаптармен танысты.

Сондай-ақ, туристік маршрут дайындау барысында «Астана-Қызылорда-Қоркыт Ата-Байқоңыр-Қызылорда-Астана» бағдарламасы бойынша көрcетiлген маршрут тиісті талаптарына сәйкестігі үйлестірілді.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген Қызылорда қаласының жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері таңдалып, облысымыздан 150 еріктілердің тізімі құрылды.

Бүгінгі күні Көрме қонақтарын қарсы алу үшін, еріктілерді дайындау мақсатында оқытушылар арасында жаттықтырушыларды іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Астана қаласында көрмені өткізу кезеңіне аудан тұрғындары бару квотасы – 75 000 адам. Жоспарға сәйкес 10 маусым 9 шілде 25 000 адам, 10 шілде 9 тамыз 25 000 адам, 10 тамыз 9 қыркүйек 25 000 адам жеткізу жоспарланып отыр. ЭКСПО-2017 көрме қонақтары мен қатысушыларына Қызылорда ауданын көру желілік кестесі әзірленді, 92 күнге бөле отырып, келу тәсілдері көрсетілді. 65 000 адамды теміржол көлігімен, 10 000 адамды әуе көлігімен жеткізу жоспарланып отыр.

Оқушылар мен студенттердің көрмені көруіне қаражат бөлу мәселесі аудандық бюджеттен пысықталу шегінде.

Қазіргі уақытта аудан тұрғындарымен Астана қаласындағы көрмені көру мәселесі ( оқушылар, шектеулі және әлеуметтік жағынан осал тұрғындар, еңбек ардагерлері, пенсионерлер, мүгедектер) аудан бюджетінің қаражат есебінен ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Астана қаласындағы көрмені көру онлайн билеттер сатылымы басталды. Облыс тұрғындарына онлайн билеттері мен жеңілдіктерге қатысты барынша  жетерліктей ақпаратты үнемі «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» облыстық газеттерінде жарияланады.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қызылорда қаласында арнайы кассалардан билетке қол жеткізуге болады.

ЭКСПО-2017 билеттерін сатып алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, облыстық блогерлермен кездесулер өткізілді, сондай-ақ барлық ақпарат ең танымал әлеуметтік желілерде ФЕЙСБУК, ИНСТАГРАММ және В КОНТАКТЕ желілерінде жарияланды.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған видеороликтер «Казақстан-Қызылорда» жергілікті телеарнасында үнемі күніне 3-4 рет көрсетілуде.

 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы сервистік нысандарын дамыту

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойы мен Қызылорда облысы аралығында жол бойы сервисінің құрылысы үшін 33 нүкте белгіленген.

2016 жылдың 1 шілдесі бойынша инвестицияның жалпы сомасы 3 млрд. 307 млн. теңге болатын 12 нысан эксплуатациялауға енгізілді. 105 тұрақты жұмыс орны құрылды:

1) Арал ауданы – 1 нысан (В санаты);

2) Қармақшы ауданы – 2 нысан (А және С санаттары);

3) Сырдария ауданы – 2 нысан (В санаты);

4) Шиелі ауданы – 1 нысан (В санаты);

5) Қызылорда қаласы – 2 нысан (В және D санаттары).

6) Жаңақорған ауданы – 4 нысан (В және С санаттары);

2016 жылы жалпы құны 1 млрд. 372 млн. теңге болатын

5 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:

1) Арал ауданы – құны 50 млн. теңге болатын 1 жоба;

2) Қазалы ауданы - – құны 498 млн. теңге болатын 1 жоба;

3) Қармақшы ауданы – құны 424 млн. теңге болатын 2 жоба;

4) Шиелі ауданында құны 400,0 млн. теңге құрайтын 1 жоба енгізіледі.

Жол бойындағы сервис обьектілер қызметін реттейтін облыстық жұмыс тобы құрылды.

 

Халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу

«Қазақстанның өңірлік дамуы» Еуропалық Одақ бағдарламасы аясында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі Қызылорда облысының аумағында туризм индустриясының әлеуетін дамыту болып табылады.

Евроодақпен бірлесе отырып, облыста туризмді дамыту бірлескен жоспары әзірленді.

Туристік сала қызметкерлері үшін әдістемелік көмек көрсету жүзеге асырылуда. Еуропалық Одақ сарапшылары тарапынан қызметкерлердің әлеуетін арттыру үшін бірқатар модульдік оқыту жүйесі әзірленді.

Сарапшылардың әдістемелік оқыту жүйесі екі құрылымға бағытталған: Қызылорда облысында туризм саласын дамыту және туризм саласын дамыту үшін стратегиялық жобаларды әзірлеу.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында жоба шеңберінде шетелдік сарапшы Сони Энилова пен Филипп Джонсонның қатысуымен 3 семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтерге  туризм индустриясының өкілдері, туризм сарапшылары, туристік агенттіктер мен туризм индустриясының қызығушылық білдіруші  басқа институттардың өкілдер, қалалық және аудандық туризм саласында жұмыс істейтін әкімдіктердің, білім беру мекемелері, оқытушылары мен басқа мекеме қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың сәуір айында « Туризм және саяхат -2016 » көрмеге қатысты, қонақтарға біздің облысымыздың туристік мүмкіндігі ұсынылды     (үлестірмелі материалдар, буклеттер және т.б.)

15.07.2016


Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы

 

2016 жылдың 1 сәуіріне 46 661 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде:

  • жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 40 869 бірлікті құрады:

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің түрі

2016 жылдың 1 сәуіріне жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік

Шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

4 650

Жеке кәсіпкерлер

33 427

Шаруа қожалықтары

2 792

Барлығы

40 869

 

2015 жылдың қорытындысы бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 86 300 адамды құрады.

2015 жылдың қаңтар – желтоқсан аралығында ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 249 млрд.теңгені құрады.

 

САУДА

 

2016 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 47865,9 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,9% құрады.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 41,6% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 58,4%. 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда азық-түлік тауарларды өткізу көлемі 14,2%-ға көбейіп, азық-түлік емес тауарлар – 8,5 %-ға азайды.

Облыстың  көтерме саудасы ағымды жылдың басынан 24689,8 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 95,5 %-ды құрады.

 

Жанар-жағар май өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағалары бойынша

 

«Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Энергетика министрінің  2015 жылғы 27 наурыздағы № 236 бұйрығына сәйкес күнделікті облыс аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттерінде бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отырады.

Қала және аудан әкімдерінің ұсыныстары негізінде облыста ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағар май бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2016 жылға 12 оператор белгіленіп, ай сайын операторлардың қажеттілігіне байланысты мұнай өнімдері ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген кестеге сәйкес бөлінуде.

Сонымен бірге биылға ҚР Энергетика министрлігінің квотасы бойынша бөлініп отыратын мұнай өнімдерін облысқа жеткізуші

12 операторлармен Келісімдер жасалды.

Ағымдағы жылдың 5 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағалары келесідей:

  • АИ-92 маркалы бензині – 123 теңге;
  • АИ-80 маркалы бензині – 89 теңге;
  • дизель отыны – 97 теңге, яғни 2014 жылдың 4 мамырында ҚР Табиғи монополияларға реттеу агентігінің № 97-НҚ Бұйрығымен бекітілген шекті бағалардан аспайды. Қазіргі таңға дейін облыста жанар-жағар майдың шекті бағадан өсу фактісі анықталмаған.

Қала және аудан бөлінісінде жанар – жағар май бекеттері мен сұйытылған газ құю бекеттерінің орналасуы

 

Орналасқан орны

жанар – жағар май бекеттерінің саны

сұйытылған газ құю бекеттерінің саны

Арал ауданы

19

2

Қазалы ауданы

11

4

Қармақшы ауданы

9

4

Жалағаш ауданы

5

1

Сырдария ауданы

6

5

Шиелі ауданы

17

4

Жаңақорған ауданы

11

2

Қызылорда қаласы

55

32

Облыс бойынша

133

54

 

Қала және аудан бөлінісінде мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының бағаларына мониторинг

 

28.03.2016 жылғы жағдай бойынша

/теңге/

Орналасқан орны

Мұнай өнімдерінің атауы

АИ-80

АИ-92

АИ-95

АИ-96

маусымдық дизель отыны

Сұйытылған мұнай газы

Арал ауданы

89

123

135

-

96

46

Қазалы ауданы

89

123

135

-

97

45

Қармақшы ауданы

89

123

140

-

98

42

Жалағаш ауданы

89

125

-

-

99

39

Сырдария ауданы

89

120

-

140

94

39

Шиелі ауданы

89

122

135

140

96

41

Жаңақорған ауданы

89

125

135

140

97

42

Қызылорда қаласы

89

122

139

140

97

38

Облыс бойынша

89

123

136

140

97

41

 

Анықтама: Баға 2015 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің №556 Бұйрыққа сәйкес өзгерген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 қыркүйекте № 12017 болып тіркелді;

Сұйытылған газ бойынша:

5 сәуірдегі мониторинг қорытындысы бойынша облыста сұйытылған мұнай газының орташа бағасы 41 теңгені (Қызылорда қаласында – 38 теңге) құрап, яғни өткен жылдың 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда Қызылорда қаласы бойынша 10 пайызға көтерілген.

Бүгінгі күні, басқарма тарапынан облысқа сұйытылған мұнай газын тасымалдаушы операторларға және автогаз тарату бекеттері басшыларына бағаны негізсіз көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Лицензиялау бойынша

 

Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 444 «Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» қызметтеріне лицензия берудің уәкілетті органы (лицензиар) болып бекітілді.

2012 жылдың 2 тоқсанынан бастап «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары және қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» тәртібі тек электрондық түрде тапсырылатын болды.

Бүгінгі күнге облыс бойынша 16 лицензия алушы тіркелген.

Ағымдағы жылдың қаңтар – қараша аралығында түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру қызметіне лицензия берілген жоқ.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының іске асырылуы

 

Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2016 жылы республикалық бюджеттен 1 675,7 млн. теңге бөлінді. Компоненттер бойынша атап айтсақ:

  1. Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 1 286,7 млн. теңге, оның ішінде 487,1 млн. теңгесі немесе 37,8 %-ы игерілді. Қалған қаржы қаржыландыру жоспары бойынша ағымдағы жылдың мамыр және тамыз айларында қаралған.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы құны 380,5 млн. теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды.

  1. Шағын және орта бтзнестің несиелері бойынша ішінара кепілденідіру170 млн. теңге, оның ішінде 22,5 млн. теңге немесе 13,2 % игерілді. Бұл ретте, кепілдік жалпы құны 110,6 млн. теңгені құрайтын 13 жобаға ұсынылды.
  2.  Гранттық қаржыландыруға 19 млн. теңге қаралды: бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспары бойынша грант беру үшін қаражат ағымдағы жылдың сәуір, шілде және қыркүйек айларына қаралған.

Инновациялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстық комиссиямен ағымдағы жылдың 16 наурызында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 33 жобасы қаралып, Өңірлік үйлестіру кеңісінде одан әрі қарау үшін ұсынылды. Нәтижесінде кеңес шешімімен ауылдық жерлерден 7 жоба мақұлданды. Оның ішінде:

  • Арал ауданында 1 млн. теңгеге 1 жоба;
  • Қармақшы ауданында 3,1 млн. теңгеге 4 жоба;
  • Шиелі ауданында 700 мың теңгеге 1 жоба;
  • Жаңақорған ауданында 1,2 млн. теңгеге 1 жоба.

Бағдарлама шеңберінде өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 090,431 млн. теңге бөлінді:

  1. Қызылорда қаласында «Өндіріс» индустриялық аймағындағы электр жүйесінің құрылысын аяқтауға 555,463 млн. теңге;
  2. АГРС-2-ден шыны зауытына дейінгі газ құбырының құрылысына 1 534,968 млн. теңге.

Бұдан басқа, Оңтүстік Қазақстан облысының қаражатынан (555,6 млн. теңге) Қызылорда облысы үшін микрокредит беруге 200 млн. теңге қайта бөлінді. Қазіргі таңда, ҚР Үкіметіне бекіту үшін енгізілген микрокредит берудің қағидасы мен үлгілік несие шарты жасалды.

 

Туризмнің дамуы

 

2015 жылғы қаңтар-қыркүйегіның қорытындысы бойынша келушілердің саны 29 468 адамды құрады.

Келушiлерді орналастырумен шұғылданатын объектілердің саны 73 бірлікті құрады, онда орналастыру орындары 843 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 1493 төсек-орынды құрайды. 538 879 мың.теңгеге қызмет көрсетілді.

Байқоңыр қаласына барған туристердің саны 1500 адамды құраса, орналастыру орындары 8 бірлікті құраған.

2015 жылдың 17 қазанында «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің жұмысшы тобы мен ФГУП «Жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерін эксплуатациялау орталығы» (бұдан әрі – ЦЭНКИ) отырысы болды, нәтижесінде ЦЭНКИ-ден туристік фирмалар мен туристік агенттіктерді тартатын қазақстандық туроператорларды іріктеу жөнінде ұсыныс түсті.

Өткізілген іріктеу нәтижесінде 2016 жылдың 27 қаңтарында ЦЭНКИ-дің ресми сайтында конкурстың қорытындысы мен 7 қазақстандық туроператорлардың тізімі жарияланды.

Қазіргі таңда, жоғарыда аталған туроператорлармен «Байқоңыр» кешеніне шетелдік және қазақстандық туристерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, соның ішінде, космодромға қолжетімді бағаға арнайы турлар әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен туроператорлардың ресми сайттарында жарияланған.

Қызылорда облысына шетелдік инвесторларды тарту мақсатында 2015 жылдың 2 желтоқсанында облыс әкімінің «CaspianServices» (Монако) компаниясының өкілдерімен кездесуі өткізілді.

Кездесу мақсаты Қызылорда облысында және «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту бойынша қызметтес болуды ұйымдастыру.

Соған сәйкес, жоба бастамашысы А. Кашечкин «Baikonurteam» кешенінде туризмді дамыту және әлемдік нарықта «Байқоңыр» брендін ілгерілету бойынша жоба ұсынды.

Аталған жобада «Baikonurteam» велотобының қатысуы, әлемдік нарықта «Байқоңыр» брендін насихаттау жұмыстарын жүргізу бойынша ралли ұйымдастыру жоспарлануда.

Кездесу нәтижесінде Қызылорда облысы әкімі «CaspianServices» компаниясымен Қызылорда облысында және «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту бойынша меморандумға қол қойды.

Сонымен бірге, облыс әкімі «Жолаушылар компаниясы «Туран Экспресс»» ЖШС-мен туристік поездтың жұмыс жасауын ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойды. Алғашқы пилоттық жоба 2015 жылдың 14-15 желтоқсан аралығында «Байконур-Инвест» VI инвестициялық форумы аясында «Алматы-Тараз-Шымкент-Қызылорда-Байқоңыр» маршруты бойынша жүзеге асырылды. 2016 жылға аталған маршрутты кеңейту бойынша, сонымен бірге, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында туристік пойызды қолдану жұмыстары жоспарлануда.

Бұдан басқа, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында еріктілердің  жүріп-тұруын ұйымдастыру мақсатында 2016 жылдың 6 ақпанында «Байқоңыр» кешеніндегі туризмді дамыту мәселесі бойынша отырыс өткізілді. Аталған отырыста Байқоңыр қаласында еріктілер үшін семинар өткізу ұсынылды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 1 т. 13-4) тт. сәйкес туристік маршруттардың мемлекеттік реестрі мен троп бекітілді. Реестр Қызылорда облысы бойынша аумақтың маңызды туристік нысандарымен қосқанда 15 туристік маршруттардан тұрады.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 11-04-2019 08:02

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика