Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін (мемлекеттік кәсіпорын) құру туралы мүддесін білдіруін сұрату
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы»               № 103 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы әкімдігімен Қызылорда облысындағы газ нысандарын пайдалану үшін «Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құруы жоспарлануда.
Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың осындай кәсіпорынды құру бойынша қызығушылық білдірген жағдайда, 2019 жылдың 18 қазанына дейін Қызылорда облысының әкімдігіне, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс,1, 403 кабинет (Облыстық мекемелер үйі, 4 қабат)  мекен-жайына ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймыз.
Байланыс үшін: Исмалаев Олжас Қаласұлы
тел.: +7 (7242) 60 53 93.
 
Категория: 

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика