«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» - ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Елбасымыз, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын қабылдауды жүктеген болатын. Ал биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында да IT, киберқауіпсіздік, робототехника салаларына басымдық берген болатын. Бағдарламаның орындалуына жастардың үлес қосуы ерекше мәнге ие.
Бағдарламаны жүзеге асыруда жас IT саласының мамандарын дайындау уақыт талабы. Әсіресе аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, қызығушылығы ерекше жастарды қолдау көзделеді.
Осы мақсатта Қызылорда облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты «Гранд мастер» бағдарламалау мектебімен меморандумға қол қойды. Меморандум аясында алдағы уақытта бірнеше жобалар қолға алынады. Қыркүйек айында Қызылорда облыстық «Жас Отан» ЖҚ ресми интернет сайты іске қосылады.
- Жуырда облыстық  «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан ашылатын коворкинг орталығында IT аумақ жұмыс жасайтын болады, - деді жиында «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының Талғат Тілес.
Теги: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика